Қазақстандагы салық салу жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2013 в 13:48, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

макро.doc

— 195.00 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

ҚР-сы өз өзін  өркениетті мемлекет ретінде орнықтырады. Өркениетті мемлекеттің ең басты құндылықтарына жатады: әр адамның өмірі, денсаулығы, онын еркіндігі. Адам қоғамда өмір сүреді, өмір сүргенде адамның басқа адамдармен ара қатынастары  пайда болады, және осы кезде өзара қатынастары бар адамдардың мүдделері қарама қайшылыққа келсе, онда адамдардың өмірлеріне, денсаулықтарына немесе ар намыстарына зиян келтіруге мүмкіндіктер туындайды. Сондықтан, адамдардың өзара қатынастарын реттеу үшін қоғамда заңдар болу керек. Осы құндылықтар біздін Конституцияда заңды түрде бекітілген. ҚР Конституциясының ең бірінші бабынында жазылып тұр: «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.»[2]

Осы заңдарды шығаратын, олардың орындауына қадағалау жасайтын, құқық қорғау органдар мен сыртқы  шекараны қорғау, әскер, тегін білім  беру, денсаулық салалар, еңбекке  қабілетсіз адамдарға көмек көрсету, экономиканы, ғылымды, мәдиниетті дамыту, және  тағы да басқа әр түрлі ортақ елдін қажетіліктерді қаржыландыру үшін қаражаттар керек. Осы ортақ елдің шығындарын қаржыландыру үшін елдін орталықтандырылған қоры  қалыптастырылады.  Осы орталықтандырылған қордың атауы- мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік бюджетті толтыру негізгі қайнар көздері салықтар болып табылады. Мемлекеттік бюджеттін ішіндегі салықтардың үлес салмағы 90 пайызын құрайды. Елдін әр азаматы салықты төлеу кезінде  тыныш, тұрақты және заң сақтайтын қоғамдағы өмірді өз өзіне қамтамасыз етеді. Салық заннамаларды білу оларды түсіну және орындау елдің әр азаматының міндеті.

Болашақта экономист, бухгалтер  немесе аудитор болып жұмыс істесендер,  сендердің іскерліктерің салық  органдарының жұмыстарымен өте тығыз байланысты болады. Сондықтан, әр экономист,бухгалтер, әсіресе аудитор салық заңнамалықты және ҚР салық салудын негіздерің  өте жақсы білуге  және оны мүлтіксіз орындауға міндетті болады.

Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Осы курстық  жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының салық жүйесінің дамуы елдің экономикасына тікелей әсерің тигізеді және салық саясаттын негізгі бағытарың жүзеге асыру кезінде шағың мен орта бизнестің кең тарағанына және олардың жетілдіруіне ықпал ететіні сөзсіз.

Курстық жұмыстың мақсаттарына жатады:

  • ақпарат көздерімен танысу, талдау, және қорытынды жасау;
  • қаланың тұрғындардың , онын ішінде колледж студенттер арасында  сауалнама жүргізу;
  • қаланың салық органдарына бару және салық төлеушілердің арасында сауалнама жүргізу;
  • сауалнаманың нәтижелерің талдау.

Курстық жұмысының обьектісі: Қазақстан Республикасының салық жүйесі мен Қарағанды қаласының салық органдарының дамуы

Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару  жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырады.

Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Салық саясатының басты  мақсаты-салық жүйесін құрү және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.

Мемлекеттің салық қызметі  келесі бағыттардан тұрады:

  • мемлекеттің салық жүйесінің қалыптасуы;
  • салық салу саламсында мемлекет органдарының міндетін анықтау;
  • арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;
  • салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

Салық жүйесіне қажетті  негізгі талаптар мыналар:

  • салық құрамы дәл анықталуы қажет. Ол үшін салық заңдылығында мемлекетте алынатын салықтардың толық тізімі мазмұндалуы керек;
  • салық жүйесі салық төлеушілер үшін салықтан жалтару тиімсіз болатындай етіп жасалуы тиіс;
  • салық жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл әсіресе, салықтың дұрыс төленуі үшін бақылауды жүзеге асыруда маңызды;
  • салық жүйесі салық төлеушінің өз қаражатын өндіріске салуына ықпал етуі керек.[3]

 

 

 

I БӨЛІМ  ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

 

    1. САЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

 

Салықтар мемлекетпен  бірге пайда болды және мемлекеттің  өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мелекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді.Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді . Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен , жаңаруымен қабаттаса жүреді.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына  қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі-ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.Салықтарда мемлекеттің  экономикалық мазмұны  нақты түрде көрінеді, ал салықтардың  әлеуметтік- экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен , мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

Қазақстан Республиксы  Конституциясының 35 – ші бабында: заңды  түрде белгіленген  салықтарды, алымдарды  және өзге де міндетті төлемдерді төлеу  әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,-деп жазылған.

Салықтарда ежелден  салық жүктемесін  бөлудің екі  қағидаты қалыптасқан :

  1. пайда (алынған игіліктер) қағидаты
  2. ″қайыр көрсету″(төлем қабілеттілігі) қағидаты

Тұңғыш рет Қазақстан  Республиксында заңнамалық деңгейде салық  салудың қағидаттары баянды етілген . Қазақстан  салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті  төлемдерді төлеудің міндеттілігі , салық салудың айқындығы , әділдігі ,салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді.

Салық төлуеші  салық  заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін  толық көлемінде және белгіленген  мерзімдерде орындауға міндетті.

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың  айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуның барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.[10]

Қазақстанның салық  жүйесі оның бүкіл аумағында  барлық салық төлеушілерге қатысты  бірыңғай болып табылады.

Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар  жүйесін қоғамның  оның нақтылы  кезеңіндегі әлеуметтік – экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.

Салықтың мәні оның атқаратын  қызметіне тікелей қатысты. Ескере кететін жай, қаржы санаты түрғысынан алғанда Салықтар түгелімен қосалқы  санат болып табылады, сондықтан қаржымен салыстырғанда Салықтар қызметтерін қаржының бөліп тарату қызметінің бөлігі ретінде қарастыруға болады.

  1. Қаражаттың мемлекеттік бюджетке түсуін қамтамасыз ететін салықтың қазыналық (фискалдық) қызметі тарихи түрде бірінші болып табылады. Тауарлық-ақша ңатынастарының даму шамасы бойынша бұл қызмет мемлекетке түсетін барлың ақша кірісін анықтайды.
  2. Салықтың бөліп тарату қызметі шаруашылық субъектілерінің әр түрлі кіріс бөліктерін мемлекет пайдасына қайта бөлуден тұрады. Бұл қызметтегі әрекеттер ауқымы жалпы ішкі өнімдегі Салықтар үлесімен анықталады; ол ұлттық кірісті мемлекеттікі ету деңгейін көрсетеді: бұл үлес 1997жылы 19,7%, 1998 жылы 16,6%, 1999 жылы 17,4%, 2000 жылы 22,6% болды. Салық жинай отырып мемлекет сол арқылы экономиканың әр түрлі саласына әсерін тигізеді, әлеуметтік саясатты жүзеге асырады, халық, аудан топтары арасындағы кірісті қайта бөледі, тұрмысы төмендерге демеушілік көрсетеді және т.б.
  3. Салықтың реттеушілік қызметі — ол мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғайған кезінде туындайды. Ол мақсатты бағытталған түрде қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ұлттың шаруашылықтың дамуына әсер етеді. Бұл орайда, салықтың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерін алу, жеңілдіктер мен төмендету әдістерін өзгерту қолданылады. Бұл реттегіштер қоғамдық өндіріс құрылысы мен пропорцияларына, жинақтау көлемдеріне әсер етеді.
  4. Ынталандыру қызметі — экономикалық даму, техникалық жаңару бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық, т.б. жұмыстардың өткізілуіне әр түрлі ынта-жігер туғызады. Мысалы, корпорацияық табыс салығы бойынша кірістің негізгі табыс көзі жер болып табылатын кәсіпорындар үшін 10% мөлшерлеме белгіленген, ал басқа кәсіпорындар бұл салықты 30% мөлшерлеме бойынша төлейді, осылайша ауыл шаруашылығын дамыту ынталандырылады. Акциздер бойынша әкелінетін тауарларға салынатын салық мөлшерлемелері отандық өнімдерге қарағанда жоғары, осылайша Қазақстандық акциздік тауар өндірушілер ынталандырылады.
  5. Бақылаушы қызметі - салық алу процесінде салық төлеуінілер қызметі бақыланады (заңды және жеке тұлғалардың кіріс есебі, олардың қаржылық-шаруашылық қызметі).

Мемлекет салық саясатын жүргізеді. Әлеуметтік-экономикалық ахуал дамуының әрбір нақты кезеңіндегі қоғамның басқа да мақсаттары мен мәселелерін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.

Нарықтың қатынастардың  қалыптасуы жағдайында тұтынудың орталықтанған  қоғамдық қорлары арқылы халықтың нақты  кірісінің маңызды бөліктерін қалыптастырудың  өзін-өзі ақтамаған қағидасынан бас тарту Салықтар саясатының негізгі бағыты болып табылады. Салықтар жүйесі арқылы қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерін әлеуметтік қорғау қамтамасыз етіледі.

Салықтар – тауарлы  өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуінің және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға  қаражаттың қажет болуынан пайда болды.

Салықтар барлық елдерде  олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі  көзі, ұлттық табысты қайта бөлудің  басты қаржылық тетігі, мемлекеттің  кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды  түрде белгіленген салықтарды, алымдарды  және өзге де міндетті төлемдерді төлеу  әркімнің борышы әрі міндеті болып  табылады, - жазылған.

 Салықтар мемлекеттің  өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен ажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады.

Салықтар мемлекеттің  құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының  өзгеруі, өркендеуі қашан да болса, оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.

Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралды салықтардың  мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: бір  адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт  тұз және т.б. алынған. Тауар-ақша тауарларының нығаюмен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылды (1953 жылға дейін жүн, жұмыртқа, сүт, май өткізілген).

Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық салып отырған.

Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып  табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін  беруге тиым салынады. Салық салу мәселелерін  реттейтін нормативтік-құқықтық актілер  ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.

Информация о работе Қазақстандагы салық салу жүйесі