Қазақтардың жеңілу себептері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 09:06, реферат

Краткое описание

Қазақ хандықтары XVIII ғасырдың басынан-ақ сыртқы саяси жағдайдың одан әрі шиеленісуі туғызған аса ауыр халді бастан кешірді. Тәуке хан руаралық қырқысты уақытша болса да тоқтатып, жүздерде тыныштық орнатты, сол арқылы қазақ руларының қоныстарын сырттан басып кіруден қауіпсіздендірді. Бұған деректемелердің дәлелдеуі бойынша, оның карамағында 80 мыңға жуық сарбаз болғаны едәуір дәрежеде көп көмегін тигізді. Алайда билік үшін күрес пен сұлтандардың оқшаулануға ұмтылуы көп кешікпей бірлікті бұзды, оны көршілері дереу пайдаланып қалды. Оңтүстік-батыстан Жайық казактары қолдаған Еділ қалмақтары шапқыншылық жасады; солтүстіктен сібір казактары шабуылға шықты; Жайықтың арғы бетіндегі қоныстардан башқұрттар дәмеленді. Оңтүстік жағынан қазақтарды Орта Азия хандықтарының (Бұхара, Хиуа) феодалдары ығыстырды. Бірақ ең қатерлі қауіп қазақ халқына шығыстан күші басым, басқыншы әскери-феодалдық Жоңғар хандығы тарапынан төнген еді.

Содержание

Кіріспе 2
Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы.......3
Қазақ хандығының Ойраттармен қақтығысы.......................................................4
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі...................................5
Үш жүздің бірігуі. Болат ханның үш жүздің басын қосуы.................................8
Бұланты маңындағы шайқас 8
Аңырақай шайқасы 11
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»...........................................................14
Жоңғар мемлекетінің әскери күш-қуатының нығаюы.......................................16
Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің себептері................................................................................................................17
Қазақтардың жеңілу себептері............................................................................17
Жоңғар агрессиясының салдарлары....................................................................17
Қорытынды............................................................................................................18
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………19

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат история.doc

— 177.00 Кб (Скачать документ)

1730 жылы жазға салым қазақ  жасақтары өз аттарын Мойынқұм құмдарында, Бүркітті, Шабақты, Карақоңыз, Ырғайты, Шу өзендерінің аңғарларында тыңайтып алып, Хантау, Анырақай таулары өңіріне шықты.

Аңырақайдағы шайқаска Әбілқайыр  хан басшылық етті. Нақ осы шайқас оның саяси қызметінің шарықтау шыңы болды. Шайқасқа барлық үш жүздің жасақтары қатысты. Бұл шайқаста батырлардың бойын ерлік, қайсарлық, өздерінің жеңісіне деген мызғымас сенім биледі.

Шайқас жекпе-жекпен басталды. Жоңғарлар  жағынан ортаға талантты әскербасы, қоян-қолтық ұрыстың асқан шебер жауынгері Шарыш шықты. Қазақтар жағынан жекпе-жекке жиырма жасар Сабалақ (Абылайдың бүркеншік аты) сұранды. Сол жылдардағы басты оқиғаларға қатысқан Бұқар жыраудың, Үмбетей жыраудың, Тәтіқара жыраудың айтуынша, Абылай нақ осы жекпе-жекте өзінің қаһарлы қарсыласын жеңіп, есімін мәңгі даңққа бөлеген. М. Тынышбаев кейіннен сол кезде Абылай өзгелерден асқан зор батылдығымен асып түсті деп жазды. Осы мәселені зерттеген М. Көпеев, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов та нақ сондай қорытындыға келген.

Шайқастың сәтті басталуы қазақ жауынгерлерін жеңіске жігерлендіргені күмәнсіз. Сөйтіп олар жеңіп шықты. Асқақ рух сезімімен қанат біткен олар өздерінің ерлігін, ержүректігін, тастүйін бірлігін және жоғары әскери машықтанғандығын танытты. Әбілқайыр ханның өзі мен оның серіктерінің ең жақсы қасиеттері осы шайқаста көрінді.

Аңырақай шайқасында жеке ерлігін  және ұйымдастырушылық қабілетін көрсеткендер арасында көптеген батырлар, билер, сұлтандар, рубасылары — барлық үш жұздің өкілдері болды.

                           Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама жылдары

1723 жылға қарай қазақ-жоңғар  қатынастарындағы жағдай күрт  өзгерді: Қытай императоры Канси  өліп, жоңғар-Қытай шарты жасалды,  Ертіс бекініс шебінің құрылуына  байланысты Ресей үкіметі қандай  да болсын нақты талаптар коймады.  Оқиғалардың күтілмеген бетбұрысын жоңғар қонтайшылары мен тайшылары қазақ жеріне шабуыл жасау үшін пайдаланбақшы болып ұйғарды. Қазақ хандықтарының бытыраңқылығын пайдаланып және алдағы соғысқа мықтап дайындалып алған жонғар билеушілері 1723 жылы өз әскерлерін Қазақстан шегіне аттандырды.

XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі  жоңғар басқыншылығына қарсы  күрес қазақ мемлекеттілігін  сақтап қалу жөніндегі маңызды  саяси шешімдерге ықпал жасаған  негізгі факторға ғана емес, қазақ  халқының өмір сүруінің өзі  туралы мәселе туған кезде өмірлік қажетті факторға айналды өткен замандағы аса көрнекті тарихнамашы Шәкерім Құдайбердиев жоңғарлар басқыншылығы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңінде бүкіл халықтың үштен екісі қырылды деп көрсетеді. Жоңғарлардың 1723 жылғы шапқыншылығы елеулі оқиға болып қана қойған жоқ, ол қазақ халқы өмірінің барлық салаларына және бірінші кезекте саяси ахуалына қатысты болды. Жоңғарлардың бұл теңдесі жоқ әрекетке өздерінің әрбір қадамын әр түрлі жеті бағыт бойынша күтпеген жерден берілетін және қуатты соққының барлық салдарын өлшестіре отырып, мұқият дайындағанын мойындау керек. 1723 жылғы шапқыншылыққа дайындалу барысында жоңғар ханы Цеван Рабтанның елеулі рөл атқарғаны да көрінді.

Қазақтардың көптеген рулары мен қауымдары  көшпелі шаруашылық үшін өмірлік маңызы бар жұмыстар басталған сол бір ерте көктем кезінде жоңғарлардың күтпеген жерден жасаған шабуылына қарсы әзір емес еді. Қазақтардың ауызданауызға тарап келген аңыздарында бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады.

Жоңғарлар ірі-ірі жеті сына сияқты қозғалып, 70 мың адамнан тұратын әскермен шабуыл жасады. Мәселен, Цеван-Рабтанның баласы Галдан-Церен 10 мың әскермен Балқашқа және одан әрі Қаратауға қарай аттанды. Қонтайшының інісі Құлан-Батур Алтайға және Көктал өзенінің бойына беттеді. Қонтайшының немересі Әмірсананың жасағы Нұра өзені алабына бағыт алды. Галдан Цереннің баласы Цеван-Доржы Шелек өзенінің аңғарына аттанды. Галдан Цереннің екінші баласы Лама Доржы Ыстық көлге бағыт ұстады. Нойон Дода Доржым Шу өзеніне қарай ұмтылды. Цеван Рабтанның өзі Іледен өтіп, Жетісудың оңтүстігіне қарай жылжыды. Басып кіруге жалпы басшылықты Цеван Рабтанның ағасы Шона Доба жүзеге асырды. Олар өз жолындағыны жыланша жалап, қынадай қырды. Қыс жұтынан әбден қажыған қазақ қауымдары күшті қарсылық көрсете алмады. Шу аңғарынан жалайырлар қуып шығарылды. Олар көп шығынға ұшырап, Ұлытау мен Көкшетау жаққа кетуге мәжбүр болды. Талас өзенінен Арыс өзенінің орта ағысына дейін қоныстанып жатқан наймандардың садыр руы түгелге дерлік қырғынға ұшыратылды, тірі қалғандары босып кетті. Қожаберген жыраудың дастанындағы мәліметтерге қарағанда, наймандар Алтайдан кеткен.

Қаратауда, Арыс өзені алабында да ойран салынды. Қапы қалған қазақтар малын, үйін, мүлкін тастап кетуге мәжбүр болды. Жоңғар феодалдары көп халықты қырып салды, көптеген адамдар Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық өзендерінен, Сырдариядан өту кезінде қаза тапты. Қазақ рулары Сырдарияға қарай қашып, оның арғы бетінде ғана өздерін қауіпсіз сезіне аламыз деп санады.

Жоңғарлар өздерінің жолында ауылдарды талап-тонап, қазақ қауымдарын бытыратып жіберді, малын тартып алып, қалаларын басып алды. Бұл жөнінде Ресей капитаны И. Унковский «Қонтайшының баласы Шона Добаның Қазақ ордасына аттандырылғаны, ұрыс барысында ол қазақтардың үш қалашығын алғаны және қазақтардың 1000 отбасын әкеле жатқаны, олардың көп кешікпей күтіліп отырғаны жөнінде хабар бар екенін» хатқа түсіреді. Ал берілген қалалар: Ташкент, Сайрам, Қарамұрт.

XVIII ғасырдың 20 жылдарына қарай  жоңғарлар қазақ жерінің орасан  көп бөлігін басып алды. Жоңғарлар мен қазақтар иеліктерінің арасындағы шамамен алғандағы шекара Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендері арасындағы өңір болды.

Үмбетей жырау өз толғауларында  жоңғарлардың Баянауыл, Қызылтау, Абралы, Шыңғыстаулары мен Қара Ертіс  бойындағы Мамырықты және Алатауды қалай жаулап алғанын суреттеген.

А.И. Левшиннің атап өткеніндей, «отарлар мен табындар күн санап кеми берді, айырбас сауда тоқтап қалды, жұрт жаппай қайыршылық пен қайғы-қасіретке  ұшырады, Қабанбай батыр кейбіреулер  аштан өліп, басқа біреулері әйелдері мен балаларын тастап кетті... Егер оңтүстікке кетпесе, үш жақтан қысым көріп, қудаланған оларды мүлде қырып жіберу мүмкін еді».

Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтары  Сырдариядан өтіп, Ходжентке көшіп, Орта жүз руларының көпшілігі  Самарқанға кетті, ал Кіші жүз Хиуа мен Бұхара шегіне көшіп барды.

Ақтабан шұбырынды жылдары Отан алдындағы өз жауапкершілік шамасын  түсінген халық еркін жасытпады. Табан тірескен және ұзаққа созылған шайқастар жүріп жатты. Ташкент  қаласының қазақ жасағы бастаған 300 мыңдай тұрғындары үш айға жуық қаһармандықпен қорғанды. Ташкенттің ізінше Сайрам мен Түркістан да құлады. Бүкіл халықтық қарсыласуды ұйымдастырушылар Бөгенбай, Қабанбай, Саңырық, Жәнібек, Малайсары, Елшібек және басқалар халықты туған жерін қорғауға көтерді. Жоңғар әскерлері қазақ халқының табанды қарсыласуымен санасуға мәжбүр болды. Жау таулы жерлерде, алыстағы далалық аудандарда, қалаларда тойтарыс алды.

Жеңілістің жалпы жағдайын А.И. Левшин былайша сипаттайды: «Бұл көшу сөзсіз күйзелу мен қырылуға әкеп соқты. Мал мен табын күн санап азая берді, айырбас сауда тоқтап қалды, қайыршылық пен қасірет қайғы жалпы жұртты жайлап алды: біреулер аштан өлді, басқа біреулері бала-шағасын тастап қашты. Ақырында, босқындар тоқтады, бірақ қай жерге дейсіз ғой? — көшпелі халық үшін аса қолайсыз құлазыған қу медиенге ат басын тіреді».

Аңыздарға қарағанда, Ұлы және Орта ордалар (арғындарды қоспағанда) —  Самарқан мен Бұхараға, ал Кіші жүз  Хиуаға көшкен. А. И. Левшин Кіші жүз  қазақтары Бұхара мен Хиуаға кетті  деп пайымдайды. Онда бұл оқиғаларға дейін де қазақ халқының бір бөлігі тұрып, қоғам өмірінде елеулі рөл атқарып жатқан еді. Орта Азия хандықтарындағы қазақтар саны едәуір болды. Алайда қаншалықты зор күш-жігер жұмсағанымен, қазақ халқы жоңғар әскерлерінің тегеурініне төтеп бере алмады. Жау күштірек болып шықты да, қазақ жасақтарының шегінуіне тура келді.

Әр түрлі деректемелерге қарағанда, жоңғар басқыншыларының басып кіруі  кезеңінде әскери қақтығыстар, ойран  салу, қырып-жою, талап-тонау, аштық, қиындықпен ауа көшу кезеңінде қазақ халқының үштен екісіне жуығы құрып кеткен. Бұл қасірет туралы Қожабергеннің «Елімай» жоқтауы қазақтардың халықтың азасының нышанына айналды.

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос  келеді.

Ел-жұртынан айырылган жаман екен,

Қара көзден мөлтілдеп жас келеді.

Мына заман қай заман? Бағы заман,

Баяғыдай болсайшы тағы заман.

Атадан ұл, енеден қыз айырылды,

Көздің жасын көл қылып ағызамын.

Мына заман қай заман? Қысқан заман,

Бақыт құсы алаштан ұшқан заман.

Көк аспаннан топырақ, шаң борады,

Күні суық қаңтардан, қыстан жаман.

                     Жоңғар мемлекетінің әскери күш-қуатының нығаюы

1635 жылы Батыр коңтайшы бастаған  Жоңғар хандығы құрылды. Ол  Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағында  еді. 1640 жылы жоңғарлар «Далалық  жарғы» деген атпен әскери және азаматтық заңдар жинағын шығарды. Жоңғарлардың бірлігі нығайды, әскери күш-қуаты арта түсті. Соғыс жағдайы кезінде жоңғарлардың әрбір рулық бөлімшесі өте қысқа мерзімнің ішінде жауынгерлік бірлік тобына айналып шыға келді. Жоңғар хандығы жауынгерлерінің жалпы саны 100 мыңға дейін жететін қуатты атты әскер шығара алатын еді. Олардың 60 мың жауынгері бар тұрақты әскері болды. 
Жоңғария өзімен көрші мемлекеттердің жерін тартып алуды көксеген, барынша әскерилендірілген мемлекетке айналды. Жоңғарлықтардың рухани бірлігін қамтамасыз етуде Тибет ламалары елеулі рөл атқарды.Жоңғарларда әскери іс-қимылдар жасаудың ерекше тактикасы қалыптасқан болатын. Олар ашық кең далада соғысуға машықтанған еді. Оқ-дәріні селитра мен күкірттен өздері қолдан жасап алатын. Олардың қолынан қылыш, сауыт, дулыға және басқа қару-жарақ түрлерін жасау да келетін. XVII ғасырдың аяқ жағына қарай жонғарларда білтелі мылтық пайда болды. Жоңғарлар тіпті зеңбірек жасауды да үйреніп алды. Зеңбірек құюды оларға тұтқын болып қолға түскен швед Иоган Густав Ренат үйретті. Жоңғарларда шекаралас жатқан мемлекеттердің аумағында жүріп, қүпия ақпараттар жинаумен айналысатын жансыздардың — тыңшылардың кең жүйесі құрылды. 
Жоңғария тұғындары да қазақтар сияқты көшпелі және жартылай көшпелі халық еді. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын. Халқының саны 1 миллионға жуықтайтын. Жоңғарлар аз ғана уақыттың ішінде Алтайда тұратын көптеген ұсақ Ұлыстарды бағындырып алған еді. Олар алым-салық төлеп тұрды, әскер қатарын толык- тырып отырды. Жоңғарияның өзімен көрші мемлекеттерге күшті қауіп төндіргені соншалық, XVIII ғасырдың бірінші жартысында тіпті Қытайдың сыртқы саяси кызметі негізінен осы мемлекетке қарсы күрес жүргізіп, оны әлсіретуге бағытталды.     

    Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің себептері

Қазақ хандығының аумағы Жоңғария билеушілерін бұрыннан қатты қызықтыратын. Оның себебі, біріншіден, Жетісу мен Сырдария өңірін басып алатын болсақ, онда Жоңғарияны Ресей мемлекетімен, Сібірмен, Орта Азия хандықтарымен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдарының торабын өз бақылауымызда ұстаймыз, одан әрі Ауғанстанға, Иран мен Закавказьеге жол ашылатын болады деп үміттенді. Екіншіден, Қазақстанды жаулап алсақ, өз хандығымыздың солтүстіктегі шекарасын әлдеқайда нығайтамыз, бағынған халықтан қосымша алым-салық алып тұрамыз деп ойлады. Үіиіншіден, басқыншыларды қазақтың кең-байтақ даласындағы шұрайлы мал жайылымы мен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығысындағы сауда-қолөнер орталықтары қызықтырды. Төртіншіден, Қазақстан аумағын жаулап алу жоңғарлардың Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қонып жүрген қандас тайпалары құба қалмақтарымен кедергісіз тікелей байланыс орнатып, қарым-қатынас жасауына жағдай туғызатын еді. Ақыр соңында, бесіншіден, Жоңғар мемлекетінің қазақтарды кұл етіп ұстаудың мол мүмкіндігіне ие боламыз деп дәмеленді. Жоңғарлардың Қазақ хандығына қарсы басқыншылық соғысты күшейте түсуінің, міне, осындай себептері болды.

                                        Қазақтардың жеңілу себептері

Қазақтардың жеңіліп, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» душар болуының бірнеше себебі бар. Біріншіден, қазақ жүздері ыдырап, Қазақ хандығының басшылығында ауызбірлік қалмады. Екіншіден, жоңғарлар бұл шабуылға өте тыңғылықты әрі мұқият әзірленген еді. Оның үстіне, шабуылдың басталатын уақыты Қазақ ауылдарының бір-бірінен алыс, қыстаудан көктеуге көшіп шығар абыр-сабыр кез болатын. Үшіншіден, 1723 жылы қазақтар қатты жұтқа ұшыраған-ды. Жорыққа мінетін жөні түзу ат жетіспеді. Төртіншіден, аймақта қалыптасқан осындай гео-саяси жағдайды қалмақтар дұрыс әрі мұқият ескере білді. Қытаймен бейбіт келісім жасасты. Таяуда ғана аяқталған орыс-швед соғысынан кейін әлі ес жиып үлгере алмаған Ресейдің күрделі жағдайы да еске алынды. Бесіншіден, шабуылдың күтпеген жерден, түтқиылдан жасалу факторы да қазақтарға қолайсыз әсер етті. Ақыр соңында, алтыншыдан, жоңғарлар жақсы қаруланған болатын,әрі соғыс қимылдарын қалай жүргізудің мол тәжірибесіне де қанық еді. 
                            Жоңғар агрессиясының салдарлары

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» қазақ қоғамына тигізген зардабы орасан зор болды. Далалықтардың көші-қон бағдарламаларының быт-шыты шықты. Қазақтар шұрайлы мал жайылымдарынан айырылды. Жетісудағы және Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы бір кезде гүлденіп тұратын жасыл жазиралар енді қараусыз қаңырап бос жатты. Көршілес мемлекеттермен сауда-саттық байланысы да уақытша үзіліп қалды. 
Бірақ ең ауыр азапты қайғы-қасірет туған-туыстар мен жақын жандардың қазасы болды. Шәкәрім Құдайбердіұлының келтірген деректері бойынша, қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға үшыраған. Енді бір бөлігі құлдыққа сатылып кеткен. Халық ашаршылыққа душар болды. Өлмей аман қалу үшін қайыңның сөлін ішкен. «Қайың сауған» деген сөз содан қалған. Тірі қалғандар басқыншыларға шектен тыс ауыр алым-салық төлеп тұрған. Қазақ хандығының халқы елдің әр түрлі алыс аймақтарына, тіпті шекаралас жатқан шет мемлекеттерге де тарап, босып кетті. Қазақтардың батысқа қарай жаппай ағылуы қарақалпақтармен, түрікмендермен, өзбектермен, башқұрттармен және қалмақтармен жерге таласқан дау-дамайларға алып барды. Қазақтардың Орал Қазақтарымен де, Батыс Сібірден орыстармен де өзара қарым-қатынастарын шиеленістіріп жіберді. Міне, мұның бәрі әбден әлсіреп, қожыраған Қазақ хандығын Ресей империясының оңай олжа ретінде отарлап алуымен аяқталды.

                                                           Қорытынды

XVIII ғасырдың 20-жылдарының соңындағы  қазақтардың жоңғарларды талқандаған  тамаша жеңістеріне жау елінің  өз ішіндегі күрделі жағдайлары  да себепші болды. Сонымен бірге  1727 жылы Жоңғарияның өз ішінде бұрқ ете қалған қырқыстар мен жоңғар-цин соғысының басталуы да әсер етті. 1729 жылы хан тағынан үміткерлер мемлекет мүддесін естен шығарып, жоғары өкімет билігін мұралану үшін жанжалдасты. Жоңғар хандығы Цин империясы тарапынан жасалған шабуылға ұшырады да, ойрат нояндарына өз жасақтарын тез арада батысқа жеткізуге тура келді.

Информация о работе Қазақтардың жеңілу себептері