Қазақтардың жеңілу себептері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 09:06, реферат

Краткое описание

Қазақ хандықтары XVIII ғасырдың басынан-ақ сыртқы саяси жағдайдың одан әрі шиеленісуі туғызған аса ауыр халді бастан кешірді. Тәуке хан руаралық қырқысты уақытша болса да тоқтатып, жүздерде тыныштық орнатты, сол арқылы қазақ руларының қоныстарын сырттан басып кіруден қауіпсіздендірді. Бұған деректемелердің дәлелдеуі бойынша, оның карамағында 80 мыңға жуық сарбаз болғаны едәуір дәрежеде көп көмегін тигізді. Алайда билік үшін күрес пен сұлтандардың оқшаулануға ұмтылуы көп кешікпей бірлікті бұзды, оны көршілері дереу пайдаланып қалды. Оңтүстік-батыстан Жайық казактары қолдаған Еділ қалмақтары шапқыншылық жасады; солтүстіктен сібір казактары шабуылға шықты; Жайықтың арғы бетіндегі қоныстардан башқұрттар дәмеленді. Оңтүстік жағынан қазақтарды Орта Азия хандықтарының (Бұхара, Хиуа) феодалдары ығыстырды. Бірақ ең қатерлі қауіп қазақ халқына шығыстан күші басым, басқыншы әскери-феодалдық Жоңғар хандығы тарапынан төнген еді.

Содержание

Кіріспе 2
Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы.......3
Қазақ хандығының Ойраттармен қақтығысы.......................................................4
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі...................................5
Үш жүздің бірігуі. Болат ханның үш жүздің басын қосуы.................................8
Бұланты маңындағы шайқас 8
Аңырақай шайқасы 11
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»...........................................................14
Жоңғар мемлекетінің әскери күш-қуатының нығаюы.......................................16
Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің себептері................................................................................................................17
Қазақтардың жеңілу себептері............................................................................17
Жоңғар агрессиясының салдарлары....................................................................17
Қорытынды............................................................................................................18
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………19

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат история.doc

— 177.00 Кб (Скачать документ)

Қамыстың басы майда, түбі сайда,

Жәнібек Шақшақұлы болат найза,

Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,

Ер жігіттің ерлігі осындайда.

Бөкейді айт Сағырменен Дулаттағы,

Деріпсәлі, Мандайды айт Қыпшақтағы,

Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын

Сары менен Баянды айт Уақтағы.

Ағашта биікті айтсаң қарағайды  айт,

Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгенбайды айт,

Найзасының ұшына жау мінгізген 

Емәнәлі Керейде ер Жабайды айт.

Басқа бір жырау Ақтамбердінің  мына өлеңі де халық жадында сақталып қалған:

Жауға шаптым ту байлап,

Шепті бұздым айғайлап,

Дұшпаннан көрген қорлықтан 

Жадынды жүрек қан қайнап,

 Ел-жұртты қорғайлап,

Өлімге жүрміз бас байлап.

Ә. Диваев өз зерттеулерінде, атап айтқанда, жоңғар басқыншыларының зор шығынға  ұшырап қашқанын, «бұл орайда Қарасиыр»  деген жерде ең тамаша жеңіске қол жеткенін» атап өтеді. Жазықтың орталығында орналасқан төбе сол кезден «Қалмаққырылған» деп аталады.

Бұлантыдағы және басқа да бірқатар шайқастардың қаһармандық рухын  бізге дейін Үмбетей жырау, Ақтамберді жырау, Тәтіқара жырау, Бұқар жырау, Көтеш ақын туындылары жеткізді. Бөгенбай Ақшаұлы, Саңырақ Тоқтыбайүлы, Олжабай Әлімұлы, Қонақай Жақсығұлұлы, Бөлек Сатайұлы сынды батырлардың, батыр Баянның, Жарылқаптың және басқаларының есімдері тірі кездерінде-ақ аңызға айналған.

Алайда оқиға мұнымен біткен жоқ. Аттылы жоңғар қолының бір бөлігі Бұланты өзенінің жоғарғы ағысына  қарай өтіп кетті. Бірақ бұл жерде де оларды қазақ атты әскерінің жасақтары қуып жетті. Сөйтіп сол жерде жоңғарлар тағы талкандалды, тек жекелеген топтарының ғана Ұлытау жағына Майтөбе мен Құрайлыдан арғы тауларға кетіп қалуына сәті түсті.

Бұланты-Білеуті жеріндегі жеңістің зор маңызы болды. Ол қазақ жасақтарының өз күштеріне сенуіне, халық санасында бетбұрыс жасауға мүмкіндік берді. XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяғына қарай жоңғарлар Ұлытау аймағынан ығыстырып шығарылды. Мұндағы соңғы тайталас Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысына жапсарлас жатқан аудандағы Қарамолда деген жердегі шайқас болды. Жоңғарлар тағы да жеңіліске ұшырады. Бүкіл аймаққа бұл жер «Қалмаққырылған» деген атпен белгілі.

Қазақ жасақтарының Бұланты—Білеуті  маңындағы жеңісінің тағы бір  жағы  стратегиялық тапқырлығында болды. Қазақ жасақтарының Бұланты—Білеуті маңындағы жеңісі Аңырақай шайқасының табысқа жетуін анықтап берді.

                                        

                                                       Аңырақай шайқасы

 

1729 жылдың мамыр-маусымы, кейбір деректерде 1730 жылы біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Болат ханның бастауымен үш жүз хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билер (Төле, Қазыбек, Ақсуат), сұлтандар, батырлар қатысқан Ордабасы жиынында (1726) бүкіл қазақ қолының бірігуі (бас қолбасшылыққа Әбілқайыр хан сайланған) жауға қарсы бірыңғай стратегиялық шабуылға шығуға мүмкіндік туғызады. Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылдан бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде қалмақ қонтайшысы Севан Рабдан өліп, оның ұлы Қалдан Серен (Цэрен) билікке келген (1727). 1723 жылдан бастап еліміздің Шығысы мен Жетісуды, Оңтүстігін, Сырдарияның орта ағысына дейінгі өңірді басып алған жоңғарлар енді қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды. Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында  Хан тауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталады) жиналды. Бұл таулардың бауырында “Үлкен Орда қонған” деген жер атаулары күні бүгінге дейін сақталған. Шайқас солтүстік Балқаш, оңтүстік Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы беделді жерлерде өткендігін бұл өңірде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Бұл қорымдар КСРО Бас штабының 1942 жылғы құпия карталарында көрсетілген. Аңырақай аталатын да – осы өңір. Шамамен көктемде басталып, жаз айларына ұласқан (40-45 күн) майданда біртіндеп басым түсе бастаған қазақтар Ит ішпестің Алакөлі (Балқаштың шығысындағы Алакөл емес) маңында ірі жеңіске жеткен. Балқаштан оңтүстікке қарай 120км жердегі бұл көл қазір Сорқұдық деп аталады. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр жүзеге асырды. Аңырақай шайқасы алғашқыда позициялық, күштерді барлау соғысы болды. Екі жақ та  өңірдің таулы, жыралы бедерлерін өз мақсаттарына ұтымды пайдаланып, жауын аз шығынмен көп қыруға тырысып бақты. Қалмақ жағының қару-жарағы басым еді. Мылтықпен бірге өздерінде құйылған, Ресейден сатып алынған әр түрлі қашықтыққа атқылайтын зеңбіректері де болды. Қазақтар бұл кезде зеңбірекке қарсы ұрыс тәсілдерін меңгергендігін байқатты. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. “Ай қорланды”, “Құйрық жеу”, “Ашамай”, т.б. қазақтың байырғы ұрыс-тәсілдерін кеңінен қолданды. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, бұл қолдың құрамындағы дулат тайпасының әр руының қолын: сиқым Қара батыр (Төле бидің күйеу баласы), жаныс Өтеген, ботбай Сәмен, шымыр Қойгелді, ошақтыларды Саңырық, ыстыны Төлек, шапыраштыны Қазыбек бек, албандарды Хангелді батырлар бастады. Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, керей Жәнібек, қыпшақ Тілеулі, қаракерей Қабанбай, абақ керей Жауғашар (Шақантай), кіші жүз қолын тама Есет, шекті Тайлақ, т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Кейбір деректерде болашақ ұлы хан шамамен 17-20 жасар Әбілмансұрдың (Абылайдың) жауға “Абылайлап” шапқаны осы шайқас деп көрсетіледі, сіргелі Елшібек батырдың өз тобымен жау зеңбіректерін жарып жібергендігі айтылады.

Сонымен Аңырақай шайқасының тарихтағы  алатын орны мен атқарған маңызын 1723-1728 жылдардағы қазақ-жоңғар қатынастарының сипатынан көреміз. 1723 жылы көктемдегі жоңғарлардың тосыннан жасаған соққысы қазақтар үшін аса ауыр болған. ХVІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар қатынастары шеңберіндегі жорықтар, негізінен, тонаушылық, олжа түсіру сипатында болса, 1723 жылғы жорық басқыншылық сипатта, яғни қазақ халқының этникалық территориясын жаулап алу сипатында  өрбиді. Аңырақай шайқасының маңыздылығы да осында. Қазақтардан тегеурінді қарсылық кездестірмеген жоңғар әскерлері 1723-1725 жылдары Ұлы жүзді, Орта жүздің бірталай бөлігін жаулап алды. Осы бір 3-4 жыл ішіндегі оқиғалардың өте ауыр болғандығы сондай – халықтың тарихи санасында бұл “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деген атпен, “Елім-ай” деген әрбір сөзінен мұң мен зар шығып тұрған өлең арқылы есте қалады.

Сөйтіп аталған шайқастан соң  қазақ-жоңғар қатынасында жаңа кезең  басталады да, ол кезең басқа белгілермен, өзгеше ерекшеліктермен сипатталды. Осылайша, Аңырақай шайқасы – 1723-1729 жылдардағы қазақ-жоңғар қатынасының бір кезеңінде түбегейлі бетбұрыс әкелген және туған жерді жау қолынан азат етуге жол ашқан Ұлы жеңіс болды. Аңырақай шайқасының қазақ тарихындағы алатын орны мен маңызы осында болса керек.

Аңырақайдағы жеңіс – қазақ  халқының бірлігінің жеңісі. Ғасырлар бойы тарихи дамумен бірге халықтың қаны мен жанында қалыптасып, сонымен  бірге жасаған ұлттық сана-сезім  өзінің күйзеліске түсуіне, дағдарысқа ұшырауына, бөлшектенуіне жол бермеді. Көзге көрінбейтін, тек қана сезіну арқылы біле алатын бұл күш – халық бірлігінің сақталуына мүмкіндік туғызады.

Ендеше Аңырақай шайқасы – қазақ  тарихында, оның ішінде ХVІІ ғасырдағы  қазақ-жоңғар қатынасы тарихында түбегейлі бетбұрыс әкелген, елді азат етуге жол ашқан Ұлы Жеңіс болды. Сонымен бірге бұл оқиға – ұлттық тұтастықты сақтап қалған, ұлттық сана-сезімді бір саты жоғары көтерген, қазақ әскери өнері жетістігінің, қазақ ынтымағының көрінісі болған, қасаң тарихи тұжырымдамаларға негіз қалайтын, қазақ халқына тәрбие құралы болған және бола беретін шайқас деп санаймыз.

Соңғы жылдардағы тарихи әдебиетте  Итішпес Алакөлдің орналасқан жері туралы барған сайын жиі дау айтылып  жүр. Ә. Диваев «Аңырақай» «Итішпес көлі маңында, Алакөл жағында... Арал теңізінен солтүстікке таман жаткан тауларға қарай» жатыр деп санаған. Жер жағдайын жақсы білген М. Тынышбаевтың «Аңырақай Ә. Диваев көрсететін жерде емес, Балқаш көлінің Оңтүстік шетінен оңтүстік-шығыс жағында 120 шақырым жерде жатыр, ол қазақтар арасында ««Итішпес деген атпен мәлім» деп санауы орынды. Солай бола тұрса да, «Алакөл» көлінің орналасқан жері туралы пікірталас жалғасып келеді.

1997 жылы Аңырақай ғылыми экспедициясы (басшылары: К.Р Мемлекеттік  хатшысы, халық жазушысы Ә. Кекілбаев, КР ҰҒА академигі М. Қозыбаев) бұл жөнінде М. Тынышбаевтың айтқаны дұрыс, бұл арада әңгіме Балқаштың солтүстік-батыс шеті жағында жатқан Алакөл жайында болып отыр деген тұжырымға келді.

Көлдің картасын Аңырақай шайқасынан кейін 180 жыл өткен соң XIX ғасырдың басында Ресей империясы Қоныс аудару басқармасының П.П. Румянцев басшылық еткен арнаулы ғылыми экспедициясы жасаған. Ол өз қорытындысында «Алакөлдің суы тұзды-ащы... ал жағалаудан 15—20 шақырым ұзағанда тұши бастайды, былайша тұщы дерлік» деп атап өткен.

Осындай сорлардың бірінде, Қошқарбайтұз деген жерде, XX ғасырдың басында  тұз өндірілгені мәлім. Оның бір  бөлігі түйемен Әулиеата, Пішпек және Верный уездеріне тасып апарылған.

Қоныс аудару басқармасы экспедициясының  материалдарында Алакөл көліне сипаттама берілген. «Батпакин және Аиргизен* алқаптарында, делінген онда, — Алакөлдің жағалауы жалаңаш; тек кей жерлерде судың жағасында ұсақ тал мен аласа қамыс өседі; соңғысы ішінара су басып жатқан қайрандарда да өсіп тұр. Көзге көрінген аралдардың жағалаулары да осындай. Аталған алқаптардың батыс жағындағы жағалау жартасты, солай болғанның өзінде тас сирек ұшырасады. Шығыс жағында — жағалау ойпатты, қамысты, қамыс (дұрысырақ айтқанда, құрағы) барған сайын биіктеп, қалыңдай түседі, ал Іленің тармағы Топарға жақындағанда Балқаш өңірінің тұтас «джунглиі» басталады. Алакөлдегі су деңгейі біркелкі емес, ол толқын ұрған сызығынан жақсы көрінеді».

Алакөл мен Аңырақай таулары  арасында әредік төбелер ұшырасады, шоқшоқ баялыш, изен, жыңғыл өскен сортаңкұм дала жатыр. Аңғарларда ебелек аралас жусан көп. Неғұрлым терең сайларда ши қопалары, Хантауға жақындағанда тіпті құрақ та кездеседі. Қоныс аудару басқармасының комиссиясы Алакөлде бытырап жатқан, өз бедерімен, өз топырағымен және өсімдіктерімен көршілес шоқалақты далаға, шағылдарға ұқсас көптеген аралдар бар екенін айта келіп, ол кезінде шығанақтардың түбі болған деп жорамалдаған..

Аңырақайдың шығысында Қарой алабы  жатыр. Аңырақай таулары (ұзындығы — 75 км, ені — 5 км) Шу-Іле су айырығы жүйесіне жатады. Аңырақайдың батыс сілемдерінен Қарой алабын (шығыс жақта Күрті және Қаскелең өзендері арасында жатқан және Іле өзеніне дейін жететін Қарой жонымен шатыстырмау керек) биік емес Құлжабасы жотасы бөліп тұр. Аңыракай тауларынан Ақсүйек сай, жусан дала жағына баратын Бестамақжол жолына қарай бес сай шығады.

Шу-Іле су айырығының жоталары мен  шоқылары арасынан Хантау ерекшеленеді, онда жақындағанда қиыршықтас, кейде  тау жыныстары шашылып, көбінесе тактатастар жер бетіне шығып  жатады.

Аңыракай экспедициясы (1998 жылғы қыркүйек) Буырыл Байтал станциясынан Хантауға бағыталып, атакты Канарықка шықты. Бұл ордыңтерендігі казір бір метрден сәл артық, ені екі метрге жуык, оныңжағалары әлдеқашан күлап, шөп басып кеткен. Бұл ұзындығы бірнеше жүз километрге созылатын алып құрылыс, аңыз бойынша, ол кезде Балқаш, Іле және әсіресе Топар бойында табын-табын болып жүретін құлан аулау кезінде Жошы қаза тапқаннан кейін Шьщғысханның әмірімен қазылған. Әлемді дірілдеткен ұлы хан қаһарына мініп, «Балқаштан Қордайға дейін арық қазуға әмір беріп, оның жағасына өз жауынгерлерін қойған, ал айдаушылар оларға Топардан құландарды қуып әкелген. Сөйтіп, арықтан бірде-бір құлан секіріп өте алмаған, ал ол жиегіне дейін қырылған... құландардың қанына толған. Сондықтанда «Қанарық деп  аталған».

Сонымен Хантау таулары мен шоқылары аласа, сусыз, топырағы сазды, қиыршықтас басып жатқан, өсімдік өспейді  деуге болатын аудан, жоңғарлармен ұрыс жүргізу үшін Аңырақай тауларынан әлдеқайда қолайсыз еді.

Бүкіл қазақ жасағы алдын ала  ұрысқа тиімді жағдайға орналасып алды. Хантаудағы «Үлкен Орда қонған» деген жерге Орта жүз ханының ордасы орналасты. Кіші жүз ханының да ордасы сонда болды. Қазақ жасақтары Іле өзенінің аңғарындағы, Жусан даладағы тоғайлы ормандарға жайғасты. Жоңғарлардың тылында «Итішпес Алакөл», сусыз дала жатты.

Жау тылында Ақсүйек сай болды. Оған жақын жерде картада Әбілқайыр  тау көрсетілген. Әбілқайыр ханның ордасы мен Кіші жұз жасағы сонда  орналаскан деп жорамалдауға болады. Сонымен жеңіліс тапқан жағдайда жау «Итішпес Алакөлге» қарай шегінуге мәжбүр болатын еді, шынына келгенде, ақтық шайқас та сонда болса керек.

М. Тынышбаев өз замандастарының  назарын қазіргі Подгорное селосы ауданындағы «Әбілқайырсай» деген  атау мен Сұнқайтты (дәлірегі «Сұмкайтты»  — «жау қайтты» болар) өзеніне аударады. Тегінде осы орасан зор шайқас кезеңдерінің бірінде осы жерлерде ұрыстар жүрсе керек.

Сонымен Аңырақай шайқасының ұрыс қимылдары  болған алқап 200 километрдей жерді  алып жатыр. Оны ғасыр шайқасы  деуге болады. Аңырақай шайқасы далалық  Қазақстанның және Қазақстан оңтүстігінің таулы әрі шөлейіт аудандарының шекарасында өткен. Мұндай жер кездейсоқ таңдап алынбаған. Шайқас өтетін жер дұшпанды талқандау жөніндегі ойдың жалпы айла-тәсіліне орайласады, ол жеңіліс тапқан жағдайда Іле өзенінің басына дейін тоқтаусыз шегінуге мүмкіндік береді. Сонымен, бұл шайқасқа керісінше, қазақтар жоңғарларды мәжбүр еткен.

Балқаштың Солтүстік-батыс жағында  өзеннің өзі жағынан жел өткізбейтін  Шу-Іле таулары созылып жатыр. Жел сондай-ақ Қызылқұм мен Мойынқұм жағынан да соғадьг. Аңырақай тауларының қасында Желдітау, Желдібел орналасқан. Аңырақай тауларында жел аңырап соғатын сияқты (Аңырақ жел). Сонымен бірге халық Аңырақай — жеңіліс тапқан жоңғарлар аңырап жылаған жер деген аңыз шығарған.

Информация о работе Қазақтардың жеңілу себептері