Қазақ хандарынын заңдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2014 в 18:52, реферат

Краткое описание

Қазақ хандығында "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", Тәуке ханның "Жеті жарғысы" деп аталатын заңдар болды. Бұл заңдар сол заманда ислам дінін тұтынатын Шығыс пен Орта Азияның бірсыпыра елдеріндегі феодалдық мемлекеттер мен хандықтарда жаппай қолданылып отырған. Бұл қазақ хандығының ерекше тарихи әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының туындысы еді. Қазақ хандығының заңдары "жарғы" деп аталады. Қазақша "жарғы" деген әділдік деген ұғымды білдіреді. Дауды әділ және тура шешкен билерді халық ардақтап "қара қылды қақ жарған" деп мадақтаған. Оның екі жағының біреуіне артық жібермей дәл айыруы әділдіктің мезгеуі болған. Жарғы заңының негізі міне осында. Өзінің мазмұны бойынша бұл заңның түбегейі ежелгі әскери арнасына барып тірелед.

Содержание

Кіріспе
1 Қазақ хандарынын заңдары
2 Қазақ хандықтарының баска мемлекеттермен саяси қарым қатынастары
3 Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кіріспе.docx

— 23.43 Кб (Скачать документ)

                   Жоспар

 

Кіріспе

1 Қазақ хандарынын заңдары

2 Қазақ хандықтарының  баска мемлекеттермен саяси қарым  қатынастары

3 Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Кіріспе

 

    XV ғасырдың ортасында қазақстан территориясында аса маңызды тарихи оқиға болды. Қазақ хандығы атты жаңа мемлекет пайда болды және осы мемлекеттің негізгі тұрғындары қазақ халқы этнос ретінде қалыптасты.

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақ хандарының елди билеу заңдары

   

    Қазақ хандығында "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", Тәуке ханның "Жеті жарғысы" деп аталатын заңдар болды. Бұл заңдар сол заманда ислам дінін тұтынатын Шығыс пен Орта Азияның бірсыпыра елдеріндегі феодалдық мемлекеттер мен хандықтарда жаппай қолданылып отырған. Бұл қазақ хандығының ерекше тарихи әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының туындысы еді. Қазақ хандығының заңдары "жарғы" деп аталады. Қазақша "жарғы" деген әділдік деген ұғымды білдіреді. Дауды әділ және тура шешкен билерді халық ардақтап "қара қылды қақ жарған" деп мадақтаған. Оның екі жағының біреуіне артық жібермей дәл айыруы әділдіктің мезгеуі болған. Жарғы заңының негізі міне осында. Өзінің мазмұны бойынша бұл заңның түбегейі ежелгі әскери арнасына барып тірелед.

    Қазақ хандығының іргесін қалаушы хандардың бірі Қасым хан. Оның билік құрған жылдары 1511 — 1523 аралығын қамтиды. Саяси жағдайға және көпшілік халықпен билер тобының тілегіне негізделіп, қазақ халқының ежелгі әдет-ғұрыптық ереже-тәртіптеріне мәнді өзгерістер енгізіп, дамытып билер кеңесінде ақылдаса отырып, "жарғы" заңын жасады

    Халық Қасым ханның шариғатты алмай, ежелден қалыптаскан билер заңы - жарғыны жаңадан көтергенін қатты ұнатып, оны "Қасым ханның қасқа жолы" деп атап кетті. Бұл заңға кірген ережелер мынадай:

  1. Мүлік заңы ( мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері).
  2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза).

    3. Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат).

    4. Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік).

    5. Жұртшылық заңы (шүлен тарату, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бөкеуіл, тұтқауылдардың міндеті).

    "Қасым ханның қасқа жолы" бір ғасырдай атқарылған соң, 1598 тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, Есім ханның тұсында "Есім ханның ескі жолы" деп аталған.

    Ел аузында сакталған деректерге қарағанда, Есім хан тұсында "қасқа жолға" қосылған жаңалық: "хан болсын, ханға лайық заң болсын; абыз болсын, абыз сыйлау парыз болсын, би болсын, би түсетін үй болсын" деген ережелер екен. Бұл қазақ хандығы құрылысының саяси-әкімшілік, әскери, рухани және сот істері жөніндегі негізгі заң сипатындағы төрт тұғыр екені байқалады. "Ескі заң" деп аталуына қарағанда, сірә, бұл ережелер бұрыннан келе жаткан дәстүрлі бір жүлгемен жасалған болуы да мүмкін

    "Қасқа жол" мен "Ескі жол" заңдары XVII ғасырдың аяқ кезі мен XVIII -ғасырдың басында қайта толықтырылып, өзгерістер енгізіліп дамытылады. Тәуке хан тұсында "Күл төбенің басында күнде кеңес" өткізіліп, "Қасқа жолдың" бұрынғы бес тарауына тағы да екі тарау қосылып, "жеті жарғы" деп аталды. Бұл жаңадан қосылған екі тарау:       жер дауы туралы заң мен         құн дауы туралы заң еді. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының шығыс жағындағы жайылымдарды ойрат-жоңғар феодалдарының басып алуына байланысты жердің таралуы, мал жайылымдарына таласқан жанжалдардан адам өлімінің жиі болуы себепті жер дауын мүлік заңынан, құн дауын жалпы қылмыс заңынан бөліп алып, жеке-жеке тарау енгізуге тура келді. "Жеті жарғы" заңы Үш жүздің ойшыл саңлақ билері — Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің қатысуымен, хан қасындағы билер кеңесінен өтті.

    Қазақ хандығы заңдарының қылмыс заңынан оның таптық мәні айқын көрінеді: "Жеті жарғы" заңында қасақана кісі өлтірушілерге бұрынғыдай "қанға қан, жанға жан алу" ережесі сақталды. Алайда, бұл көбінесе күн тарттырумен алмастырылып отырылды. Құнның мөлшері мынадай болды: еркекті өлтіргені үшін толық құн — "ердін құны екі жүз жылқы" немесе жүз түе, мың қойллаи, ал әйелді өлтіргені үшін жарты құн - "жүз жылқы" немесе елу түйе, бес жүз қойлаи (бір түе екі жылқы он қоиға тең болған ал бір жылқы бес қойға тең) кісінің бір көзін шығарса — жарты құн, екі көзін бірдей шығарса — толық құн тартатын болды; бір қолынан немесе бір аяғынан айырса жарты құн, екі қолынан немесе екі аяғынан бірдей айырса толық құн тартатын болды.

 

  1. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы

 

    ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда  Қазақ Ордасы нығая түсті, оның шекарасы қазақтардың этностық аймағының негізгі бөлігін қамтыды. Күмән келтірмейтін мәліметтерге қарағанда 1695 жылы Қазақ Ордасына 32 қала кірген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақ хандарынын заңдары