Хамурапи заңдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 21:02, реферат

Краткое описание

Хаммурапи заңдары — Вавилон заңдарының жинағы. Бұл заңдар Хаммурапи патшалық еткен кезде, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1760 жылы қабылданған. Хаммурапи заңдары Ежелгі Шығыстағы құл иеленушілік құқықтың аса маңызды ескерткіші болып есептеледі. Диорит бағанға сына жазуларымен жазылған бұл заңдардың мәтіндері 1901 — 1902 жылдары ежелгі Эламның астанасы — Сузы қаласының орнына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Оны ол жерге эламдықтар әскери олжа ретінде әкелген болса керек. Хаммурапи заңдары қазіргі кезде Луврда сақтаулы тұр. Заңның неғұрлым кейінгі көшірмелерінің жұрнақтары Сузы, Ниневия, тағы басқа.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Хаммурапи заңдары.docx

— 27.52 Кб (Скачать документ)

            Хаммурапи заңдары — Вавилон заңдарының жинағы. Бұл заңдар Хаммурапи патшалық еткен кезде, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1760 жылы қабылданған. Хаммурапи заңдары Ежелгі Шығыстағы құл иеленушілік құқықтың аса маңызды ескерткіші болып есептеледі. Диорит бағанға сына жазуларымен жазылған бұл заңдардың мәтіндері 1901 — 1902 жылдары ежелгі Эламның астанасы — Сузы қаласының орнына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Оны ол жерге эламдықтар әскери олжа ретінде әкелген болса керек. Хаммурапи заңдары қазіргі кезде Луврда сақтаулы тұр. Заңның неғұрлым кейінгі көшірмелерінің жұрнақтары Сузы, Ниневия, тағы басқа.Месопотамия қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарында табылды. Хаммурапи заңдарының мәтіні кіріспеден, 282 баптан және қорытынды бөлімнен тұрады. Онда әлеуметтік теңсіздіктің салыстырмалы түрдегі жоғарғы дәрежесі бейнеленген. Сына жазуымен баяндалған заңдар азаматтық және қылмыстық құқыққа бөлінбесе де баптар белгілі бір топтарға біріктірілген; сот процесі, меншік, патша қызметі, неке мен отбасы, міндеттер, тағы баскқа. Оның үстіне әрбір тақырып қылмыстық-құқықтық, сондай-ақ азаматтық-құқықтық тұрғыдан түсіндіріледі. Құқық субъектілері болып ерікті қауым мүшесі (авилум — “адам”) және толық құқығы жоқ патша қызметіндегі ерікті адам (мушкенум — “төмен құлайтын”) танылды. Кейбір құқықтарды (ажырасу және қалың малын қайтарып алу құқығы) ерікті әйелдер де пайдаланған. Құлдар мен балалар тек құқық нысандары ретінде ғана қарастырылды. Хаммурапи заңдарында құл иеленушілердің құлдарға үстемдігін, жалпы жеке меншікті нығайтуға және патша қызметіндегі адамдардың мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл заңдар бойынша Вавилон патшалығындағы тауар-ақша қатынастарының елеулі дамығаны жөнінде қорытынды жасауға болады. Ғылыми әдебиетте Хаммурапи заңдары әрекет еткен құқық жинағы ретінде бұл неғұрлым шындыққа жанасады, “әлеуметтік әділеттілікті” бейнелеген заңдық трактат немесе Хаммурапи патшаның өз қызметі жөніндегі құдайларға берген есебі ретінде қарастырылады. Хаммурапи заңдары ежелгі Кіші Азияның өзінен кейінгі заңдарына елеулі ықпал етті.

 

Дүниедегі алғашқы жазылған заң жинақтарының бірі Вавилон патшасы Хаммурапидің заңдары.

Ежелгі  Вавилон құқығының ескерткіші Хаммурапи  патшаның заңы (б.э.д. ХVIII ғ). Хаммурапи заңы белгілі бір жүйесіз, ешбір салаға жатпай жазылған. Бірақ осы заңның ішкі логикасын айқын көруге болады.  Заң тексті базальт стильде жазылған. Жоғарғы жағында Шамаш құдайдың суреті бейнеленген, яғни осы заңды тізерлеп, қолын жайып, мойын ұсынып тұрған Хаммурапиға беріп жатқаны. Бұл сурет заңның құдіреттілігін сипаттайды. Хаммурапи заңы баптарға бөлінбеген, бірақ француз ғалымы В.Шейл тұнғыш рет заңды 282 бапқа бөліп қарастырады. Заң жинағы ерекше топтастырылған заң нормаларынан құрылады. Мысалы:1-5 баптар процессуалдық сипаттағы ережелер; 6-126 баптар мүліктік қатынастарға; 127-195 отбасылық –мұрагерлікке; 196-214 баптар жеке тұлғаны қорғауға; 215-282 жалға беру тәртібіне және тағы басқа қатынастарға арналған. Заң баптарға бөлінбегенін айтып кеттік, сондықтан ескерткішті кодекс сияқты жинақ деп қарастыруға болмайды.

Ежелгівавилон құқығының таптық мәні мүліктік қатынастарды реттейтін және жеке меншікті бекітетін  заң баптарында айқын көрініс  тапқан. Вавилонда құлдар басқа да мүліктер (мал,еңбек құралдар және т.б) сияқты меншік объектісі болып табылды.

Ежелгі Вавилонның әлеуметтік топтардың  құқықтық мәртебелері. Бұл сұрақты қарастырған кезде, қоғамды құлиеленушілік те, феодалдық те деп қарастырмаған жөн, аталмыш қоғамның көп сипаты «азиаттық» құрылымға тән. Сондықтан маркстік 5 формация түрінің (құлиеленушіліктен – социализмге дейін) белгілері сай келмейді.

Сонымен қатар, Хаммурапи заңында  еріктілер арасындағы теңсіздікті  көрсетеді: авилум («адам», «адамның ұрпағы») мен мушкенум (патшаға қызметке орналасу туралы өтініш жасайды) арасындағы теңсіздік. Мушкенум –өз қызметі үшін патша  жерінен жер бөлігіне ие болатын, тәуелді тұлға. Авилумдарды толық  құқық қабілетті және әрекет қабілетті  «жеке тұлға» деп айту қиын, өйткені  авилумдардың құқықтық жағдайы территориалдық қоғамға және үлкен патриархалды отбасыға жататынмен анықталады.

Әскери адамның құқықтық жағдайы  Хаммурапи заңның нормаларының анализінен анықтауға болады, яғни тұтқындағы әскердің өз мүлкін, әйелі мен баланың  сатып алуы (выкуп) құқығы.

Міндеттемелер. Хаммурапи заңдарында сол кезде  маңызды рөл атқарған жер қатынастарын реттейтін бірқатар баптар болған. Жалға алушы өнімнің үштен  бір бөлігін төледі. Жалға беру қысқа мерзімді болды (бір немесе екі жылға). Жалға тек қана жер, бақшалар берілмеді, сонымен қатар  Хаммурапи заңдарында көрсетілгендей бөлмелер, үй жануарлары, құлдарды жалға  берілді.

Неке және мұрагерлік құқық. Хаммурапи заңдарының маңызды бөлігі (шамамен 70) неке-отбасы қатынастарын реттейді. Бұл кездейсоқтық емес. Отбасы, отағасы арқылы мемлекетпен және қауыммен

байланысқа түсетін маңызды  әлеуметтік ұяшық (144-147 баптар). Күйеу  жігіт некелесу кезінде қыздың әкесіне  жұмысшы қолын жоғалтқаны үшін белгілі  бір мөлшерде қалың мал төлеген (176-184 баптар).

 

 

 

 

 

 

 

Егер  қыздың әкесі оны күйеуге бермесе, төленген қалың малды екі есе  етіп қайтарды. Қалындықтың әкесі  қызына төсек орын және жасауын берген, оның ерекше құқықтық ережесі бар, бірақ бұл мүлікті күйеу жігіт билеп төстеген.

Қылмыс  және жаза. Хаммурапи заңында қылмыс пен жаза ұғымына, анықтамасына және мемлекет үшін ерекше мәнді қылмыстық-құқық  нормаларын бөліп қарастыруға ұмтылыс  жасамағанын байқаймыз. Бұндай нормалар аталмыш ескерткіште толық көлемде  және жүйелі түрде берілмеген.

Заңда патша, діни, абыз билігіне және мемлекеттік  басындағыларға қарсы бағытталған  қылмыс жасаған қылмыскерлер туралы баптар жоқ. Өйткені ондай қылмыскерлерді патша өкіметіне ұстап беру міндетті болған сияқты.

Хаммурапи заңы талион («көзге көз, тіске тіс» яғни, кінә үшін оған тең жаза тарту  керек) принципіне негізделген қатаң  жазаларымен сипатталады. Бірақ  бұл принцип қоғамның дамуына  байланысты кей кезде жұмсарып отырғанын  заңның белгілі баптарынан байкауға болады.

Жинақтың  мазмұнына көңіл аудара отырып, қылмыс әрекеттерін үш түрге бөлуге болады: жеке тұлғаға қарсы бағытталған, мүлікке қарсы бағытталған және отбасына қарсы бағытталған.

Үнді құқығына жалпы сипаттама. Ежелгі Үнді мемлекетінде тарихи-құқықтық қайнар көз ретінде – Ману Заңдары (б.э.д. ІІ ғ. – б.э. ІІ ғ.) және Каутилья Артхашастралары (б.э.д. І ғ. – б.э. І ғ.) сақталған.  Ежелгі Үндіде құқық түсінігі қоғамдық қатынастарды реттеуші жеке нормалар жиынтығы ретінде танылмады. Үнділердің күнделікті өмірі өзіндік сипатымен құқықтық емес, эстетикалық сипатты

 

 


Информация о работе Хамурапи заңдары