Қазақстан Республикасындағы заңдардың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2015 в 12:30, курсовая работа

Краткое описание

«Құқықтың қайнар көзі» туралы айтқанда, оның пайда болуы мен әрекеті туралы факторларға көңіл аударылады. Онда нормативтік белгілердің өмірге келудегі негізгі процестерді, және мемлекет белгілеген бәріне бірдей тәртіп жолын түсіндіреді. Қысқартып айтсақ, «құқықтың қайнар көздері» арқылы, заңды істерді шешудегі тәжірибеде нені басшылыққа алатынымызды түсінеміз. Бұл заң нормаларын бекітудің сыртқы көрсету нысаны және әдісі.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. Құқық нысанының түсінігі.................................................................................5
2. Қазақстан Республикасындағы заңдардың түрлері..........................................9
3. Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік-құқықтық келісімдердің
ұғымы және түрлері..............................................................................................12
4. Нормативтік-құқықтық актілердің кеңістікте, уақытта және тұлғаларға әрекет етуі..............................................................................................................17
5. Нормативтік құқықтық келісімдерді жүйеге келтіру.....................................21
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқық нысаны курсовая.doc

— 128.00 Кб (Скачать документ)

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1. Құқық нысанының түсінігі.................................................................................5

2. Қазақстан Республикасындағы заңдардың түрлері..........................................9

3. Заңға сәйкес қабылданатын  нормативтік-құқықтық келісімдердің 

ұғымы және түрлері..............................................................................................12

4.  Нормативтік-құқықтық актілердің кеңістікте, уақытта және тұлғаларға әрекет етуі..............................................................................................................17

5. Нормативтік құқықтық келісімдерді  жүйеге келтіру.....................................21

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі: Құқық нысанының түсінігіне, нормативтік-құқықтық актілердің түрлеріне және нормативтік-құқықтық актілердің кеңістікте, уақытта және тұлғаларға әрекет етуі туралы жете тоқталып өтеміз. 

«Құқықтың қайнар көзі» туралы айтқанда, оның пайда болуы мен әрекеті туралы факторларға көңіл аударылады. Онда нормативтік белгілердің өмірге келудегі негізгі процестерді, және мемлекет белгілеген бәріне бірдей тәртіп жолын түсіндіреді. Қысқартып айтсақ, «құқықтың қайнар көздері» арқылы, заңды істерді шешудегі тәжірибеде нені басшылыққа алатынымызды түсінеміз. Бұл заң нормаларын бекітудің сыртқы көрсету нысаны және әдісі.

Құқықтың қайнар көзі – бұл мемлекет атынан шыға-рылған, жекелеген нормалардың, институттар мен құқық салаларының мазмұндары бар, арнайы жазба түріндегі құ-жаттар.

“Құқықтық нысаны” және “құқықтың негізі” бір-бірімен тығыз байланыстағы ұғым. Бірақ олардың айырмашылығы, ерекшеліктері бар.

Курстық жұмыстың мақсаты: Нысан – құқықтың мазмұнының сыртқы көрінісін және өмір сүру тәсілін көрсетеді. Негіз – құқықтың мазмұнының қалыптасу негіздерін, себептерін, факторларын көрсетеді.

Құқық осы философиялық категорияның  заңдарына сәйкес дамып, өзгеріп отырады. Құқық әлеуметтік шындықтың объективтік құбылысының сыртқы нысаны. Ғылым құқықтың ішкі-сыртқы нысаны болады деп түсіндіреді: ішкі нысаны – құбылыстың құрылымын, жүйелік элементтерін көрсетеді; сыртқы нысаны – құбылыстарды құқықтық тұрғыдан анықталған заңды негіздердің жиынтығы.

“Құқықтың нысаны” және “құқықтың негізі” бір-бірімен тығыз байланыстағы ұғым. Бірақ олардың айырмашылығы, ерекшеліктері бар.

Нысан – құқықтың мазмұнының сыртқы көрінісін және өмір сүру тәсілін көрсетеді. Негіз – құқықтың мазмұнының қалыптасу негіздерін, себептерін, факторларын көрсетеді.

Құқық қоғамдық құбылыс ретінде ішкі және сырт нысанды болып келеді. Құқықтың ішкі нысаны – оның құбылысы (құрылымы), элементтерінің жүйесі. Бұлар осы құбылыстың (яғни құқықтың) мазмұнын құрайды.

Құқық нысаны - мемлекеттік биліктің заңға, нормаға айналу түрлері. Бұл пікірді дүниежүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігі қолдайды.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- құқықтың өмірге келу жолдарын нысан дейді

- мемлекеттік органдардың қабылдаған  актілерін нысан дейді;

- қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқаратын нормаларды құқықтың нысаны дейді.

Себебі құқықтың маңызы, рөлі, ықпалы сан алуан. Мұның қайсысын алсаңда, құқықтың неше түрлі маңызы, ықпалы, рөлі байқалады. Соның бәрі құқықтың нысаны.

Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспе, екі тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Құқық нысанының түсінігі

 

Заң ғылымында түрлі философиялық - нысан (форма), мән, қызмет (функция), мазмұн деген сияқты санаттар (категориялар) жиі қолданылады. Мысалы, нысан (форма) деп заттың, пәннің, құбылыстың ішкі мәнің білдіретін сыртқы көрінісі ұғынылады.

Мән - пәннің, заттың, құбылыстың негізгі тағайыны, оның не үшін қажет екендігінің, қандай пайдаға асыруға болатындығының көрсеткіші.

Қызмет - сан алуан пәннің, заттың немесе кұбьшыстың негізгі тағайыны, оның іс-өрекетінің негізгі бағыггары.

Мазмұн пәннін, заттың немесе кұбылыстың осы нысан шегіндегі аясының ішіндегісі, ішкергі жағындағы бары-нәрі.

Құқық қоғамдык құбылыс ретінде ішкі және сырт нысанды болып келеді. Құқықтың ішкі нысаны - оның құрылысы (құрылымы), элементтерінің жүйесі. Бұлар осы құбылыстың (яғни құқықтың) мазмұнын құрайды.

Құқықтың сыртқы нысаны - деп формалды түрде құқықтық құбылыстарды баянды ететін зандық негіздердің кешені ұғынылады. Осы заңдык негіздердің кешені құқықтық нормалардың адресаттарына олардың нақты мазмұнымен танысуына және оларды пайдалануына мүмкіндік туғызады.

"Құқық нысаны" және "құқық  негіздері" деген ұғымдар бір-бірімен  тығыз байланысты, бірақ біріне  бірі дәл келмейді. "Құқық нысаны" құқықтың мазмұны сыртының қалай  құрылғанына және білдірілгенін көрсеткен болса, онда "құқық негіздері" ұғымы құқықтың қалыптасу бастауларын, оның мазмұнын алдын ала анықтайтын қозғаушы күштер жүйесі (факторлар) мен жазылу (білдірілу) нысанын көрсетеді.

Міне осыған байланысты құқық негіздерін материалдық, идеалдық және заңдық деп жіктейді.

Материалдық құқықтық негіздер - мұның тамырлары коғам дамуының объективтік мұқтаждықтарында, экономикалық қатынастарында     жатады.

Идеалдық құқықтық негіздер - бұларға заң шығарушының қоғам дамуы мұқтаждықтарын идеологиялык тұрғыдан жете түсінуі жатады. Осының негізінде де құқықтық нормалар қабылданады. Заңдық құқықтық негіздер - бұған мемлекетің өзі шығарған немесе таныған, сөйтіп оларға жалпыға бірдей міңдетті ресми-құқықтық түр беріп баянды еткен құқық нормалары жатады.

Заң әдебиетінде темендегідей құқық негіздері атап көрсетіледі: Құқықтық әдет-ғұрып - құқық нысандарының ең ежелгілерінің бірі, ол - ұзақ мерзімнің ішінде қайталанулар барысында дағдыға айналған, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережелері. Бұл ережелер мемлекеттін мәжбүрлеу күшімен қорғалып отырады.

Рулық кауымның әдет-ғүрыптары өзгерулердің барысында бірте-бірте мақұлданған әдет-ғүрыпқа ұласқаны тарихқа мәлім болған жағдайлар. Рулық қауымда ең көп таралған әдет-ғүрыптар ішіндегі жиі кездесетіндері: - "кекті қанмен жуу" ("қанды кек", "қан төгіп өш алу") және "жанға-жан", "қанға-қан", "көзге-көз", "басқа-бас", "тұяққа-тұяқ" деген "талион кағидаты" деп аталатындар. Бірте-бірте бұл әдет-ғұрыптар айып-анжы төлеумен алмастырыла бастаған. Қоғамның бірте-бірте топтарға жіктеле бастауына байланысты "айып-анжы" (төлету, төлеу де) дифференцияланған сипатқа ауыса бастайды.

Қазақ мемлекетінің хандық дәуір кезіндегі көшпелі қазақ қоғамында әдет-ғұрыптар құқық негіздерінің тұғыры қызметін атқарған. Осыған сәйкес көшпелі өмір кешкен қазақ қоғамында құқықтың негізгі нысаны мақұлданған (санкцияланған) құқыктық әдет-ғұрып болған.

Құқықтық әдет-ғұрыптардың жинақтарының қазіргі заманға жеткені Тәуке ханның "Жеті жарғы" атты заңдар жинағы. Әрине, бұл жинақ өзінен бұрынғы "Есім ханның ескі жолы", "Қасым ханның қасқа жолы" атанған әдет-ғұрып заңдарынан бастау алғанын тарихи мағлұматтар мен заңгер ғалымдардың зерттеу-талдаулары көрсеткен жәйттер.

Сот үлгі ісі (сот прецеденті) - мемлекеттің өзі жалпыға бірдей міндетті күші бар деп мән берген ұқсас істерді шешуде үлгі бола алатын соттың нақты іс бойынша қабылдаған шешімі.

"Сот үлгі ісі" Англияда, АҚШ-та, Үнді елінде және басқа да  мемлекеттерде кеңінен қолданылады. Мұның өзі ұқсас болып келетін  басқа істерді шешуде эталон (үлгі ретіндегі өлшеуіш) балып табылатын соттың сәтті, әділ қабылдаған шешімі.

"Үлгі іс" соттық та, сондай-ақ  әкімшіліктік те болуы мүмкін. Ол судьяға немесе лауазымды  тұлғаға өзінің білігінше дербес  шешім қабылдауға, жәй ғана мүмкіндік  беріп қоймайды, қайта болмыстағы ахуалдың ұқсастығы толық болмаған жердегі жағдай мен ахуалдың қаншалықты деңгейде ұқсастығын бағалау құқығы тек судьяларға ғана тән болғандықтан беріледі. Және де үлгі істегі бұрынғы шешімдердің барлығы бірдей міндетті емес. Тек алғашқы шешімді немесе үкімді қабылдаған соттың құқықтық позициясының (көзқарасының) мағынасы ғана міндетті болып келеді.

Құқықтық прецедент рим құқығынан шықты. Преторлар әрекеттегі цивильдік құқықты өзгертуге не жоюға мүмкіндігі жоқ болған кезде (ол туралы ойлаудың өзі күнә болған кезде) кең әкімшілік-соттық өкілеттілігін пайдаланып өздерінің эдиктілерін шығарған, олар кейінірек сондай істерді шешуге үлгі болған. Соттардың функциясын іс жүзіне асыруда, преторлар формулалар құрып әрекеттегі заңдардағы ақтаңдақтардың орнын толтырады. Эдиктер мен форму-лалардағы ережелер, әдеттегідей, ағымдағы құқықтық тәжірибемен қабылданады, преторлық эдиктің біреуінен екіншісіне өтеді. Ал преторлық шағым формулалары құқықтың кейінгі барлық істерді осы категория бойынша шешудің үлгісіне айналды.

Қазіргі кезде прецедент негізінен англосаксондық құқық жүйесіндегі елдерге тән, себебі олар, соттардың әрекетіне негізделіп, соттарды құқықтың туғызушысы ретінде мойындайды.

Құқықтық прецеденттер арнайы жинақтарда топтасты-рылады. Басқа құқықтық жүйесі бар елдерде сот билігінің рөлі, тек құқық нормаларын талқылау есебіне кіреді.

Нормативтік шарт - бұл екі немесе одан да көп жақтардың жасасқан шешімі. Мұның өзі жалпыға бірдей міндетті болады және мемлекет күшімен кепілдендіріледі.

Нормативтік шарттар бірте-бірте конституциялық, еңбек, азаматтық, халықаралық және құқықтың басқа да салаларында кеңінен таралып қолданыла бастады. Олар мемлекет ішінде қолданылатын және халықаралық, құрылтайлық және әдеттегі, типтік және ағымдық деген түрлерде болады.

Ең жиі таралған түрі кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымының өкілі болып табылатын кәсіподақтың арасында жасалған ұжымдық шартты мысалға келтіруге болады. Бұл шарт еңбек қатынастарын реттеуде маңызды рөл атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстан Республикасындағы заңдардың түрлері

 

Құқықтың қандай құбылыс екенін жалпы түрде анықтадық. Ежелден құқықпен қатар заң деген ұғым да қалыптаскан. Екеуі дербес екі әлеуметтік құбылыс болғанымен, бірімен-бірі тонның ішкі бауындай өте тығыз байланысты. Жоғарыда айтылғандай, құқық нормалардан, ережелерден, қағидалардан тұрады.

Ал құқықтық нормалар ресми түрде қабылданады. Дәлірек айтсақ, құқықтық нормалар нормативті актілерде жазылады. Нормативтік актілердің түрлері сан алуан. Мұны Қазақстан Республикасының Конституциясынан да анық көруге болады. Конституцияның өзі де жүйелендірілген мемлекеттің негізгі заңы. Казақстан Парламенті заңдар кабылдайды.

Олар – конституциялық және жай заңдар. Президент жарлықтар қабылдайды. Жарлықтар – заң күші бар және жай жарлықтар түрінде болады. Қазакстан Үкіметі қаулылар, шешімдер, ережелер, қабылдайды. Министрліктер мен мемлекеттік комитеттер бұйрықтар, нұсқаулар, т.б. нормативтік актілер қабылдайды. Жергілікті мемлекет органдары да шешімдерін, қаулыларын кабылдайды.

Осы аталған нормативтік-құқықтық актілердің ішіндегі ең негізгілері – заңдар. Айта кету керек, әдебиетте заң "кең" тұрғыдан және "тар" тұрғыдан түсіндіріледі. Кең тұрғыдан алсақ, заңға нормативті актілердің барлық түрлері: нағыз заңдар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер, бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, жарғылар, т.б. жатады.

Ал "тар" тұрғыдан қарайтын болсақ, заңға тек кана "заң" деп аталатын нормативті-құқықтық актілер ғана жатады. Заң, өз мәнінде алатын болсақ, нормативті-құқықтық актілердің арасында ерекше орны бар, ерекше қызмет атқаратын акт болып есептеледі.

Былайша айтсақ, "заң" - төрағасы сияқты, басқа нормативті-құкықтық актілердің төрінен орын алатын акт. Оның себебі неде? Біріншіден, заңды мемлекеттің ең жоғары заң шығаратын органы - Парламент шығарады. Екіншіден, заң қоғамдағы ең күрделі қатынастарды реттеуге бағытталады. Заң реттейтін қоғамдық қатынастардың бүкіл қоғам мүдделеріне қатысы бар. Үшіншіден, заңның ең жоғары құқықтық күші бар.

Зандар өз ішінде түріне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді: Конституция, конституциялық заң, жай заң. Мұның ішінде ең жоғары құқықтық күші бары - Конституция.

 Мемлекеттегі барлық нормативтік  актілер Конституция негізінде, соған сәйкес жасалып, қабылдануы  керек. Қазақстан Конституциясы  бойынша конституциялық заң Конституциядан  құкықтық күші жағынан төмен тұрады. Сондықтан конституциялық заң деп аталса да, Конституцияға өзгерістер, косымшалар енгізе алмайды. Конституциялык заң Конституцияға сәйкес жасалып, қабылданады. Құқықтық күшіне қарай конституциялық заңнан кейін жай заң тұрады.

Өзара құқықтық күші әр дәрежеде болса да, аталған заңдар ең маңызды нормативтік актілер болып саналады. Басқа нормативтік актілер заңдарға тәуелді актілер қатарына жатады.

Нормативтік-құқықтық актілердің құрамында заңдардың ерекше орны болуы, айрыкша кызмет аткаруы заң мен құқықтың арақатысын анықтауға мүмкіндік береді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы заңдардың түрлері