Мемлекеттік бағалы қағаздар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 06:23, реферат

Краткое описание

Мемлекеттік бағалы қағаздар (ары қарай МБҚ) – мемлекет шығарған ұзақ мерзімді бағалы қағаздар. ҚР қаржы министрлігі немесе ҚР Ұлттық банкі эмитенті болып табылады.
МБҚ шығару формасы – құжатсыз формада.
МБҚ әртүрлі әдістермен орналасуы мүмкін (акциондарда, саудада, ашық саудада және жабық таратылуда және т.б.)
МБҚ сатып алушылары кез келген жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ резиденттер еместер де болуы мүмкін.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бағалы кағаз.doc

— 48.00 Кб (Скачать документ)

                     Мемлекеттік бағалы қағаздар

Мемлекеттік бағалы қағаздар (ары қарай МБҚ) – мемлекет шығарған ұзақ мерзімді бағалы қағаздар. ҚР қаржы министрлігі немесе ҚР Ұлттық банкі эмитенті болып табылады.

МБҚ шығару формасы  – құжатсыз формада.

МБҚ әртүрлі әдістермен орналасуы мүмкін (акциондарда, саудада, ашық саудада және жабық таратылуда және т.б.)

МБҚ сатып алушылары  кез келген жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ резиденттер еместер де болуы мүмкін.

МБҚ шығару мақсаты

  1. Республикалық бюджет дефицитін инфляциясыз негізде қаржыландыру (қолданысқа  қосымша ақша шығармай-ақ).
  2. Мемлекеттік бағдарлама мақсатында қаржыландыру (тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік қамсыздандыру және т.б).
  3. Экономикалық белсенділікті реттеу (қолданыстағы ақшаны, бағаға және инфляцияға әсер етуін, экономикалық өсімді, инвестцияның бағытын және т.б.)
  4. Бағалы қағаздар нарығының барлық қатысушыларына қаржының сенімді және жоғары ликвидті жинақталуы ұсынылады. (МБҚ бойынша кіріс инфляция деңгейінен артады).

Қазақстан Республикасындағы МБҚ-ның негізгі түрлері: 

  • Қысқа мерзімді ГККО (МЕККАМ) 
    ҚР Қаржы министрлігі шығаратын 3, 6 және 12 айға ұсынатын қысқа мерзімді қазыналық міндеттер. 
    Міндеттеменің номиналды бағасы – 100 теңге 
    Міндеттеме құжатсыз формада шығарылады және ҚР Орталық депозиттарийінде  есептеледі. 
    Міндеттеме дисконттық бағада, яғни ҚР Қаржы министрлігінің тапсырмасымен ҚР Ұлттық банкі өткізетін аукциондар арқылы  төмен бағада орналастырылады. Аукционға қатысуға Алғашқы дилерлер ғана, яғни Қаржы министрлігінде тендерден өткен және келісімге отырған банктер мен компаниялардың ғана құқығы бар. Алғашқы дилерлер болып саналмайтын барлық инвесторлар Алғашқы дилерлермен қызмет көрсету келісім-шартына отыру арқылы ғана операция жасай алады. Алғашқы дилерлер субдепозитарийлердің функциясын атқарады. Аукционды өткізу мерзімі мен эмиссия көлемі аукцион шарттарында хабарланады.
  • Орта мерзімді ГСКО (МЕОКАМ), 
  • Қысқа мерзімді ГВКО (МЕКАВМ) 
    ҚР Қаржы министрлігі шығаратын 3, 6, 9 және 12 айға ұсынатын қысқа мерзімді қазыналық валюталық міндеттер. 
    Міндеттеменің номиналды бағасы – 100 АҚШ доллары.  
     Міндеттеу құжатсыз формада шығарылады және ҚР Орталық депозитарийінде  есептеледі. 
    МЕКАВМ орналастыру және қолдану шарттары МЕККАМ-дың орналастыру және қолдану шарттарына сәйкес.  
    Инвестор төлем жасалған күнгі Ұлттық банктің курс бағамына сәйкес төлейді.  
    Эмитент төлем жасалған күнгі Ұлттық банктiң курс бағамына сәйкес төлейді. .
  • Идекстелген ГКО (МЕЙКАМ) 
    Индекстелген қазыналық міндеттемелер қазына иесіне оның өтем барысында оған номиналды құнын алуға және номиналды құнына пайызбен сыйақы алуға мүмкіндік береді. Инвесторлармен қазыналық индекстелген қазыналық міндеттемелерге құйылған ақшаның индексациясы индекстелген қазыналық міндеттемелерді ұсынудың үш айлық кезеңі аяқталған уақытта инфляция қарқыны белгіленген  ағымдағы мөлшерлеме бойынша сыйақы төлеу жолымен жүргізіледі. Индекстелген қазыналық міндеттеменің номиналды құны – 1000 теңге. 
    Индекстелген қазыналық міндеттемелер оның ұстаушылары арасында номиналды құнымен орналастырылады. Индекстелген қазыналық міндеттемелердің алғашқы шығарылымы бойынша аукционда белгіленген эмиссиясына сәйкес  кірістің шектеулі мөлшерін, индекстелген қазыналық міндеттемелерге құйылған инвесторлардың ақшасының инфляциясының шығын компенсациясын  қосатын сыйақы мөлшерлемесімен белгіленеді. Кірістің шектеулі мөлшерлемесі сатып алушылардың ұсынысы бойынша аукциондық негізде олардың кірісінің ең төменгі мөлшерлемесінен бастап белгіленген эмиссияға қол жеткізуге дейінгі өтініштерінің қабылдануы арқылы белгіленеді. Қабылданған өтініштердің қанағаттандырылуы аукционға қатысушылардың қанағаттандырылған өтініштерінің ең жоғары дәрежесіне сәйкес ортақ шектеулі кіріс мөлшерімен жүзеге асырылады. Қазыналық  міндеттемелердің орналасуы бойынша аукцион сәйкес эмиссия шарттары хабарланған сәтте басқа күн қарастырылмаса әдетте айына бір рет соңғы жұмыс күнінен бір күн бұрын жүргізіледі.
  • ҚР Ұлттық банкінің ноталары 
    ҚР Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталары 7 күннен 91 күнге дейінгі ұсынысымен ҚР Ұлттық Банкімен белігеленеді. ҚР ҰБ қысқа мерзімді ноталардың орналасуы мен ұсынылу тізбегі МЕККАмдардың орналасуы мен ұсынылуы шарттарымен бірдей. Аукционнның өткізілу мерзімі және эмиссиялардың көлемі ҚР-ның Ұлттық Банкісімен реттеледі және аукцион шарттарында хабарланады.
  • Ұлттық  жинақ облигациялары (ҰЖО) 
    Ұлттық жинақ облигациялары – 1 жылдық мерзіммен МЕККАМдардың 3 жылдық ұсыну мерзімінің кірісіне байланысты тоқсан сайынғы купондық мөлшерлеменің өзгерілуімен  ҚР қаржы министрлігімен белгіленеді. Облигацияның номиналды құны -1000 теңге. Облигациялар құжатсыз формада  шығарылады. ҰЖО Меккамға және НОТқа қарағанда номиналды бағамда тоқсанына бір рет енгізіліп, купонмен төленеді. Барлық иневесторлар облигацияларды сатып алуға өтініш ұсыну арқылы Қаржы агенттіктері арқылы қол жеткізеді. Қаржы агенттіктері (ҰЖО-ны тарату бойынша эмитентпен басты келісім-шартқа қол қойған алғашқы дилерлер) субдепозитариялардың қызметін орындайды. Эмиссия көлемі және жазылу мерзімі ҚР Қаржы министрлігімен реттеледі және жазылу шарттарында хабарланады. Қазіргі таңда ҰЖО-ға жазылу тоқсанына бір рет өткізіледі. 

МБҚ –ның өзге де қаржы құралдарынан ерекшелігі

МБҚ эмиссиясы  және МБҚ-дың кірісі салықпен белгіленбейді. Сенімділіктің жоғары деңгейі және капитал және оның кірісін жоғалтудың төменгі қаупі. 

Қазкоммерцбанк  бағалы қағаздар нарығында алғашқы  дилер бола отырып, бағалы қағаздар операциясы бойынша қызметтің барлық түрін көрсетеді:

  • МБҚ аукциондарды екінші деңгейлі нарықта сатып алу;
  • МБҚ екінші деңгейлі нарықта сату;
  • МБҚ-ны өтеу мен сатудан түскен ақшаны жаңа МБҚ реинвестициялау;
  • Бағалы қағаздар мен ақшаны сақтау бойынша кастодиалды қызмет;
  • Кеңес, нұсқау, қоржынды сенімді басқару.

«Қазкоммерцбанк»  АҚ-да бағалы қағаздар нарығында операция жүргізудің шарттары

  1. «Қазкоммерцбанк» АҚ-та депо-шотын ашу үшін инвестор брокерлік қызмет үшін банкпен келісім-шартқа отырады және нотариалды бекітілген қолтаңба үлгілері мен мөр таңбасы белгіленген карточканы ұсынады. ҚР резиденттері еместер инвесторды ҚР заңнамасына және халықаралық құжаттар заңнамасына сәйкес идентификациялауға мүмкіндік беретін дәл осындай жұмыс істеуге құқық беретін мағлұматтар мен құжаттар тізбегін ұсынады.
  2. Қазкоммерцбанктің, басқа да банктің клиенттері инвестор бола алады.
  3. Бағалы қағаздармен операция өткізгені үшін банкке ұсынылатын комиссиялық сыйақы көлемі инвестор портфелінің көлеміне байланысты. 

МБҚ нарығы –  бұл еркін ақшаны салудың сенімді және ликвидті әдісі, қауіпсіз қосымша кіріс көзі. «Қазкоммерцбанк» АҚ сізді екі жаққа пайдалы шарттар негізінде әріптестік құруға шақырады.


Информация о работе Мемлекеттік бағалы қағаздар