Векторлық, растрлық графика,программалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 18:43, реферат

Краткое описание

Ақпараттың әртүрлі көлемін адам көру мүшелері арқылы жақсы анықтап-зерттейді.Былай қарағанда адамға кішкентай кезінде-ақ суреті бар кітаптар ұнаған.Ақпараттың үлкен көлемін басқадай зерттеу мүмкін емес.Мысалы мемлекет бюджеті туралы үлкен таблицаны алайық.Оны оқығанша диаграммасын қарай салған жөн деп санаймын,осы диаграмма арқылы ол адам есінде қалуы мүмкін.Сондықтан кез-келген мамандар арасында графикалық мәліметтер қолдану көлемі ұлғаюда.Бұл ізденіс жұмыста компьютердің графикалық құрылысы туралы қысқаша мәліметтер беріледі. Өйткені қазіргі уақытта графикалық құрастыру өте қарқынды дамуда.Және қазіргі кезде программалық құралдар нарығы графикалық суреттер арқылы жұмыста автоматизациялауды қолданып белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Содержание

Векторлық, растрлық графика,программалары. 1.1 Векторлық және растрлық графика 1.2 Программалары. ІІ. Corel Draw және басқалары 2.1 Corel Draw 2.2 Corel Draw
ІІІ. Векторлық графиканы қолдану,векторлық графика файл форматтары.
3.1.Векторлық графиканы қолдану 3.2 Компьютерлік файл форматтары
Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

вектор.docx

— 44.20 Кб (Скачать документ)

2.2 Corel Draw 10

Corel Draw-дің соңғы бөлімдерінің ерекшелігі деп олардың жоғарғы интерактивтілігін айтуға болады. Интерфейсі болса жағдайға қарасты өзгеріп отырады ,сондықтан кез-келген операция істеу кезінде минимальді түрде қозғалыстар жасалынады.Осы редактордың әр жаңа бөлімдері өзіне векторлық графикамен жұмыс жасау үшін әртүрлі құралдар және материалдарды қосып отырады.Сонымен бірге оның интерфейсі де жақсартылған болып отырады.Барлық командаларды меню ішінде орналастырып немесе батырмалар панеліне еңгізіп қайта алып тастауға болады.Жәй фигуралардан басқа бұл пакеттің жаңа бөлімінде автофигуралар жасап шығаруға болады.Иллюстрацияға еңгізілген растрлық объектлермен пышақ және өшіргіштің жұмыс жасауына мүмкіндік беріледі.Көпсанды тілдер қолданылады,мәтінді форматтау мүмкіндігі де бар.Түспен жұмыс барысындағы қолданушы интерфейсі түбегейлі өзгерді.Енді алуан түсті суреттермен жұмыс одан әрі жеңіл болады,және де одан әрі сапалы суреттер алуға болады.Интернет үшін сурет салу мүмкіндіктері де жақсартылған. 
Векторлықорлық форматтағы кез-келген сурет көптеген құрамдас бөлшектерден тұрады,олар бір-бірінен тәуелсіз түрде редактрленеді.Осы суреттің басты бөлшектері объект деп аталады.Объект туралы түсінік Corel Draw-да негізгі түсінік болып табылдаы.Объектіге мысал ретінде:тік бұрыш, дөңгелек, түзу,қисық сызық,көпбұрыш және т.б. 
Кез-келген объект түзу немесе қисық сызытқармен қосылған(сегменттер)нүктелердің бірнеше санынан тұруы мүмкін. 

Осы пакеттің жұмысының көп бөлігі объектлермен жүргізіледі.Сондықтан үстінде атлған объектлер көп кездеседі.Осы объектледің құрамдарын өзгерту арқылы векторлық графикада керек суретті салуға ықпал етеді. Corel Draw-дің басты бір элементі ретінде кез-келген контур салуға көмектесетін қисықтар болып табылады.Бұл қисықтар Бизье қисығы деп аталады.Атақты математик Пьер Безье екі векторлар арқылы қисық сызуды салуға болатынын дәлелдеген.Оның осы тұжырымдамасы осы пакетте қисық салу негізіне жатьқызылады.Қисықтық мөлшері қисықтылығының манипуляторының ұзындығы арқылы анықталады. Осылайша манипуляторлар Безье қичығының түрінің негізі болып табылады.Егер де қисықтық манипуляторы сегменттің екі жағында 0-ге тең болса онда ол түзу боладжы.Ал егре оны ұзартса онда түзу сегмент қисыққа айналады.

Безье қисығының көп мөлшерінен кез-келген бір қисық салуға болады.Corel Draw 10-бөлімінде растрлық суреттерді қолдануға болады.Және де растрлық сурет жеке бір объект ретінде қарастырылады,сондықтан оны басқа объектлерге қарамай редактрлеуге болады. Corel Draw 10-бөлімі векторлық графикаға арналса да ондағы растрлық суреттер салуға арналған құралдары кейбір растрлық редакторлардан кем түспейді.

Иллюстрациямен жұмыс объектлерді құрудан,оны редактрлеуден және де орналасуынан негізін аладыЕң басында объектінің болжамы өлшемдерін салу керек, одан соң кескіні біріктіру арқылы анықталып,оны өшіру немесе толықтыру арқылы қалыптасады.Керек затты салғаннан соң оған түс беріледі және бояу объектісі таңдалынады.Редакторда стандартты фигуралар(тікбұрыштар,эллипстар,көпбұрыштар,автофигуралар,спиралдар,торлар.) мен қисық және түзу сызықтар салуға болады.Стандартты фигуралар арасында күрделі суреттер де кездеседі.Форматтаудың көп мүмкіндіктерінің болуы редактордың өзінде суреттермен безендірілген шағын мәтіндік құжаттар шығаруға мүмкіндік береді.Керемет эффектлерді пайдалану қарапайым объектлерден көркем сурет салуға жол ашады.Редакторда салынған әр сурет бір немесе бірнеше объектлерден тұрады,олар бір-бірін жауып тұра алады.Объектлер ретінде басқа редакторларда жасап шығарылған растрлық суреттерді пайдалануға болады. 
Corel Draw 10-дакторының негізгі қасиеттеріне тоқтала кетсек: 
• Қарапайым геометриялық фигуралар мен қисықтардың салу мүмкіндігі. 
• Кез-келген объектлерді редактрлеу.түсін өзгерту,формасын өзгерту және т.б. 
• Құжатта иллюстрация салу,дайын суреттерді қою. 
• Әртүрлі суреттік эффектлерді пайдалану. 
• Объектлердің барлығын керек жерде орналастыру,олардың ашылу ретігін анықтау.

Ескерту:Құрал-саймандар панелінде барлық батырмалар көрінуі үшін,жасалынып жатқан сурет жақсы көрінуі үшін,және экранда қосымша басқару элементтеріне орын жетуі үшін экран өлшемін 1024 нүктеден асатындай етіп орнатқан жөн. 
2002 жылдың тамызында Сorel Draw редакторының 11-ші бөлімі шығарылды,ол қазіргі заман техникасына сай болып келеді.Ол қазіргі әлемдегі векторлық графикадан алда келе жатқан Adobe Illustrator-дан кем түспейді,кей жақтарынан одан асып түседі де.Бұл программада жұмыс істеген мамандар бұл редакторды өзінің негізгі құралы ретінде қарастырады.Қазір бұл редактор өзіне көптеген адамдар көзқарасын тартуда.Ол өзімен 12-жылдық эволюция нәтижесін көрсетеді, оны дизайнда, жарнамада, публикациялауда, және де интернетте кеңінен қолданады.Оның интерфейсі одан әрі жетілдірілген,және егер де қолданушыға көптеген құралдар туралы ақпаррат керек емес болса ол оны пайдалнбай-ақ та жұмыс жасай алады.Редакторды нұсқаумен танып-білу негізінен қиынға соғады.

ІІІ. Векторлық графиканы  қолдану,графикалық файл форматтары.

3.1 Векторлық графика қолданылуы

CAD/CAM жүйелерін инженерлік  конструкторлыққ істің, микросхемлар  сызбаларын құрастыруда және  де тікұшақтар салудың өзінде  қолданады.Қазіргі кезде дамыған  инженерлік компаниялар Boeing сияқтылары  осы қарапайым графиканы да  өз тікұшақтарын цифрлік түрде  көру үшін қолданады. CAD/CAM жүйелерін  архитектурада да кеңінен пайдаланылады.McDonald’s  сипяқты компаниялар 1987 жылдан  бастап архитектуралық дизайн  үшін,отыратын жерлерді реттеу  үшін,бөлмелердің орналасуын жоспарлауға  машина графикасын пайдалнды.Векторлық  графиканы стадиондар салуға  немесе спорт жабдықтарын дизайнын  көрсетуге пайдаланған кездер  де болды.Мысал ретінде Балтимордағы  жаңа паркті келтіруге болады.(Baltimore Oriole’s Camden Yards Park). 
Медицина да компьютерлік графиканың қолданыс аймағы болып отыр,мысалы: инплантантарды автоматты түрде жоспарлау,анатомиялық векторлық модельдер,және де медициналық зерттеулермен хирургиялық тәжірбиеде қолданылады. 
«Классикалық» векторлық графика қазіргі кездің өзінде кәсіпкерліктің әртүрлі бөлімдерінде олданысқа ие болып отыр.Графика бизнес ортасында кеңінен жайылып келе жатыр-бүгінгі таңда графикалық элементсіз бірде-бір құжат жоқ.Әрине анимациялық графика әлемде көңіл көтеру ортасында кеңінен таралған.Стивен Спилбергтің фильмдері графикада фотореализмнің жаңа стандартын орнатты.Голлливуд графикалық суреттерді өзіне эффектттер ретінде кеңінен қолданып отыр.1994 жылдың ішінде ғана графикаға негізделген бірнеше фильмдер шығарылды:»The Lion King»,»The Mask»,»True Liness»,»Forest Gump» және т.б. 
Видеойынортасында да графика,әрине, кең қолданысқа ие.Виртуальді галерея мен көңіл көтеру парктерінің саны қарқынды түрде өсуде.Былай қарағанда бір дамыған елді алсақ онда осы ойын арқылы жылына 144 млрд. Доллар табыс түскен,және де осы пайданың өсуіне күмән жоқ.Қазіргі кезде интернет парақтарын безендіру үшін графика кеңінен қолданылады.Бірақ бұл жолда кейбір мәселелер қарастырылуы керек,яғни Web-ке арналған графикалық технологиялар басқа технологиялардан артта қалып отыр,соның салдарынан бұндағы мүмкіндіктер шектеулі болып отыр.

Шыныменде GIF және JPEG сияқты әлемге белгілі форматтар қазіргі  уақытта ескерген .Әрине оларды нашар  деп айтуға болмайды,бұған дәлел  ретінде оның шыққан мерзімін келтіруге  болады (мысалы GIF89 форматы 1989 жылдан бастап қолданыста ).Бірақ та бұл форматтар  қазіргі заманға сай емес деп  те айту дұрыс емес.GIF форматы 256-биттік түсті қабылдайды,ал JPEG форматын үлкен  көлемде қысатын болсақ онда оның сапасы төмендейді.1995 жылы GIF форматын шығарған Unisys компаниясы бұл форматтың  қолданысын тоқтата жаздаған кездер де болған.Бұл кезде Interernet-тің тәуелсіз жұмысшылары басқа бір формат шығаруға қадам жасады,олардың ойы  юойынша бұл файл бәрінен артық  болып шығуы керек болды.Соның  нәтижесінде PNG (Portable Network Graphics)атты жаңа формат жасап шығарылды.Ол 1996 жылы W3C консорциумы бойынша таратылуна жолын ашты.Бұл формат 48-биттік түрлі  түсті және 16-биттік бір түсті  суреттерді жүктей алады,ол сонымен  бірге тез жүктеледі.Оның көптеген қосымша мүмкіндіктері бар,мысалы альфа-арналар олар әр пиксельдің мөлдірлік  деңгейін қойып,гамма-коррекция жүргізеді.Бірақ  та осыған қарамастан ол алдыңғы екі  форматты ауыстыра алмады,оған кінәлі браузерлердің броузерлер жасап  шығарушылардың қолдауының болмауы  болды.Бірақ та қазіргі уақытта  көптеген броузерлер бұл форматты таратып  жатыр,және де ол болашақта кең таралады деген үміт бар.Келесі белгілі болып  келетін формат FlsashPix форматы.Оның ең негңізгі тиімділігі файлды күрделі  деңгейде өндеуі.Векторлық графика  формаларды толтырып,түзулерді салуға негізделген.

3.2 Компьютерлік графика  файлдарының форматтары

Жоғарыда айтылғандай  графика екіге бөлінеді:растрлық және векторлық. 
Векторлық графикалық объектлердің математикалық түрде құрастырылуын көрсетеді.Қарапайым сөзбен айтсақ- компьютер түзу сызықты салуы үшін екі нүкте координаттары керек және оларды қосу қажет.Осыған қарап векторлық графиканы геометриялық примитивтер жиыны деп те айтуға болады.Ратрлық формат болса жеңілдеу құрастырылған.Ол тікбұрышты матрица сияқты,ол матрица кішкентай бөліктер- пиксельдерге бөлшектелген.Пиксель көп болса оның көлемі де үлкен болады.Бұл барлық растрлық форматтарға сай келеді.Ал олар өз арасында түсі,архивациялану тәсілі бойынша,қосымша ақпарат арқыл және т.б. бөлімдер арқылы айырылады.Ал енді форматтарға толық тоқтала кетейік. 
ВМР(Windows Device Independent Bitmap) бұл формат Windows-тың негізгі форматы болып есептелінеді,ол өз қарамағындағы барлық графикалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Windows- арналған растрлық суреттерді сақтау үшін қолданылады,одан әрі ол ешнәрсеге жарамайды.Индекстік және RGB-түстерін сақтай алады. 
WMF (Windows MetaFile) Windows-тың тағы бір «туған» форматы.Векторларды айырбас буфері арқылы тасымалдау үшін қлданылады.Векторлық графикамен байланысы бар Windows-тың барлық программасына түсінікті болып келеді. 
PICT (Macintosh QuickDraw Picture Format) Macintosh айырбас буферіне арналған стандрт.Векторлы да растрлы да ақпаратты қбылдай алады.Мас’е-да барлық програаммалармен қабылданады. РС-да ріс. немесе РІСТ сияқты өлшемдері бап.Бірақ онымен жұмыс қиын да кұрделі болады. 
TIFF (Tagged Image File Format) кең таралған сенімді тәуелсіз форматтардың бірі,графикамен байланысы бар программалардың бәрі оны қолдайды.Растрлық графиканы векторлық программаларға импорттаған кезде осы форматты тандағна жөн.Оған түстің барлық қасиеттері еңгізілген,монотондыдан бастап алуан түстерге дейін.Әртүрлі программмалық көмекшілер типін сақтай алады,және оған қоса көптеген басқа да қасиеттерге ие.Ол жадынамаларына байланысты болып келеді. 
Scitex CT (PC set өлшемі) Өзінің атындағы фирмамен шығарылған ТІҒҒ-тан айырмашылығы аз,тек кей аппараттарда бұл файлдар тез шығарылады. 
PS (Adobe PostScript) Windows парақтадың бейнелеу тілі болып табылады. 
Бұндай файлдар өзінде құжат сақтай алады.Бұл формат негізінен сол іске арналған болып келеді.

EPS (Encapsulate PostScript) Eps-postscript-нің  қарапайым жеңілдетілген түрі.Бір  файлда бір парақтан артық  өлшем сақтай алмайды,принтер  үшін бірнеше орнатуларды сақтамайды.Оны  кейбір программалар жұмыс файлы  ретінде пайдаланады.Оны вектор  мен растрды баспа жүйелеріне  жіберу үшін қолданады,графикамен  жұмыс істейтін көптеген программалар  оны шыңарып отырады.Басып шығару  үшін қажетті түстердің бәрімен  қамьтамасыз етілген.Ол Macintosh-та  қолданыса болғанда эскиздерді  сақтаған жөн.Олар максимальді  сапалы және минимальді өлшемді  болады,веторда да, растрда да,бірақ  ол жеңіл болуы үшін растрлық  форматта ол шектеулі түс палитрасымен  болады.Ең басында ол векторлық  формат ретінде шығарылған еді,соңынан  оның растрлық түрі де жарыққа  шықты. 
JPEG.EPS-ФАЙЛДАРЫ Бұл осы уақытта ЕРS-файлдарын редактрлеу үшін аша алатын жалғыз программа болып келеді. 
PDF (Portable Document Format) Платформадан тәуелсіз болып келетін Adobe фирмасымен ұсынылған формат.Оның ішінде растрлық , векторлық иллюстрациялар және мәтіндер сақталына алады.Жетістіктерге жетуі үшін оның көлемң кіші болуы керек.Бұл үшін компрессия қолданылады,әр файлда өз тәсілдері бар.Бұл форматпен жұмыс жасау үшін арнайы Acrobat пакеті жасап шығарылды. 
PSD(Adobe Photoshop Document) әйгілі растрлық редактор Photoshop-тың жасап шығарылған форматы болып табылады.Осыған байланысты көпқабатты суреттер салуға,қосымша каналдар болуына мүмкіндік береді. 
AI (Adobe Illustration Document) бұл программаны американдықтар мен орыстар жақсы көреді.Бір файлда бір парақты ғана сыйдыра алады.Жұмыс алаңы өлшемі 3*3 болып келеді.Аз болса да жағымды жақтары бар:қалыпты жағдайларда тұрақтала алады,графикамен тығыз байланысты программаларды қамтиды.Векторларды бір секторлан екіншісіне жібергенде осы форматты қолданған жөн. 
FH8 (Freehand Document) Соңғы сан оның бөлімін көрсетеді.Форматты тек қана FreeHand қана қабылдай алады.Басқа ерешелітермен айқындалмайды. 
CDR (CorelDraw Document) бұл формат тұрақсыз және файлдардың сыйымдылығын реттелуін қамтамасыз етпейді.Оған қарамастан ол қолдануда ыңғайлы болып табылады.Және де ол РС платформасында көш бастаушылардың бірі болып табылады.

Графикалық объектлерді  құрастырудың негізгі принциптері.

Бұл принцип суреттің бастапқы қалпын векторлық кескін құрайтынына  негізделген.Бұл 2D және 3D суреттерімен пара-пар болып келдеі.Яғни баспаға  шығару кезінде көлеміне көп мән  берілмейді деген сөз.Растрлық сурет бұнымен мақтана алмайды.Растрдан векторға трассировка жасайтын құралдар болса да олар адм фотосуретін векторлыққа өткізе алмайды.Кез-келген жағдайда векторлық сурет растрлық сурет сияқты кескінді анық түрде саплаы қып көрсете алмайды.Векторлық форматта жаңа заманға сай течнологиялар орнатқанның өзінде де оның көлемін ауыстырсақ сурет анық болып көрсетілмейді.Ал керісінше вектордан растрға тасымалдау кезде векторлық сурет саплы күйінде болып көрсетіледі.Яғни векторлық сурет примитивті геометриялық денелерден құралған.Ал 3D форматы болса осыған кіретін үшбұрыш ретінде қарастырылуы мүмкін.Үшөлшемді гпһрафика қазіргі таңда өте кеңтаралған.Үшөлшемді векторлар арқасында күрделі көрсетілімдер құрастырылады.Қандай да дарынды болсаңыз да растрлық графика арқылы үшөлшемді сурет салу мүмкін емес.Ол үшін әртүрлі компьютерлік технологиялар әртүлі программаларға арналғандығын түсіне білу керек.Ал оларды дұрыс түрде орнатуға болады және орнату керек.

Қорытынды

Компьютерлік графика  негізі ретінде веторлық және растрлық графиканы 
қарастыруға болады.Олардың екеуінің ұқсастығы да айырмашылығы да бар.Екеуінің де кемшіліктері мен артықшылықтары бар.Біздің ғасырда компьютерлік графика қоғамда өзін көрсете білді.Оны көптеген ортада қолдануға болады.Әр салада оның адамға пайдасы тиіп отыр.Осы графика арқасында біз қазір теледидар экраны алдында өзіміздің жақсы көретін фильмдерімізді тамашалай аламыз.Бұл сала бізді бір орында тұрғызбай алға итермелейді,жаңадан тағы бір программалар ойлап шығаруға көмектеседі.Адамның іскерлігіне анализ жүргізгеннің өзінде көру мүшелерін ең тиімді пайдаланатын жағдай ол графикалық суреттерді қарау,және оларды шығару. 
Адамның графикалық суреттерді дыбыстан гөрі жақсы қабылдайды деуге болады,сонда графикалық ақпараттар адам сезіміне басқаларына қарағанда тез жіберіледі.Бұның себебі адамның психологиялық қасиеттерінде жатыр.Адам суреттерді қарастырғанда оны басқа нәрсемен салытырып ойына керек ақпараттар тез оралады.Және де графикадан пайда болатын адамның сезімдері басқа себепкерлерге қарағанда көп болады. 
Графикалық программалар, редактолрар, пакеттер компьютерлік технолгоияның онымен қатар экономиканың дамуына жағымды әсер етеді.Сондықтан бұл программалардың өмірдегі маңыздылығы бар деп есептеймін. 
Қазіргі таңда Corel Draw редакторының 12-ші бөлімі шыққан. 
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 
1. Ким.Ю “Графический редактор Corel Draw”-2005 г. 
2. А.Зиновьев «Введение ввекторную графику»-2003г. 
3. Ф.Клобурн «Эффективная работа с Corel Draw 10»


Информация о работе Векторлық, растрлық графика,программалары