Paint графикалық редакторын іске қосу

Курсовая работа, 05 Февраля 2014, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


Paint графикалық редакторы қарапайым графикалық кескіндерді құру және оларды басқа программаларға негізделген. Мәтіндік құжаттарға енгізу үшін диаграммалар, графиктер, негізінен схемалар сияқты қарапайым иллюстра-циялар қолданылады. Сондай-ақ, бұл программаны сурет салуды үйрену мақсатында да қолдану мүмкіндіктері бар.

Содержание


Кіріспе …………………………………………………………….........
1. Paint графикалық редакторын іске қосу..........................................
1.1 Алғашқы мағлұматтар ..............................................................
1.2 Программа терезесі .....................................................................
2. Меню қатарының командалары........................................................
3. Саймандар тақтасының аспаптары ................................................
3.1 Геометриялық фигуралар .........................................................
3.2 Сызықтар мен доғалдар ............................................................
4. Мәтін енгізу ..........................................................................................
5. Аймақтардың ішін бояу (Заливка) ................................................
6. Қолданылатын аспаптар....................................................................
7. Фрагменттермен жұмыс істеу .........................................................
8. Микроскоп режимі ..............................................................................
9. Салыған суретпен жұмыс істеу.......................................................
10 Бейнелерді дискіге жазу және оқу ................................................
11. Суреттерді баспаға шығару . ...........................................................
12. Графикалық редакторда дайындалған суретті Жұмыс үстелінің фондық суреті ретінде қолдану ..................................
Қорытынды ..........................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс.doc

— 403.00 Кб (Скачать документ)

Аспаптар  тақтасын  фрагменттерді   ерекшелеуге    арналған  Тіктөртбұрышты және  Фигуралы  қайшылар  бар.

Тіктөртбұрышты  қайшы  арқылы   фрагментті  ерекшелеу   экранда    тіктөртбұрыш  салу  әдісін  еске  түсіреді.  Ал,  фигуралы  қайшы   көмегімен    ерекшелеу  Қылқаламмен жұмыс істеу   сияқты  орындалады  (ерекшеленетін    аумақты қисық тұйық сызықпен  қоршап  шығу).

Ерекшеленген  фрагмент  экранда   пунктирлі    сызықпен   қоршалып   тұрады.   Ол  фрагментті  басқа    орынға  ауыстыру   үшін:

  • курсорды   ерекшеленген  фрагменттің  кез  келген  ішкі  нүктесіне  апарып,   тышқан  батырмасын  басыңыз;
  • батырманы   басулы   күйінде  ұстап  тұрып,   фрагментті  басқа   орынға  ауыстырыңыз;
  • батырманы  босатыңыз.

Фрагменттің  алдыңғы   тұрған   жері  жойылып,   фондық  түске  боялады.

Жаңа  орында  фрагменттің  тек  көшірмесін  алу  үшін   (мұнда  фрагмент  бұрынғы   орында  да  қалатынын  ескерте  кетейік)  жоғарыда   көрсетілген  іс-әрекеттер   сол  күйінде   орындалып,   тек    «тышқан»   батырмасы  басылған  сәтте   онымен  бірге   Ctrl  пернесі    де   басылуы тиіс.   Windows  жүйесінің    басқа программаларында  да  көшірме   алу   осылай   орындалатыны   естеріңізде болар.

Егер  фрагментті  ауыстыру    кезінде   тышқан   батырмасымен    бірге  Shift пернесі   қатар   басылатын болса,   онда  экран    бетінде    фрагменттің орын  ауыстырып жылжыған  ізі   көрініп   тұрады.

Ерекшеленген   фрагмент  менюдің  Түзету   (Правка)   командасының ішкі   мүмкіндіктеріне   сәйкес  алмастыру   буферіне   ауыстырылуы   немесе  қиылып   алынуы  мүмкін.    Бұдан кейін   сол менюдегі   Кірістіру   (Вставить) командасын  орындауға болады,    ол  буферге    орналастырылған   фрагментті  экранның  сол жақ   жоғарғы    бұрышына    шығарып   көрсетеді.  Онымен  кез   келген    буфердегі     фрагмент   сияқты    бұған  дейін    қарастырылып  өткен    барлық   ірекеттерді   орындауға  болады.

Фрагмент  жаңа  орынға   ауыстырылған  соң  да,  оның   ерекшеленуі     алынбайды,   яғни  ол   буферде    қала  береді.  Бұл өз   кезегінде   сол   ерекшеленген   фрагменттің бірнеше   көшірмесін   (оны көбейте   отырып)   алуға мүмкіндік береді.

Ерекшеленген   фрагмент   жаңа  орынға   орналасқаннан  кейін,  онымен    мынадай  түрлендіру    жұмыстарын   атқаруға  болады:

  • Түрлендіру → Көлденеңінен  бұрау  (Преобразования → Повернуть по  Горизонтали) командасы арқылы  орындалатын фрагментті   көлденең  бұрау;
  • Түрлендіру   → Тігінен  бұрау (команда Преобразования  → Повернуть по Вертикали)    командасы    арқылы    орындалатын    фрагментті  тігінен   бұрау;
  • Түрлендіру →  Инверсиялау  (Преобразования → Инвертировать)   командасы арқылы   орындалатын   фрагментті   барлық  түстерді   қарама-қарсы (инверсиялық)  түстерге  ауыстыру.

Ерекшеленген   фрагмент   үшін  бұдан  өзге  оның  масштабы  өзгертілген  көшірмесін   (Түрлендіру  → Қысу+Созу  командасы)   немесе   көлбеу  бағытқа   келтіріліп   қисайтылған    көшірмесін  (Түрлендіру → Қисайту  командасы)  де   алуға болады.

  Атрибуттар

Paint   редакторын  алғашқы  жүктеу   кезінде,  үнсіз  келісім  бойынша,  сурет  салынатын   терезенің  параметрлері    тағайындалады:

  • оның  мөлшері  (биіктігі   мен  ені);
  • қолданылатын   түстер  (ақ-қара   немесе  түрлі  түсті).

Жаңа  сурет   салмастан    бұрын  осы   параметрлерді    өзгертуге  болады.  Ол  үшін  Сурет →  Атрибуттар... (Рисунок →  Атрибуты...)  командасын  таңдап,  экранға шығатын сұқбаттасу  терезесіне  қажетті   атрибуттарды  - мүмкін  параметрлерді   тағайындау  керек.   Сол терезеде    өлшеу   бірліктерін  де   тағайындап   алуға  болады  (әдетте  пиксель  қолданылады).

Атрибуттарын  өзгерткен  соң,  экран  бетіне  сурет  салынатын  жаңа  өлшемді   бос терезе    пайда  болады.  Егер  де  сурет  салу  үшін   ақ-қара   палитра   тағайындалған    болса,  онда   палитрада  қара,  сұр   және  ақ    түстердің   көрінісі  шығады.

 

 

8. Микроскоп   режимі

 

Суреттері,   сыбаларды    немесе  схемаларды  даярлау   барысында  оларда   ешқандай   «қоқырсықтың»  - артық   нүктелердің    болмағаны  жөн.  Суретте   басқа  түске  боялған  бір   нүктенің  болуы   одан  алған     әсеріңізді   жоқ  етеді.

Сурет   салудың   әдеттегі   режимінде  белгілі  бір   нүктеге  курсормен   дәл  түсу  оңай  емес.  Ол  үшін  көптеген   редакторларды   «Микроскоп  режимі»   деп  аталатын     сурет  салудың   арнайы     режимі  қолданылады.  Мұндай   режимде    әр  нүктенің    мөлшері    (масштабы)   бірнеше   есе  өседі,  оның   есесіне     жалпы  сурет    бейнесін    көру   пропорционалды    түрде  нашарлай   түседі.  Өйткені   экранға    суреттің   тек белгілі бір    бөлігі  ғана    сиып   тұрады,   бірақ     бұл режимде    қажетті   нүктеге    дәл   түсу  көп   еңбекті   талап етпейді.  

Paint   редакторына Микроскоп   режимін   орнату  үшін   менюден   Қарап  шығу → Жақындаты  {Ctrl+G}  (Просмотр → Приблизить)   командасын   таңдау  керек.   Бұдан кейін курсор     сурет ішінде    орын   ауыстыруға   болатын     тіктөртбұрышты    кішкентай   жақтау   пішіндес    болады.  Бұл   төртбұрышты    контурға    суреттің   кейіннен    үлкейтілетін    бөлігі  ғана    орналасады.   Суреттің    қажетті    бөлігін    таңдап  алып,  тышқанды    шерту   арқылы   экран    бетінен  сіз  оның    бірнеше   есе  үлкейтілген   бейнесін    көре   аласыз    (кейбір   графиктік   редакторлар  масштабы өзгертуге   мүмкіндік   береді).  Сол жақ    жоғарғы   бұрышта   бейненің      табиғи   шамасына  сәйкес   үлкейтілген суреті  көрінеді,  онда  да  суретті салу   процесін    қадағалауға болады.

Paint   редакторының  Микроскоп  режимінде тек   екі   аспап   қана   қолданылады:   қылқалам  және  Білік.

Қылқалам   жоғарыда  сипатталған  түрде  жұмыс  істейді,   яғни   суретті   екі  түспен  -  негізгі  түсті    сол  жақ   батырмамен,  ал  фондық   түсті   оң  жақ  батырманы  салуға  мүмкіндік  береді.

Білік  те   бұрынғыша  жұмыс  істейді,  тек оның  бір   өзгешелігі   -  тұйықталған   аумақтың  көрініп   тұрған  бөлігі  ғана  боялады.

Ал,   қалған  аспаптарды  Микроскоп  режимінде   пайдалануға болмайды.

Үлкейтілген  аумақтың оң   және  төменгі  шеттерінде  пайда  болатын  жылжу   сызғыштарының  (линейка  прокрутки)  көмегімен  суреттің   кез  келген  бөлігін  үлкейтілген  түрде  қарап  шығуға    болады.

Әдеттегі   жұмыс  режимінде   қайта  оралу  үшін,  Қарап  шығу   → Ығыстыру  {Ctrl+О}  (Просмотр  → Отодвинуть)   командасын  таңдау  керек.

 

9.Салынған суретпен жұмыс істеу

 

Paint редакторында салынған суреттің кез келген бөлігін немесе тұтас суреттің өзін қиып, көшіріп буферге алуға, осв программаның өзінде немесе Windows жүйесінде жұмыс жасайтын программаға, жұмыс үстеліне енгізу т.б. мүмкіндіктер бар.  Суретті түтас ерекщелендіру үшін  Түзету – Бәрін ерекшелендіру командасын орындаймыз. Ал сурет кез келген бөлігін тік төртбұрыш және қисық түрінде белгілеп ерекшелеуге болады.

Бүл батырманы шерткеннен кейінқосу таңбасына айналған белгіні тышқанның көмегімен жылжыта отырып, суреттің төртбұрышты аймағын ерекшелейміз.

  Осы батырмада тышқанды шертіп, белгіні суреттің қажетті бөлігінде  жылжыта отырып, қисық тұйық сызықпен  қоршатған аудан түрінде ерекшелейміз.

Курсорды ерекшеленген аймақтың ішіне орналастырып, тышқан батырмасын басулы күйінде жылжыта  отырып, жұмыс алаңындаоның орнын  ауыстыруға болады. Орнын ауыстыру кезінде Shift батырмасын басулы күйінде ұстап тұрсақ, сурет өзінен кейін із қалдырып отырады.

Ерекшелендіруді алып тастау үшін одан тыс аймақта тышқанды шерту  жеткілікті.

Осы әрекеттерді орындай  отырып, ерекшелеп алғаннан кейін  оны буферге қиып және кішірейтуге  болады. Ол үшін сәйкес Түзету – Қиып алу немесе Түзету – Көшірукомандаларынаң бірін орындаймыз. Қиып алу кезінде сурет орнында қалмай, буферге алыныды. Ал, көшіру кезіндесуреттің көшірмесі буферге алынады да, сурет орнында қалады. Буферге алынған суретті Түзету – Кірістіру командасын орындау арқылы енгіземіз. Сонда сурет жұмыс алаңының сол жақ жоғары шетіне кірістіріледі, егер ол орында бұрыннан сурет тұрған болса, сол суреттің үстіне орналастырылады. Суретті қажетті орынға тасымалдау арқылы орналастырамыз.

Объектінің бірнеше  көшірме сін орналастеру үшін Ctrl пернесін ол тасымалданып болғанға дейін босатпай ұстап тұрамыз. Осы әрекетті бірнеше рет қайталауға да болады. Салынған суреттермен Сурет менюіндегі командалар арқылы басқа да жұмыстар жасауға болады. Ерекшелендіріп алынған суретті берілген бұрышқа бөлу, айнадан шығарылған бейне ретінде көрсету, созу, қысу (горизонталь, вертикаль бойынша), иілдіру әрекеттерін орындау мүмкіндіктері бар. Егер осы командалар жұмыс алаңындағы объектілер ерекшеленбеген  күйінде орындалса, барлық объектілерге бірдей әсер етеді.

Сурет – Атрибуттар командасын орындай отырып, суреттің экранда алып тұрған жұмыс алаңының мөлшерін өзгіртуге болмайды. Жұмыс алаңының мөлшері дюйм, сантиметр, нүкте арқылы өлшенеді. Егер жұмыс жасап отырған компютердің графикалық мүмкіндігі белгілі болса, салынған суреттің экранның қандай бөлігін алып тұрғанын анықтауға болады. Ашылған терезеде сан мәндерін өзгерте отырып, суретті үлкейтуге немесе кішірейтуге болады.

3-сурет. Атрибуттар  сұхбат терезесі

 

 

10. Бейнелерді   дискіге  жазу  және   оқу

 

Графиктік   бейнелерді   дискіден  оқу  және  жазу  басқа    программалардағыдай  Сіздерге    таныс   тәсілмен  жүргізіледі.

Дискіге   бұрын  жазылған  суретті   жұмыс  аумағына   жүктеу   (оқу)  үшін,  Файл → Ашу...  (Файл → Открыть...)   командасын   таңдау  қажет.   Стандартты  сұқбаттасу  терезесінде    файлдың   кеңейтілуі   көрсетіледі,  керекті    каталог пен   ондағы  қажет файл   анықталады. 

Paint   редакторы бірнеше    графиктік форматтармен  жұмыс істейді,  олардың   ішіндегі  негізгісі болып ВМР  форматы    саналады.

Салынған  суретті   дискіге  жаңа  атпен  жазып  сақтау  үшін,   «... деп  сақтау»  (Сохранить  как ...)  командасын  таңдау  керек.  Стандартты сұқбат   терезесінде  сол  файлдың  форматы,   аты    беріледі,  сондай-ақ   файлды   жазатын  каталог   таңдап  алынады.  ВМР   форматындағы  файлдардың  бірнеше  түрлері   бар  екенін  айта  кеткен  жөн,   олар  сақталатын    түстерінің   санымен   -  монохромды,  16  түсті,  256  түсті,  24  биттік   растрлық  формат    болып  ажыратылады.

Егер  сурет  салынған  файл  дискіде   сақталынған  болса,  онда   оны  кез  келген    сәтте    дискіден  оқып,  оны  аздап  түзетіп,   қайтадан   сол  атымен   бұрынғы   орнына   жазып  қоя  аламыз.   Ол  үшін   Файл  → Сақтау {Ctrl+S}  (Файл  → Сохранить)   командасы     пайдаланылады.  Суреттерге   өзгертулер  енгізіп,  оларды   толықтыру   кездерінде     үнемі  осы  команданы    пайдалана   отырып    дискіде   сақтау  ұсынылады.

  

11.  Суреттерді  баспаға  шығару

 

Paint   редакторында  графиктік бейнелерді   принтердің   көмегімен   қағазға   басып  шығару     Word  Pad    редакторында    мәтіндерді    басып шығару   әдісіне өте ұқсас.   Бұрын    айтылғандай,  қажетті принтер типін таңдап  алып,  қағаз    беттерінің  параметрлерін   тағайындап,   сапасын   Файл → Бет макеті...  (Файл →   Макет страницы)  командасы арқылы   баптаған  соң,  оны   қағазға    шығаруға   болады.  Ол үшін  Файл → Принтер таңдау...  (Файл  → Выбрать Принтер)   командасын  орындау керек.

Жұмыс  аумағында  тұрған   суретті    бірден   басып  шығару   Файл → Баспа  (Файл → Печать)  командасымен  жүргізіледі.   Сұқбаттасу   терезесінде   графиктік    бейнені басып шығару    сапасын   беруге   болады  (Алғашқы нұсқа (Черновик)  -   сапасы    төмен    болғанмен,  тез басып шығаруға   арналған,  ал  таза нұқса   (Чистовик)  -  өте  сапалы,  бірақ   баяу  басып  шығарады).

Терезе тобында  Бөліктеу   ауыстырып   қосқышын   (переключатель Частично)   пайдалану   арқылы  суретті толық   күйде емес,   тек оның  ерекшеленген  фрагментін   ғана   басып   шығару   мүмкіндігі  де  бар.  Сол  терезедегі    Принтердің   рұқсатын   пайдалану  (Использовать   Разрешение   Принтера)  деген тексеру    жалаушысының   әрекеті   принтердің  нақты   моделіне    байланысты.  Одан  басқа   параметрлерді   сипаттап   жатудың    қажеті  шамалы.  Тек  бір  айта   кететін  жәйт,  масштабты    өзгерткенде  сақ  болған  жөн,   өйткені   ол  әдетте    басылуға  тиіс   бейненің  сапасын  төмендетіп  жібереді.  

12.  Графикалық редакторда дайындалған суретті                Жұмыс     үстелінің   фондық суреті ретінде қолдану

 

Жұмыс үстелінің барлық фондық суреттері Windows бумасында сақталған. Осы буманы ашып, жүйеде қолданылатын дайын суреттер тізіміне қажетті сурет салынған файлды көшіріп жазып қоямыз. Бас менюді ашып, Баптау – Басқару тақталары – Экран командасын орындағанда ашылған терезенің  фон астарлы бетіндегі суреттер тізімінде осы сурет жазылған файл тұру керек.

 

Paint графикалық редакторында орындалған жұмыс

 

4-сурет.

 

Саймандар тақтасының элементтерін қолданып Paint графикалық редакторында салынған сурет.

-белгісін пайдаланып, дайын суреттерді  түрлендіріп өзгерту.

 

   

5-сурет.

 

 

 

Қорытынды

 

 

Қорыта келе қазіргі  заманға сай ақпараттық техналогиялардың дамуының тағы  бір үлгілері ретінде Paint графикалық редакторы программасының маңызы зор екенін айта кету орынды. Нарықтық бәсеке дәуірінде жарнаманың орны ерекше.

Информация о работе Paint графикалық редакторын іске қосу

Похожие темы