Paint графикалық редакторын іске қосу

Курсовая работа, 05 Февраля 2014, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


Paint графикалық редакторы қарапайым графикалық кескіндерді құру және оларды басқа программаларға негізделген. Мәтіндік құжаттарға енгізу үшін диаграммалар, графиктер, негізінен схемалар сияқты қарапайым иллюстра-циялар қолданылады. Сондай-ақ, бұл программаны сурет салуды үйрену мақсатында да қолдану мүмкіндіктері бар.

Содержание


Кіріспе …………………………………………………………….........
1. Paint графикалық редакторын іске қосу..........................................
1.1 Алғашқы мағлұматтар ..............................................................
1.2 Программа терезесі .....................................................................
2. Меню қатарының командалары........................................................
3. Саймандар тақтасының аспаптары ................................................
3.1 Геометриялық фигуралар .........................................................
3.2 Сызықтар мен доғалдар ............................................................
4. Мәтін енгізу ..........................................................................................
5. Аймақтардың ішін бояу (Заливка) ................................................
6. Қолданылатын аспаптар....................................................................
7. Фрагменттермен жұмыс істеу .........................................................
8. Микроскоп режимі ..............................................................................
9. Салыған суретпен жұмыс істеу.......................................................
10 Бейнелерді дискіге жазу және оқу ................................................
11. Суреттерді баспаға шығару . ...........................................................
12. Графикалық редакторда дайындалған суретті Жұмыс үстелінің фондық суреті ретінде қолдану ..................................
Қорытынды ..........................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс.doc

— 403.00 Кб (Скачать документ)

 Эллипс немесе доға салу

      Эллипс  аспабын таңдап,жұмыс алаңында  тышқанды жылжыта отырып, шеңбер  және эллипс салуға болады. Егер  шеңберді бұлай салу қиын болса,  салу кезінде Shift пернесін басулы күйде ұстап тұру керек.

Геометриялық фигураларды салу кезінде мынадай екі жағдайға баса назар аудару керек. Біріншіден, сызықтың қалыңдығы Сызық аспабымен соңғы рет жұмыс жасағанда таңдалған қалыпта болады. Егер басқа қалыңдықтағы сызықпен салу қажет болса, Сызық аспабын, одан кейін сызық түрін таңдаған соң Эллипске ораламыз. Екіншіден, сызықтыңтүрін өз қалауымызша таңдап алуға болады.

 Қисық сызық салу

      Кез келген қисық сызық салу үшін саймандар тақтасында Қисық сызық батырмасын шертеміз. Саймандар тақтасының төменгі жағындағы сызықтар жиынтығынан қажетті қалыңдықты таңдап аламыз. Жұмыс алаңының қисық болатын орнына курсорды орналастырып, тышқанның батырмасын басулы күйінде қисық аяқталатын нүктеге дейін жеткіземіз де, батырманы босатамыз. Қажетті бөлікке курсорды орналастырып, сызылған сызықты тышқанмен жылжыта отырып майыстырамыз. Майыстыру әрекеті тек екі рет орындалады. Кез келген артық суретті өшіргіш аспабын таңдап алып, өшіретін аймақта тышқанды жылжыта отырып өшіруге болады.

 Ішін бояу аспабы

       Кез келген  артық суретті өшіргіш аспабын тышқанмен таңдап алып, өшіретін аймақта тышқанмен жылжыта отырып өшіруге болады. Бұл графикалық редактордың ең қарапайым әрі жиі қолданылатынаспабтарының бірі. Таңдалған түспен тұйық фигураның ішін бояйды. Түсті және осы аспапты таңдап алған соң, аспапты тұйық фигураның ішіне орналастырып тышқанды шерту арқылы орындалады. Егер, бояу кезінде фигура қабырғаларында тесік болса немесе аспап фигураның сыртында қалып қалса, сол фигураның сыртындағы кеңістік боялады, ал ондай фигура болмаса жұмыс алаңы тұтас боялады.

 Масштаб аспабы

      Бұл  аспап жұмыс алаңындағы суреттің  масштабын 200%,  400%,  600%,  800% -ке үлкейту мүмкіндігін береді.Аспапты таңдап алғаннан кейін, саймандар тақтасының төменгі жағында пайда болған тізімнің қажеттісінде тышқанды шерту жеткілікті. Сондай-ақ осы әрекетті Түр – Масштаб – Таңдау командасын орындағанда ашылған сұхбат терезеде қажетті өрісті белгілеу арқылы да іске асыруға болады. Суреттің масштабын үлкейту арқылы көзге көрінбей тұрған кейбір үзік сызықтарды көруге болады.

 

3.1. Геометриялық  фигуралар

 

Paint  редакторында    тіктөртбұрыштар,  элипстер  және   көпбұрышты  тұйық сызық сызатын арнайы    саспаптар бар.  Барлық   фигуралардың   контуры   берілген  қалыңдықтағы   негізгі      түстегі   сызықтармен   салынады.   Фигуралардың    іші  бос   болуы  мүмкін,   немесе  белгілі  бір  түспен  бояуға    да  болады.  Бояу  түсң   фондық    түске  сай  келуі  тиіс.   Аспаптар  тақтасында   түрлеріне   сәйкес   бейне    сызуға  мүмкіндік   беретін   мынадай  белгілер   орналасқан:

  • іші  бос  тіктөрбұрыштар;
  • іші  боялған  тіктөртбұрыштар,
  • қырлары    жұмырланған  іші     бос  тіктөртбұрыштар;
  • қырлары   жұмырланған   іші  боялған  тіктөртбұрыштар;
  • іші  бос  эллипс;
  • іші  боялған  эллипс;
  • іші  боя   көпбұрыш;
  • іші  боялған   көпбұрыш.

Ең  соңғы   екі  фигурадан   басқасы  жалпы   үлгі  бойынша   салынады.   Мысалы,  іші  бос   тіктөртбұрышты  салу  үшін:

  • қажетті   негізгі   түсті,   сызықтың  қалыңдығы  тағайындау  керек;
  • аспаптардан  іші   бос   тіктөртбұрышты  таңдау керек;
  • курсорды  бастапқы  нүктеге  апару  қажет  (әдетте  бұл  тіктөртбұрыштың  сол  жақ  жоғарғы  бұрышы);
  • тышқанның   сол  жақ  батырмасын  басулы  күйінде  ұстап  тұрып,  өзімізге  қажет   пішіндегі   тіктөртбұрыштың  мөлшерінің   контурын  тағайындай  керек;
  • батырманы  босату  керек.

 Көпбұрыштар  басқа   жолмен  салынады.  Олардың   түстерін,  сызықтарының  қалыңдығы   мен  аспапты  тағайындаған  соң,   белгісін   таңдап  алып   төмендегілерді   орындау   керек: 

  • курсормен  салынатын   көпбұрыштың    бір  төбесін  белгілеп    алып,   оның  алғашқы   қабырғасын     түзу  сызық   сызғандай етіп  салу;
  • курсорды  көпбұрыштың  барлық   төбелерін   орын  ауыстырып  және  оның   әрқайсысында  тышқанды   бір  рет  шерту   керек  (әр  шертуден  соң,  соңғы  төбе  алдыңғы   төбемен   қосылатын болады);
  • курсор  соңғы   төбеге  жеткенде,   тышқанды   екі  рет  шерту   керек,  сонда   соңғы  төбе  бірінші   төбемен  қосылады.

 

3.2.  Сызықтар  мен  доғалар

 

Paint  редакторы   аспаптарының  көмегімен белгілі бір қалыңдықпен  берілген  түзу   сызықтар  мен  доғалдарды  сызуға    болады.

Негізгі  түспен  түзі  сызық      үшін  мынадай   әрекеттер  орындалады:

  • сызықтың    қалыңдығын  тағайындау  және  Түзу  сызық  аспабын таңдау;
  • курсорды   бастапқы  нүктеге   апарып,  тышқанның  сол  жақ   батырмасын  басу;
  • батырманы    басулы  күйінде  ұстап  тұрып,   курсорды   сызықтың   соңғы    нүктесіне  ауыстыру;
  • батырманы   босату.

Осылардың     нәтижесінде  экран  бетінде   негізгі  түспен  сызылған  түзу  сызық   пайда  болады.

Егер  тік  немесе  көлденең  сызықтарды   сызғыңыз  келсе,  онда    сызу   кездерінде  сол  жақ    батырмамен   бірге  Shift  пернесін  басыңыз.

Доға   сызу  үшін  аздап  машықтану   керек.  Алдымен  сызық  қалыңдығын   тағайындап,   Доға   сызатын аспапты  таңдаңыз.   Сонан  кейін  мына   әрекеттерді  орындау   қажет:

  • жоғарыда   айтылғандай   түзу  сызық  жүргізу  (түзу   сызықтың  соңғы  нүктелері    салынатын   доғаның  шеттерімен  дәл   келуі  тиіс);
  • түзудің   ортасындағы  белгілі  бір  нүктеге  курсорды  жеткізіп,   тышқанның сол жақ батырмасын  басып оны басулы  күйінде   ұстап жібермей,  курсорды  доғаның контуры ойыңыздағыдай   болғанша   көлденең   бағытта   орын   ауыстыру  керек;
  • батырманы  босату  керек.

Экран  бетінде   берілген   қалыңдықта  негізгі  түспен  сызылған  доға  пайда  болады.  Егер  доға   ойдағыдай   болып  шықпаса,  онда   бірнеше  рет   қайталап   бірінші  салынған   доғаңызды  өзгертуге  тырысыңыз.

 

4. Мәтін  енгізу

 

Әріптер  мен  цифрларды,  сондай-ақ  арнайы  символдар   бейнесін  Paint ортасында Қылқалам  мен  Біліктің  көмегімен әркім   өзі-ақ   қолмен   салуы мүмкін.   Бірақ бұл   біраз    еңбектенуді    талап   ететін   іс,  сондықтан редакторда   суреттік   бейнелер   көрінісіне    мәтіндік   фрагменттер  қосу  тәсілі  енгізілген.  Ол  үшін Мәтін   аспабы   қолданылады.

Мәтін  теру  кезінде   курсор  пішіні  қарапайым  редакторлардағы    сияқты  енгізу    курсорына    ұқсас  түрге   айналады.   Енгізу   курсорын   сіздер  кездестірдіңіздер.  Мәтін    енгізуді  бастау    курсорды     суреттің   белгілі бір   нүктесіне апарып,   тышқанды   шерту арқылы   іске  асад.  Сол сәтте   экранға     жыпылықтап   тұратын   енгізу    курсоры шығады  да,  ол  мәтін   фрагментін    енгізуді    бастауға    болатынын  білдіреді.  Мәтін    негізгі   түспен  енгізіледі,  енгізу   барысында   әдеттегідей    BackSpace,  Delete  пернелерінің  көмегімен   символдарды  жоюға  болады.  Жаңа      жолға  өту  үшін  Enter  пернесін   басу  керек.  Мәтіндік  информацияны  енгізуді  тоқтату  кез  келген   сәтте   тышқанды  бос  кеңістікте  шерту  арқылы    орындалады.

Егер  енгізіліп  жатқан  мәтіннің   қарпін,  оның  өлшемдерін,  стилін  өзгерткіңіз  келсе,  енгізу   режимін  тоқтатпай-ақ    (тышқанды  шерткенге   дейін)  менюдің  Мәтін    командасы    арқылы   өңдеп - түзетуге   болады.   Мәтін  менюінің  ішкі   командаларын   таңдау  арқылы    қаріпті   көлбеу   етуге,   қарайтып  жазуға,   астын   сызуға  немесе  түрлі   түсті етуге    де  болады.   Мәтін  → Қаріптер ...  командасын   таңдау   арқылы    сұқбат  терезесінде    Windows  жүйесінің   қаріптерінің   кез келгенін  таңдай  аласыз,   сондай-ақ  оның  мөлшері мен стилін  де  тағайындай    аласыз.  Енгізу    барысында   негізгі    түсті    өзгертуге де  болады  (сол сәтте   экрандағы   таңбалар   түсі   өзгеруі тиіс).

Мәтіндегі   барлық   өзгертулер  тек  енгізу режимінде    орындалатынын есте   сақтаңыздар.  Тышқанды  шертіп  режимді    аяқтасақ,  мәтін   суреттік   объектіге   айналып кетеді!

 Жазба аспабы

       Бұл  аспап графикалық редакторда  мәтін енгізу үшін қолданылады.  Осы батырмада  тышқанды шерткенненкейін  қосу таңбасына айналған курсорды  жылжыта отырып, тік төртбұрыш  сызамыз. Тік төртбұрыштың ішінде  тышқанды шерткен соң, оған  мәтін енгізуге болады. Мұнда Windows жүйесінде тағайындалған барлық қаріптерді қолдану мүмкіндігі бар. Жазба аспабын таңдағаннан кейін экранда автоматты түрде   Қаріптер саймандар тақтасы   пайда болады. Егер бұл тақта шықпаса Түр командасының   Мәтін атрибуттарының тақтасы бөлімін таңдаймыз. Бұл саймандар тақтасында қаріп түрін, көлемін, сызылымын белгілей аламыз.

2-сурет.  Қаріптер саймандар тақтасы

 

5.  Аймақтардың    ішін  бояу   (Заливка)

 

Paint   редакторы тұйық сызықтар  ішін  негізгі түспен  бояуға    мүмкіндік береді.   Бұл  үшін   Білік  (валик)  аспабын  таңдап  белгілеп  алып,   курсор    кішкене   білік  түрін    айналғанда,   оны   тұйықталған   аймақтың   кез  келген   ішкі  нүктесіне  алып  барып,   тышқанды  шертсе  болғаны.  Сонда  тұйық   аймақ  түгедей  негізгі  түске  бояла  бастайды.

Тұйық   аймақты  бояу    барысында   оның  қабырғаларының  үзік  жері   болмауын  қадағалап  отырыңыз.  Тіпті бір    нүкте  (пиксель)  сиятын   үзілген   жердің   болуы    бояудың   аймақтан   тыс   таралып  кетуіне    себепші   болады.

Негізгі және фондық түстерді палитрадан таңдау

Сурет салу кезінде екі  түспен жұмыс жасаймыз. Бірі негізгі,  екіншісі фондық түс. Бұл екі түсті  де ккез келген уақытта өзгертуге  болады. Егер екі түс бірдей болып  қалса сурет салынғанымен экранда ешнәрсе көрінбейді. Негізгі және фондық түстердің қандай екенін палитра тақтасында орналасқан екі квадраттардың түсіне қарапажырата аламыз. Квадрвттврдың үстіндегісі негізгі, астындағысы фондық түс болып саналады.

 Бұл аспапты “сорғыш – тамызғыш” деп айтуға да болады. Өйткені осы аспапты таңдағаннан кейін салынулы тұрған суреттегі түстің көшірмесін ”сорып алып” басқа суретті дәл сондай түске бояу мүмкіндігін береді.

  Көпбұрыштар салу

        Бұл аспап көпбұрыштар сызу  үшін қолданылады. Осы батырманы  шерткеннен кейін көпбұрыштың үш түрлі үлгісінен біреуін таңдаймыз(боялмаған, шекарасы сызылып боялған немесе шекарасы сызылмай боялғанконтур). Бірінші қабырғасы басталатын нүктеге тышқан көрсеткішін орналастырамыз. Көпбұрыштың бірінші қабырғасы аяқталған орынға көрсеткішті жылжытып апарып, батырманы босатамыз. Осы әрекетті көпбұрыш сызылып болғанша қайталаймыз. Көпбұрыш сызылып болған соң тышқанды екі рет шертеміз.

 

6. Қолданылатын  аспаптар

 

Paint  аспаптарын  іс  жүзінде   игеруге   кіріспес  бұрын    ескертетін  бір  жайт  -  редакторда    жұмыс  істеу  барысында  соңғы  орындалған   әрекетті     өзгерту   мүмкіндігі  бар  (бұл  әрекет  барлық  программаларда  кездеседі).  Өзгерту   операциясы    алғашқы     кезде  жиі  қолданылады.  Оны  іске  асыру  үшін   менюдегі    Түзету   → Өзгерту  {Ctrl+Z}    (Редактирование   → Отменить)  командасын  таңдау  керек.

Аспаптар  тақтасы  қарапайым  суретшінің   аспаптарының   жиынына  ұқсас  болып  келеді.  Ең   алғашқы  аспапқа   Қылқалам  (Кисть)  жатады.   Ол  әдеттегі   қарындаш   тәрізді    сурет  салу    жұмысын  атқарады.    Мұндай  аспапты     таңдаған  соң,     «тышқанның»   стндартты  курсоры    Қылқаламға   айналады,   Тышқанның   сол  жақ   батырмасын   басып  тұрып   (оны   жібермей)   курсорды    экран  бетімен     жылжытсаңыз курсор   артында із    қалдырады,    оның    түсі  сол   мезеттегі     тағайындалған түске    сәйкес    болады.

Мұнан  төмен   орналасқан  аспап  -   Аэрозольді   баллон  немесе       Шашыратқыш.    Оны  таңдап    алғаннан  кейін   тышқан  курсоры қосу   символына   ұқсас таңбаға   айналады.    Енді  сол  жақ   батырманы  басып  тұрып  курсорды   экран  бетімен,  оның  артында     шашыраған  бояуға   ұқсас  із   қалады.

Тақта  құрамында   екі  түрлі   өшіргіш   (ластик)  бар,   олрдың   қарапайым   өшіргіштен  басты   айырмашылығы  -  білгілі бір    түспен  өшіреді.  Бірінші    ластик    барлық    кескіндерді фондық   түспен   өшіруге   арналған.  Ал  екінші    өшіргіш    негзгі   түспен   боялып   салынған   барлық   фрагменттерді  ғана    фондық  түске   айналдыра  отырып   өшіреді.

Бірінші   өшіргіш    арқылы   кейіннен   керекті  фондық    түсті   таңдап  алып,  экрандағы    әртүрлі    түстегі   бейнелерді   жаңа   фондық     түске  бояуға   болады.  Осы  тәсілді     пайдалану   кезінде    тышқанды   екі  рет  шертсек,   онда  курсор  маңы  бірден  фондық    түске  боялады.

Екінші  түрдегі    өшіргіш   арқылы   өзімізге    қажет  негізгі   және    ондық   түстерді   тағайындаған     соң,  өшіру  нәтижесінде     негізгі    түстегі фрагменттер фондық   түске бояла бастайды.  Осы тәсілмен  екі рет шерту суреттегі   курсор  маңндағы  бір түсті бояуды   түгелдей    дерлік     екіншісіне  бірден    өзгертуге    мүмкіндік   береді  (яғни,  дәл осы   уақытқа    дейін   негізгі түспен  боялған бейне фондық   түске боялып  кетеді).

 

7.  Фрагменттермен  жұмыс  істеу

 

Көбінесе   салынып  біткен  сурет  бөліктерін,  яғни  оның  фрагментін   пайдалана  отырып   басқа  суреттік  бейнелерді  салуға    тура  келеді.    Paint  редакторында  сондай  фрагменттерді ерекшелеп алып,   басқа орынға   ауыстыруға    мүмкіндік   беретін де  аспаптар  бар,  ол   фрагменттер уақытша   алмастыру   буферіне     орналастырылып,  басқа суретке бірнеше рет қойылуы мүмкін. 

Информация о работе Paint графикалық редакторын іске қосу

Похожие темы