Paint графикалық редакторын іске қосу

Курсовая работа, 05 Февраля 2014, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


Paint графикалық редакторы қарапайым графикалық кескіндерді құру және оларды басқа программаларға негізделген. Мәтіндік құжаттарға енгізу үшін диаграммалар, графиктер, негізінен схемалар сияқты қарапайым иллюстра-циялар қолданылады. Сондай-ақ, бұл программаны сурет салуды үйрену мақсатында да қолдану мүмкіндіктері бар.

Содержание


Кіріспе …………………………………………………………….........
1. Paint графикалық редакторын іске қосу..........................................
1.1 Алғашқы мағлұматтар ..............................................................
1.2 Программа терезесі .....................................................................
2. Меню қатарының командалары........................................................
3. Саймандар тақтасының аспаптары ................................................
3.1 Геометриялық фигуралар .........................................................
3.2 Сызықтар мен доғалдар ............................................................
4. Мәтін енгізу ..........................................................................................
5. Аймақтардың ішін бояу (Заливка) ................................................
6. Қолданылатын аспаптар....................................................................
7. Фрагменттермен жұмыс істеу .........................................................
8. Микроскоп режимі ..............................................................................
9. Салыған суретпен жұмыс істеу.......................................................
10 Бейнелерді дискіге жазу және оқу ................................................
11. Суреттерді баспаға шығару . ...........................................................
12. Графикалық редакторда дайындалған суретті Жұмыс үстелінің фондық суреті ретінде қолдану ..................................
Қорытынды ..........................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс.doc

— 403.00 Кб (Скачать документ)

      

Мазмұны

 

 

Кіріспе …………………………………………………………….........

3

1.

Paint графикалық редакторын іске қосу..........................................

4

 

1.1

Алғашқы  мағлұматтар ..............................................................

5

 

1.2

Программа терезесі .....................................................................

5

2.

Меню қатарының командалары........................................................

7

3.

Саймандар  тақтасының  аспаптары ................................................

9

 

3.1

Геометриялық  фигуралар .........................................................

11

 

3.2

Сызықтар  мен  доғалдар ............................................................

12

4.

Мәтін  енгізу  ..........................................................................................

13

5.

Аймақтардың  ішін  бояу  (Заливка) ................................................

15

6.

Қолданылатын  аспаптар....................................................................

16

7.

Фрагменттермен  жұмыс  істеу .........................................................

17

8.

Микроскоп  режимі ..............................................................................

20

9.

Салыған  суретпен  жұмыс  істеу.......................................................

21

10

Бейнелерді  дискіге  жазу   және  оқу ................................................

23

11.

Суреттерді  баспаға  шығару . ...........................................................

24

12.

Графикалық  редакторда  дайындалған  суретті  Жұмыс  үстелінің   фондық  суреті  ретінде   қолдану ..................................

25

 

Қорытынды ..........................................................................................

27

 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі ..................................................

28


 

 

Кіріспе

 

Графикалық редактордың  өзі кескіндерді салуға және дайын  кескіндерді өңдеуге арналған болып  шартты түрде екіге бөлінеді. Программа  қарапайым болғандықтан, онымен жұмыс  жасаған өте жеңіл және қолайлы  болып табылады.

Paint графикалық редакторы қарапайым графикалық кескіндерді құру және оларды басқа программаларға негізделген. Мәтіндік құжаттарға енгізу үшін диаграммалар, графиктер, негізінен схемалар сияқты қарапайым иллюстра-циялар қолданылады. Сондай-ақ, бұл программаны сурет салуды үйрену мақсатында да қолдану мүмкіндіктері бар.

Берілген тақырыптарды жазу барысында алдыма қойған мақсат: Paint графикалық редакторын зерттеп және оның көмегімен қарапайым суреттерді салуды, дайын суреттері көркемдетуді үйренуді қарастыру болып табылады.

 

 

  1. Paint графикалық редакторын іске қосу

 

Графикалық    редактор -   графикалық  бейне түріндегі   суреттерді  салуға   және  оларды  өңдеуге     арналған   арнайы    бағыттағы   программа.   Қазіргі кезде нүктелік  (немесе   растрлық)   және  векторлық    деп  аталатын  графикалық   редакторлардың  екі   түрі  белгілі.  Нүктелік   граифкалық   редакторларда    кез  келген    сурет   пиксельдер  деп  аталатын    нүктелерден    тұратын  кішкене   бейнелер   (мозаика)    арқылы   салынады,   ал   нүктелердің    әрқайсысы    түрлі    түске  бояла   алады.

Графикалық редактордың  өзі кескіндерді салуға және дайын  кескіндерді өңдеуге арналған болып  шартты түрде екіге бөлінеді. Кескіндерді  салуға арналған редактор сызықтарды, нүкте, әртүрлі геометриялық фигураларды құруға негізделген. Ал өңдеуге арналған редактор кескіндерді біріктіру, түстерді араластыру, әртүрлі қосымша визуалдық эффектілер енгізуге арналған.

Paint графикалық редакторы қарапайым графикалық кескіндерді құру және оларды басқа программаларға негізделген. Мәтіндік құжаттарға енгізу үшін диаграммалар, графиктер, негізінен схемалар сияқты қарапайым иллюстра-циялар қолданылады. Сондай-ақ, бұл программаны сурет салуды үйрену мақсатында да қолдану мүмкіндіктері бар.

Paint программасын іске қосу үшін   Іске қосу – Программалар – Стандарттар – Paint жолын таңдаймыз. Программа іске қосылған соң, 1.1-суреттегідей болады. Бұл редактор терезесінің негізгі бөлігін сурет салынатын жұмыс алаңы алып тұрады. Терезенің сол жағында сурет салуға арналған саймандар тақтасы, оның төменгі жағында түстер палитрасы орналасқан.

 

1.1. Алғашқы  мағлұматтар

 

Paint  (Paintbrush) -  Windows  жүйесінің стандартты  программалар  тобына  кіретін қарапайым нүктелік  графикалық    редактор.    Paint  өзінің   мүмкіндіктері   жағынан   профессионалды    графикалық  редакторлардан   біршама    төмендеу   болғанымен  ол    едәуір  күрделі,   әрі  тартымды,  түрлі-түсті    және  ақ-қара   суреттерді,   схемаларды,  сызбаларды   (чертеждер)  даярлауға   мүмкіндік  береді.   Бұл  редакторды   игеру    онша  қиын  емес,  оның     құрамында  сурет  салу,   сызу  және   оларды   өңдеуге     арналған   стандартты  қарапайым   аспаптар   жиыны  бар,   дайындалған   бейнелер   файлдардың   кең  тараған  графикалық   форматында    сақталады. 

 

1.2. Программа  терезесі

 

Редакторды   іске  қосу  үшін   (Windows 3.x)    «Реквизиттер» тобындағы Paintbrush   белгісін   таңдаңыздар.

Ал,  Windows 98  жүйесінде    Іске  қосу → Программалар  → Стандарттар → Paint   командалар   тізбегін    орындасақ,   экранда   программаның  терезесі    пайда  болады.  Оның  құрамында    бізге   осыған   дейінгі   элементтермен  (жұмыс   аумағы,   меню  мен   тақырып  жолдары)   бірге   бірсыпыра    жаңа   элементтер   де  бар.

Терезенің     сол жақ шеткі    қабырғасында    аспаптар  тақтасы орналасқан.   Одан  сіздер  Paint-та  кездесетін  барлық    сурет салу    аспаптарын    көре  аласыздар   (1- сурет).   Кез   келген     аспаптарды   таңдау  үшін   соның   белгісіне    тышқан   курсорын   жеткізіп,  оны    шерту   жеткілікті.    Осыдан   кейін   таңдап   алынған  аспаптың    бейнесі   (белгісі)   айқын    түспен   ерекшеленеді.

 

1 -сурет.   Paint  редакторының   экраны

 

Терезенің   төменгі   жақтауы   бойымен   түстер  палитрасы  орналасқан.  Paint-та   бір уақытта екі    түспен  сурет салуға  болады:   қалам,   түсімен (мұнан былай   оны    қысқаша   негізгі   түс деп   атаймыз)   және  фон   түсімен   (мұнан    былай оны фондық   деп атаймыз).  Палитраның    сол жақ шетінде    бірі  екіншісінің   ішіне    орналасқан   кішкене    екі төртбұрыш тұр,  осылардың   үстіңгісі   -  негізгі    түсті,   ал   астыңғы - фондық  түстерді   көрсетеді.     Кез келген   сәтте   түстерді   өзгерту   мүмкіндігі  бар.  Ол  үшін   курсорды   палитрадағы    жаңа  түске  апарып,   тышқанның  сол  жақ    батырмасын   шерте   отырып  негізгі   түсті,  ал  оң  жақ  батырмасын  басу арқылы   -  фондық   түсті   өзгертуге  болады.

Аспаптар   тақтасының  төменгі   жағында  сызықтар   қалыңдығын   анықтайтын  терезе   орналасқан.  Сызықтар   қылыңдығы   таңдап   алған  соң,   соның   көмегімен    түзу  сызықты,   доғалдарды,   тіктөртбұрыштар  мен   эллипс   контурларын   сызуға   болады.   Сызықтың    қалыңдығы   сондай-ақ   мыналарға   да әсер  етеді:

  • аэрозоль   балонының  сыясының   ені;
  • өшіргіш   (ластик)  ені;
  • бояуыш  немесе  қылқалам  (кисть)   ені.

Жұмыс аумағы  -   салынатын  графикалық  бейне     рналаса   алатын   экранның   тіктөртбұрышты  ауданы  (бөлігі).  Егерде   мөлшері   жұмыс  аумағынан    да  үлкен   сурет  салынса,   онда  терезе   шеттерінде   жылжу     сызғыштары  пайда  болады.    Олар  экран     бетінде    жылжи   отырып,   бейненің  кез  келген   бөлігін   көруге     мүмкіндік  береді.   Ал  егер   жұмыс  аумағынан  кіші сурет салынса,   онда   ол   терезенің жоғарғы   сол жақ бұрышында   қара  жақтаулармен  қоршалып   көрсетілетін    болады.

Paint графикалық редакторы әртүрлі объектілерді салу мүмкіндігін береді және оның түстермен жұмыс істеуге арналған бірқатар саймандары бар. Бұл редактор фондық негізгі түспен және үстінен бояйтын екі жай түспен жұмыс істейді.

Редактор   іске   қосылғаннан кейін негізгі  түс  қара, фонның түсі ақ болады.

Сурет салу жұмысын редактор іске қосылғаннан кейін бірден бастауға болады. Қажетті сайманды, түсті, таңдау әрекетін  тышқан көмегімен жасаған өте тиімді. Негізгі түсті өзгерту үшін қажетті түсте тышқанның сол жақ батырмасын, ал фонның түсін өзгерту үшін, он батырманы шертеміз.

 

  1. Меню қатарының командалары

 

Paint графикалық редакторының меню қатары Файл, Түзету, Түр, Сурет, Палитра, Анықтамалық командаларынан тұрады. Осы командалардың көмегімен жұмыс алаңында салынған суреттермен толық жұмыс жасай аламыз.

Файл менюі – Құру, Ашу, Сақтау, ...деп сақтау, Алдын-ала  қарау, Парақтың макеті, Баспаға жіберу, Жөнелту, Файлдар тізімі, Шығу командаларын орындау мүмкіндігін береді. Яғни, бұл меню командаларының көмегімен салынған суретті сақтау, сақталынған файлды ашу, басқа  атпен сақтау, қағазға басу алдында қарау, қағазға басу, парақ параметрлерін енгізу және программадан шығуға болады. Сондай-ақ, осы менюдегі тізімде тұрған басқа файлдың қажеттісін ерекшелеп, тышқанды шерту арқылы жылдам көшу мүмкіндігі бар. Қажетті суретті ерекшелеп алған соң, Жұмыс үстелін толтыру, Жұмыс үстелінің ортасына орналастыру командаларының бірін орындасақ, ол таңдалған режимге сәйкес сурет жұмыс үстеліне орналасады.

Тұзету менюі –  Болдырмау, Қайталау, Буферге қиып алу, Буферге көшіріп алу, Буферден енгізу, Ерекшеленген аймақты тазалау, Бәрін  ерекшелеу, Файлға көшіріп алу, Файлдан егізу командаларынан құрылған. Олар орналасу сәкестігіне қарай соңғы әрекеттің орындалуын алып тастау, оны қайталау, Буферге көшіру, буферден енгізу, ерекшеленген аймақты өшіру, тұтас суретті ерекшелеу, ерекшеленген аймақты немесе суретті файлға көшіру, басқа файлдағы объектіні егізу іс- әрекеттерін орындайды.

Түр менюі – Құрал-саймандар  жиыны, Палитра, Қалып-күй қатары, Масштаб, Суретті қарау, Мәтіннің атрибуттары  тақтасы командаларынан тұрады. Бұл  меню негізінен командалар құрамындағы графикалық редактор терезесінің элементтерін ауыстырып қосу қызметін атқарады және суреттің масштабын өзгерту, суретті бүкіл экранды алып тұратындай етіп үлкейту мүмкіндіктерін береді.

Сурет менюі – шағылдыру/бұру, созу/қисайту, түстерді аудару, атрибуттар, тазалау командаларын орындау мүмкіндігін береді. Яғни оларды салынған суретпен  жұмыс жасау үшін қолданамыз.

Палитра менюі- палитраны  өзгерту, жүктеу, сақтау, көмескі фон  беру командаларынан қүралған. Олар жұмыс  жасауды ұйымдастырады. Палитраны  өзгерту командасының көмегімен өзімізге ұнаған түстерді дайындап, палитра тақтасының құрамына енгізу мүмкіндігі бар.

Анықтамалық менюі –  анықтама алу мүмкіндігін береді.

 

 

  1. Саймандар тақтасының аспаптары

Paint редакторында қолданылатын аспаптарды таңдап алу үшін, тышқан курсорын сол бейнеге жеткізіп, оны бір рет шертеміз. Жұмыс алаңында тышқанның көмегімен курсорды жылжыта отырып қажетті суретті саламыз. Егер аспапты тышқанның сол батырмасының көмегімен жылжытсақ, сурет негізгі түспен, ал оң батырманы басулы күйінде жылжытсақ фондық түспен салынады.

  • Тік төрт бұрыш салу

      Саймандар тақтасындағы тіктөртбұрыш батырмасында тышқанды шерту нәтижесінде пайда болған белгіні жұмыс алаңында тышқанның көмегімен жылжыта отырып, қажетті өлшемде тіктөртбұрыш саламыз. Тік-төртбұрышты іші боялған, боялмаған түрде салу үшін, осы аспапты шерткен соң, саймандар тақтасының төменгі жағында шыққан режимнен қажеттісін таңдаймыз.

  Түзу сызық салу

        Сызық аспабын таңдаймыз. Жұмыс алаңында курсорды тышқанның көмегімен жылжыта отырып сзықты саламыз. Сызық салуды тоқтату қажет болса, тышқанның батырмасын босатамыз, ал ары қарай қайтадан сызу қажет болса, батырманы тағы бір рет басамыз да ары қарай жылжыта береміз. Сызықтың енін саймандар тақтасының төменгі жағындағы менюден таңдаймыз.

  Қылқаламмен сурет салу

        Қылқалам аспабын таңдаймыз. Саймандар тақтасының төменгі жағында пайда болған менюден қажетті сызықтың түрін және түстер палитрасынан түсті таңдаған соң, жұмыс алаңында қылқаламды тышқанның көмегімен жылжыта отырып, қажетті суретті саламыз.

  Бүріткішті пайдалану

         Бүріткіш сайманы аэрограф сияқты  жұмыс жасайды. Саймандар тақтасында  осы аспапты және дақтардың  өлшемінің ішінен керектісін, одан  кейін қажетті түсті таңдап, тышқанның  көмегімен жылжытып шерту арқылы  бояймыз. 

Информация о работе Paint графикалық редакторын іске қосу

Похожие темы