“Каспийскии” банкі акционерлік қоғамының

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2015 в 14:53, курсовая работа

Краткое описание

Ақпараттың жиналуының, өндірудің және таралуының (ауыстырудың) есебі адамзат алдында оның қалыптасуының барлық кезеңдері алдында тұрды. Көп уақыт бойы оны шешудің негізгі құралдары адамның миы, тілі және естуі болды. Бірінші тібегейлі өзгеріс жазу түрі келгеннен бастап, ал содан кейін кітапжазулықты жасап шығарумен пайда болды. Түбірлі қалып электронды есептеуіш машиналары (ЭЕМ) пайда болғаннан бастап өзгерді. Негізінде бөлек есептерді шешу үшін ЭЕМ қолданудан бастап ақпаратты өндіру бойынша адам қызметінің сол не басқа аяқталған бөлшектерін комплекстік түрде автоматтау үшін олардың қолдануына келген кезде жаңа қадам жасалды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Текст.doc

— 556.50 Кб (Скачать документ)

Еңбек қорғау мен еңбек жағдайын жақсартудың әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Ол еңбекшілердің еңбекке қатысу мерзімін ұзартуға, кадрларды тұрақтандыруға ықпал етеді және түрлі жағдайларға байланысты жұмсалатын шығынды азайтады.

Мысалы, қазір еліміз бойынша жыл ішінде пайдаланылмаған барлық жұмыс күнінің 60–80 проценті еңбекшілердің түрлі себептерімен науқастануынан болады. Егер осы жұмысқа уақытша жарамсыздық жылдық орташа көрсеткіші бір күнге кемітілсе, онда еліміздің халық шаруашылығы қосымша 68 миллион жұмыс күнін сақтаған болар еді. Мұның өзі ұлттық табысты 1,3 миллион теңгеге арттыруға және әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын бюджеттік шығынды 550 мың теңгеге азайтуға мүмкіндік берер еді.

 

 

 

 

4.2 Еңбек қорғау мәселелері жайлы мемлекеттік

заңдылық актілері

 

Біздің елімізде адамның еңбегін қорғау мәселесі 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының конститутсиясында айқындалған. Конституцияның 24 – бабында «Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар» делінген. Осыған сәйкес Республикамызды «Еңбекті қорғау туралы» және «Еңбек туралы» заңдар қабылданды. Аталған заңдарды басшылыққа алып әрбір министрліктер, кәсіподақ ұйымымен келісе отырып, өндірістің салалары бойынша еңбек қорғаудың ережелері мен нұсқауларын дайындайды. Ал кәсіпорындар мен мекемелер осы құжаттарды басшылыққа алады және кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерін дайындайды.

 

4.2.1 Жұмыс орнына қойылатын талаптар

 

Жұмысшылардың денсаулығы олардың жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуына да байланысты. Сондықтан, жұмыс орындары жұмысшыға ыңғайлы, жүк көтергіш крандармен жабдықталған болуы тиіс. Жұмыс орны желдеткішпен жарықпен қамтамасыз етулі тиіс. Бөлменің іші мен онда орналасқан жабдықтардың түсі ашық, әдемі бояулармен әрленгені дұрыс.  Табиғи желдеткіш ретінде форточкалар, есік, терезелер пайдаланылады. Олардың жалпы ауданы еденнің ауданының 2% -інен кем болмауы тиіс.

 

4.3 Өндірістік санитария

Жалпы түсінік

Өндірістік санитария – еңбек гигиенасының талаптарына сүйене отырып, еңбек жағдайының еңбекшіге дұрыс және зиянсыз болуын қамтамасыз етуге бағытталған санитарлық – гигиеналық, емдеу профелактикалық және ұйымдастыру – техникалық шараларын жасайды. Оған қоса, әрбір адам өндірісте өзінің жеке гигиенасын да сақтай білу тиіс. Жұмыс уақытының, тамақтанудың, демалудың, тазалық сақтаудың, өзін -  өзі күте білудің, тағы сол сияқты жеке гигиеналық шаралардың дұрыс орындалуы өндірісте зақымдану мен сырқаттануды болдырмаудың өте қажетті шарттары. Өйткені, жеке гигиенаның бұзылуы тек қана сол адамның денсаулығына емес, басқа бірге жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына зиян келтіру, тіпті жұқпалы аурулардың таралуына себеп болуы мумкін. Сондықтан, өндірістік гигиенамен қатар әр адамның өзінің жеке гигиенасын сақтаудың маңызы зор.

 

4.3.1 Жұмыс орнының микроклиматы және оның

көрсеткіштерін тұрақтандыру

 

Адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілетіне метеорологиялық жағдайдың өндірістік ортаның микроклиматы, яғни ауаның температурасының, ылғалдылығы және қозғалу жылдамдығының үлкен әсері бар.

Сыртқы ауаның өзгеруіне қарамастан адам денесінің температурасы 36–37 градус аралығында тұрақты сақталады.

Ауаның ылғалдылығы 70 – 75  процентке жетіп, температурасы жоғарылай бастаған кезде адамның денесі қыза бастайды. Өйткені, бұл жағдайда дененің жылу алмасу қиындайды.

Керісінше, адамның температурасы төмендеген кезде денеден бөлінетін жылудың мөлшері көбейіп, адамның денесі тоңази бастайды.

Сондықтан  да, жыл мезгілінде, жұмыстың ауырлығына, жұмыс орнына бөлініп шығатын қосымша жылудың мөлшеріне қарай температураның, ылғалдылықтың және ауаның қозғалу жылдамдылығының стандартты нормалары белгіленген.

Бұл көрсеткіштерді тұрақтандыру үшін төмендегідей шаралар іске асырылуы тиіс:

-табиғи және жасанды ауа алмастырғыштарды  пайдалану;

-технологиалық жабдықтарды  жылу өткізбейтін заттармен қаптау арқылы олардан бөлінетін жылудың мөлшерін азайту;

-жылу өткізбейтін материалдардан қорғану экранын  орнату;

-кондиционерлерді пайдалану.

Адам организміне ауаның қысымы да әсер етеді. Атмосфералық қысымның мөлшері 760 мм сынап бағанасына тең болғанда организмнің ішкі және сырткы қысымдары теңеседі. Ал қысымның өзгеруі – адамда әлсіздік пайда етіп басын айналдырады, жүрегін алып, мұрнынан қан ағыуы мүмкін.

 

4.3.2 Өндірістік жарықтандыру және оны тұрақтандыру

 

Адамның өмір сүруі үшін қажетті жағдайдың бірі – жарық. Жарықтың көзге әсер етуінен онда электромагниттік толқындар пайда болды. Сол толқындардың шамасына қарай оның адам организміне әсер етуі де түрліше болады. Жақсы жарық адамның көңіл – күйін жақсартып, нерв жүйесінің  қызметін қалыптастырады, еңбек өнімділігінің артуына адам шаршаған болады, жиі қателеседі, тіпті көзді нашарлатып, қайғылы оқиғаға ұшырауына себеп болуы мүмкін.

Сондықтан өндірістік жарықтылыққа төмендегідей талаптар қойылады:

-жұмыс орнының жарықтылығы мен  оның құрамы күннің жарығына  жақын болуы тиіс;

-жарықтылықтың деңгейі нормаға  сай жұмыс жасауға жеткілікті  дәрежеде болуы тиіс;

-жарықтың бір қалыпты және  тұрақты болуы тиіс;

-жарықтың деңгейі шамадан тыс  жоғары болса, жұмыс орнындағы  заттарды жылтыратып,  көзге кері  әсер жасауы мүмкін.

Өндірістегі жарықтандыру екі түрлі жолмен, яғни табиғи және жасанды жарықтармен атқарылады. Табиғи жарықтың деңгейі оның коэффициентімен бағаланады.

Жарықтылық бөлме қабырғасының және бөлмедегі жабдықтардың түсіне байланысты болады. Мысалы, ақ қабырғадан  жарықтың 80 проценті қайталаса, көк қабырғадан тек 2 проценті ғана қайтады. Сондай – ақ терезенің, лампалардың шаңын сүртіп тұру қажет.

Жасанды жарық кәдімгі шамдардан және шырақтармен жасалады. Лампалардың қуаты, қойылатын орны есептелуі тиіс.

 

4.3.3 Табиғи және жасанды жарықтандырудың есебі

 

   Бөлмені жарықтандыру үшін қажетті терезелердің жалпы ауданы төмендегідей формуламен анықталады:

Fт = Fе * K м2

Бұл жерде Ғ-терезелердің ауданы, метр квадрат, Ғт – бөлменің еденінің  ауданы, метр квадрат,

К – табиғи жарықтылық коэффициенті (Ф.А.Бабриков «Курсовое и дипломные проектирование», таб. 84).

Ал терезенің санын осы табылған жалпы ауданды бір терезенің стандартты ауданына бөлу арқылы табады. Жасанды жарықтылықтың есебі қажетті электр лампаларының саны мен қуатын анықтаумен айқындалады.

Бөлмені жарықтандыру үшін қажетті жарық тасқыны төмендегідей  формуламен анықталады:

Fж.т. = α*Fe*Ж ЛМ

        St*Sж.т.

 

Бұл жерде α - қар коэффициенті (1,3);

Ғе – бөлменің еденінің ауданы, метр квадрат;

Ж – жасанды жарықтылықтың нормасы, лк; (Ф.А.Бабриков, 84 табл.).

  ή t - жарық көзінің пайдалы  әсер коэффициенті,     

ή ж.т.-жарық тасқынын пайдалану коэффициенті,  ή t* ή ж.т=0,45

Жалпы жарықтылықтың тасқыны белгілі болған соң лампалардың санын анықтауға болады:

Пл= Fжт дана

Fл 

Бұл жерде Ғл – бір лампаның жарықтылық тасқыны  (табл.85).

Мысалы: Коледждің компьютер класының ауданы 50 метр квадрат, табиғи жарықтандырудың коэффициенті 0,25 - 0,30, ал жасанды жарықтылықтың коэффициенті 40-60.

Демек, Ғт=Fe*K=50*0,30=15 метр квадрат, яғни бөлмені жарықтандыру үшін қажетті терезелердің жалпы ауданы 15 метр квадрат, яғни бөлмені жарықтандыру үшін қажетті терезелердің жалпы ауданы 15 метр квадрат. Құрылыстың жобасы бойынша терезенің стандартты ауданы 2,88 метр квадрат. Демек, жобалап отырған бөлме үшін 15 : 2,88=5 терезе керек.

Ал, бөлмені жасанды жолмен жарықтандыру үшін қажетті жарық тасқыны:

Fжт= L*Fe*Ж =1,3*50*60=8666 лм

     St*S жт         0,45

 

Ф.А.Бабриков N 85 таблицадан қуаты 150 ваттық лампалардың жарықтылық тасқыны 1710 люмен екендігін білеміз. Демек, есеп жүргізіп отырған бөлме үшін 8666 : 1710 = 5 лампа қажет.

 

4.3.4 Ауа алмастырудың есебі

 

Өндірістік бөлмелерде табиғи және жасанды жолмен ауа тазарту жұмыстары іске асырылады. Жасанды жолмен ауа алмастыру бөлмелердің санитарлық талаптарына сәйкес ауаны сағатына үш реттен артық тазарту қажет болған жағдайда қолданылады.

Жасанды ауа алмастыруды төмендегідей  жолмен есптейді. Алдыменен өндірістің қайсы учаскісінде жасанды желдеткіш қажет және ол жерде ауаны сағатына неше рет алмастыру қажет екендігін анықтап алады. Шаң, газ, бу бөлініп шығатын жұмыс орындарында жергілікті суырып ауа тазарту әдісі жобаланады, ал басқа бөлмелерде жалпы ауа алмастыру әдісі жобаланады. Желдеткіш өнімділігін төмендегідей формуламен анықтайды:

 

Wж = Vб *K,

Бұл жерде Vб – бөлменің көлемі, м2

 К-ауа алмастырудың саны.

Желдеткішті айналдыруға қажетті электроматордың қуатын төмендегідей формуламен анықтайды:

Nж= Wж*Hж*β K,BT

3600*102*ήж

Бұл жерде Нж-желдеткіштің ағыны, кгс/ м                   

Wж-желдеткіштің өнімділігі, м3 /сағ;

         ήж-желдеткіштің пайдалы әсер коэфициенті

β -қуат қорының коэфициенті (β=1,2…1,5).

Осы анықталған электроматордың қуатына сәйкес желдеткіштің типі мен маркасы және оның жұмыс көрсеткіштері қабылданады (Ф.А.Бабриков «Курсовое и дипломное проектирование», 1975ж, табл.150).

Табиғи ауа алмастыру үшін фрагма мен форточканың размері еденнің, ауаның 2-4 пайызы мөлшерінде қабылданады.

Мысалы: Коледждің компьютер класының ауаны 50м2 , ал көлемі 200м3. Бір сағатта 2 рет ауа алмастырылып тұруы тиіс.

Демек,   Wж = Vб *K= 200*2=400 м3/сағат. 

Nж= Wж*Hж*β =0,26 кВт

                                                   3600*102*ήж

 

Таблицадан қарап, винтелятордың  техникалық сипаттамасын қабылдаймыз.

Желдеткіштің N 2.

Айналу жиілігі-3000 об/мин.

Өнімділігі-400 м3/сағат.

Арыны-95 кг/м2 .

Желдеткіш ПЭК-0,45.

Электрондық типі-АО-31-2.

Ал  қажетті форточколардың жалпы ауданы.

Fф =Fп *0,04=0,2 м2

 

4.4 Зиянды сәулелену және одан қорғану жолдары

 

Қоршаған ортаның сәулелен – сырқы сәуле көзінің әсерінен, немесе организмнің іші арқылы және аралас жағдайда әсер етуі мүмкін. Әрине, өндірісте мүмкіндігінше сәуле көздері жабық жағдайда пайдаланылады. Оған қоса, радиоактивті заттармен жұмыс жасағанда төмендегідей талаптар орындалуы тиіс:

  • радиоактивті сәуле көздері қоршаланып қойылады;
  • сәулені жерге немесе адам жоқ жаққа бағыттау керек;
  • сәуле көзін адамнан қашық жерге орналастыру керек;
  • сәуле жанында адамдардың көп жүремеуін қадағалау керек;
  • сәуледен қорғадыратын экрандарды пайдаланған дұрыс.

Мұндай жұмыстарға жасы 18-ден асқан адамдар дәрігерлік байқаудан өткеннен кейін жіберіледі. Жүкті әйел ондай жұмыстардан босатылады.

Осы айтылған сәулелер – иондандыратын сәулелер, яғни зарядталған атомдарды пайда ететін сәулелер деп аталады. Ондай сәулелерге: космостық сәулелер, ядорлық реакторлар, рентген қондырғылары, сондай-ақ бөлшектерді дефектоскопия мен түрлі автоматтандырылған қондырғылар шығаратын сәулелер жатады. Сондықтан ондай жерлерде жұмыс істегенде арнайы киімдер мен қорғану құралдары пайдалануы тиіс.

Кәдімгі люминесцентті лампалар сынап болғандықтан, олардың жарамсыздарын сындырып, шұқырға көму қажет. Теледидар, радио, термоэлектро өңдеу жасайтын қондырылған да инфақызыл және ультракүлгін сәулелер шығарады. Оның электромагнитті өрісі адам организміне зиянды әсер етеді. Олардан қорғану үшін түрлі экрандар пайдалану қажет.

 

4.5 ЭЕМ пайдаланудағы қауіпсіздік талаптары

ЭЕМ құрылысына қойылатын талаптар

 

Микро және дербес ЭЕМ-дер, сол сияқты оларды қолданушы жүйелер, әлеуметтік эргономикалық және жалпы техникалық талаптарға жауап беру қажет. Әлеуметтік талаптар белгілі бір ЭЕМ типтерін жасауды қамтамасыз етеді, ол бүкіл қоғамның ғана емес, жеке қолданушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын болуы керек. Ал олардың жасалуы тек ғана техникалық – эргономикалық параметрін есепке алып жоспарланып қана қоймайды, сонымен қатар олардың әлеуметтік тиімділігі есепке алынады. Оның басты  қызметі еңбекті адамның ең қажетті объектісіне айналдыру, өндірістік ең басты күші адамның дамуымен сәйкес болуы қажет. Біріншіден, микро және дербес ЭЕМ-дерді енгізу, еңбекті жеңілдеткенімен жұмыстың қызықтыруын             және жұмыстың жемісті болу шарттарын туғызбайды.

Екіншіден, ЭЕМ-ді жалпы түрде қолдану адам қабілетінің құрылысына белгілі бір өзгерістер енгізеді: ДЭЕМ өзімен байланысты адамдардың барлығын тәртіпке және ретке  сонымен қатар оның шешімдерінің барлық тізбегінің орындалуын қадағалайды: ДЭЕМ оқу материалдарын жақсы меңгеріп қоймайды, сонымен қатар үй тапсырмаларының қысқартылуына немесе оның алып тасталуына мүмкіндік береді. Компьютерлердің әлеуметтік талаптарының негізгі, микро және ДЭЕМ – дер типтерінің номенклатурасын қоюды эстетикалық және эргономикалық талаптарға сәйкес болуы қажет.

 

4.5.1 ЭЕМ-дегі оператор жұмысының қауіпсіздік талаптары

 

ЭЕМ оперторы ретінде жасы 18-ге толған, электр құрылғыларды пайдаланудың техникалық тәртібін меңгерген техника қауіпсіздігі ережелері бойынша емтихан тапсырған, жұмыс орындарында нұсқаудан өткен, дәрігерлік байқаудан өткен, мамандығы бойынша орындалатын жұмыстардың қауіпсіз тәсілін меңгерген адамдар істей алады. ЭЕМ-де және ЭЕМ құрамына кіретін қосымша құрылғылармен жұмыс жасау кезінде төмендегідей қауіпті және жағымсыз факторлардың шығуы мүмкін.

Информация о работе “Каспийскии” банкі акционерлік қоғамының