“Каспийскии” банкі акционерлік қоғамының

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2015 в 14:53, курсовая работа

Краткое описание

Ақпараттың жиналуының, өндірудің және таралуының (ауыстырудың) есебі адамзат алдында оның қалыптасуының барлық кезеңдері алдында тұрды. Көп уақыт бойы оны шешудің негізгі құралдары адамның миы, тілі және естуі болды. Бірінші тібегейлі өзгеріс жазу түрі келгеннен бастап, ал содан кейін кітапжазулықты жасап шығарумен пайда болды. Түбірлі қалып электронды есептеуіш машиналары (ЭЕМ) пайда болғаннан бастап өзгерді. Негізінде бөлек есептерді шешу үшін ЭЕМ қолданудан бастап ақпаратты өндіру бойынша адам қызметінің сол не басқа аяқталған бөлшектерін комплекстік түрде автоматтау үшін олардың қолдануына келген кезде жаңа қадам жасалды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Текст.doc

— 556.50 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

Ақпараттың жиналуының, өндірудің және таралуының (ауыстырудың) есебі адамзат алдында оның қалыптасуының барлық кезеңдері алдында тұрды. Көп уақыт бойы оны шешудің негізгі құралдары адамның миы, тілі және естуі болды. Бірінші тібегейлі өзгеріс жазу түрі келгеннен бастап, ал содан кейін кітапжазулықты жасап шығарумен пайда болды. Түбірлі қалып электронды есептеуіш машиналары (ЭЕМ) пайда болғаннан бастап өзгерді. Негізінде бөлек есептерді шешу үшін ЭЕМ қолданудан бастап ақпаратты өндіру бойынша адам қызметінің сол не басқа аяқталған бөлшектерін комплекстік түрде автоматтау үшін олардың қолдануына келген кезде жаңа қадам жасалды.     

Осыған ұқсас ЭЕМ жүйелік қолдану мысалдарының бірі дүниелік тәжірибеде берілгендерді өндірудің административті жүйелері деп аталды: банктік операцияларды, бухгалтерлік есепті, билеттерді тіркеу мен резервтеуді және т.б. автоматтау. Ұқсас түрдегі жүйелердің тиімділігі үшін шешуші мәнінің, олар автоматталған ақпараттық базаларға сүйену жағдайы бар. Бұл ЭЕМ жадысында әрдайым жүйе көзделген есептерді шешу үшін қажет ақпарат сақталатыны деген сөз. Ол сәйкес жүйенің ақпараттық базасының құрмын құрайды. 

Ақша, несие және банктер қазіргі заманғы цивлизацияның бөлінбейтін атрибуты болып табылады. Олардың жүргізетін іс-әрекеттері қоғамдық өнімдегі өндірісті, бөлуді, айырбасты және тұтынуды үзіліссіз процесске біріктіруге көмекетеседі. Бұл атрибуттардың қолданылуысыз ешқандай шаруашылық субьектісі жүзеге асырылмайды. Кез-келген жағдайда әрбір адам банктік қызметтерге жүгінеді. Уақытша қолданылмайтын қаражат құралдарын жинай отырып, банктер оларды жергілікті мекендер мен салалар, мекемелер мен халықтың арасында бөліп отырады және қоғам байлығын көбейту үшін қойма құра отырып, экономиканы қосымша капитал мен “энергетикалық” ресурстармен толықтырып отырады.

Ақша және несие күрделі, өйткені олар күрделі экономикалық байланыстарды туындатады, айырбас процессін жеңілдетеді және өнім қозғалысының жолында белгілі бір мүмкіндіктерді құрады.

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы “Банк несие бөлімінің ақпараттық жүйесі. Тұтынушылық несиелендіру бөлімінің ішкі жүйесін құру («Каспий» банкі акционерлік қоғамының мысалында)”. Бұл тақырып шаруашылықтағы экономикалық қатынастардың белгілі бір көрінісі ролін атқаратын болғандықтан мен осы жұмысты жүзеге асыруға өз мойныма алдым. Берілген тақырып ерекше экономикалық қатынастарға, сонымен қатар банктерге, бұл банктердің нарықтық экономикаға көшу шарттарындағы ролі және іс-әрекеттеріне арналған.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – банк қызметкерінің жұмыс процессін автоматтандырады, яғни тұтынушылық несие бөлімінің  ішкі жүйесінің жұмысына жаңа ақпараттық технологияларды қолдану.

Міндеті–ақпараттық жүйені құру және төмендегі функцияларды орындау:

- деректер қорына әрбір клиентті  тіркеу және енгізу;

- жүргізілген оперциялар жөнінде түбіртекті шығару және т.б.

Ақша, несие және банктер бүгін пайда болған жоқ, бұл атрибуттар қоғамдық өсудің ұзақ мерзімді өнімі ролінің қызметін атқарады. Әрбір тарих үзіндісінде экономикалық қатынастардағы ақша, несие және банктердің ролі әртүрлі қарастырылған.

Ақша, несие және банктер туралы ғылым-экономикалық қатынастардағы экономикалық білімнің фундаменті болып табылады. Бұл ғылым банктік мамандықтың негізін құрайды.          

      

 

 

 

 

 

I. Жалпы бөлім

1  “Каспийскии” банкі акционерлік қоғамының

Қызылорда қаласындағы филиалының атқаратын негізгі функциялары

1.1 Ақпараттық технология және техника

 

Ақпараттық технология  - ЭЕМ – нiң көмегiмен ақпаратты жинау, енгiзу, сұрыптау, iздеу реттеу, өзгерту және өңдеу жұмыстарының тiзбегi. Ақпараттық техналогия өндiрiстiк технологиядан айырмашылығы оны адамның қатысуынсыз роботтар iске асыратын үздiксiз процесске айналдыруға болмайды. Өйткенi ол құжаттың   көшiрмесiн ал, есепке енгiзу, есеп шығару секiлдi жұмыстармен қатар шығармашылық iзденiстi талап ететiн шешiмдер қабылдау, мәселенi жүргiзу жолын өзгерту, бiрнеше мүмкiндiктердi салыстыра отырып, олардың iшiнен ең тиiмдiсiн iрiктеп алу сияқты таңдау жұмыстарын кеңiнен жүргiзумен өте тығыз байланысты болады. Сондықтан ақпараттық технология “адамдық факторға ” үлкен көңiл бөледi және оның шеберлiк деңгейiнiң өсуiне әсер етедi.

Қазiргi кезде ақпараттық технология ұғымын мәлiметтер өңдеуге байланысты үш түрге жiктеуге болады, олар: есепке алу, талдау және шешiм қабылдау. Осы уақытқа дейiн бұл жұмыстар адамның басқаруымен қағазға жазылған құжатты өңдеу түрiнде өтетiн, ал ендi басқару, ұйымдастыру жұмыстарын ЭЕМ-нің көмегiмен автоматты түрде атқару жаңа ақпараттық технологияның тууына себепшi болды. Бұл жаңа технологияның бұрынғы технологиядан (құжатты машинкадан басу, байланысты телефонмен жүргiзу, сөздi диктафонға жазу) айырмашылығы – тiзбектеле орналасқан  ақпараттық техника, жылы жүздi бағдарламалық жасақ және дамыған компьютерлiк байланысты кеңiнен қолдану. Сонымен жаңа ақпараттық  технология төмендегi мынадай мүмкiндiктердi орындауы тиiс:

  • әрбiр адам мәлiметтердi дұрыс орналастыра бiлуi (бағдарламалау емес) керек;
  • мәлiметтi өңдеу барысында оларды өрнектеу, сақтау, iздеу, бейнелеу және өзгерiстен қорғаудың бiрыңғай үлгiсiне келтiрiп, жинақталған мәлiметтер қоймасын пайдаланатын ақпараттық қолғабыс көрсету;
  • кез келген құжатты қағазсыз өңдеу iсiн ұйымдастыру, мұнда қағазға құжаттың ең соңғы нұсқасы ғана түсiрiледi, ал басқалары электрондық машинаның мәлiмет жинақтағыштарында (дискiлер) сақталады да экранда көрсетiледi;
  • адам үшiн көптеген жеңiлдiктерi бар есептi шығарудың сұхбаттасу режимiн (интерактивтi режим) жүргiзу;
  • бiр – бiрiмен байланысқан ЭЕМ – дердi пайдалана  отырып, құжатты ұжымдық түрде даярлау;
  • есептi шығару барысында мәлiметтердi бейнелеу тәсiлiн жылдам өзгерту мүмкiндiгi болу.

Бұл күндердi жаңа ақпараттық технология информатиканың негiзгi бiр саласы болып табылады, оның болашақ басқа салаларда iстейтiн мамандар жұмысына тигiзетiн әсерi зор болады деп күтiлуде. Ақпараттық техника – ақпаратты өңдеуге керектi техникалық аспаптар жиыны. 1.4 – суретте көрсетiлген алғашқы екi техника  түрi үздiк – үздiк  цифр түрiнде берiлген дискреттi мәлiметтермен жұмыс iстейдi, олар: ЭЕМ – дер үшiн екiлiк сандар, ал телеграфияда – морзе үздiксiз электр сигналы ретiнде берiлетiн мәлiметтердi пайдаланады.

Ақпараттық техника


 


ЭЕМ         Телеграф                  Магниттi жазу                    Теледидар,

радио, телефон

1 – сурет    Ақпараттық   техника  құрамы

Қазiргi кезде кеңiнен қолданатын орындарға мыналарды жатқызуға болады:

  1. еңбек ету аспаптарын басқару, яғни станоктарды, роботтарды, машиналарды басқару;
  2. ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргiзудi автоматтандыру:
  3. ЭЕМ – дердi халық шаруашылығындағы  экономикалық ұйымдастыру, басқару жұмыстарын пайдалану;
  4. ЭЕМ – дердi оқыту және халық шаруашылығына керектi мамандар даярлауға қолдану;
  5. ЭЕМ – дердi халыққа ақпараттық қызмет көрсетуге пайдалану (медицина, сауда, тұрмыс қажеттi өтеу, энергетика т. б.)

Информатиканың дамуы елдiң экономикалық құрылымының және еңбек өнiмдiлiгiнiң өсу деңгейiн көрсетедi, сол себептi ол елдiң экономикалық қуаттылығының көрсеткiшi бола алады.

 

1.2 Коммерциялық банкілік жүйенің түсінігі және негізгі элементтері

 

Қазіргі заманғы ғылымдарда “жүйе” түсінігі өте көп қолданыс табуда. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, жүйелік талдау-қазіргі заманғы ой-сананың маңызды белгісі болып табылады. “Жүйе” түсінігін тек ғалымдар ғана емес, сонымен қатар философтар, мәдениет пен өнер адамдары, өндіріс және банк жұмыстарын ұйымдастырушылар қолданады.      

“Жүйе” (“жүйе” грек тілінің systeme-бөліктерден құралған бүтін, бірігу деген мағынаны береді) түсінігінің нақты анықтамасы жоқ. Жалпы жүйе дегеніміз-белгілі бір обьектінің құрамы. “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы” (1995ж.) бойынша банкілік жүйе екі деңгейге - орталық банк және коммерциялық банк болып бөлінеді.

“Жүйе” және “банкілік жүйе” терминдері банк құрылымын анықтап қана қоймайды. Мазмұны бойынша “банкілік жүйе” түсінігі өте кең, яғни:

  • элементтерінің жиынтығы;
  • белгілі бір бүтінділікті сақтайтын элеметтердің бар болуы;
  • элементтердің өзара әрекеттілігі;

Банкілік жүйе қандай қасиеттерімен және белгілерімен сипатталады екен? Ең алдымен банкілік жүйе элементтердің кездейсоқ жиынтығы емес. Осы аталған жүйеге басқа мақсаттарды көздейтін, бірақ нарықта әрекет ететін субьектілерді механикалық түрде қосуға болмайды.

Мысалы, нарықта сауда жүйесі, транспорт және байланыс жүйесі, заң шығарушы және орындаушы билік және т.б. әрекет етеді делік. Осы берілген және т.б. жүйелердің өзіндік тағайындалымы болады. Олар бір-бірімен байланысты, бірақ олардың өзіндік әртүрлі бағыттары болады. Банкілік жүйеге басқа әрекеттерді орындайтын өндірістік, ауылшаруашылықтық бірліктерді қосуға болмайды. 

Банкілік жүйе мамандандырылған, халық шаруашылығында әрекет ететін басқа жүйелерге қарағанда, өзіне ғана тән қасиеттерді бейнелейді. Банкілік жүйенің саласы банктердің арасында орындалатын жүйенің құрамдық элементтері және қатынастары арқылы анықталады. Банкілік жүйе, ең алдымен құрамдық элемент ролін атқара отырып, қаржы-несиелік институттарды құрайтын банктерді өзіне қосады. Тәжірибе көрсеткендей, банкілік жүйенің бірнеше типтері бар:

  • орталықтан бұйрық арқылы басқарылатын банкілік жүйе;
  • нарықтық банкілік жүйе;
  • өтпелі кезең уақытындағы банкілік жүйе;    

Орталықтан бұйрық арқылы басқарылатын банкілік жүйеге қарағанда нарықтық түрдегі банкілік жүйеде банкке қатысты монополия жоқ. Нарық шаруашылығында көптеген банктер әрекет етеді. Олардың арасында эммисиялық және несиелік функциялар өзара бөлінеді. Эммисия Орталық банкте жүргізіледі. Ал, мекемелер мен халықты несиелендірумен әртүрлі – коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық, жинақтаушы және т.б. банктер айналысады. Коммерциялық банктер мемлекеттердің міндеттеріне жауап бермейді, сол сияқты мемлекет те коммерциялық банк жұмысына жауап бермейді; коммерциялық банктер акционерлердің шешімдеріне бағынады.

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі банкілік жүйесі өтпелі кезеңді сипаттайды. Бұл банкілік жүйе нарықтық модельдегі сияқты екіге бөлінеді: бірінші топты айналдыру (эммисия) үшін ақша шығаруды жүзеге асыратын Орталық банк құрайды. Орталық банк міндеті-теңге тұрақтылығын қамтамасыз ету және коммерциялық банктердің іс-әрекеттерін қадағалау. Ал екінші топты әртүрлі коммерциялық банктер құрайды, яғни олардың міндеттері-клиенттерге (мекемелерге, ұйымдарға, халыққа) қызмет ету, оларға әртүрлі қызметтер көрсету (несиелендіру, есептесу, кассалық, салымдық, валюталық және т.б. операцияларды жүргізу).

Банкілік жүйе түрлі бөліктерден құралған бір бүтін сияқты қарастырылады. Бұл дегеніміз-жүйені құрайтын бөлшектер (яғни, әртүрлі банкілер) бір-бірімен тығыз байланысты, яғни бөлшекті құрайтын банкінің біреуі жойылған (ликвидация) уақытта, басқа банкі оның орнын басады немесе банкілік операциялар мен қызметтерді көрсететін жаңадан банк пайда болады.

Теориялық түрдегі болжамдарға сүйенсек, банкілік жүйедегі негізгі құрама бөлік – орталық банк жойылғанда да банкілік жүйе тоқтатылмайды, белгілі бір уақыт аралығында коммерциялық банктер қолда бар шығарылған төлемдер құралдарымен қызметтер көрсете береді-несиелер береді, басқа да банкілік немесе банкілік емес операцияларды жүргізе береді. Кейбір мемлекеттердің тарихында мынадай да мысал болған-эммисиялық операцияларды тек орталық банк қана жүргізіп қоймай, сонымен қатар, ол операцияларды коммерциялық банктер де жүргізе білген.

Банкілік жүйе статикалық жағдайда болмайды, ол үнемі динамика жағдайында болады. Осы жерде екі уақыт кезеңі ерекшеленеді.

Біріншіден, бүтіндік қасиетке ие банкілік жүйе үнемі қозғалыста, бұл жүйеге жаңадан компоненттер қосылып отырады, жүйе дамып отырады. Мысалы, осыдан ертерек Қазақстан Республикасында муниципалды (жергілікті) банктер болмаған, қазір мұндай банкілер ірі экономикалық орталық қатарын құрап отыр.

Екіншіден, банкілік жүйенің ішінде үнемі жаңа байланыстар орнатылып отыр. Өзара әрекет байланыстар орталық банк пен коммерциялық банктердің арасында туындап отырады. Банктер банкаралық несиелер нарығына қатысады, олар бір-бірінен қаржы-қаражаттық ресурстарды сатып алып отырады.

Банкілік жүйе “жабық” типті жүйе болып табылады. Бұл түсінікті тура мағынада түсінудің қажеті жоқ, өйткені ол сыртқы ортамен, басқа жүйемен байланысып отырады. Сонымен қатар, өзінің қасиеттеріне тән жаңа элементтермен толықтырылып отырады. Бірақ банкаралық ақпаратпен алмасуға, орталық банк шығаратын арнайы статистикалық жинақтарға, ақпараттық анықтамаларға, бюлеттеньдерге қарамастан ол “жабық” типті жүйе, өйткені банкілік “құпия” түсінігі бар. Заң бойынша банктердің қаражат құралдарының қалдықтары, оларды қозғалысы туралы ақпарат беруге құқығы жоқ.

Банкілік жүйе-“өздігінен ұйымдастырылып, құрылатын” жүйе болып табылады, экономикалық коньюнктура және саясаттық жағдай өзгерген уақытта банк саясаты автоматты түрде өзгереді.

Экономикалық құлдырау және саясаттық тұрақсыздық кезеңінде банкілік жүйе өндірістегі ұзақ мерзімдік инвестицияларды қысқартады, несиелендіру мерзімін қысқартады және т.б. Керісінше, экономикалық және тұрақтылық кезеңінде мекемелердің негізгі өндірістік әрекеттерінің дамуына үлкен ықпалын тигізеді, шаруашылық аспектілерін ұзақ мерзімді несиелендіруге де дайын болады, ал өз пайдаларын түсіп отырған проценттерден де көреді. Экономикалық құлдыраулардан кейін маңызды іс-шаралар қабылдамаған, қызмет істеуге талпынбаған банктер қиын экономикалық жағдайда қалып қояды-клиенттерді жоғалтып алады, үлкен шығындарға ұшырайды, ең аяғында жойылып кетеді.

Информация о работе “Каспийскии” банкі акционерлік қоғамының