Дербес компьтердің Жүйелік блок

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2012 в 13:48, реферат

Краткое описание

Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды – бұлар монитор, жүйелік блок пен пернетақта. Өйткені компьютер оларсыз жұмыс істемейді. Басқа құрылғыларда пайдалы міндеттер атқарады, бірақ оларсыз да жұмыс істей алады.

Содержание

1. КІРІСПЕ
2. ДЕРБЕС КОМПЬТЕРДІҢ ЖҮЙЕЛІК БЛОК
3. ЖҮЙЕЛІК БЛОК
4. АНАЛЫҚ ТАҚШАНЫ ОРНАТУ
5. ЖЕДЕЛ ЖАД
7. Қолданылған әдебиеттер:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дербес компьтердің Жүйелік блок.doc

— 3.30 Мб (Скачать документ)


 

1.      Кіріспе

2.      Дербес компьтердің Жүйелік блок

3.      Жүйелік блок

4.      АНАЛЫҚ ТАҚШАНЫ ОРНАТУ

5.      ЖЕДЕЛ ЖАД

    7. Қолданылған әдебиеттер:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дербес компьтердің Жүйелік блок

 

Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды – бұлар монитор, жүйелік блок пен пернетақта. Өйткені компьютер оларсыз жұмыс істемейді. Басқа құрылғыларда пайдалы міндеттер атқарады, бірақ оларсыз да жұмыс істей алады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1-сурет. Компьютердің жүйелік блок схемасы

 

 

Жүйелік блок

Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған, олар деректерді өңдейді, блоктың ток көзіне қосылуын, қосымша құрылғыларды қосуды қамтамассыз етеді. Жүйелік блок ішкі құрылысын білу үшін, оның ішін ашу керек. Жүйелік блоктың әр түрлі типтері үшін конструкциясында айырмашылықтар бар. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында: компьютерді қосу/өшіру батырмасы, дискжетек, компакт дик оқитын CD-ROM орналасқан. 

1.2-сурет. ЖБ-ның ішкі құрылысы
 

              Жүйелік блоктардың түрлері: үстелге қоятын немесе мұнара тәрізді етіп шығарылады.

1.3-сурет. Үстелге қоятын ЖБ.

1.4-сурет. Мұнара тәріздес ЖБ.

 

              Жүйелік блоктың ішінде аналық тақташа, процессор, қоректендіру блогы, жедел жад (RAM), қатқыл диск, бейнетақша, дыбыстақшасы, дискжетек, CD-ROM орналасқан.

 

АНАЛЫҚ ТАҚША(MotherBoard)

 

Аналық тақшада орналасқан жүйелер

 

Аналық тақшада:

•          Микропроцессор

•          Математикалық бірлескен процессор

•          Блоктар (кішігірім схемалар), тұрақты жады және

  кэш жады

•          Таймер

•          Еңгізу-шығару порттарының бақылаушысы

•          Бейнетақша

•           

              Аналық тақша – дербес компьютердің ең үлкен тақшасы. Аналық тақшада процессор мен оперативті жадты байланыстыратын ақпараттық кеңарна – шина орналасады.

              Аналық тақшаның шинасы компьютердің басқа да ішкі құрылғыларын өзара байланыстырып тұрады. Аналық тақшаның жұмысын микропроцессордың микросхемалар жиынтығы – чипсет басқарып отырады.

Құрылғының атауы ағылшынша motherboard (mother – ана, board – тақта)деген сөзден бастау алады. Кейде қысқаша MB немесе  mainboard – негізгі(жүйелік) тақша деп те аталады.

              Аналық тақшада чипсеттен басқа орталық процессорды, графикалық тақшаны, дыбыстық тақшаны, қатқыл дискіні, оперативті жадты және басқа да құрылғыларды жалғайтын қосқыштар орналасады.

 

Аналық тақшаның түрлері

1.5-сурет. АНАЛЫҚ ТАҚША (МАТЕРИНСКАЯ ПЛАТА)

 

АНАЛЫҚ ТАҚШАНЫ ОРНАТУ

1. Стол үстін газетпен жабыңыз және оған ашық корпусты қойыңыз.

Сізге аналық тақша бекітілетін пласмассалық тұрақтар және винттарға арналған тесіктері анық көрінуі керек. Компьютерді сатып алғанда беретін ережені оқып шығыңыз.

2. Анылық тақшаны шетінен ұстап тұрып оны корпустың ішіне қойыңыз және орнын түзулеңіз.

Барлық электрлік компоненттер (процессор ұясы, жады ұясы және құрылғылар слоты) монтажды тақшаның жоғарғы бөлігінде орналасуы керек; тақшаның төменгі бөлігінде ешқандай компонент болмауы керек. Тақшаны дұрыстап қою үшін қақпақтағы құрылғыларға арналған слоттар корпустың соңғы бөлігінде орналасқан бөлігімен сәйкес болуы керек. Ол 2-суретте көрсетілген.

1.6-сурет. Аналық тақшаны корпус қақпағында орналасқан слоттармен сәйкестендіре орнату

      3. Корпус қақпағы мен аналық тақшаның тесіктері сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз.

      Көптеген корпустарда тақшаны бекіту үшін екі немесе үш винттарды қоланады, ал қалған жерлері басқарылатын пласмассалы құралдармен бекітіледі.

       4. Корпустан аналық тақшаны алыңыз тесіктерге (аналық тақшадағы) сәйкес болатын басқарылатын пласмассалық құралдарды қойыңыз.

       1.6-суретте  тақшаның төменгі жағынан тесіктерге басқарылатын құралдарды бекіту көрсетілген, шерткенде басқару құралдары өз орнында нық тұруы керек.

 

1.7-сурет

 

 

Чипсет

Чипсет – процессорды оперативті жадпен және басқа да ішкі құрылғылармен байланыстыра отырып, оның жұмысын басқаратын аналық тақшаның микросхемалар жиынтығы

Бұрынғы компьютерлердің аналық тақшасында 200-ге жуық микросхемалар орналасатын. Қазіргі компьютерлерде екі негізгі чипсет микросхемасы орналасады:

Жад контроллері немесе Солтүстік көпір (North Bridge), процессордың жадпен және бейненің қосалқы жүйесімен жұмысын қамтамасыз етеді

енгізу-шығару контроллері немесе Оңтүстік көпір (South Bridge), сыртқы құрылғылармен жұмысты қамтамасыз етеді.

Солтүстік және оңтүстік көпірлер екеуі екі микросхемада орналасады. Аналық тақшаның техникалық мүмкіндігі осы екі көпірге байланысты болады. Екі көпірдің техникалық сипаттамаларына қарап аналық тақшаға қандай құрылғыларды қосып-қоспауға болатындығын шешуге болады.

 

1.8-сурет. Чипсет

Іntel PENTIUM процессоры

 

Процессор – компьютердің ең басты бөлігі. Ол компьютердің миы. Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және программалардағы барлық командаларды орындайды.

Қазіргі кезде ең көп таралған процессор PENTIUM «Пентиум» деп аталады, сондықтан мұндай процессор орнатылған компьютерлер  ПЕНТИУМ  деп те аталады. Оның жылдам әрекеттілігі жиілікпен өлшенеді. Жиілігі жоғарылаған сайын компьютер жақсырақ болады. Процессордың басқа да маңызды сипаттамалары бар – ол ядросының түрі мен оның жасалу технологиясы, жүйелік шинаның жиілігі.

Ең танымал процессорларды Intel және AMD фирмалары жасап шығарады.

Процессордың «туа біткеннен» білетін құрылғысы оперативті жад болып табылады. Ол онымен қосарланып жұмыс істейді. Оперативті жадтағы мәліметтер процессордың ұяшықтарына (регистрларға) көшіріліп, кейін берілген командаларға (программаға) сәйкес өзгеріп отырады.

 

1.9-сурет. Іntel PENTIUM Core2Quad – 2 ядрлы процессор

 

              Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасы – микропрцессор атқарады.

Микропроцессор – Дербес компьютердің орталық блогы, ол барлық машина блогының жұмыс жасауын және ақпараттың арифметикалық және логикалық операцияларының орындалуын басқарады.

Қазіргі кезде ең көп таралған

 

1.10-сурет. Процессордың микросхемасы (микропроцессор).

 

Микропроцессордың ішіне кіреді:

1.      Басқару құрылғысы - барлық машина блоктарына қажетті уақытта басқару сигналдарын жеткізіп

отырады.

2.      Арифметика-логикалық құрылғысы - сандық және символдық ақпараттардың барлық арифметикалық

және логикалық операцияларын орындап отырады.

3.      Микропроцессорлық жад – қысқа уақытты ақпараттарға арналған.

4.      Микропроцессордын интерфейстік жүйесі – басқа ДК құрылғыларымен байланыстырады

 

ЖЕДЕЛ ЖАД

Жедел жад – бұл компьютердің ішкі жады (ОЖҚ). Жедел жад қажет ақпараттарды жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшіршсе, онда бақлық ақпараттар жойылады. Жедел жадта қазір орындалып жатқан барлық программалар болады.

1.11-сурет. RAM

 

              Компьютердің ішкі жадының екі түрі бар: тұрақты есте сақтау жады (ПЗУ(ROM)) және оперативті есте сақтау жады (ОЗУ(RAM)).

Тұрақты жад(ПЗУ(ROM)) - яғни бұл ішкі жадын оны компьютердің ішіне құрастырушы фирма орнатады. Операциялық жүйе жүктелер алдында ақпараттарды тұрақты жадтан алады.

              Жедел жад (ОЗУ(RAM)) – ақпаратты уақытша сақтауға арналған жад. Жедел жадтың көлемі шекті, сондықтан жедел жадтан ақпараттарды сырт жадқа көшіріп алу керек.

              Жедел жадтың негізгі сипаттамасы – оның сиымдылығы мен жылдамдығы.

              Процессор мен жедел жад компьютердің негізгі құрылғылары. Компьютер жақсы жұмыс істеу үшін осылардың өзі ақ жеткілікті.

 

Бейнетақша

 

Бейнетақша графикалық карта, видеокарта) – процессордан немесе оперативті жадтан мониторға келіп түсетін ақпаратты өңдеу үшін қолданылатын ішкі құрылғы. Аналық тақша қосқыштарының біріне орнатылады.

Алғашқы дербес компьютерлерде видеоадаптерлер болған жоқ. Оның орнына оперативті жадта видеодеректерді сақтау үшін кішкене ғана аймақ бөлінетін.

Қазіргі видеоадаптерлердің өз есептегіш процессорлары (видеопроцессор) болады.

Аналық тақшаның кейбір модельдерінде видеоадаптердің қызметін чипсеттің арнайы микросхемалары атқарады. Бұндай видеоадаптерлерді аналық тақшамен біріктірілген дейді. Ал егер видеодаптер бөлек құрылғы ретінде орналасса, оны видеокарта дейді.

Видеокартаның қосқышы жүйелік блоктың артқы тақтасына шығып тұрады. Осы қосқышқа монитор жалғанады.

 

Бейнетақша және оның түрлері

 

1.12-сурет. Бейнетақша (Видеокарта(VGA Card ))

қатқыл диск (HDD)

Компьютердегі бағдарламалар мен деректерді ұзақ уақытқа дейін сақтау үшін қатқыл диск немесе винчестер қолданылады. Компьютерді өшіргенде қатқыл дискідегі ақпарат ешқайда жоғалмайды. . Қатқыл диск бір емес, сырты магнитпен қоршалған айналмалы бірнеше дискілерден тұрады. Қатқыл дискінің басты параметрі ретінде оның ақпарат сыйымдылығын айтуға болады. Қатқыл дискідегі ақпарат гигабайтпен (1 гигабайт = 1024 мегабайт) өлшенеді. Қазіргі қатқыл дисклерге 80-160 гигабайтқа дейін ақпарат сыяды.

Қатқыл дискіге  «винчестер» деген атау әуелі қалжың ретінде берілген болатын, өйткені бұл құрылғының кейбір техникалық сипаттамалары шынында да осы бір американдықтардың танымал мылтығына ұқсас келетін. Кейін бұл атау үйреншікті болып кеткендіктен, винчестер деп тек қана мылтықты емес қатқыл дискіні де атайтын болды.

Қазіргі заманғы компьютерлердің барлығында дерлік ақпаратты сақтау үшін негізгі құрылғы ретінде қатқыл диск қолданылады.

1.13-сурет. HDD

 

Ішкі МОДЕМ (Желілік карта)

Желілік карта (немесе жергілікті желіні байланыстыру картасы,желілік адаптер) - бір ғимаратта немесе бөлмеде орналасқан компьютерлердіөзара байланыстыру үшін қолданылады.

Желілік картаның негізгі параметрі – оның ақпаратты жеткізу жылдамдығы – мегабайт/секундпен өлшенеді.  Желілік картаның орташа жылдамдығы 10 мегабайттан 100 мегабайтқа дейін жетеді.

 

1.14-сурет. Ішкі МОДЕМ

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.      Халықова К.З. Информатиканы оқыту әдiстемесi. Алматы, Бiлiм, 2000, – 196 бет.

2.      Бөрiбаев Б. Информатика жєне компьютер. Алматы, Бiлiм, 1995, – 247 б.

3.      Лапчик М.П. и др. Методика преподавания информатики: Учебное пособие для их педвузов. – М., 2003

4.      Семакин И.Г., Вараксин Г.С. Структурированный конспект базового курса информатики. - М., 2000

5.      Гриншкун В.В. Теория и практика применения иерархических структур в информатизации образования и обучении информатике. // М.: МГПУ, – 2004, 418 с.

 



Информация о работе Дербес компьтердің Жүйелік блок