Әлеуметтік қорғау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 10:28, дипломная работа

Краткое описание

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Адам факторы, адам дамуы – Қазақстан үшін стратегиялық мін¬дет. Адам әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы экономикалық жетістіктер¬ге жетуде негізгі рөл атқарады. Қоғамның барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының өмір сүру деңгейін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының негізгі басымдығы болуы қажет.

Прикрепленные файлы: 1 файл

менім дипломым.doc

— 855.50 Кб (Скачать документ)

 

КІРІСПЕ

 

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституцияда кепілдік берген әлеуметтік құқтарын іске асыру әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің деңгейіне байланысты.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты  халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Адам факторы, адам дамуы – Қазақстан үшін стратегиялық міндет. Адам әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы экономикалық жетістіктерге жетуде негізгі рөл атқарады. Қоғамның барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының өмір сүру деңгейін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының негізгі басымдығы болуы қажет.

Жеке адамның экономикалық тұрғыдан қажетті жағдайда өсіп-өнуі үшін мемлекет барлық жағдайды жасауға  тиіс, бұл өз кезегінде қаржы ресурстарының үйлесімді, тиімді пайдалануын қамтамасыз ету тетіктерін жасауды қажет етеді. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттің, бюджеттен тыс қорлардың, корпорациялардың қаражаттары тартылады.

Халықты әлеуметтік қорғауды жүйесін қамтамасыз етудің әдіснамасын, нысандары мен тәсілдерін ғылыми-баламалы тұжырымдама арқылы әзірлеу Қазақстанның негізгі проблемаларының бірі болып табылады, өйткені оны шешу мемлекеттің келешектегі әлеуметтік қана емес экономикалық  өсуіне де жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін тұрақты қаржы көздерімен қамтамасыз етудің әдіснамалары, зейнетақы қорлары мен міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларының қаржыларын тиімді қолдану проблемалары ғылыми ізденістердің шеңберінен тыс қалып отыр.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін  қаржымен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайда қолданылып жүрген тетіктері тұрақты және тиімді пайдаланылмайды. Халықты әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік және корпоративтік саясаттың жаңа тетіктерін жүйелі түрде әзірлеу  қажет.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін  қамтамасыз етудің бюджеттен  тыс көздерінің маңызы мен тиімділігін, әлеуметтік стандарттарға сай келетін  табыстылығын қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін жоғарылатуға септігін тигізеді.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ететін институттар қызметінің тиімділігін, осы салаға арналған шығындардың, әлеуметтік қызмет көрсетудің толықтылығын бағалау, ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтаудағы әдіснаманы жетілдіру халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржыларын тиімді пайдалануға  жағдай жасайды. 

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мәні қамтамасыз етуді  теориялық және әдіснамалық негізде  талдау, қаржылық  институттардың  тиімділігін анықтау  таңдалып алынған тақырыптың  өзектілігін анықтайды.

Зерттеу объектісі – ретінде дағдарыстан кейінгі Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін және халықтың өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету, әлеуметтік-экономиканың дамуының негізгі ресурстары.

Зерттеу пәніне халықты әлеуметтік қорғау жүйесін алға қарай  жетілдіру, әл-ауқатын арттыру, қаржы ресурстарының қалыптастыру мен оларды тиімді пайдалану.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қамтамасыз етудің теориялық және әдіснамалық негіздерін жүйелі түрде зерттеу, өмір сүру деңгейін арттыру  және қаржымен қамтамасыз етудің тұжырымдамасын жасау болып табылады.

Қойылған  мақсаттарға сәйкес зерттелімде  мынандай міндеттерді шешу қарастырылған:

- халықты  әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен  қамтамасыз етудің теориялық  және әдіснамалық негіздерін  жүйелі түрде зерттеу;

- әлеуметтік  қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз  етудің  тұжырымдамасын әзірлеу; 

- халықты  әлеуметтік қорғау шығындарын қаржыландыруға арналған бюджет қаражаттарының нәтижелілігін талдау;

- міндетті  әлеуметтік сақтандыру институтының  қалыптасуы мен дамуының ұтымды  бағытын анықтау;

- мемлекеттік  емес зейнетақы қорларының халықты  әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудегі атқаратын рөлін талдау;

- әлеуметтік  қорғау жүйесін салықтық реттеуді  жетілдіру жолдарын қарастыру;

-микроқаржыландыру  мен микронесиелеудің халықты  әлеуметтік қорғау жүйесіндегі  алатын орнын анықтау;

-корпоративтік  деңгейдегі халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жасау, халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен  қамтамасыз етудегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің даму бағытын анықтау;

- әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациялардың әлеуметтік  проблемаларды шешуге арналған  қаржы ресурстарының  қалыптасуы мен пайдалану бағыттарын зерттеу;

Зерттеудің  мақсаттары мен міндеттері: Зерттеу мақсаты - халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру аспектілерін теориялық және практикалық негіздеу, оны басқару механизмін дайындау.

Зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттер алға қойылды:

  • халықты әлеуметтік қорғаудың теориялық аспектілерін жалпылап, жүйелеп «әлеуметтік қорғау» ұғымының мәнін ұсыну;
  • экономикалық жүйе ретінде халықты әлеуметтік қорғауды басқару тетігінің ерешелігін анықтау;
  • халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру көздері бойынша әртүрлі елдердің шетелдік тәжірибесін зерттеу;
  • ШҚО-дағы халықтың қазіргі өмір сүру деңгейінің жағдайына, әлеуметтік қорғау құрылымы мен динамикасына талдау жүргізу;
  • жергілікті деңгейде  санаттар бойынша эквивалент шкаласымен  әлеуметтік қорғауды есептеу әдісін ұсыну;
  • барлық көрсеткіштер бойынша мәліметтер алуға бағытталған бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру моделін, халықты әлеуметтік қорғау базасын жетілдіру тарапынан негіздеу.

 

 

 

 

Қайтадан  жазу керек.

 

Құылымын жазу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.  ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ -ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

 

    1. Халықты әлеуметтік  қорғау жүйесінің мәні

Мемлекеттің басты құндылығы  – адам. Сондықтан  халықты әлеуметтік қорғау, қолдау мәселелері әрдайым  мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы бағытта жұмыс жүргізуде.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты  халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Адам факторы, адам дамуы - Қазақстан үшін стратегиялық міндет. Адам әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы экономикалық жетістіктерге жетуде негізгі рөл атқарады. Қоғамның барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының өмір сүру деңгейін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының негізгі басымдығы болуы қажет.

         Жеке адамның экономикалық тұрғыдан қажетті жағдайда өсіп-өнуі үшін мемлекет барлық жағдайды жасауға тиіс, бұл өз кезегінде қаржы ресурстарының үйлесімді, тиімді пайдалануын қамтамасыз ету тетіктерін жасауды қажет етеді.

“Әлеуметтік қорғау“  ұғымы отандық әдебиетте 90 жылдардың басында пайда болды. Бастапқыда бұл түсініктің мағынасы халықтың кейбір санаттарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету деп танылды. “Әлеуметтік қорғау“  ұғымы көбінесе саясаттық мақсатта қолданылып, қоғамдағы мемлекеттің қабылдаған нақты әлеуметтік-экономикалық шешімдеріне сай келмеді. Шет ел сөзінің “social security” аударымы әлеуметтік қорғау емес, әлеуметтік қауіпсіздік деп анықталады.

1980-1990 жылдар аралығында “әлеуметтік қорғау“  ұғымы “әлеуметтік сақтандыру” мен “әлеуметтік қамсыздандыру“ ұғымы ретінде қарастырылып, әлеуметтік, экономикалық өзгерістердің зиянды зардабынан қорғау шаралары деп анықталған. Дегенмен, 90-жылдары бұл ұғымның мағынасы одан әрі қарай дамытылып, оның маңызы өмір деңгейі мен сапасын бір қалыпты ұстау саясатының әдістері мен түрлері деп танылды     [ 1, 216 б.].

Ресейлік профессор  М. Г. Назаров «әлеуметтік қорғау» әлеуметтік топтарға ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін экономикалық, құқықтық, әлеуметтік кепілдіктердің заң жүзінде бекітілген тәртібі, әдістері, нысандары деген анықтама берсе, В.Д. Роик  «Әлеуметтік қорғау  жұмыскерлерді өмір сүру сапасын төмендететін жағымсыз жағдайлардан қорғауда қолданылатын экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, ұйымдастырушылық,  медициналық және техникалық шаралар жиынтығы» деп атап көрсетеді [ 2, 216 б.].

Әлеуметтік қорғау туралы экономист-ғалымдардың әр түрлі  көзқарастарын талдай отырып,  екі  топты бөліп көрсетуге болады:  бір жағынан, әлеуметтік қорғау мұқтаж азаматтарды мемлекет тарапынан қаржылық қолдауды қамтамасыз ететін мемлекеттің әлеуметтік саясаты деп қарастырылса, басқа жағынан әлеуметтік қорғау жеке адамның өзін-өзі әлеуметтік қорғауына, қалыпты өмір сүруіне, рухани дамуына жағдай жасайтын әлеуметтік қатынастар жиынтығы ретінде қарастырылады. Осыған байланысты «Мемлекеттің негізгі мақсаты – біздің халқымыздың әл-ауқатын жақсарту.

 Халқымыздың әл-ауқаты  Қазақстанның экономикасы осы  салаға жұмсалатын қажетті қаражаттарға ие болса ғана жоғарылай түседі. Осы күнге дейін өзімнің жыл сайынғы Қазақстан Халқына жолдауларымда халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған қаражаттардың көлемін ұлғайту жөнінде мәселе қаралады. Адамдардың денсаулығы мен білім деңгейі, өмір сүру, күнкөріс денгейі – бірінші орынға ие» - дей келе, Елбасы экономикалық тұрақсыздық жағдайында әлеуметтік қызметтердің назарсыз қалмайтынын басып айтады [3.]. Халықтың тұрмыс халі мен өмір сүру деңгейінің көтерілуі халықты әлеуметтік қорғаудың басқарудың тиімді жүйесінің қалыптасуына байланысты. Мемлекетке әлеуметтік қатынастар жүйесінде әлеуметтік саясат моделін жасау мен оны іске асыруды маңызды рөл беріледі, оның стратегиялық мақсаттары халықты тиімді жұмыспен қамтуымен қамтамасыз ету, халықтың елеулі өмір сүру деңгейіне қол жеткізу, еңбек, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, еліміздегі демографиялық жағдайды жақсарту аясында азаматтарға конституциялық құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету.

Халықты әлеуметтік қорғаудың басқаруда ең басты орын мелекетке жатады, оның мақсаты жалпы әлеуметтік саясатты құру, қоғамның әлеуметтік мәселелерін реттейтін заңдарды жасау және шығару, қаржылық және ақша-несие саясат құру, мемлекеттік және институттарды қадағау, әлеуметтік сфера, сонымен қатар әлеуметтік инфрақұрылым саласында халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бюджетті жоспарлау [4.]

Бұл әлеуметтік қамтамасыз ету қызметінің қайнар көзі ретінде  арнаулы  әлеуметтік қызметтің аса маңызды басымдық, әрі қоғамды қолдаудың негізгі құралы екенін көрсетеді. Сондықтан, бүкіл қазақстандықтардың толыққанды, сапалы арнаулы әлеуметтік қызметке қол жетімділігін қамтамасыз ету маңызды мәселеге айналып отыр.Сонымен, бүгінгі күндері Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғаудың және халыққа әлеуметтік кепілдік берудің жаңа мехенизмдері қалыптасуда. Республикалық және аймақтық деңгейде, өндіріс ұжымдары мен жеке адам деңгейінде әлеуметтік қрғау мен әлеуметтік кепілдіктер түрлері мен нормаларын анықтау, олардың есептеу-жоспарлау әдістемелерін жетілдіру, заң жүзінде бекіту жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік нормативтер жалпы мемлекет, өндіріс әртүрлі әлеуметтік топтар мен еңбек ұжымдары деңгейінде анықталып, бекітіледі. әлеуметтік нормативтер жүйесін үш салаға бөліп қарастыруға болады:

       1) тұрғындардың барлығына ортақ әлеуметтік- эономикалық кепілдіктер мен әлеуметтік қоғаулар;

       2) қоғамның экономикалық белсенді мүшелеріне, яғни еңбекпен қамтылғандар мен уақытша жұмысыздарға арналған әлеуметтік кепілдіктер мен қоғау шаралары;

        3) қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің мүддесін қорғайтын және оларға белгілі мөлшерде әлеуметтік кепілдік беретін мемлекет шаралары. Нақты алғанда- бұлар: мемлекет тарапынан кепілдік беретін және анықталып, заң жүзінде бекітілетін жалақының, окладтар мен ставкалардың, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдем-төлемдердің шекті (ең төменгі) мөлшерлері. Нарықтық шаруашылық субъектілерінің, әр түрлі әлеуметтік топтардың және қарапайым қоғам мүшелерінің экономикалық және әлеуметтік мүдделерін қорғайтын, оларды қылмыстық элементтерідің озбырлығынан арашалайтын, бюрократиялық кедергілерге тосқауыл қойып, іскерлік пен белсенділікке жол ашатын заңдар жүйесі өткен үш жыл ішінде (2001-2003 жж.) толық жасалып, қабылданған болатын [5, 10 б.].

         Халықты әлеуметтік қорғау - мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең негізгі басым бағыты. Экономикалық нарықтық қатынастар кезеңіне өткенде мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру қажеттілігі туындады. Әлеуметтік саясат аясында халықты, оның ішінде көмекке аса мұқтаж адамдар, асыраушысынан айрылған, мүгедек жандар, жетім балалар әлеуметтік қорғалады. Қазақстан мемлекетінде халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғау мәселесі қазіргі уақытта біршама биік сатыға көтерілді. Дегенмен, қоғамның осал қабатының арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктерінің қанағаттандырылу деңгейі төмен болуы, көрсетіліп жатқан арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы және қолжетімділігі тұрғысынан әлі де болса сын көтермеу мәселесі орын алуда.

         Біріншіден, халықтың әлеуметтік тұрғыда осал қабатының арнаулы әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігінің бірдей болмауы;

          Екіншіден, өмірдің қиын жағдайына тап болған адамның (отбасының) сұраныстары мен қажеттіліктерінің тиісінше анықталмауы;

         Үшіншіден, оңалту мекемелері жүйесі жеткілікті деңгейде дамымауы; болуы және т.б.

Қазақстан Республикасы  Ата Заңында өзін «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп   көрсеткен [6, 136 б.]. Әрине, әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функциясы әлеуметтік қорғау болып табылады. Әлеуметтік қорғау - бұл мұндай қатынастар, яғни оның қамқорлығында индивидтер қоғамдағы өз позицияларын сақтауға мүмкіндіктері болады. Әлеуметтік қорғау-саяси немесе әлеуметтік одақты сақтау функциясы.

Информация о работе Әлеуметтік қорғау жүйесі