Әлеуметтік қорғау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 10:28, дипломная работа

Краткое описание

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Адам факторы, адам дамуы – Қазақстан үшін стратегиялық мін¬дет. Адам әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы экономикалық жетістіктер¬ге жетуде негізгі рөл атқарады. Қоғамның барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының өмір сүру деңгейін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының негізгі басымдығы болуы қажет.

Прикрепленные файлы: 1 файл

менім дипломым.doc

— 855.50 Кб (Скачать документ)

 

    1. Әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржылық  механизмдері

 

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржымен қамтамасыз ету тиімділігі әлеуметтік саясаттың басым бағыттары шеңберінде ғылыми негізделген әдіснаманы және нарықтық механизімдерді әзірлеуді қажет етеді. Халықты әлеуметтік қорғаудың негізділігі мен біріздендірілуі ғылым мен практика тарапынан жеткіліксіз зерттелген. Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің әдіснамасын, нысандары мен тәсілдерін ғылыми-баламалы тұжырымдама арқылы әзірлеу Қазақстанның негізгі проблемаларының бірі болып табылады, өйткені оны шешу мелекеттің келешектегі әлеуметтік қана емес экономикалық өсуіне де жағдай жасайды. Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін тұрақты қаржы көздерімен қамтамасыз етудің әдіснамалары, зейнетақы қорлары мен міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларының қаржыларын тиімді қолдану болып табылады. Жаңадан қалыптасқан үш сатылы әлеуметтік қорғау жүйесі белсенді халықтың еңбекке ынталығын арттыратын, экономиканың дамуына септігін тигізетін әлеуметтік сектордың нәтижелігін бағалайтын арнаулы критерийлерді қарастырады. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржымен қамтамасыз етететін институттар қызметінің тиімділігін, осы салаға арналған шығындардың, әлеуметтік қызмет көрсетудің толықтылығын бағалау, ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтаудағы әдіснаманы жетілдіру халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржыларын тиімді пайдалануға жағдай жасайды [ 15, 614-615 б.].

Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституцияда кепілдік берген әлеуметтік құқтарын іске асыру әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің деңгейіне байланысты. Әлеуметтік қорғауға  қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес азаматтардың қалыпты тіршілік әрекетінің кепілді деңгейін қамтамасыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесі жатады. Әлеуметтік қорғау қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ахуалына, ішкі жалпы өнімнің көлеміне, қордаланған ұлттық байлыққа және оларды бөлудің сипатына, жүйені іске асыру механизмдерінің жұмыс тиімділігіне байланысты. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету тиімділігі әлеуметтік саясаттың басым бағыттары шеңберінде ғылыми негізделген әдіснаманы және нарықтық экономикаға кіріктірілген қаржылық механизмдерді әзірлеуді қажет етеді.

Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің әдіснамасын, нысандары мен тәсілдерін ғылыми-баламалы тұжырымдама арқылы әзірлеу Қазақстанның негізгі проблемаларының бірі болып табылады, өйткені оны шешу мемлекеттің келешектегі әлеуметтік қана емес экономикалық  өсуіне де жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін тұрақты қаржы көздерімен қамтамасыз етудің әдіснамалары, зейнетақы қорлары мен міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларының қаржыларын тиімді қолдану проблемалары ғылыми ізденістердің шеңберінен тыс қалып отыр.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың әлеуметтік проблемаларды шешуге пайдаланатын қаржы ресурстарының тиімділігін қамтамасыз ету арқылы және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін нығайту арқылы әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге болады.

Әлеуметтік қорғаудың  қаржылық тұлғалануы арнаулы ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты  қатынастарда көрінеді, бұл қорлардан халыққа әр түрлі әлеуметтік төлемақылар беріледі.

Әлеуметтік қорғау жүйесінің  негізгі қаржыландыру көзі мен жалпы  реттеушісі мемлекет болып табылады. Заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген  санаттарына мемлекет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі [16,15-18 б.]

Қазақстан Республикасында  халықты әлеуметтік қорғау жүйесін  қаржымен қамтамасыз етудің теориялық  және әдіснамалық негіздерін жүйелі түрде зерттеу және қаржымен қамтамасыз етудің тұжырымдамасын жасау  мәселелелері:

  • халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің теориялық және әдіснамалық негіздерін жүйелі түрде зерттеу;
  • әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің  тұжырымдамасын әзірлеу;
  • халықты әлеуметтік қорғау шығындарын қаржыландыруға арналған бюджет қаражаттарының нәтижелілігін талдау;
  • міндетті әлеуметтік сақтандыру институтының қалыптасуы мен дамуының ұтымды бағытын анықтау;
  • мемлекеттік емес зейнетақы қорларының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудегі атқаратын рөлін талдау;
  • әлеуметтік қорғау жүйесін салықтық реттеуді жетілдіру жолдарын қарастыру;
  • микроқаржыландыру мен микронесиелеудің халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі алатын орнын анықтау;
  • корпоративтік деңгейдегі халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жасау, халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен  қамтамасыз етудегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің даму бағытын анықтау;
  • әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың әлеуметтік мәселелелерді  шешуге арналған қаржы ресурстарының қалыптасуы мен пайдалану бағыттарын зерттеу.

Халықтың әлеуметтік қауіпсіздігіне кепілдік беру мемлекеттік бюджеттің қаражаттарын қолдануды, әлеуметтік сақтандыру жүйесін құруды және азаматтардың өзін - өзі қаржымен қамтамасыз ету жағдайын жақсартуды қажет етеді.  Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі күрделі құрылым, оның iшiне әлеуметтік төлемақылар және әлеуметтік жеңілдік беру сияқты қаржылық институттар кіреді. Бұл қаржылық институттардың да өзіне тән құрылымдары бар. Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз ету осы  қаржылық институттардың етуі арқылы жүргізіледі.

Халықты қызмет әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің ғылыми негізделген анықтамасы берілді. Қаржылық институт ретінде халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету үрдісін ақшалай қатынастарға негізделген арнайы қаржылық тетіктерді қолдана отырып, халыққа әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржы ресурстарын басқару жүйесі деп қарастыруға болады. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етуді талдауға арналған отандық және шетелдік экономистердің іргелі және қолданбалы зерттеулері бар. Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғауды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету және әлеуметтік шығындарды қаржыландыру мемлекеттің саясаты болып табылады.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету тиімділігі әлеуметтік саясаттың басым бағыттары шеңберінде ғылыми негізделген әдіснаманы және нарықтық экономикаға кіріктірілген қаржылық механизмдерді әзірлеуді қажет етеді [17, 25 б.].

Осы қаржы ресурстарының  екі жақты қозғалысының арқасында  халықтың кейбір әлжуаз топтары әр түрлі нысанда әлеуметтік көмек ала алады.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігі бірінші кезекте  қаржы ағындарының толықтылығына, үздіксіздігіне, атаулылығына және әлеуметтік қорғау нысандарының сапасына байланысты. Қаржылық механизм объективтік және субъективтік сипатқа ие.

 

 

 

 

 

 

  1. сызба -Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржылық механизмі



 


 

 





\



 

 



 

 


 

 

 

 




 


 


 



 

 

 

Ескерту мәлімет көзі:құрастырған автор




 

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржылық ресурстарын басқарудың қаржылық механизмін әр түрлі элементтердің блоктарына бөлуге болады: салық мөлшерлемесі,  жан басына шаққандағы қаржылық нормативтер, жан басына шаққандағы табыс, ең төменгі күнкөріс деңгейі, ең төменгі жалақы, бюджеттік кредиттер және т.б.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы ресурстарын басқарудың  механизмін өмір сүру сапасын жоғарылату, кедейлікті төмендету, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу мақсатында пайда болатын қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысандарының, қаржы қорларының қалыптасу мен пайдалану әдістерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

Экономикалық заңдардың талаптарына сай қолданылатындықтан  қаржылық механизм объективтік жағынан сипатталса, екінші жағынан мемлекет тарапынан бекітілуі және дамудың әр сатысына тиісті мақсаттарды шешуге арналғандықтан бұл механизм субъективтік сипатқа ие болады.

Осы қаржылық механизмнің құрылымы бюджеттік, салықтық, кредиттік саясаттың бірлігі ретінде қарастырылады (2 -сызба).

 Қаржылық механизм халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржылық саясатының даму серпінін, осы жүйедегі қаржылық қатынастарды ұйымдастыру ерекшеліктерін көрсете алады.

Халықты әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесінің  қаржылық тұрақтылығын мемлекет, жұмыс берушi мен жұмыскер арасында жауапкершілікті бөлу арқылы қамтамасыз етуге болады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Халықаралық Еңбек  Ұйымының құжаттарында  бекітілген тұжырымдамаға сәйкес  көптеген елдерде халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің басым бағыты міндетті әлеуметтік сақтандыру болып табылады. Ал,   әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмек институттары жұмыссыздарды,  өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен шағын кәсіпорында жұмыс істейтіндерге әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің «беверидждік» моделі мемлекет тарапынан барлығына бірдей әлеуметтік қамсыздандырудың ең төменгі әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етсе, «бисмарктік» модель  жұмыскерлерге әлеуметтік кепілдікті міндетті әлеуметтік сақтандыру арқылы қамтамасыз етеді. Әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің институционалдық нысанына қарай  «беверидждік» немесе «бисмарктік» модельдерді қолданатын елдерді нақты бөліп алу оңай емес [18, 32-35 б.].

 Франция, Германия, Нидерланды елдерінде  халықты әлеуметтік қорғау жүйесін мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландыру деңгейі Испания, Италия және Ұлыбритания елдеріне қарағанда анағұрлым төмен, бірақ олар әлеуметтік қорғаудың жоғары деңгейіне жеткен елдер қатарына жатады. Керісінше, Дания халықты әлеуметтік қорғауға арналған шығындардың 79 пайызын бюджет арқылы қаржыландырады және ол да әлеуметтік қорғаудың жоғары деңгейіне жеткен елдер қатарына жатады.

Демек, халықты әлеуметтік қорғауға арналған шығындардың көлемі экономикалық дамудың деңгейімен емес, үкіметтің саясатымен тығыз байланысты.

Қазақстандағы әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз ету  тұжырымдамасын әзірлеудің негізіне мынандай қағидаттар жатқызылды: Қазақстан нарыққа бағдарланған мемлекет ретінде қоғамның барлық мүшелеріне әлеуметтік тәуекел пайда болған жағдайда ең төменгі әлеуметтік стандарттар шеңберінде залалдарды жабуға кепілдік береді; ынтымақтастық - табыстың әркелкілігі орын алған қоғамда ынтымақтастық қағидаты кедейлерге берілетін атаулы әлеуметтік трансферттердің ІЖӨ-дегі үлесінің жоғарылауын, жалақының деңгейін көбейту арқылы ІЖӨ-нің құрылымының өзгеруін көрсетеді. Тиімділік қағидаты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржылық институттарының трансакциялық шығындарын төмендете отырып, жоғары деңгейде  әлеуметтік төлем алуға жағдай жасауына жол ашады.

Әлеуметтік қорғаудың  экономикалық мақсатын жүзеге асыру  қаржы қорларының  қалыптасуы мен  пайдалануындағы қаржылық қатынастар мен оларға тиесілі қаржылық тұтқаларсыз  мүмкін емес.

Халықты  әлеуметтік  қорғау  жүйесін  қамтамасыз етудің қаржылық тетіктерін құруға жаңа көзқарастарды қалыптастырып,  олар арқылы қаржымен қамтамасыз ету үдерісінде ресурстарының көлемін ұлғайту бағытында жүргізілген кейбір ұсыныстарды жасап шығару мүмкіндігін  алға  тартады.

Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің әдіснамасын, нысандары мен тәсілдерін ғылыми-баламалы тұжырымдама арқылы әзірлеу Қазақстанның негізгі проблемаларының бірі болып табылады, өйткені оны шешу мемлекеттің келешектегі әлеуметтік қана емес экономикалық  өсуіне де жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін тұрақты қаржы көздерімен қамтамасыз етудің әдіснамалары, зейнетақы қорлары мен міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларының қаржыларын тиімді қолдану проблемалары ғылыми ізденістердің шеңберінен тыс қалып отыр.

Әлеуметтік сақтандыру келешекте әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің негізгі көзі болады, сақтандыру сыйақыларының сақтық төлемдеріне  сай болуы, резервтерді капиталдандыру осы қаржылық институттың дамуына  септігін тигізеді.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың бұл мэселелерді шешуге пайдаланатын ресурстарының тиімділігін қамтамасыз ету арқылы және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін нығайту арқылы әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге болады.        Корпорацияларды әлеуметтік қызмет көрсетуге міндетті түрде тарту үрдісі дамып келеді, бұл өз кезегінде халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне қосымша қаражаттарды жұмылдыруға жағдай жасайды. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің экономикалық тиімділігін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеулер әлеуметтік көмек алушылардың ішіндегі кедейлердің үлес салмағының және әлеуметтік трансферттердегі атаулы әлеуметтік көмектің үлес салмағының төмендігін көрсетті. Бұл өз кезегінде бюджет қаражаттарының тиімді пайдаланылмайтығын дәлелдейді.

Информация о работе Әлеуметтік қорғау жүйесі