Әлеуметтік қорғау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 10:28, дипломная работа

Краткое описание

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Адам факторы, адам дамуы – Қазақстан үшін стратегиялық мін¬дет. Адам әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы экономикалық жетістіктер¬ге жетуде негізгі рөл атқарады. Қоғамның барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының өмір сүру деңгейін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының негізгі басымдығы болуы қажет.

Прикрепленные файлы: 1 файл

менім дипломым.doc

— 855.50 Кб (Скачать документ)

        2008 жылы бұндай бағдарламаларды жүзеге асыруға 930,8 млн рубль. зейнетақылық жүйеден алынған болатын. Бұның 583,1 млн. рубль. ананы қорғау базасына қолданылған болатын және 347,7 млн. рубль зейнеткерлерге үйде әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалған болатын.  2008 жылы сақтандыру зейнетақысы 7,5 пайызға ұлғайған. 2009 жылдан бастап зейнетақымен қамтамасыз ету индексациясы төрт есе ұлғайған. Осыған орай орташа сақтандыру зейнетақы мөлшері 6280 рубьлді құрайды. 2010 жылы орташа зейнетақы мөлшері біршама ұлғаяды. 2010 жылы қартаю бойынша берілетін орташа зейнетақы мөлшері 8408 рубльді құрайды. Ұлы отан соғысана қатысқандардың зейнетақы мөлшері 2010 жылы 20 мың рубьлді құрайды. Сонымен қатар әлеуметтік қорғау жүйесімен бірге әлеуметтік сақтандырудың маңызы зор.

         Халықты әлеуметтік қорғаудың түрі - соның ішінде әлеуметтік сақтандыру жүйесі. Әлеуметтік сақтандыру жүйесін құруға және оның одан әрі қызмет етуіне институционалдық жағдай (зейнеттік, медициналық, өндірістегі жазатайым оқиға және кәсіптік аурулар, жұмыссыздыққа байланысты уақытша еңбек ету қабілетінен айырылу).

         Әлеуметтік сақтандыру қоры басқа  ұйымдарға қарағанда маңызды  рөл атқарады. Бұл қордың маңызды  функциясы ауруларға көмек, аналарға жәрдемақы және т.б. Қазіргі уақытта қорда шығын мен төлемақы тікелей және жанама арқылы 5,4% құрайды. Бұл мынадай жағдайға әкеледі, олар кәсіпорынның шығындарының құрылымы мен бөлім жұмысшыларының қорындағы негізгі функцияларымен байланыстысыз болсада, аз уақытқа берілген жәрдемақының қауіпсіздігін реттеу. Қордағы салық көлемін төмендету. Халықты әлеуметтік сақтандырудағы жетіспеушілігін қарап экономистердің айтуынша, Ресейдегі әлеуметтік сақтандыру барлығы бюджеттен және бюджеттік емес қордан төленеді. Сақтандыру ұйымы басты мақсаты сақтандыруды салықтық қағидасына ауыстырып, жеке «әлеуметтік салықтық» құру. Сақтандыру ұйымы және жеке жұмысшылардың жұмысын сақтау.                                                                                                                   

Францияның  әлеуметтік саясатының қысқаша тарихы.

Француздық  әлеуметік қорғау жүйесі соғыстан кейінгі  бірінші онжылдықта мемлекет пен профсоюздың  тікелей қатысуымен қалыптасты. Ол Европалық  құрлықта басты рөлге  ие болып отырған Бисмарктың әлеуметтік сақтандыру моделінің нұсқаларының бірі болып табылады. Алғашында оны ағылшын экономисті У. Беверидж ұсынған бірыңғайлылық, әмбебаптық және жалпылық қағидасы бойынша құру қарастырылған. Алайда, 1945 жылға дейін жұмыс істеп келген әлеуметтік сақтандыру жүйесінің бір бөлігі оның қатысушыларының жалпы жүйеге қосылудан бас тарқандықтарынан, сол жүйе сақталып қалды. Француздық әлеуметтік қорғау жүйесінің ерекшелігі.

Әлеуметтік  қорғаудың француздық ерекшелігі - өте  күрделі ұйымдық  құрылым. Оған бірнеше ерекшеліктер тән:

  • біріншіден, әлеуметтік сақтандырудың кәсіптік-салалық схемасының тармақталған жүйесінің пайда болуы.
  • екіншіден, ұзақ эволюция нәтижесінде қалыптасқан отбасылық жәрдемақының дамыған жүйесінің болуы.
  • үшіншіден, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша жүйесінің үлкен рөлі, әсіресе, медициналық және зейнетақылық сақтандыру саласындағы маңыздылығы. Әлеуметтік сақтандырудың жалпы (базалық) сызбасы қатар, елде көптеген қосымша кәсіптік-салалық жүйелер қалыптасуда.
  • төртіншіден, әлеуметтік қорғаудың француздық жүйесінің маңызды ерекшелігі (мысалы, шведтік және американдықтан) оның әлеуметтік сақтандырудың салымдары есебінен қаржыландырылуы.
  • бесіншіден, әлеуметтік қамсыздандырудың жалпы міндетті сызбасы шеңберіндегі міндетті әлеуметтік қызметтерді толықтыратын жеке әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырушы түрлі сақтандыру қорларының пайда болуы.

Францияның  зейнетақы жүйесі  бөліп беруге негізделген. Базалық деңгейі "ұлттық ынтымақтастық" принципі негізінде құрылады, зейнетақы жасындағыларды қазіргі жұмысшылар қаржыландырады, ал өз кезегінде зейнетақымен келешек ұрпақтың сақтандыру аударымдары қамсыздандыратын болады. Бұл жүйенің маңызды ерекшелігі орын толтыру қаржының жоғары деңгейде болуы, яғни зейнетақының бұрынғы жалақымен салыстырғанда үлкен көлемде болуы. Францияда зейнетақының барлық түлері 70% құрайды, оның ішінде базалық зейнетақы 50%, міндетті қосымша сақтандыру режимі жалақының 20% құрайды. Францияда ерлер мен әйелдерге зейнетке шығу 60 жас.

Қытайдың  әлеуметтік сферада  жеткен жетістігі  аз емес. Алайда шешілмеген мәселелер көп. Еңбек  жасындағы жұмыссыз халықтың саны әлі де ұлғаюда. О. Почагина анықтамасы бойынша бұл жұмыссыздық деңгейі 2000 жылы 150 млн.-нан – 200 млн. адам арасында тербеулер жүреді. Елде экономикалық заң бұзушылық, ұйымдасқан қылмыстық іс-әрекеттер 1990-2000 ж.ж. арнайы «қатаң соққы» атты шетел бағдарламасы аясында қысқартылды.

Қытайдағы қазіргі қалыптасып келе жатқан әлеуметтік қорғау моделі жаңа сақтандыру механизмдерін  шығарумен қажетті  әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге  мақсаттанған. Маңызды  роль - әлеуметтік қолдаудың  дәстүрлі жанұялық факторларына басты назар аударылады. Бұл үрдістердің барлығыныа мемлекет белсенді араласады, қайырымдылық қорлардың қызметін реттейді. Қазіргі таңда Қытай реформасының басымдығын әлеуметтік сала алуда.

Қытайдағы әлеуметтік жұмыстың дамуы

Әр  аймақтарда демократиялану мен автономизациялану процессі жүргізілген және осы уақытта әлеуметтік қауіпсіздік түсінігі әлеуметтік қорғау түсінігіне өсті. Бұл мемлекет көрсететін әлеуметтік қызметтер жинағын айқындап, жеке сала ретінде айқындалды. Қытай экономикасының, жеке табыстың өсуі; сапалы өмір, денсаулық сақтау, қоршаған орта және т.б. салаларға әлеуметтік қажеттілік туындады. Қытай Республикасының Конституциясының 34-бабында әр азамат сапалы өмір сүруге құқылы делінген. Әлеуметтік саясат объектісі барлық азаматтар мен әр жеке азамат болып табылады.

Ерте  дәстүрлі демократиялық  қоғамда өзара  көмек жүйесінде  туыстық қатынас  пен буддизмге  тән қайырымдылық пен кармаға байланысты болды. Мемлекеттік  көмек халыққа  жағдай жасау деп  түсінілді. Бұл түсінік  конфуцийлік түсініктен, ортақ, біліктік және патерналистік қоғам түсінігінен шығады. Қытайдың әлеуметтік саясаты ұзақ тарихқа ие: дәстүрлі әлеуметтік қарым-қатынастың даму кезеңі және әлеуметтік саясаттың дамуы бірнеше ғасырларды ауқымдады, содан кейін өтпелі қиын кезең (20 ғасырдың 1-жартысы). Бірақ бұл жол 20 ғасырдың 60-жылдарынан басталады. Соңғы жылдары әлеуметтік қорғау жүйесінің жаңа түрі қалыптасып келе жатқандағы кезең 4-ке бөлінеді:

  • 60-ж. - әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі саяси қалыптарының қалыптасу кезеңі;
  • 70-ж. - әлеуметтік қамсыздандыруды жүзеге асырудағы реттеулер;
  • 80-ж. - әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту, өзіне басқару және қаржыландыру жүйесін қосатын;
  • 90-ж. жүйе модернизациясы.

Қытайдағы жұмыссыздар саны. Соңғы 20 жылда болмаған жағдай: Жер шарындағы  жұмыссыздар саны 200 млн.-нан асып түспек. Әсiресе, сiңiрi шыққан кедейлер қатары молая түседi. Ал қазақстандық шенеунiктердiң кейбiрi жұмыссыздықпен күресудiң орнына, оны қолдан жасап отыр.  
Халықаралық еңбек бюросының өкiлдерi 2009 жылдың соңына қарай әлемдiк қаржылық дағдарыстың кесiрiнен жұмыссыз қалғандардың саны 210 миллионға жететiнiн айтады. Тәулiктiк күнкөрiс деңгейi 1 долларға тең болатын, кедейлер саны- 40 млн.,[]

 

2-кесте-  Еуропалық саюз елдеріндегі экономикасы дамыған елдердің негізгі дкөрсеткіші

 

 

ЖІӨ деңгейі

тұтынушылардың деңгейі

Жұмыссыздардың деңгейі

 

                                     ж ы л д а р

 

2010

2011

2010

2011

2010

2011

Германия

3,3

1,8

1,1

1,4

6,7

6,7

Франция

1,6

1,4

1,7

1,3

10,0

10,2

Италия

1,0

1,0

1,6

1,2

8,3

8,3

Испания

-0,3

0,5

1,6

1,2

20,8

19,0

Нидерландия

1,9

1,3

0,9

1,3

4,4

4,6

Ұлыбритания

1,5

1,2

3,3

2,5

7,7

8,0

Польша 

3,5

3,7

2,9

3,0

9,6

9,2

Қазақстан

       

5,5

4,4

Ресей

4,0

4,3

4,0

4,0

10,0

10,8

Ескерту: Россия и мир: 2011г. Экономика а внешняя политка,Москва 2010


 

ТАЛДАУ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

 

2.1 Дағдарыстан кейінгі  халықты әлеуметтік қорғау жүйесі

 

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға»  атты Қазақстан халқына жолдауына сәйкес әлемдік дағдарыс жағдайында жұмыспен қамту стратегиясы кадрларды қайта оқыту мен қайта даярлау, білім, денсаулық, әлеуметтік қорғау бойынша кең көлемді жұмыс атқаруға бағытталған. Өңірлік жұмыспен қамту мен кадрларды қайта даярлауды қамтамасыз ету үшін Үкіметке кемінде 140 млрд.теңгеден қаражат бөлінді. Жергілікті бюджеттерден жұмыспен қамту стратегиясын ортақ қаржыландыруға қаражат бөлінген. Жұмыстан айырылған халыққа жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Дағдарыстан кейінгі  жылдың тұғырына айналған жыл 2010 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы. Қазақстанның дағдарыстан кейінгі экономикалық даму үрдісі еліміздің әлеуметтік саласын барынша қолдауданда көрініс тауып келеді. Жаhдық дағдарыстан кейінгі рецепссияға ұшыраған дамушы елдердің өзі әлеуметтік бағдарламаларын кейінге қалдарып жатқан, мемлекетіміздің Елбасының тапсырысымен белгіленген әлеуметтік бағдарламаның бір де біріне нұсқан келтірген жоқ. Өткен жыл халақтың табыс деңгейін арттыру, жұмыссыздықты азайту және мемлекеттің әлеуметтік саладағы міндеттерін толықтай қамтамасыз ету мақсатында шаралар толық жүзеге асырылды. Жұмыссыздық деңгейі өткен жылы 5,5% құрап, 2009 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіштен 1,1пайызға төмендеді. 2010 жылы халқымыздың нақты ақшалай табыстары 6,3 пайызға артты. Атап айтқанда, қарастырылып отырған кезеңде тұрғындардың алатын нақты еңбекақысының көлемі 7 пайызға өсті. Ерекше атап көрсететін бір мәселе, 2010 жылдың мемлекет басшысы Үкіметтің алдана қойған әлеуметтік мәселелер жөніндегі міндеттерінің бәрі орындалды десе болады. Бюджет тұрғысынан келетін болсақ, өткен жылғы бюджетті әлеуметтік сипаттағы бюджет деп айтуға толық негіз бар. Білім, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету мақсатында бөлінген қаржы соңғы 5 жыл ішінде екі есе өсіп отыр. 2010 жыл оның көлемі еліміздің ішкі жалпы өнімі көлемінің 10,4 пайызға құрады [23,]

Бәрімізге белгілі, 2010 жылдың 1қаңтардың бастап негізі зейнетақы  төлемі төлемдері 30 пайызға артты. Мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік жәрдемақы және арнайы мемлекеттік көмектер 9 пайызыға арттырылады. Сонымен бірге бала күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақы, төртінші және оданда  көп бала туғандарға берілетін бір жолғы жәрдемақы көлемі 30 айлық есептік көрсеткіштен 50 айлық есептік көрсеткішке дейін өсті. Мүгедек бала асырап отырған ата-аналарға төленетін жәрдемақы мөлшері айлық төменгі жалақы (14952 теңге) көлеміне дейін теңестірілді. ҰОС-ғы жеңіске 65 жыл толуына байланысты барлық майдангерлерге бір мезгілдік материалдық көмек көрсетіліп, барлық майдангерлермен  соғыс мүгедектері жеңілдетілген жолақы мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілді. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 4,2 млрд. теңге қаржы жұмсалынды.

Информация о работе Әлеуметтік қорғау жүйесі