Ақпараттық технологияны қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2013 в 14:13, реферат

Краткое описание

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақпараттық технологияны қолдану.docx

— 3.04 Мб (Скачать документ)

«Ақпараттық технологияны қолдану»

“...Адамзат  үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды  жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру  және жетілдіру -  сіздердің еншілеріңіз”     
                                                Н.Назарбаев

Қазіргі кезде елімізде ғылым  мен техника күннен – күнге  қарыштап даму үстінде.  Кез-келген елді экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы рөлі сол елдің  техникалық даму деңгейімен анықталады. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді  дамытуды, түрлі салаларды игеру  үшін білімді де, білікті мамандарды даярлауды қажет етеді, талап  етеді. Өйткені егеменді еліміздің  ертеңі  оқу-білімнің тереңдігімен өлшенеді.  Осы орайда, болашақ  білімді мамандарды оқу – біліммен сусындататын ұстаздар қауымының алдында  көптеген міндеттер тұр. Олай болса, ертедегі ойшылдардың сөзімен айтсақ «шәкірт нығарлай беретін ыдыс емес, керісінше, тұтандыруды қажет ететін шырақ», дей келе,  білім беру ісінде білімгерлердің пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, білім алу үшін қажетті  жағдайлар жасалуы керек. Солардың бірі бүгінгі күні оқыту үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялық  әдістер мен жаңа технологиялық  қондырғыларды кең көлемде қолдану  мүмкіндігінің бар болып отырғандығы.

Ақпараттық – коммуникациялық  технология электрондық  есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді   пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте    жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту             бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық       әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын               пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді                   көздейді.

Ақпараттық технологияны қолданудың негізгі мақсаты:

«Білімгерлерді ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне  толық, тиімді араластыру» болып  табылады.

Оқытудың ақпараттық технологиясы- бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар

(кино, аудио және видеоқұралдар,  компьютерлер, телекоммуникациялық  желілер).

 

 

 

Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын  бағалау, оқу-тәрбие үдерісінде білімгердің  жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы  деп түсіну керек.

Студенттерге дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен  ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – Ақпараттық технологиясының негізі. Нақты тақырып  төңірегінде білімгердің алдына әр кезеңде мақсат қоя біліп, сол  мақсатқа қол жеткізудегі іс-әрекеті, ұзақ мерзім көлемінде атқарған еңбегі тәріздес.    

     Конфуцийдің   “Естігенімді – ұмытамын, көргенімді  есте сақтаймын, өзім істегенімді  меңгеремін” дегені – бұл  технологияның негізгі ұстанымы 

АКТ-ні қалай қолдану керек?

Білім беру мекемелеріндегі технологияларға мыналар жатады:

• Теледидар бағдарламалары;

• Сандық теледидар;

• Интернет/ WWW;

• Ұялы телефон;

• Ұтқыр қондырғылар;

• Компьютер/ноутбук.

Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:

1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.

2. Компьютер адамның зерттеу-танымдық  әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.

3. Өзге құралдардан компьютердің  ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері.

4. Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген білімгерлердің өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.

5. Компьютердің көмегімен  жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.

Технологиялық білімдер – оқытудың қосалқы құралдары (бейне, желілік материалдар, сандық бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) туралы білім. Бұл білімдер технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да меңзейді. Сандық технологияларға қатысты алғанда осы білімдер операциялық жүйелер жәнекомпьютерлік аппараттық құралдарды білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын, браузерлер мен электронды поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады.

Wiki беттері

Wiki дегеніміз не?

Wiki бір топ адамға HTML немесе басқа бағдарлама тілін білмей-ақ, web-сайтты бірлесіпдамытуға мүмкіндік береді. Кез келген адам wiki-де беттерді қоса алады

АКТ-ны пайдалануда  сабақтың мынадай ерекшеліктері  бар:

  • Оқытушы  білімгерге сұрақ қойып, тез арада білімгер оған жауап береді;
  • Оқытушы тапсырманың дұрыстығын тексереді;
  • Білімгердің компьютермен жұмыс барысында пайда болған қиындықтарды уақытында шешуге болады;
  • Кейбір амалдарды білімгер өз бетінше орындайды, компьютерді жұмыс істеуге үйренеді;
  • Топтағы білімгерлердің барлығынан жауап алуға болады және алған білімдерін практикамен ұштастырады;
  • Білімі төмен білімгерлердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді;

Оқытушы сабақта АКТ-ны қолдану барысында білімгер бойына төмендегі дағдыларды қалыптастыра ды:

  •      Білімгер  АКТ-ның мүмкіндіктерін жете түсінеді;
  •      Білімді қабылдап, сыни ойлау қабілеттерінің дамытады;
  •     Білімгердің үздіксіз ізденушілікте АКТ-ны қолданады;
  •     Инновациялық қағидаларды үйреніп, оны практикалық тұрғыда қолдана білуі;
  •    Жаңа ғасыр ағымына бейімделе білуімен айқындалады.

Кез – келген педагог тұлғаны тәрбиелеуде топта өзара ақпарат алмасу, оларды бір – бірімен бірлесе отырып, білімдер мен дағдыларын қалыптастыруға және өз ойларын еркін жеткізіп, ортаға салып, талдап, нәтиже шығара білуге бейімдеу үшін ақпараттық орта құруы қажет.

 

 

Материалды компьютер  қоры негізінде оқу –алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, білімгерлердің өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;

Компьютердің  көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз;

«Елімнің ертеңі – бүгінгі  жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» - деп, елбасымыз айтқандай үлгілі, жан  – жақты білімді жеке тұлға  қалыптастыру заман ағымына қарай  үнемі ізденісте жүретін жаңашыл  ұстаздарымыздың қолында деп  ойлаймын.


Информация о работе Ақпараттық технологияны қолдану