Қазіргі заманғы мұнай өңдеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 12:02, реферат

Краткое описание

Органикалық заттардың химиясы мен физикасының дамуының тарихы мен негізгі бағыттары. Мұнайдың пайда болуы жайлы гипотезаларға шолу. Д.И. Менделеев гипотезасы. Мұнайдың органикалық пайда болуының гипотезасы. Мұнайдың аналық затының мұнай түзілу процесінде түрленуі.
Мұнайдың химиялық құрамын зерттеудің жалпы принциптері. Көмірсутекті қоспаларды ажырату, бөлу және талдаудың физикалық әдістері. Хроматография түрлері және талдау әдістері.
Метанды көмірсутектер, мұнайдағы, мұнай фракцияларындағы құрамы, олардың физикалық және химиялық қасиеттері. Мұнайдың газ тәрізді, сұйық және қатты парафинді көмірсутектері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Беру стандарты негізінде профессор. Сырманова К. К. --растыр-ан.doc

— 107.00 Кб (Скачать документ)

        Жаңа полимерлі материалдар мен композиттерді өндіру мен қайта өңдеудің даму қарқыны мен қазіргі заманғы күйі. Полимерлерді өңдеудің жаңа технологияларын даярлаудың алдыңғы қатарлы бағыттары. Мұнай химиялық өндірістің дамуының қазіргі заманғы бағыты. Қазақстан Республикасының мұнай газ саласының негізін құрайтын негізгі өндіріс, оны дамыту жолдары және негізгі мәселелері. Қазақстанның мұнай химиялық өндірісінің шикізатты базасы және оның өңдеу арқылы алынған өнімдерін органикалық синтез шикізаты үшін қолдану. Жолдағы газдарды утилизациялау.

Мұнай, газ және көмірді өндіру мен өңдеуге арналған қазіргі заманғы, алдыңғы қатарлы, соңғы үлгідегі қондырғылар мен құрылғыларды қолдану. Ректификациялық колонналардың байланыс құрылғыларын, вакуумды колонналардың конденсациялы-вакуумқұрайтын жүйесін, құбырлы пештерді және жылуалмастыпрғыш-салқындатқыш қондырғыларды жетілдіру.

Мұнай мен мұнай химиялық синтез үшін қолданылатын (КМЦУ-Б, Микроцеокар, ГМЦ, КО-9, ОГР-1, КО-9, R-56, ГКД-202П, ГП-497, ГП-544) жаңа және жетілдірілген катализаторлар. Катализатор құрамының мұнайлы көмірсутекті шикізат өңдеуіне және оның механизміне әсері.

Мазут пен мұнайды терең өңдеудің комбинирленген жүйесі. Комбинирленген ЛК-6У, ГК-3, Г-43-107, КТ-1, KT-1y, KT-2, KT-2A қондырғылардың технологиялық және ағымдық сызбалары, олардың бір - бірінен айырмашылықтары мен сипаттамалары. Шетелдік МӨЗ технологиялық және ағымдық сызбалары мен олардың негізгі ерекшеліктері. Мұнай шикізаттарын қазіргі заманғы термиялық өңдеу процестерінің ғылыми және теориялық негіздері. Термиялық крекинг, висбрекинг, кокстеу, пиролиз. Шикізат сапасы мен технологиялық параметрлердің мұнай қалдықтарының термиялық процестеріне әсері. Моторлы отынның жоғары сапалы компоненттерін өндіруге  арналған қазіргі заманғы қондырғыларын ауыр мұнай қалдықтарын термолиздеу жолымен өндіру.

Жеке көмірсутектерді мұнай шикізатын өңдеу жолымен пиролиздің жаңа жоғары өндірісті технологиялық процестерін қолдана отырып өндіру.

Производства индивидуальных углеводородов путем переработки нефтяного сырья с использованием новых высокопроизводительных технологических процессов пиролиза.

Мұнай шикізатын өңдеудің каталитикалық процестерінің ғылыми және теориялық негіздері. Каталитикалық риформинг, алкилирлеу, изомерлеу, крекинг, цеоформинг. Шикізат сапасы мен технологиялық параметрлердің мұнай шикізатының каталитикалық процесіне әсері. Наноқұрылымды активті және селективті катализаторларды қолданумен мотор отындарының жоғары октанды жеке көмірсутекті компоненттерінің өндірісіне арналған қазіргі заманғы комбинирленген технологиялық қондырғылар.

 

Полимерлі материалдарды өндіру және өңдеудің қазіргі заманғы процестері.

 

        Полимерлер мен полимерлі материалдарды өндіру мен өңдеудің технологиялық процестерінің теориясы мен практикасының қазіргі заманғы мәселелері: пластмассалар, эластомерлер, жабындылар және талшықтар. Пластмассалар – инфрақұрылым мен болашақ технологияны дамытудың негізі. Пластмассаларды экологиялық таза және тасымалдаудың экономикалық тиімді көліктерінде, полимерлі электроникада және медицинада даярлау үшін қолдану.

         Полимерлер, композициялық материалдар өндірісінің тарихы мен дамудың негізгі бағыттары. Жаңа полимерлі композициялық материалдарды өндірудің жаңа жоғары өндірісті және экономикалық технологиялық процестерін құру және игеру. Полимерлі материалдар мен жоғары эффективті технологиялық процестерді дамыу және ғылыми негіздерін жетілдіру. Полимерлер мен оның негізіндегі пластмассалар өндірісі үшін арналған шикізаттардың негізгі түрлері мен көздері.  

         Резинал өнеркәсібі. Резина өнеркәсібінің даму тарихы. Резина – көп компонентті жүйе. Полимерлеу реакциясымен алынатын полимерлер негізіндегі пластикалық массалар.  Полимерлеуді жүргізу әдісін таңдау. Газды фазада, массада, суспензияда және эмульсияда, органикалық еріткіш ортасында, қатты фазада полимерлеу жүргізу. Осы әдістердің сипаттамасы.

        Қанықпағаен  алифатикалық көмірсутектердің полимерлері. Полиэтилен. Жоғары және төмен қысымды жоғары мен төмен тығыздықты полиэтилен алу. Технологиялық процестердің ерекшеліктері, оның өндірісі, полиэтилен құрылымына процестің технологиялық параметрлерінің әсері. Полиэтилен қасиеттері. Қасиеттердің алу әдістеріне тәуелділігі. Полиэтиленді қолдану.        Полипропилен. Полипропилен өндірісінің даму қарқыны. Полимер құрылымының (кристалды, аморфты) түзілуіне септігін тигізетін факторлар. Катализаторлы комплекс құрамы және оның ролі. Полипропилен қасиеттері мен қолданысы.

         Полистирол. Полистиролдың молекулалы массасы шамасы мен молекулалы-массалы таралуына процестің технологиялық параметрлерінің әсері. Әр түрлі әдістермен алынған полистирол қасиеттері.

         Пенополистирол. Пенополистиролды сығу және сығуусіз әдіспен алу. Осы әдістердің сипаттамасы. Пенополистирол қасиеттері және оларды қолдану аймақтары.

Стиролдың сополимерлері. Алу әдістері, қасиеттері және қолданысы.

Галогенөндірістік шекті емес көмірсутекті полимерлер.

Поливинилхлорид (ПВХ). Поливинилхлорид өндірісінің даму тарихы. ПВХ өндірісін алуға арналған бастапқы шикізат. Оны алу әдістерінің салыстырмалы бағасы. ПВХ –ны винилхлоридті массада немесе блокта; эмульсия немесе суспензияда полимерлеу арқылы өндіру. Периодты және үздіксіз әдістер. Полимер қасиеттері мен қолданысы.

    ПВХ негізіндегі пластикалық массалар. Винипласт және пластикат. Винипласт пен пластикат қасиеттері. ПВХ негізіндегі өнімдер. Алу және қолдану әдістері. Тұрақтандыру және тұрақтандырғыштар.

        Поливинилхлорид негізіндегі композициялық материалдар. Пенопласттар. Алу әдістері, қасиеттері және олардың қолданылуы.

Политетрафторэтилен (фторопласт-4).

Полиакрилаттар сипаттамасы. Полиакрилаттар өндірісіне арналған бастапқы шикізат пен мономерлер. Акрилді қышқылдардың полимеризациясы. Блоктағы акрилді және метакрилді қышқыл эфирлерінің полимеризациясы. 

        Органикалық шыныға қойылатын талаптар. Полиакрилаттар қасиеттері мен қолданылу аймақтары.

        Полиакрилонитрил. Полиакрилонитрилді алудың техникалық әдістері. Әр түрлі әдістермен (суда, тұз ерітіндісінде, органикалық ерітінділерде) алынған полиакрилонитрил қасиеті. Полиакрилонитрилді пайдалану.

Поликонденсация реакциясымен алынатын полимерлер негізіндегі пластикалық массалар. Поликонденсация реакциясының жалпы ерекшеліктері. Тепе-тең және теп-тең емес поликонденсация, осы екі процестердің сипаттамалы ерекшеліктері.

       Фенолды-альдегидті полимерлер. Олигомерлер мен полимерлерге арналған шикізат сипаттамасы.  Фенолформальдегидті олигомерлер мен полимерлер өндірісінің даму тарихы. Фенолальдегидті полимерлер өндірісіне арналған бастапқы шикізат. Фенолальдегидті полимерлер синтезі процесінің ерекшеліктері. Новолакты және резольды олигомерлердің пайда болу механизмі. Периодты және үздіксіз процестер. Новолакты және резольды олигомерлер мен полимерлердің қасиеттері. Фенол мен формальдегид гомологтары негізіндегі полимерлерді алу ерекшеліктері.

Фенолдар мен басқа альдегидтер негізіндегі полимерлер. Модифицирленген фенолформальдегидті полимерлер. Алу жолдары, қасиеттері және қолдану аймағы.

Пластикалық массалар. Фенолальдегидті олигомерлер мен полимерлер (фенопласттар) негізіндегі пластикалық массалар. Композициялардағы байланыстырғыш ролі. Толықтырғыш түрлері ( ұнтақ тәрізді, талшықты, жапырақты). Пресс-ұнтақтарды өндіру ерекшеліктері. Талшықтар. Өндіру технологиясы, қасиеттері және қолданысы. Қабатты пластиктер. Қабатты пластиктер түрлері. Өндіру технологиясының ерекшеліктері, қасиеттері және қолданысы. Көпіршікті- және кеуекті пласттар. Дайындау технологиясы мен қасиеттері.

       Амидоальдегидті полимерлер. Амидоальдегидті полимерлер сипаттамасы. Аминопласттар өндірісінің даму тарихы. Амидоальдегидті полимерлерді алуға арналған бастапқы шикізат. Мочевино- және  меламиноформальдегидті полимерлерді синтездеу процесінің ерекшеліктері. Олигомерлер  мен полимерлердің пайда болу процесінің механизмі.

       Аминпластардың қасиеттерi мен қолданылу аумағы.

       Күрделi эфирлер. Осы топ полимерлерiнiң сипаттамасы. Күрделi полиэфирлердi алудың бастапқы шикi заты. Күрделi полиэфирлер түзiлудiң негiзгi заңдылықтары.

       Полиэтилентерефталат. Бастапқы шикi зат. Полиэтилен-терефталат өндiрiсi технологиясының ерекшелiктерi. Полиэтилентерефталаттың қасиеттерi және қолданылуы.

       Поликарбонаттар. Бастапқы шикi зат. Поликарбонаттарды алу әдiстерi. Поликарбонаттарды әртүрлi әдiстермен өндiру. Поликарбонаттардың қасиеттерi және қолданылу аумағы.

       Қанықпаған полиэфирлер. Полимерлердiң сипаттамасы. Бастапқы шикi зат. Малеин ангидридi мен полиатомды спирттер негiзiндегi полимерлер (полиэфирмалеинаттар). Қасиеттерi мен қолданылуы. Қанықпаған полиэфирлер негiзiндегi қабатты пластиктер, көбiктi және қуысты пластар, желiмдейтiн композициялар. Оларды өндiрудiң технологиялық процестерiнiң негiзгi сатылары.

        Эпоксидтi полимерлер. Полиэпоксидтi полимерлердiң сипаттамасы. Бастапқы шикi зат. Эпоксиолигомерлердiң аминдермен, қышқылдардың ангидридтерiмен, ионды типтi қатайтқыштармен және т.б. қатаюы. Эпоксидтi олигомерлердiң қатаю механизмi. Эпоксидтердi басқа олигомерлер және полимерлермен модификациялау.

Эпоксидтi полимерлер негiзiндегi шыны пластиктер, құю компаундтары, сырлар, көбiктi және қуысты пластар, ұялы пластар. Эпоксидтi олигомерлер мен полимерлердiң қасиеттерi және қолданылуы.

Полиамидтер. Полиамидтердiң сипаттамасы.

Поликапроамид (полиамид-6). Бастапқы шикi зат. Полиамидтер өндiрiсiнiң технологиялық процестерiнiң теориялық негiздерi. Капролактамды алудың техникалық әдiстерi. e-капролактамды гидролитикалық полимерлеу. Полиамид-6 (капрон) өндiрiсi.

Капрон мен капролонның қасиеттерi, қолданылу аумағы.

Полигексаметиленадинамид (полиамид-6,6; анид). Бастапқы шикi зат. Полиамид-6,6 өндiрiсi. АГ тұздарын алу. АГ тұздарының поликонденсациясы. АС тұздарынан алынған полиамид (полиамид-6,10).

Полиимидтер. Полиимидтердiң сипаттамасы. Бастапқы өнiмдерi. Полимидтер өндiрiсi, қасиеттерi мен қолданылуы.

Фуранды полимерлер. Осы топ полимерлерiнiң сипаттамасы. Фуранды полимерлердi алуға арналған бастапқы шикi зат. Фурфурол негізіндегі олигомерлер өндірісі. Фуранды олигомерлер мен полимерлер өндірісі. Олардың қатаю әдiстерi. Фуранды олигомерлер мен полимерлер негiзiндегi пластикалық массалар, олардың қасиеттерi және қолданылуы.

Элементорганикалық және бейорганикалық полимерлер. Осы топ полимерлерiнiң сипаттамасы. Кремнийорганикалық полимерлер (полиоргано-силоксандар). Полиоргансилоксандарды алуға арналған шикi зат. Алу әдiстерi, қасиеттерi және қолданылуы.

Полиуретандар. Бастапқы шикi зат. Алу әдiстерi, қасиеттерi және қолданылуы.

Полимерлердi химиялық модификациялау процесiнiң негiзгi қызметi. Түзiлу процесiнде немесе дайын полимерлердi қосымша өңдеу нәтижесiнде полимерлердi модификациялау.

Соққыға берiк полистирол. Соққыға берiк полистиролдың қасиеттерi, қолданылу аумағы. АБС-пластиктер, оларды алу әдiстерi, қасиеттерi мен қолданылуы.

Поливинилдi спирт (ПВС). Өнеркәсiптегi ПВС өндiру тәсiлдерi. Үздiктi және үздiксiз әдiстерi. ПВС қасиеттерi және қолданылуы.

Целлюлозаның жай және күрделi эфирлерi. Целлюлоза эфирлерiн алу тәсiлдерi, қасиеттерi және қолданылу аумағы. Целлюлоза эфирлерi негiзiндегi пластикалық массалар.

 Полимерлердi өңдеу. Шикiзатты дайындау.

Пластикалық массалар - көп компоненттi жүйелер. Пластмассаларлың құрамы: толықтырғыштар, пластификаторлар, тұрақтандырғыштар, майлағыш заттар, бояулар және басқа да қоспалар. Композициялық полимерлiк материалдардың негiзгi компоненттерi.

Гранулалау, таблеткiлеу, қажеттi гранулометриялық құрамды iрiктеп алу. Ұнтақтарды тығыздау. Шикi заттың негiзгi технологиялық қасиеттерi. Шикi зат қасиеттерiнiң бұйымның пiшiнделу технологиясына әсерi.

Кептiру мен алдын ала қыздыру. Кептiру мен қыздырудың қолданылатын әдiстерi, олардың қолданылу саласы. Кептiру мен алдын ала қыздыру әдiстерi: термиялық, индукциялық, жоғары жиiлiктi және инфрақызыл сәулелi.

Толықтырғыштарды енгiзу. Қолданылатын толықтырғыштар. Толықтыр-ғыш\тардың алынатын пластмассалардың қасиеттерiне әсерi.

Қоймалжыңдар мен суспензияларды дайындау. Қоймалжыңдар мен суспензияларға қойылатын талаптар. Сiңдiру мен кептiру. Толықтырылған жүйелердi кептiру мен сiңдiрудiң кинетикасы.

Теромопласттварды өңдеу.

Термопластарды өңдеудiң ерекшелiктерi, термопластарды өңдеу процестерiндегi реология.

Термопластардың технологиялық қасиеттерi: аққыштығы, ылғал мен ұшқыш заттардың мөлшерi, термопластылығы, гранулометрлiк құрамы, шөгуi.

Термопластарды өңдеу әдiстерiнiң классификациясы. Термопластарды араластыру мен дайындау.

 

Темопластарды қысымсыз құю.

Термопластар қалдықтарын өңдеу. Жалпы технологиялық схема. Ұсақтау мен экструзиялау арқылы қалдықтарды өңдеу.

Реактопластарды өңдеудiң айрықша ерекшелiктерi. Реактопластардың технологиялық қасиеттерi: аққыштығы, қатаю уақыты мен дәрежесi. таблеткiленгiштiгi, шөгуi және т.б.

Өнеркәсiптiк реактопластардың сипаттамасы. Фенол-альдегидтi олиго-мерлер. Фенопластар. Пресс-ұнтақтар, волокниттер, қабатты пластиктер. Олардың классификациясы мен қасиеттерi.

Информация о работе Қазіргі заманғы мұнай өңдеу