Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 08:01, доклад

Краткое описание

Атырау мұнай өңдеу зауыты - мұнай өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының ең ежелгісі. Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны болып табылады. Ол Каспий теңізінің солтүстігінде, Гурьев (Атырау) қаласында 1945 жылы мұнайды отындық бағытта өңдеу мақсатында салынды. Зауыттың құрылысы екі жылға созылды, ол АҚШ-тан «ленд-лиз» арқылы алынған жабдықтар негізінде салынды. Зауыт негізінен парафині мол ауыр мұнайларды өңдейді. Зауыт өнімдерін шығару нарығы негізінен Қазақстан Республикасының батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

СОЖ-1- Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары.doc

— 44.50 Кб (Скачать документ)

                          Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары

 

 

 

 

       Еске салсақ, республикада үш мұнай өңдеу зауыты бар: Павлодар, Атырау, Шымкент.

       2010 жылы мұнай өңдеу зауыттары 13,7 млн тоннадай шикі мұнайды өңдеді.

        Атырау мұнай өңдеу зауыты - мұнай өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының ең ежелгісі. Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны болып табылады. Ол Каспий теңізінің солтүстігінде, Гурьев (Атырау) қаласында 1945 жылы мұнайды отындық бағытта өңдеу мақсатында салынды. Зауыттың құрылысы екі жылға созылды, ол АҚШ-тан «ленд-лиз» арқылы алынған жабдықтар негізінде салынды. Зауыт негізінен парафині мол ауыр мұнайларды өңдейді. Зауыт өнімдерін шығару нарығы негізінен Қазақстан Республикасының батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды.

Тарихы

●Зауыт құрылысы 1943 ж. 14 сәуірде басталды. АҚШ-тан «ленд-лиз» арқылы алынған жабдықтар негізінде  салынды.

●1945 ж. алғашқы өнімін берді.

●1969 ж. тамыз айында зауытта  жылдық жұмыс өнімділігі 3 млн. тонналық атмосфералық түтікше-электрмен тұзсыздандыру қондырғысы пайдалануға берілді. Бұл бензин, дизель отыны мен қара май шығару мөлшерін ұлғайтты.

●Зауыт 1965 жылдан бастап Маңғыстау мұнайын өңдей бастады, қайталама процесті дамыту қолға алынды.

●1980 ж. баяу кокстеу қондырғысы іске қосылып, қазақстандық тұңғыш кокс алынды.

●1989 ж. бері зауытта мұнай  коксын қыздыра шынықтыратын қуатты қондырғы жұмыс істейді.

●1987 ж. бұрынғы “Гудри”  қондырғысында уайт-спирит шығаратын  өндірістің 1-кезегінің құрылысы басталып, сол жылдың күзінде автоматты желі іске қосылды.

●1993 ж. акционерлік қоғам  болып қайта құрылды.

●2003 ж. бастап зауытты  қайтадан жарақтау жұмыстары басталды, бұл науқан «Қазақойл» Ұлттық мұнай  компаниясы мен «Марубени Корпорейшн» компаниясының арасындағы нысанды «толығымен дайын» күйде 2006 жылы тапсыруға міндеттелінген келісім-шартқа сәйкес жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 235 млн. АҚШ доллары. Зауыт қайтадан жарақтанғаннан кейін оның өңдеу тереңдігі 92 %-ға жететін болады, зауыт АИ-95 автомобиль бензинін Евро-2005 стандартына сәйкес өндіруге және қыстық дизельдік отынды қоспалар қоспай-ақ шығаруға қол жеткізеді.

Өнімдері

     Зауыт негізінен  парафині мол ауыр мұнайларды  өндіреді. Зауытта, сондай-ақ сусабындар, іштен жанатын двигательдерге арналған “Тосол-А-50М” майы, ыдыстар мен сантехникалық құралдарды жууға арналған “Афол” сұйығы өндіріледі.

Құрылымы

Қазіргі кезде зауыттың құрамына төмендегі қондырғылар кіреді:

●мұнайды тұңғыш өңдеудің ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысы;

●мұнайды тұңғыш өңдеудің вакуумдық блогы бар ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысы;

●шикізатты гидротазалаудан  өткізе отырып катализдік риформингтеудің  ІІГ-35-ШШ/300-95 қондырғысы;

●гудронды баяу кокстау  қондырғысы;

●мұнай коксын әбден  қыздыру қондырғысы.

 

Павлодар  Мұнай-Химия Зауыты– мұнай өңдеу кәсіпорны. 1978 жылы іске қосылған. Технологиясы жағынан Қазақстанда ғана емес, ТМД елдеріндегі соңғы үлгімен жабдықталған кәсіпорындардың бірі. 2000 жылдан ЖАҚ. Зауыт отындық нұсқа бойынша мұнай өндіреді, өңдеу тереңдігін 85%-ға дейін қамтамасыз етеді, мұның өзі мұнай өнімдерін өндірушілердің әлемдік таңдаулы деңгейіне сай келеді. Мұнай өңдеудің жобалық қуаты бойынша зауыт еліміздегі аса ірі кәсіпорын болып табылады: жылына 7,5 т мұнай өндіреді. Өнімінің негізгі түрлері: этилдендірілмеген бензиндер: А-76, АИ-80, АИ-92, АИ-93, АИ-95, АИ-98; реактивтік қозғалтқыштар үшін отын; жазғы және қысқы дизельді отын; мазут М-40, М-100; құрылыс, жол, төбелік битумдар; мұнай кокстары; техникалық көміртек үшін шикізат; сұйытылған газ. Кәсіпорында 2700-ден астам адам еңбек етеді.

       Шымкент мұнай өңдеу зауыты.1985 жылы тұрғызылған Шымкент мұнай өңдеу зауыты республикадағы ең жаңа зауыт болып табылады. Зауытта Қазақстанның үш мұнай өңдеу зауыты шығаратын мұнай өнімдерінің қазіргі көлемінің шамамен 30%-ы қайта өңделеді. Шымкент МӨЗ – бұл Қазақстанның оңтүстігінде, республиканың халық ең тығыз қоныстанған бөлігінде орналасқан мұнай өңдейтін бірден бір зауыт. Осы кәсіпорынынң қолайлы географиялық орналасуын және жоғары техникалық мүмкіндіктерін есепке алса, ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізілімдерді жүзеге асыру үшін онда барлық алғышарттар бар. Шымкент МӨЗ-ның жобалық қуаттылығы жылына 5,25 млн тонна немесе шамамен 40,65 млн баррель мұнайды құрайды. Зауыт ПҚҚР компаниясы мен үшінші тараптардың мұнайын қайта өңдеп, толлинг негізінде жұмыс істейді. Мұнай өнімдерінің сұрыпталымына бензиннің түрлі сұрыптары (Aи-80, Aи-92 және Aи-96), дизельдік отын, авиациялық керосин, сұйылтылған газ, вакуумдық газойль мен мазут кіреді. Кәсіпқой әрі жоғары технологиялық өңдеу үрдісін қолданудың әрі Құмкөл мұнайының айрықша жоғары сапасының нәтижесінде, «ПетроҚазақстан» компаниясының өнімдерінің сапасы жоғары болып келеді. 2010 жылы МӨЗ мұнай өңдеу көлемі 4,58 млн тоннаға жетіп (жоспар бойынша 4,1 млн тонна), бұл өткен жылдың көрсеткішін (көлемі 4 млн тонна болғанда) айтарлықтай арттырған. Шымкент МӨЗ құрылысы 1972 жылы басталды, ал 1985 жылдың қаңтарында зауыт алғашқы өнімін берді, соңғы технологиялық қондырғы іске пайдалануға он жеті жыл бұрын енгізілді. Сондықтан зауыттың жабдығы ескірді және сапа стандарттарының талаптарына сәйкес өнімдер бере алмайды. Оны осыдан он жыл бұрын жаңарту керек еді. Кезінде зауытта катализаторлық крекинг қондырғысы іске пайдалануға қосылмағанына байланысты, ашық түсті мұнай өнімдерін өндіру 62 пайыздан аспайды. Өздеріңіз қарап көріңіздер. Жуырда жанармай сапасын қадағалау жөніндегі халықаралық орталық (IFQC) әлемнің түрлі елдерінде жанармай сапасын зерттеу жұмысын жүргізді. Оның нәтижелері бойынша жасалған рейтингте Қазақстан 90-шы орын алды. Ал тізімде барлығы бір жүз позиция. Осы көрсеткіштер бойынша біз тіпті Өзбекстан мен Әзірбайжаннан кенже қалып отырмыз. Жоғары октанды бензиннің 35 пайызына дейін біз Ресейден әкелеміз. Егер біз жанармай тапшылығы мәселесін қазір шешпесек, онда болашақта импортшыларға түгелдей тәуелді Украинаның кебін киюіміз мүмкін. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында былай деп атап айтқаны кездейсоқ емес: «біз қолданыстағы келешегі мол инвестициялық жобаларды қаржыландыруды және іске асыруды жалғастырамыз. Бұл ең алдымен – мұнай өңдеу зауыттарын жаңарту». Жаңарту барысында біз бірнеше мақсатқа қол жеткізбекпіз. Олардың қатарында – ашық түсті мұнай өнімдерін өндіруді 62 пайыздан 85 пайызға дейін арттыру, сондай-ақ мұнай химиясы өнімдерін – полипропилен, бензол және қарапайым күкірт өндірудің есебінен сұрыпталымды кеңейту. Басым бағыттардың қатарында сондай-ақ өндірілетін өнімдерді ЕВРО-4 стандарттарының талаптарының деңгейіне дейін көтеру және экологиялық параметрлердің сапасын жетілдіру ісі де бар. Зауыттың шикізат бойынша қуаты алты миллион тоннаға жетеді. Біз тиісті маркетингілік зерттеулер жүргіздік, жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарланып отырған жаңарту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде, ал содан кейін жобалық жұмыстар және тікелей қайта құрылмалаудың өзі басталады деген үміттеміз. Осы жылдың 14 мамырынан бастап ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарын дамытудың 2009—2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын» бекіткенінің маңызы зор. Бұл құжаттың басты мақсаты – еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұнай өңдеу саласын кешенді түрде дамыту.


Информация о работе Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары