Әкімшілік құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 19:06, реферат

Краткое описание

Электр заряды (электр мөлшерi) q – дененiң қасиетiн немесе бөлшектердiң электромагниттiк өзара әсерлесуiн және бұндай өзара әсерлесудiң қарқындылығын анықтайтын шама. Электр зарядының шартты түрде оң және терiс деп аталатын екi түрi бар. Аттас заряды бар денелер бiр-бiрiнен тебiледi, ал әр аттас зарядтары бар денелер – тартылады. Электр зарядтарын ылғи да тасушы болып элементар бөлшектер және антибөлшектер табылады. Мысалы, протон және антипротон, электрон және позитрон.

Содержание

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Электр өрісінің кернеулігі
2.2 Электр зарядының сақталу заңы
2.3 Электр өрісінің потенциалы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 156.00 Кб (Скачать документ)

Потенциал φ – электростатикалық өрiстi энергетикалық сипаттайтын скаляр шама. Ол өрiс зарядының потенциалдық энергиясының осы зарядқа қатынасына тең:

        (10)

Потенциал өрiстiң берiлген нүктедегi q зарядының потенциалдық энергиясын анықтайды. Практикалық мәнге ие болатын нүктедегi потенциалдың өзi емес, потенциалдың өзгерiсi, яғни потенциалдың санақ басын таңдап алуға тәуелсiз шама – потенциалдар айырымы. Екi нүкте арасындағы потенциалдар айырымы (кернеу) зарядтың бастапқы нүктеден соңғы нүктеге орынауыстырғанда электростатикалық өрiс жұмысының зарядқа қатынасына тең:

       (11)

Электростатикалық өрістегі 1 және 2 нүктелердің арасындағы потенциалдар айырымы бірлік оң зарядты 1 нүктеден 2-нүктеге орын ауыстырғанда өріс күштерінің атқаратын жұмысымен анықталады.

         (12)

Мұндағы интегралдауды  бастапқы және ақырғы нүктелерді қосып  тұрған кез келген сызықтың бойымен  жүргізуге болады, себебі электростатикалық  өріс күштерінің жұмысы орын ауыстыру траекториясына тәуелсіз болады. Электростатикалық өрістің кернеулігі мен потенциалын байланыстыратын формула  

= - grad
                   (13)

= -
       (14)

мұндағы - координата осьтерінің бірлік векторлары. Минус таңбасы өрістің кернеулік векторының потенциалдың кему бағытында бағытталғандығын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Электрлеу деп бұл процесс нәтижесiнде денелер электр зарядын иеленiп, және электромагниттiк өзара әсерлесуге қатысу қабiлетiн айтады. Дененi электрлеу деп денедегi электр зарядтарын қайта орналастыруды айтады, яғни зарядтардың электрленуi пайда болмайды, тек денелер арасында бөлшектенiп және қайта орналасады.

Электр өрiсi – кез - келген зарядталған денелердiң айналасында болады және заттардан ерекше, материяның айырықша бiр түрi болып табылады. Оны көру немесе ұстау мүмкін емес. Электр өрiсiнiң бар немесе жоқ екендiгiн, тек оның әсері арқылы білуге болады.

Қозғалмайтын зарядтардың  электр өрiсiн электростатикалық деп атайды. Ол тек электр зарядтарынан пайда болады және уақыт бойынша өзгермейдi. Электр өрiсi осы зарядтармен қоршаған кеңiстiкте бар болады және онымен үздiксiз байланыста болады. Біз осы жұмыста электр өрісінің кернеулігін, потенциалын және де зарядтың сақталу заңын қарастырдық. Олардың қандай формулаларға негізделгенін байқадық. Электр өрісінің негізгі қасиеттерін қарастырдық. Бiр зарядтың өрiсi екiншi зарядқа әсер етедi, және керiсiнше. Зарядтан алыстаған сайын өрiс төмендеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Остапенко Г.С. Радио и связь. 1989
  2. www.google.kz
  3. Тамм И.Е. Электр теория негіздері. М: Наука, 1976
  4. Т. Бижігітов. Электродинамика және салыстырмалылықтың арнайы теориясы. Алматы, 2012
  5. www.wikipedia.org
  6. Н.Қойшыбаев. Физика. Анықтамалық құрал. Алматы «Атамұра»2008

 

 


Информация о работе Әкімшілік құқық