Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 14:06, дипломная работа

Краткое описание

Тарихи түрғыдан аз уақыт өмір сүруіне қарамастан, Қазақстандағы осы институттың билік идеясы өзінің қозғалысын ашып, маңызды өзгерістерге төтеп берді. Оған негіз болған Қазақстанның бірінші Президентінің ұстанған ұлт пен мемлекеттің эволюциялық жолмен даму саясаты [1, с159]. Ол үшін 1995 жылғы Конституция ережелерін 1993 жылғы Қазақстандық Конституциямен салыстырудың өзі жеткілікті.
Бұл қозғалыстан президенттік биліктің күшейіп, заң қабылдау процестері үкімет тиімділігінің жетілдірілгенін, екі палаталық Парламенттің үкіметті тікелей бақылау ауқымының төмендегенін аңғаруға болады.
Бүгінгі күнгі өзгерістер және келешекте орын алар оң өзгерістер тұрғысыыан Қазақстандық президенттік басқару жүйесінің тәжірибесін, онын, өкілдік ерекшеліктерін зерттеу және алып отырған орнына жан-жақты терең баға беру кезекте тұрған өте қажет мәселе.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1 ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ
МЕМЛЕКЕТТЕП ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰҒЫРНАМАСЫ 9
Мемлекеттік билікті басқаруда ерекше орын алатын
Президенттің негізгі қызметі (функциясы) 9
1.2 Президенттік сайлаулар жүйесі 26

2 Қазақстан Республикасы Президенті
өкілеттіктерінің ерекшелІктері 35
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Қазақстан-Республикасы-Президенті-өкілеттіктерінің-ерекшеліктері.doc

— 499.50 Кб (Скачать документ)

Үшінші кезеңнің басталуы — әрбір кәбиса жылдыд біріыші сейсенбісінен басталып, АҚШ-тағы жалпыұлттық сайлауларға дейін созылады. Алдын-ала тіркелген сайлаушылар тұрғылықты жерлерінде дауыс береді. Бірақ бүл күні американдақ сайлаушылар Президент үшін емес, таңдаушылар алқасының мүшелері үшін дауыс береді. АҚШ Президентін сайлау тікелей емес, жанама түрде екі кезеңде өтеді. Таңдаушылар   әрбір   штатта бірьщғай    тізіммен    көпшілікке

байланысты  мажоритарлық жүйеде сайланады. Тізімі ең көп дауыс алған партия осы штаттағы барлық таңдаушыларды өзіне алады. Кейбір штаттарда дауыс беру тізімінде таңдаушылардың тізімі емес, нақты партиядан президенттік қызметке кандидаттардың аты-жөні тіркеледі. Дауыс беру тәртібі сайлау бюллетеньдерін, сондай-ак сайлау машиналарын пайдалану мүмкіндігін қарастырады.

Таңдаушылар алқасы федерализм қағидасы бойынша  қальштасады: әрбір штат конгреске қанша сенатор мен өкіл жіберсе, сонша таңдаушы сайлауға кұқылы.

Колумбия  федералдық округі үш таңдаушы сайлайды. Сол жылғы желтоқсанның екінші сәрсенбісінен кейінгі бірінші дүйсенбіде бір ай бұрын сайланғаы таңдаушылар өз штаттарыньщ астанасында жиналып, өздерінің штатындағы қатардағы сайлаушылардың ең көп дауысын алған президеитке кандидатқа жеке дауыс береді. (Президентті сайлау үшін карапайым көпшіліктің дауысы жеткілікті).

Грецияда  Президентті депутаттар палатасы 5 жылға сайлайды. Президентті қайта сайлау бір рет қана мүмкін. Соғыс жағдайында президенттік мандат ол біткенге дейін ұзартылады (Конституциянын, 30 бабы). 32 бапқа сәйкес депутаттардың жалпы санының бестен үшінің дауысын алған тұлға республика президенттігіне сайлана алады.

Италия Конституциясының 83 бабына сәйкес Республика Президентін  мүшелерінід бірлескен мәжілісінде  Парламент сайлайды.

Коиституция дауыс берудің бірінші турында  дауыстың үштен екісін талап етуіне байланысты (төрттен бастап толық көпшілік жеткілікті), нақты тұлғаны сайлау кезінде саяси партиялардың кең келісімі қажет. ¥лттық бірлікті білдіретін мемлекет басшысы ретіндегі президенттік қызметтің маңызы сайлау кезіндегі саяси партиялардың аяусыз және бітіспес күресін білдіреді. Егер республиканың уақытша президенті Э де Никола бірінші турда сайланса, Л. Эйнауда — төртінші турда (1948-1955 жж.), Д.Гронки — төртінші турда (1955-1962 жж.) сайланған. Келесі президент А.Сеньиді сайлау үшін тоғыз тур (1962-1964 жж.), Д.Сарагати үшін 21 тур (1964-1971жж.), Д.Леон үшін 23 тур (1971-1978 жж.) қажет болса, ал социалист А.Портили 1978 жылы маусымда дауыс берудің 16 турында маидат алды.

Республика  Президенті болып елу жасқа толған, азаматтық және саяси құқықтарды пайдалана алатын кез-келген азамат сайлана алады. Республика Президенті қызметін басқа лауазыммен қосақтауға болмайды. Италия Республикасының Президенті жеті жылға сайланады.

"РСФСР  Президентін сайлау туралы" Завды  қабылдауда әлемнің өзге елдерінде ( мәселен, Францияда) осындай іс- қимылды заң арқылы рәсімдеу тәжірибесі ескерілді. Жоғары лауазымды тұлғаны және Ресей Федерациясының атқару билігінін, басшысын сайлауды жоғарыда көрсетілген заң бойынша Ресей азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жалпыға тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жүргізеді.

35 жасқа толған  және 65 жастан аспаған, осы Заңга  сәйкес сайлау құқығы бар Ресей азаматы Ресей Президенті болып сайлана алады, ол 5 жыл мерзімге сайланады, бірақ екі реттен артық сайлана алмайды. Осы баптың талаптарын бұзу президент сайлауың заңсыз деп тануға әкеліп соғады.

Заңда Президент  сайлауын өткізудің қағидалары айтылған, ол: еріктілік, сайлауды тікелей және жасырын жүргізу; әр азаматта бір дауыстың болуы; кандидатурасын президент ұсынған вице-президент сайлауының бірге жүргізілуі. Бұдан бөлек, 4 бап сайлауға дайындық пен оны өткізудің жариялылығы қажеттігін атап көрсеткен. Атап айтқанда, халық депутаттары, саяси және кәсіби партиялардың және өзге де қоғамдық ұйымдардың, бұқаралақ қозғалыстардың, еңбек ұжымдарының, тұрғылықты жерлердегі азаматтар жиналыстарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сайлау комиссияларының мәжілістеріне, сайлау учаскелерінде дауыс беру кезінде және дауыстарды санау кезінде, сонымен қатар, дауыс беру нәтижелерін анықтауға қатыса алады.

Еліміздегі  Президент сайлау тәртібіне тоқталар болсақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының 41 бабына сәйкес, республика азаматтары Қазақстан Республикасының Президентін жалпыға тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын сайлау арқылы жеті жылға сайлайды.

Конституцияда көрсетілген нормалар бойынша қырық  жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда кем дегенде он бес жыл тұрған азаматтың Президент болып сайлануға құқығы бар [14].

Қазақстан Республикасының Президентін сайлау Конституцияның 41 бабына және "Сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес өткізіледі. Осы заңға және Конституцияға сәйкес Республиканың Президентін жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімғе сайлайды.

Конституция Президенттікке кандидат алдына қойылатын  негізгі талаптарды бекіткен. Республика Президенті болу үшін тумысынан Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, әрі Қазақстан Республикасында кемінде он бес жыл бойы тұратын республика азаматы сайлана алады.

Менің ойымша, мұндай талаптардың қойылуы орынды, өйткені Президент болуға үміткер азамат өзі тұратын, болашақта басшы болатын елдің тілін, әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын, ұлттық ерекшеліктерін білуі қажет. Тағы бір айта кететіні, Президенттікке үміткерге үлттық шек қойылып отырған жоқ. Кез келген ұлттың мемлекеттік тілді еркін меңгерген азаматы Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлана алады. "Сайлау туралы" заңға сәйкес Президет лауазымына үміткерге тағы бір талап қойылады, үміткер жеке бір табынушылыққа қызмет етпеуі тиіс. Мұндай талап Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипатынан туындайды. Президент кез келген азамат секілді қайсыбір дінді ұстауы немесе ұстамауы мүмкін. Алайда, дін қайраткер  болмауы, қандай

да бір  конфессияға қызмет етпеуі тиіс. Ол мейлінше, әр түрлі дінді ұстайтыы азаматтардың дауыс беруімен сайланады. Сондықтан Президент зайырлы мемлекеттің басшысы ретінде бүкіл халықты ойлауы керек. Үміткер заң тәртібімен белгіленген соттылығын өтемеген адам болмауы керек, ол белсенді сайлау құқығының иесі болуы тиіс.

Республика  Президентінің кезекті сайлауы  желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі және ол мерзімі жағынан Республика Парламентінід жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Конституциясы Президентті сайлау ушін көпшілік дауыстың мажариторлық жүйесін белгіледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астамының дауысын алған кандидат сайланады деп есептелінеді. Егер кандидаттардьщ бірде бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса, қайта дауыс беру өткізіледі, оған көп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілік дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледі.

"Сайлау  туралы" заң Президент сайлау  тәртібін толық реттейді. Президенттікке кандидатты өз мүшелерінің және мүше еместердің арасынан олардың жоғарғы органдары атынан республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Сонымен қатар азаматтарға өзін-өзі ұсыну құқығы да берілген.

Сайлау өтер алдында үгіт жұмыстары жүргізіледі, үгіт кандидаттарды тіркеуден басталады және сайлау алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша 00 сағатта аяқталады. Мемлекет қай кандидатқа болсын кедергісіз үгіт жүргізуге кепілдік береді. Сайлау алдындағы үгіттің бірнеше түрлері бар. Олар мәселен, бұқаралақ ақпарат құралдарын пайдаланады, сайлау алдындағы көпшілік шаралар (жиналыстар, сайлаушылармен кездесулер), митингілер, шерулер, демонстрациялар өткізеді. Басылымдар мен таспаға жазулар және басқа да материалдар шығарылады және таратылады. Осындай шараларды жүргізу үшін сайлау комиссиялары кандидаттарға тең мөлшерде қаражат бөледі. Мемлекеттік органдар кандидаттардың сайлау алдындағы шараларын ұйымдастыруына және өткізілуіне ықпал етуге міндетті. Плакаттар, листовкалар және басқа үгіт құралдарын шығару үшін сайлау комиссиялары кандидаттарға тең мөлшерде қаражат бөледі. Кандидаттардың өздері де сайлауға ақшалай қаражат жинайды. Кандидаттар тіркелген күннен бастап сайлау қорытындысы жарияланғанша жұмыстан, әскери қызметінен және әскери жиындардан босатылып, олардың орташа жалақысы мөлшерінде шығындары өтеледі [15].

Кандидаттардың  сайлауға қатысқан уақыты олар тіркелген  күнге дейін жұмыс істеген мамандығы бойынша еңбек өтіліміне саналады. Осы уақыт ішінде каидидаттарды олардың келісімінсіз жұмыстан шығаруға, басқа жұмысқа ауыстыруға рұқсат берілмейді. Сондай-ақ оларды тұтқынға алуға, оларға сот тәртібімен қолданатын әкімшілік жазалау шараларын қолдануға болмайды. Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша

бір адам республика Президенттігіне қатарынан екі  мерзімнен артық сайлана алмайды.

Жоғарыда  айтылып кеткендей, сайлаушылардың елу пайыз дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Сайланған  кандидатты сайлау комиссиясы сайлау органында тіркейді.

"Кдзақстан  Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан 
Республикасының конституциялық Заңында республика Президенттігіне 
қойылатын талаптар мен кандидаттарды ұсыну, тіркеу тәртібі 
көрсетілген. Осы   талап   бойынша,   Қазақстанда   Президенттікке

кандидатты  ұсыну мен тіркеу тәртібі Ресей  Федерациясымен салыстырғанда  өзгешелігі бар әрі қолдануға ьщғайлы [15].

Конституциялық  заңнын, 55 бабына сәйкес Президенттікке кандидаттар ұсыну құқығына республикалық, қоғамдық бірлестіктер мен сайлаушылар қолдауы бар болған жағдайда жекелеген азаматтар ие бола алады.

Қазақстан Республикасында  Президентке кандидаттарды қоғамдық бірлестіктер атынан олардың жоғарғы органдары ұсынады. Сайлаушылардың Президенттікке кандидатты қолдауы олардың қол жинауы арқылы расталады,

Осы орайда, Ресей  Федерациясында қолданылып жүрген Президенттік 
қызметке кандидатты     еңбек     ұжымдарыньщ     жиналыстарында,

тұрғылықты  жерлерде және әскери бөлімдерде ұсынудың, осыдан кейін барып, кол қоюды жинау процесін ұйымдастырудың қаншалықты қажеті бар деген ой туындайды.

Біздің ойымызша, Ресей Федерациясында Президенттікке кандидат 
ұсыну     құқығын партияларға,     кәсіподақтарға,     қоғамдық-саяси

қозғалыстарга және басқа да құрылымдарға беру керек. Бұдан бөлек, осындай құқықты  кандидатураларды өкілетті билік органдарының мәжілістерінде міндетті түрде талқылауы арқылы еңбек ұжымдарына, тұрғылықты жерлердегі жиналыстарға да берген жөн.

"РСФСР  Президентін сайлау туралы" Заңында  Президент сайлауларын материалдық қамтамасыз ету қамтылған. Ресей Федерациясының Президентін сайлауға байланысты шығындар Ресей Федерациясының республикалық бюджеті есебінен жүргізіледі. Кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктер мен Ресейдің жекелеген азаматтарының осы мақсаттар үшін өз еркімен берген қаржыларын президентті сайлау жөніндегі Орталық сайлау комиссиясы қабылдап, Ресей Федерациясы Президенттігіне кандидаттарға теңдей етіп бөледі.

Ал кандидаттарды  үсыну және сайлау алдындағы үгіт науқанына арналған шығындар республикалық бюджет арқылы, сондай-ақ кандидаттардьщ жеке қаржылары мен мүдделі азаматтардың еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдар мен бүқаралық қозғалыстардың өз еркімен берген каражаттары есебінен жүргізіледі. Біздің пікірімізше, бұл қаржыларды жинақтау және пайдалану тәртібін Президент сайлауы жөніндегі     Орталык  комиссия     белгілеп,  Президенттікке  кандидаттар

арасында тең мөлшерде бөліп отыруы керек, және ол заңда  өз шешімін табуы қажет. Президенттік қызметке ниет білдірушілердің "сөрелік бағдарын", соның ішінде сайлау алдындағы үгіт науқаны барысындағы жағдайын теңестіру керек.

Жогарыда  аталган Қазақстан Республйкасының  Конституциялық Задында Президентті сайлаудын, мемлекеттік қаржыландырылуы мен Республика Президенттігіне кандидаттың сайлау қорыньщ мөлшері анықталған. Яғни, Президентті сайлауға республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді, ол қаражат сайлау комиссияларын ұйымдастыру мен оның қызметіне және басқа бұқаралық шараларды өткізуге жұмсалады.

Ал, Республика Президенттігіне кандидаттың сайлау қорының мөлшері жалпы сомасы заңмен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен үш мың еседен артық аспауға тиісті кандидаттың жеке қаражатынан, жалпы сомасы заңмен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен бес мың еседен артық аспауға тиісті кандидатты ұсынған республикалық қоғамдық бірлестіктің қаражатынан және жалпы сомасы заңмен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен он мың еседен артық аспауға тиісті республика азаматтары мен ұйымдарының өз еркімен берген қайырмалдықтарынан құралады.

Еліміздегі  сайлау алдындағы үгіт жүргізу тәжірибесі Ресей Федерациясындағы қолданылып жүрген практикадан өзгеше әрі ыңғайлы деуге болады.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының талаптары бойынша, тиісті сайлау комиссиялары жария түрдегі сайлау алдындағы шараларды өткізу үшін кандидаттарға тең мөлшерде ақша қаражатын бөледі. Президенттікке кандидат өз сайлау қорларының қаражаты есебінен бүқаралық ақпарат құралдарьшда сөйлеуге, жария түрдегі сайлау алдындағы шараларды өткізуге, қосымша үгіт материалдарын шығаруға байланысты шығындарды төлеуге, сондай-ақ көлік және іссапар шығындарыиың орнын толтыруға хақылы. Алайда бұл мақсатқа кез келген басқа көздерден өзге де ақша қаражатын тартуға, үгіт жұмысын ұйымдастыру жөнінде завды және жеке тұлғалардың кандидаттардың сайлау қорлары қаражатынан ақысы төленбеген кез келген қызметін қабылдауға, аталған заңды тұлғаларға осы қызметті көрсеткені үшін кандидат тарапынан кез келген жәрдем көрсетуге тыйым салынады. Сайлау науқанына республикалық бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуына бақылауды республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

Кандидаттың сайлау қорын  кұрайтын ақша қаражаты тиісті сайлау комиссиясы кандидат тіркелгеннен кейін  банк мекемелерінде ашатын арнаулы  уақытша шоттарға түсіріледі. Сайлау қорларының қаражатын жұмсау тәртібін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.

Информация о работе Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері