Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Сентября 2013 в 20:06, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың маңыздылығы. Қазақстанның құқықтық мемлекет құру идеалы мен азаматтық қоғамды орнатуға ұмтылу ынтасының іске асуы, мемлекеттік басқару нысанының соған сәйкес түрленуімен, сомдалуымен және басқару жүйесінід тиімділігімен тығыз байланысты.
Мемлекеттік басқару нысаны объективті түрде кез келген елдің әлеуметтік және саяси өмірінің негізі, оның өзегінің көрінісі ретінде саналады. Мемлекеттік басқару нысаны ретінде Қазақстанға президеыттік институтты енгізу посттотолитарлық уақыт пен өтпелі кезеңнің талабына сай келіп, қиыншылықтан шығудың дүрыс жолы болды.

Содержание

3
1 ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ
МЕМЛЕКЕТТЕП ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰҒЫРНАМАСЫ 9
1.1 Мемлекеттік билікті басқаруда ерекше орын алатын
Президенттің негізгі қызметі (функциясы) 9
1.2 Президенттік сайлаулар жүйесі 26

2 Қазақстан Республикасы Президенті
өкілеттіктерінің ерекшелІктері 35
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Қазақстан-Республикасы-Президенті-өкілеттіктерінің-ерекшеліктері.doc

— 512.50 Кб (Скачать документ)

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым  Министрлігі

 Д.А.Қонаев атындағы Университет

_____________________________________Кафедрасы

 

 

Қорғалуға жіберілді:

 

Кафедра меңгерушісі

__________________________

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

на тему:     «Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері »

 

 

 

 

Жетекші

___________________________

Студент:

__________________________

_______________________________________

 

Алматы, 2007 г.

 

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

3

1 ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ 
МЕМЛЕКЕТТЕП ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰҒЫРНАМАСЫ 9

    1.     Мемлекеттік билікті басқаруда ерекше орын алатын 
          Президенттің   негізгі қызметі (функциясы) 9

1.2    Президенттік сайлаулар жүйесі 26

 

2 Қазақстан Республикасы Президенті

өкілеттіктерінің  ерекшелІктері 35

ҚОРЫТЫНДЫ 60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66

 

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың маңыздылығы. Қазақстанның құқықтық мемлекет құру идеалы мен азаматтық қоғамды орнатуға ұмтылу ынтасының іске асуы, мемлекеттік басқару нысанының соған сәйкес түрленуімен, сомдалуымен және басқару   жүйесінід тиімділігімен тығыз байланысты.

Мемлекеттік басқару нысаны объективті түрде  кез келген елдің әлеуметтік және саяси өмірінің негізі, оның өзегінің көрінісі ретінде саналады. Мемлекеттік басқару нысаны ретінде Қазақстанға президеыттік институтты енгізу посттотолитарлық уақыт пен өтпелі кезеңнің талабына сай келіп, қиыншылықтан шығудың дүрыс жолы болды.

Сонымен қатар, басқару нысанынан елдін, тарихи —ұлттық ерекшелігі, қоғамның саяси- мәдени дәстүрі, халық менталитетінің белгілері орын алуы керек. Тек осы жағдайда ғана оның барлық қолайлы, жағымды сипаттары толығымен айқындалып, нәтижесінде мемлекеттік билікті толықтай тиімді қамтамасыз етеді. Керісінше, ұлтқа жат идеялар мен саяси институттарды күштеп будандастыру қоғамдық қатынастарды шиеленістіруге, қоғамды түсініксіз мемлекеттік нысанның көлеңкесінде қалдырып, тоқырауға әкеліп тірейді.

Екі ғасырдан астам өмір сүрген Америка континентінде пайда болған президенттік институт бірте-бірте жаңа кеңістікті жаулап алды. Дегенмен, бір континенттен екінші континентке, бір елден екінші елге, бір тарихи кезеңнен келесісіне өтуде ол неше түрлі өзгеріске ұшырады, яғни, демократияның өзіндік ұғымын бейнелейтін, қоғамдағы түлғалық рөлі мен орныи білдіретін жаңа ерекшеліктер мен сипаттарға ие болды.

Тарихи түрғыдан аз уақыт өмір сүруіне қарамастан, Қазақстандағы осы институттың билік идеясы өзінің қозғалысын ашып, маңызды өзгерістерге төтеп берді. Оған негіз болған Қазақстанның бірінші Президентінің ұстанған ұлт пен мемлекеттің эволюциялық жолмен даму саясаты [1, с159]. Ол үшін 1995 жылғы Конституция ережелерін 1993 жылғы Қазақстандық Конституциямен салыстырудың өзі жеткілікті.

Бұл қозғалыстан  президенттік биліктің күшейіп, заң  қабылдау процестері үкімет тиімділігінің жетілдірілгенін, екі палаталық Парламенттің үкіметті тікелей бақылау ауқымының төмендегенін аңғаруға болады.

Бүгінгі күнгі  өзгерістер және келешекте орын алар оң өзгерістер тұрғысыыан Қазақстандық президенттік басқару жүйесінің тәжірибесін, онын, өкілдік ерекшеліктерін зерттеу және алып отырған орнына жан-жақты терең баға беру кезекте тұрған өте қажет мәселе.

Академик  Н.А.Сахаровтың "Жалпы айтқанда, президенттік институтты талдауға байланысты мәселе келешекте кеңінен және әр алуан және жан-жақты анық зерттеуді қажет етеді" [2, с173] деген пікірі көңілге қонатындай.

 

Қазіргі кезде  қалыптасқан президенттік институт мемлекеттік құрылыс аумағындағы әлемдік өркениеттің қол жеткен озық тәжірибесінің жиынтығы екендігін есепке алмауға болмайды. Отандық ғылым үшін әр түрлі елдердегі президенттің өзіндік құбылыстарын тарихи тұрғыда зерттеу олардың өкілеттіктерінің жалпы және арнайы ерекшеліктерін айқындайтын себептерін анықтауда ерекше маңызды.

Тарихи тәжірибенін, зердесінде қоғам мүдделеріне жауап  бере алмайтын президенттік институттың конституциялық құқықтық реттелуі оқта-текте заңды сыйламау, билікті теріс пайдалану, лауазымды адамдар мен азаматтардың жауапсыздығы және заңға үстірт қана құлықтылық таныту, жемқорлық сияқты әлеуметтік кемшіліктер түрінде көрініс тапқан фактілері тіркелгені хақ.

Президенттік  институттың қызмет тәжірибесін және оның конституциялық қүқықтық реттеуін жетілдіруді мемлекеттік басқарудың қандай да бір түрінің қүрылымы мен тиімділігін конструктивті- сыни қабылдаудан тыс және әлемдік тәжірибені қорытпай жүзеге асыруға болмайды.

Президенттік институттың пайда болуы мен өкілеттіктерінің дамуынық тарихи- құқықтық аспектілерін қарастыру өтпелі экономика және заңнамаларды жетілдіруге қажетті күш жұмсау және мемлекетте билікті бөлу механизмін реттеу жағдайында біздің қоғамды демократиялық қайта құрудың жолдары мен тәсілдерін, мүмкіндіктерін ой елегінен өткізуге ықпал етеді.

Тақырыптың  зерттелу деңгейі..

Президенттік  билікті қүру мәселесі әртүрлі мемлекеттердің әр қилы тарихи кезеңдерінде конституциялық жобаларды дайындау мен талқылау кезінде өткір туындап, заң арқылы монархтың, көсемнің, диктатордың жеке билігін шектеу идеяларымен айқындалатын. Бұл идеялар XX ғасырдың басында М.М. Сперанский мен Н.И. Муравьевтің Ресейге арналган, М.Дулатов пен А. Бөкейхановтың Алаш Қазақ автономиясына арналған конституциялық жобаларында өскін алып, басқа да "ұлттық шеткері аймақтың" көрнекті қоғамдық-саяси қайраткерлерінің еңбектерінде қарастырылған.

КСРО Жоғарғы  Кеңесінің Президиумы — дәстүрлі түрде елдің ұжымдық ирезиденті деп саналатын, бұның өзі зандарды түзеуге және оны КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлықтарымен алмастыру тәжірибесімен ақтауға мүмкіндік беріп келген. Президенттік республиканы мемлекеттік басқару нысаны ретінде қабылдамау буржуазиялық деп танылған және ол социалистік мемлекеттің алқалық- жауапсыз партия органдарымен сыйыспайды деп саналатын сол кездердегі құқықтық мемлекет концепциясына және билікті бөлу теориясына сыни көзқарасқа байланысты пайда болды.

Алайда, 70 -ші жылдары шет мемлекеттердегі  президенттік институттарға терең  талдау жасаған жұмыстар дүниеге келді. Сол кезеңдегі жұмыстардың авторлары арасынан А.А. Мишинді, И.П. Ильинскийді, С.А. Егоровты, М.А. Крутоголовты, Ю.К. Абрамовты атауға болады.

80-ші жылдардың  екінші жартысында "социалистік"  деген атаумен құқықтық мемлекет идеясы, билікті бөлу теориясы саяси және мемлекеттік құжаттарда танылып, С.С Алексеев, Г.В. Атаманчук, Г.В.Барабашев, А.П. Бутенко, В.Е. Гулиев, Н.Н. Деев, И.П. Ильинский, Д. А.Керимов, В.Н. Кудрявцева, Б.П.Курашвили, Г.В.Мальцев, В.С. Нерсесянец, Н.В.Черноголовкин, В.А. Четвернин сынды құқық және тарих, мемлекеттік жүргізу және басқару теоретиктерінің еңбектерінде көрініс таба бастады.

Қазақстанда 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың  басында құқықтық ғылыми ой президенттік республика идеясы және билікті бөлу теориясына қайта оралады. КСРО тарағаннан кейінгі саяси жағдайды таңдауда республикаға қолайлы басқарудың практикалық нысаны іздестіріледі. Парламенттік республикаға, сондай —ақ "қуатты атқарушы тіке билік" құру мақсатында ел басына үкімет басшысының қызметін қоса беру арқылы мемлекеттік басқарудьщ президенттік түріне баса назар аударылады.

Бұл модель тәуелсіз Қазақстанньщ 1993 жылғы Конституциясында бекітілген. С.З. Зимановтың, С.С. Сартаевтың, Г.С.Сапарғалиевтың, Н.А. Шайкеновтың, А.К. Котовтың және В.А. Малиновскийдің еңбектерінде өз көрінісін тапқан осы маңызды мәселелер бойынша идеялар сол кездегі қазақстандық құқықтанушылар мен мемлекеттанушылардың жарқын да өткір де маңызды идеялары болып табылды.

Мемлекетті  басқарудың нысаны ретінде президенттік республиканың 
түбеғейлі өзгеше моделін қалыптастырған 1995 жылғы Конституцияның 
жасалуы мен қабылдануы Қазақстан Республикасындағы басқару

құрылымы  мәселелерін   зерттеуге өзгеше қарқын берді. Алайда, біздің көзқарасымыз бойынша Қазақстанда президенттік қызметке тағайындаудың, онын, өкілеттіктерінің қалыптасуының теориялық және тарихи алғышарттары, республикадағы қазіргі заманғы президенттік институттың ауысуының себептері мен кезеңдері және келешегі әлі де   болса толық зерттелмеген.

Заң қабылдаушы және атқарушы биліктің жоғарғы органдарыньщ өзара іс-қимыл жүйесінде болып жатқан саяси-тарихи процестердің дамуы, олардың Елбасымен өзара қарым-қатынасы, президенттің осы қарым-қатынасты үйлестіруі, президенттің мемлекет басшысы және мемлекеттегі жоғары лауазымды тұлға ретіндегі конституциялық ролінің басқа да мәселелері терең талдау жасауды және ой елегінен екшеуді қажет етеді.

Сонымен, мемлекеттік басқарудың жаңа, неғұрлым алдыңғы қатарлы нысаны ретінде президенттік республиканың пайда болу және даму тарихын зерттеу маңыздылығы елімізде оның қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасу процестерімен өзара қарым- қатынасының теориялық жағынан өңделуінің жеткіліксіздігі осы дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мемлекеттік басқарудың жаңа 
нысаны ретінде президенттік республиканың тарихы мен теориясы, 
өкілеттіктері     ерекшеліктерінің қалыптасуының себеп-салдары мәселелеріи өз бетінше кешенді зерттеу, осының негізінде мемлекеттік құрылыс пен        қазақстандық    юриспруденция    айналымында қолданылатын ұйымдық-құқықтық, заң шығармашылық және басқа да мәндегі ұсыныстар мен ғылыми-практикалык кепілдемелер жасау болып табылады.

Автор белгіленген мақсаттан туындайтын мына төмендегідей міндеттер қояды:

- мемлекеттік  дамудың әлемдік тәжірибесі жинақтаған материалдарды қорыту және зерттеу, жаңа өзекті проблемаларды жарыққа шығару және зерттелінетін тақырыптың теориялық өңдеу деңгейі мен дәрежесін ашу негізінде олардьщ ғылыми шешім табуынық жолдарын анықтау;

- "мемлекеттік басқару нысаны", "мемлекеттік басқарудың түрлері мен 
типтері",   "президенттік   институт",   "президенттің   өкілеттігі"   үғымын 
сипаттайтын анықтамаларды талдау және мазмұнын ашу;

президенттік  басқару нысанының пайда болуы, өкілеттік ерекшеліктерінің қалыптасуы және дамуының тарихи-қүқықтық аспектілеріне талдау жасау;

- президенттік институттың мемлекеттік-құқықтық мәртебесінің   алуан 
түрлі үлғісінің қызметтік мазмұнын анықтау;

- Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу 
кезеңін негіздеу;

- президенттік республиканың қазақстандық үлгісінің конституциялық- 
құқықтық  ерекшелігін көрсету;

Зерттеу объектісі президенттік республиканың пайда болуыньщ генетикалық негізі ретіндегі мемлекеттік басқару нысаны дамуының тарихи- құқықтық тәжірибесі болыптабылады.

Зерттеу    пәні        Қазақстан    Республикасындағы мемлекеттік басқарудың нысаны ретінде президенттік республиканың дамуы меи президент өкілеттіктерінің конституциялық-құқықтық ерекшелігін көрсетуге арнаган.

Дипломдық жұмыста әртүрлі ғылыми бағыттар мен мектептерге жататын отандық және шетелдік ғалым-мемлекеттанушылардың, құқықтану,тарих, философия, мәдениеттану, саясаттану, басқару теориясы,психология және басқа да салалар бойынша ірі мамандардың еңбектеріқорытылып, талданады. Соның ішінде, ең алдымен, қазақстандық ғалымдар: С.З. Зимановтың, М.Т. Баймахановтың, С.С. Сартаевтың, Г.С. Сапарғалиевтің, С.Н. Сәбікеновтың, В.А. Кимнің, А.К. 
Котовтың, В.А.   Малиновскийдің,        Ж.   Жүнісованың,        С.Ф.

Ударцеваньщ, Б.А. Майлыбаевтың, М.Б. Қасымбековтің, Р.Т. 
Окушеваның, А.Х. Бижановтың Н.А. Шайкеновтың, алыс және жақын 
шетелдік авторлар: М. Амеллердің, В.Е. Гулиевтің, Н.Ф. Бабанцевтің, 
В.П. Прокопьевтің, Д.Л.Златопольскийдің Я.М.Бельсонның,К.Е. Ливанцевтің,      А.В. Зиновьевтің,және басқалардың еңбектері бар.

Еңбектің  теориялық негізін күрделі демократиялық процестерге және қазақстандық мемлекеттіліктід қалыптасуына, қоғамның саяси өміріне, құқыққа, конституциялыққа, басқарудың әртүрлі нысанының дамуына қатысты отандық және шетелдік мерзімді баспасөзде жарияланған көптеген материалдар толықтырған.

Жұмыстың  ғылыми жаңалығы проблеманың маңыздылығымен де, сондай-ақ, осы мәселені көтерудің тарихи мәнділігімен және өңдеу дәрежесін есепке ала отырып, оны зерттеуді кешенді түрде жүргізумен анықталады. Қазіргі заманғы мемлекеттердегі президенттік басқару нысаныныд пайда болуынын, және Президент өкілеттіктерінің ерекшеленіп қалыгггасуы мен дамуының тарихи-құқықтық аспектілерін зерттеуде әртүрлі пәндердің методологиялық мүмкіндіктерін, оның сындарлы элементтерін президенттік институттьщ қазақстандық үлгісін талдауға енгізуарқылы интеграциялауға ұмтылысы жүзеге асырылған.

Дипломант президенттік институтты конституциялық-құқықтық нормаларға негізделген, оньщ мемлекеттік-құқықтық мәртебесін анықтайтын және оны жүзеге асыруда қатынастарды айқындайтын, сондай-ақ, президентке тікелей бағынышты және оның алдында есеп беретін президенттік әкімшілік пен органдардың ұйымдық- басқару құрылымын, азаматтық демократия мен билікті бөлу механизмі арқылы қоғам көсемінің саяси еркін жүзеге асыратын мемлекеттік шешімдерді дайындау мен қабылдауды қамтамасыз ету тәртібін қоса алғандағы үздіксіз өзара байланысты элементтер жүйесі деген ұғымға тоқталады.

Қорғауға мына төмендегідей ережелер мен қорытындылар ұсынылады:

  1. Президенттік  институт     әлеуметтік тұрақтылық,  мемлекет  пен 
    қоғам істерін басқарудың жаңа нысандарын іздестіру жағдайында 
    демократиялық мемлекет үшін   қуатты атқару билігі идеясының 
    неғұрлым жарқын көрінісі ретінде  қалыптасты.
  2. Президенттік институттың мемлекеттік-құқықтық мәртебесі тиісті 
    мемлекеттің   өмір   сүруінің      әлеуметтік-саяси   және   басқа   да 
    шарттарының  барлық  жиынтығының  әсерімен     қалыптасады, 
    қоғам дамуының адами- тарихи және мәдени деңгейін көрсетеді 
    және бәрінен бұрын сол елдегі Конституцияда жарқын көрініс 
    табады.
  3. Президенттік институты бар саяси тәртіптің маңызды сипаты осы 
    институттың   заң   шығарушы   билікпен   өзара   іс-қимылының 
    өзгешелігі  болып  табылады.     Президенттік  институттың  және 
    биліктің басқа тармақтарының өзара қарым-қатынасын жетілдіру 
    құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның өмір сүруіне қажетті 
    факторларды қалыптастыруға ықпал етеді.    "Қуатты президент- 
    тиімді парламент" формуласы кең көлемде   президентке тәуелді 
    атқарушы биліктің қызметіне заң  қабылдаушы  билік тарапынан 
    бақылауды    жоққа    шығара    алмайды.     Президенттің    саяси 
    бағдарламаларының және оның стратегиялық бастамаларының 
    табысқа жету дәрежесі оның заң шығарушы органмен сындарлы 
    өзара   қарым-қатынас   жасай   алу   қабілетіне,       парламентпен 
    байланысты жүзеге    асыратын президент жанындағы ұйымдық 
    құрылымдардың іс-қимылының нәтижелілігіне тікелей қатысты.

Информация о работе Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері