Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Сентября 2013 в 20:06, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың маңыздылығы. Қазақстанның құқықтық мемлекет құру идеалы мен азаматтық қоғамды орнатуға ұмтылу ынтасының іске асуы, мемлекеттік басқару нысанының соған сәйкес түрленуімен, сомдалуымен және басқару жүйесінід тиімділігімен тығыз байланысты.
Мемлекеттік басқару нысаны объективті түрде кез келген елдің әлеуметтік және саяси өмірінің негізі, оның өзегінің көрінісі ретінде саналады. Мемлекеттік басқару нысаны ретінде Қазақстанға президеыттік институтты енгізу посттотолитарлық уақыт пен өтпелі кезеңнің талабына сай келіп, қиыншылықтан шығудың дүрыс жолы болды.

Содержание

3
1 ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ
МЕМЛЕКЕТТЕП ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰҒЫРНАМАСЫ 9
1.1 Мемлекеттік билікті басқаруда ерекше орын алатын
Президенттің негізгі қызметі (функциясы) 9
1.2 Президенттік сайлаулар жүйесі 26

2 Қазақстан Республикасы Президенті
өкілеттіктерінің ерекшелІктері 35
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Қазақстан-Республикасы-Президенті-өкілеттіктерінің-ерекшеліктері.doc

— 512.50 Кб (Скачать документ)

6) Қазақ КСР-ның  келіссөздерін жүргізіп, халықаралық  келісімдеріне қол қою;

Қазақ КСР-ы  Жоғарғы Кеңесі Төрағасының өкім түрінде жеке-дара акті қабылдау құқығы болды.

1978 жылғы Қазақ  КСР Конституциясына енгізілген осы өзгерістер мен толықтырулардан кейін 1989 жылдың 22 қыркүйегінде республиканың партия жетекшісі Н.Ә. Назарбаев елдің бірінші тұлғасы болуға занды мүмкіндік алды. Республикадағы партиялық биліктің әлсіреуі және мемлекеттік биліктің нығаюы сол кезде басталған тәрізді.

1990 жылғы 22 ақпанда  он бірінші сайланған республика  Жоғарғы 
Кеңесі партиялық топ пен ақсақалдар кеңесінің тапсыруы бойынша Қазақ 
КСР-ы   Жоғарғы Кеңесі      Төрағасының       қызметіне   ұсынылған

Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын жасырын дауыспен сайлағаннан кейін, Қазақстанның жоғарғы лауазымды түлғасы өз сайлаушыларына сол кезге тән мынадай сөз айтуды қажет деп тапқан: "Он бірінші шақырылған Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінің XVI сессиясында еліміз және республика үшін қиын - қыстау осы уақытта- халық депутаттары Кеңесінің алдында жаңа билікті жеңіп алудың тарихи міндеті қойылған кезде өзіме осындай үлкен жауапкершілік жүктелгенін терең сезінемін", - деді Н.Ә.Назарбаев. -Жеңістер, - деп атап көрсетті Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінін, Төрағасы, - Кеңестер жоғарыдан іс-қимыл бостандығын күтуін тоқтатқанда ғана, сондай-ақ өздері мемлекеттік басқару тетіктерін батыл түрде қолға алғандағана мүмкін"[1].

Республика Жоғарғы  Кеңесі Төрағасының алғашқы сөзінде  өзге де айырықша сәттер болды. Біріншіден, Н.Ә.Назарбаев Жоғарғы лауазым иесі ретінде Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінің алдына: "өз аумағына иелік ету жағдайына сәйкес заңдар қабылдау" жөнінде стратегиялық міндет қоя алатын еді. Ал, екіншіден, ол " республика тұтас алғанда ел мүддесі үшін біздің федерацияны жетілдіру мақсатында 1922 жылы қабылданған одақтық келісімді қайта қарау және КСРО-ның мемлекеттік құрылымы туралы жаңа Заң қабылдау мәселесін қоюы қажеттігін"  атап көрсетті.

Сонымен, 1989 жылы Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінің 1978 жылғы 
Конституцияға енгізген республикада Жоғарғы лауазымды тұлға 
институтын енгізу және оған мемлекет басшысына лайық өкілеттіктер беруі 
туралы  өзгертулері,     сондай-ақ Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстандағы

бірден-бір басшы ретіндегі  саяси салмағы мен батыл іс-қимылдары сол кездің өзінде-ақ (яғни, 1990 жылғы 25 қазандағы еғемендік туралы [21]. және 1991 жылдың 16 желтоқсанындағы тәуелсіздік туралы [22]. құжаттарға дейін, сондай-ақ КСРО-ның ыдырауына дейін) Қазақстандағы президенттік институттың қалыптасуына мүмкіндік жасады, және сонымен бірге Қазақстан Республикасында басқарудың президенттік нысанын бекітуге жасалған алғашқы нақты қадам болып табылды. Әрине, бұл үшін Қазақстан А.Х.Бижанов пен В.А. Малиновский жазған "президенттенудің" барлық кезеңдерінен өтуге тиіс болды.

Қазақстанда президенттік институттың қалыптасуын  кезеңдерге бөлуде әріптестеріміз жіберген      кемшіліктерді түзете отырып, біз бұл

процестін, бастапқы кезіне тоқталып қана қоймай, Қазақстан республикасының 1995 жылғы Конституциясында атап көрсетілген және оның іс-қимыл тәжірибесімен көрсетілген осы кезге тән негізгі сипатты ерекшеліктерін қарау қажет деп санаймыз. Сол кезевдегі "президенттікке" талдау жасау, Қазақстанда президенттік институттың дамуының бұдан кейінгі бағыттарының жобасын жасауға методологиялық тұрғыдан мүмкіндік береді. Туындап отырған даму беталысына болжау жасамастан және процесс қозғалысының басты бағытын айқындамастан Қазақстанда президенттік институттың қалыптасу мәселесі және мемлекет басшысының конституциялық ролі толық пайымдалған деп айту қиын.

Бүгінде басқару  нысаны жағынан Қазақстан мемлекеті 1995 жылғы Конституцияньщ 2 бабының 1 тармағында жазылғандай, президенттік республика болып табылады. Алайда осы басқарудың сан алуандығы мен элементтерініқ икемділігіне және соңғы жылдарда оның конституциялық тәжірибеден сәтті өтуіне байланысты президенттік басқарудың қазақстандық нысаны біздің ойымызша, қоғамдағы орталықтандырылған-демократиялық биліктід бөлінуі мен қызмет етуінің айрықша жүйесінің логикалық аяқталған түрі болып табылады. Президенттік институт 1993 жылғы Конституция көрсеткендей (онда Қазақстандағы басқару нысаны жөнінде нақты жауап болмаған) биліктің атқарушы тармағына жапсырылған жоқ, керісінше, қазақ халқының мемлекеттік бірлігін жүргізуге жұмылдырылды.

Сонымеи, 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының III бөлімінің 40 бабы бойынша (1993 жылғы Конституцияньщ "Президент" деп аталатыіі 13 тарауы "Жоғарғы Кеңес" деп аталатын тараудан кейін тұрған еді) Президент мемлекеттін, ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайтын және ел іші мен халықаралық қатынастарда Қазақстанды танытушы мемлекет басшысы және оның жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Ол біріншіден, халық бірлігі мен мемлекеттік биліктің сенімі кепілі болады (т.1), екіншіден, мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызметін (т.2), және оның органдарының Қазақстан халқы алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді (т.З). Президенттік республиканың қазақстандық үлгісінің конституцияда бекітілген осы концепциясына сәйкес басқару жүйесінің барлық басқа элементтері қалыптасқан "тежемелік және тел-теңдік" механизмін қолдана отырып құрылады [23].

Қолданылып  жүрген Конституцияны жасаушылардың  мәселені осы тұрғыдан шешуі "басқару нысаны" және "басқару жүйесі" саяси-қүқықтык категориялары арасалмағының - қазіргі заманғы ғылыми тұжырымдарына толық жауап береді. Егер басқару нысаны мемлекеттік билікті ұйымдастыру сызбасын білдірсе және ереже бойынша, тек бір институттың- мемлекет басшысының завды қызметін қамтамасыз ету тәсілімен байланысты болса, - деп атап көрсетеді мемлекеттанушылар, -онда басқару жүйесі мемлекеттік биліктің жеке тармақтарға бөлінуінщ заң жүзіндегі    концепциясын         қоса    алғандағы,    олардың    арасындағы

шиеленістерді шешудің технологиясының, олардың  саяси мәртебесі мен конституциялық қызметі тәртібінің жиынтық түсінігін білдіреді [23, с 29-36].

Бұрынғы, 1993 жылғы  Конституция "тежемелік және тепе-теңдікті" жария еткенімен оның механизмін қамтамасыз ете алмады, себебі ол бастапқыда өтпелі кезеңнің шарттарымен сыйыспайтын Жоғарғы Кедестің ролі үстем болған "билікті қатаң бөлу" идеясына негізделген болатын. Соі-ідықтан ол саяси және Конституциялық процесстер барысындағы Президент пен Парламент арасындағы алғашқы қарсылықты, мемлекеттің республикалық басқару нысанының қайсы үлгісіне бет алу туралы келіспеушілік жағдайын туғызды [ 24, с 350].

Егер 1995 жылғы  Конституция бойынша басқару  жүйесінің басты ерекшелігі президенттік институттың едәуір күшеюі деп атап көрсете алатын болсақ, (демократиянын, тікелей және өкілетті нысанының "интегралы" ретінде), бұл дұрыс болар еді [24].

Алайда бұл  жеткіліксіз де болады, себебі Конституция  нормаларын қолдану тәжірибесі Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтарының үстінен қарайтын" жаңа мәртебесіне және олардың өзара іс-қимыл механизміндегі оның үйлестіруші және күш беруші ролінің конституциялық көтермеленуіне орай, қазақстандық парламентаризмнің күш-қуаты мен тікелей атқару билігінің дербестігі күшейіп, сот билігі тәуелсіздігінің артуын көрсетуде.

Екі палаталы Парламент қана емес, сонымен бірге Қазақстан Президенті де қазақ халқының завды өкілі болып табылады және болуы қажет те, себебі біздің демократия билік пен халықтың бірлігі ретінде мемлекеттік билікті тұлғаландыруды ғана емес, сонымен бірге азаматтардың саясаттағы шешуші ролінің күшеюін және Қазақстанда халықтың тікелей ерік-жігерінің дамуын білдіреді. Бұл өз кезегінде Қазақстан мемлекетінің басшысын Қазақстан халқының өкілі және онын, бірлігінің жарқын бейнесі етіп көрсетеді. Ал Парламент түрлі аумақтық округтарда саяси процестің түрлі субъектілері арқылы тікелей және жанама сайланып, қалыптасатындықтан Қазақстан халқының сан алуандығын объективті көрсете алады ( 1995 жылғы Конституцияның IV тарауы). Президент пен Парламенттің биліктік өкілеттігінің шығу ерекшеліктері негізгі конституциялық нормаларда завды шешімін тапқан.

Қазақстан Президентіне халық пен мемлекет атынан шексіз сөз сөйлеу құқығы берілген. Парламент халық атынан "өзіне берілген конституциялық өкілеттік шеңберінде" ғана сөйлеуге құқылы (3 бап, 3 тармақ). Сонымен қатар 1995 жылғы Конституция Республикада билікті ешкім де иелене алмайды деген бұрынғы Конституция ережесінің мәнін дәйектілікпен жалғастыра отырьш, егер осындай іоәрекет орын алған жағдайда, ол заң бойынша жауапқа тартылады деп, аталған қағиданы күшейте түскен ( 1995 жылғы Конституцияның 3 бабының 3 тармағын 1993 жылғы Конституцияның негізгі конституциялық құрылысыньщ төртінші ережесімен салыстырыңыз). Өзінің сан алуандығымен біртұтас Қазақстан халқының толық өкілділігі, оның ерік-жігері мен мүддесінің заңнамаларда үздіксіз және уақтылы қалыптасуына біздің мемлекетіміздің өкілді органы — Парламент пен мемлекет басшысы - Президент, сонымен бірге Парламенттің де, Президепттің де қатар жүргізіп отырған заңнама кызметі ықпал етеді. Әрине, олар өз қызметтерін тиісті құқықтық шеңберде және қоғамдық қатынастар айналымында, бірін-бірі қайталамай, бір-бірінің заңнама функцияларын толықтыра отырып жүргізеді.

Конституция бірлікті (Президент) және Қазақстан  халқының сан алуандығыи (Парламент) білдіретін екі демократиялық институттың заңнама шығарудағы "бәсекелестігін" жоққа шығарады. Парламентке Коиституцияның IV тарауының 61 бабының 3 тармағына сәйкес маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін және негізгі қағидалар мен нормаларды бекітетін мына төмендегі мәселелерге қатысты заңдар шығару құқығы берілген:

    1. жеке   және   заңды   тұлғалардың   құқықтық   субъективтілігі, 
      азаматтардың   құқығы   мен   бостандығы,   жеке   және   заңды 
      тұлғалардың міндеттемелері мен жауапкершіліктері;
    2. жеке меншік пен өзге д<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" fon

Информация о работе Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері