Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 14:06, дипломная работа

Краткое описание

Тарихи түрғыдан аз уақыт өмір сүруіне қарамастан, Қазақстандағы осы институттың билік идеясы өзінің қозғалысын ашып, маңызды өзгерістерге төтеп берді. Оған негіз болған Қазақстанның бірінші Президентінің ұстанған ұлт пен мемлекеттің эволюциялық жолмен даму саясаты [1, с159]. Ол үшін 1995 жылғы Конституция ережелерін 1993 жылғы Қазақстандық Конституциямен салыстырудың өзі жеткілікті.
Бұл қозғалыстан президенттік биліктің күшейіп, заң қабылдау процестері үкімет тиімділігінің жетілдірілгенін, екі палаталық Парламенттің үкіметті тікелей бақылау ауқымының төмендегенін аңғаруға болады.
Бүгінгі күнгі өзгерістер және келешекте орын алар оң өзгерістер тұрғысыыан Қазақстандық президенттік басқару жүйесінің тәжірибесін, онын, өкілдік ерекшеліктерін зерттеу және алып отырған орнына жан-жақты терең баға беру кезекте тұрған өте қажет мәселе.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1 ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ
МЕМЛЕКЕТТЕП ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰҒЫРНАМАСЫ 9
Мемлекеттік билікті басқаруда ерекше орын алатын
Президенттің негізгі қызметі (функциясы) 9
1.2 Президенттік сайлаулар жүйесі 26

2 Қазақстан Республикасы Президенті
өкілеттіктерінің ерекшелІктері 35
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Қазақстан-Республикасы-Президенті-өкілеттіктерінің-ерекшеліктері.doc

— 499.50 Кб (Скачать документ)

4.Қазақстан    Республикасындағы         президенттік    институтты, 
толығымен       алғанда,   қазақстандық   қоғамның   мемлекеттік- 
кұқықтық негізін нығайтудьщ ұзақ мерзімге арналған ықпалды 
құралы   деп   санауға   болады.      Сонымен   қатар,   президенттік 
институттың,  әсіресе, мемлекет басы әкімшілігінің биліктің басқа 
тармақтарымен,    соттармен    және    аймақтар    мен    жергілікті 
жерлердегі   мемлекеттік   басқару   органдарымен   өзара   қарым- 
қатынасын     неғұрлым толығырақ,  неғұрлым нақтырақ реттеу 
керек.

5.Қазақстанда тарихи мақсаттылық жағдайына және елдің сапалық 
ерекшеліктеріне,     оның    әлеуметтік-экономикалық    ахуалының 
деңғейіне және қоғамның саяси-кұқықтық мәдениетіне    сәйкес, 
өзініқ құқықтық өкілеттілігі және қызмет ету практикасы жағынан 
басқарудың   "қуатты"   президенттік       жүйесі   үлгісіне   жақын 
президенттік  институт     заңды  түрде     қалыптасты.   Алдыңғы 
онжылдықтарда      қалыптасқан,      мемлекеттің   өмір   сүруі   мен 
өркениеттің   дамуы   жолындағы   барлық   жауапкершілікті      өз 
мойнына артқан    қоғамның ағартушы   жетекшісінің болуы жаңа 
тәуелсіз мемлекеттерде президенттік институттың қалыптасуының 
мақызды субъективті алғышарты болып табылады.    Басшының 
көпшілік қауымның экономикалық және саяси мүддесін  білдіруге 
қабілетті және олардың саяси өмірдегі демократиялық белсенділігі 
мен экономикалық өмірдегі еркін кәсіпкерлігін,    бәсекелестіктігін 
қорғайтын батылдығы мен табандылығы бар.

 

Зерттеудің  теориялық маңызы ондағы тұжырымдалған ережелер мен қорытындылар тарихи-құқықтық ғылымның, мемлекет және құқық теориясының,     сондай-ақ,     мемлекеттік     басқару     нысаны     ретіндегі президенттік республиканы және президенттік институт мәртебесін зерттеуге арналған конституциялық құқықтың тиісті бөлімдерін дамытып, толықтыра түседі.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

1  ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТЕП ҚҮҚЫҚТЫҚ ТҰҒЫРНАМАСЫ

1.1 Мемлекеттік билікті басқаруда ерекше орын алатын

Президенттің  негізгі қызметі (функциясы)

 Президенттің функциясы   - термині Президенттің негізгі, аса маңызды

қызметінің  бағытын білдіру үшін қолданылады. Құқықтық мемлекеттегі заң шығару, атқару және сот билігі қызметінің негізгі бағыты жалпы табиғи мәнге ие. Олардың ең басты мақсаты қоғамның үйлесімді қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

Президенттік  институттың функцияларындағы оның мәні, қоғамдық дамудың негізгі мәселелерін шешудегі, ең алдымен, ел тұрғындарының сан алуан мүдделерін қанағаттандырудағы шынайы ролінен көрінеді. Президент функциясы оның дамуының әр түрлі кезендерінде мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттарға, мемлекеттік басқару жүйесіне байланысты (президенттік, жартылай президенттік және парламенттік) қойылып, осы мақсаттарды жүзеге асырудың құралы болып табылады. Президент функциясының мазмұны әр түрлі ішкі және сыртқы факторларға байланысты анықталады.

Мәселен, елдің  экономикалық өміріндегі дағдарыстар  президенттен осы экономикалық міндеттерді шешу үшін күш- жігерді үйлестіруді талап етеді. Қылмыстың өршуі президентті оған қарсы күресті күшейтуде, оны тудыратын себептер мен жағдайларды табу және жоюда дер кезінде маңызды іс-қимыл жасауға бағыттайды. Сыртқы агрессия қаупі президентті ел халқын оған тойтарыс беруге дайындауға жүмылдырады.

Әр түрлі  елдердегі президент институты  функциясының ортақ 
сипаттары бар: президенттің әрбір функциясының мазмұны мемлекеттік 
қызметтің біртектес аспектілерінің жиынтығынан тұрады; мемлекеттік 
қызметтің ұқсас тұстары олар ықпал ететін қоғамдық қатынастардың 
өзгешеліктері мен сипаттарына орай бір функцияға біріктіріледі; 
қызметтің белгілі бір түрлеріне арнайы белгіленген көптеген мемлекеттік 
органдардың (ІІМ, Сыртқы істер Министрлігі, Прокуратура) 
функциясымен салыстырғанда президенттің функциясы белгілі бір 
мемлекеттік қызметті жүзеге асырудағы жекелеген органдардың мәнін 
төмендетпестен, мемлекеттік қызметтің барлық аспектісін қамтиды; 
олар кешенді, жинақы сипатта болып келеді; оларда мемлекеттің 
күш-қуатын ішкі   және   сыртқы   қызметінің   маңызды,    шешуші

бағыттарына жұмылдыру көрініс тапқан; президенттің функциясын оларды жүзеге асырудың нысандарымен және әдістерімен теңестіруге болмайды: президенттің нақты функциясы мемлекеттік қызметтің осы бағытымен тығыз байланысты мемлекеттік билікті жүргізудің мазмұны, нысаны мен  әдістерінің бірлігі   болып табылады.

Қазіргі замандағы  президенттің барлық мемлекеттік қызметі негізгі мақсатқа: адам игілігіне, онын, адамгершілік және материалдық жағдайының жақсаруына, құқықтық және әлеуметтік қорғалуына шоғырландырылуы қажет. Президент — жоғарғы сақтаушы және жеке

 

түлғалардың завды мүдделерін қорғаушы болуға тиіс. Жеке тұлғалар арқылы Президент қоғамның ілгері басуына ықпал етіп, оны жетілдіреді және қоғамдық  қатынастар  жүйесін  байыта түседі.

Кез-келген қазіргі  заман қоғамының өмірі негізгі  екі аспектіде: елдің ішкі және сыртқы аренасында өтеді. Сондықтан, президент қызметінің барлық негізгі бағыттары да қоғамдық өмір айналымына қарай ішкі және сыртқы деп бөлінеді.

Президент функциясының іс-қимылы ұзақтығына қарай тұрақты және уақытша (төтенше) болып бөлінеді.

Президент түрақты  функциясын қызметінің барлық кезеңінде  жүзеге асырады. Уақытша функциялары төтенше сипаттағы нақты мақсаттар орындалғаннан кейін тоқтатылады. Президенттің қызметін жеке- дара (премьер-министр мен министрліктер тарапынан контрассигнацияны талап етпейтін) және алқалы (президент тиісті контрассигнациядан кейін жүзеге асыратын) деп бөлуге болады.

Президенттің  ішкі функциясы - ел президентінің қоғамның ішкі өмірін басқарудағы қызметінің негізгі бағыттары.

Оларды саралауды  мемлекет қызметінің айналымына қарап  жүргізген жөн. Олар экономикалық және әлеуметтік функция, сондай-ақ қаржы бақылау, кұқық тәртібін қорғау мен экологиялық деп бөлінеді.

1) Экономикалық функция - президенттің ел экономикасын неғүрлым оңтайлы тәртіпте дамытудың стратегиялық бағыттарын жасауы мен үйлестіруінен көрінеді [4, с 204-221].

Нарықтық   тауарлы   қатынас   кезінде өмір   сүрген   қүқықтық

мемлекетте  экономиканы мемлекеттік реттеу негізінен әкімшілік емес, экономикалық жолмен жүргізіледі. Қазіргі заманғы қүқықтық мемлекетте президенттің экономикалық қызметі мына бағыттардан көрінеді:

    • Президент       қоғамның   экономикалық   өміріне   тұтас   ықпал 
      жасайды, ол мемлекеттік бюджетті қалыптастыруды және оның 
      орындалуын бақылайды;
    • Ел көлемінде экономикалық даму бағдарламасын үйлестіреді, 
      өнеркәсіптік      және      ғылыми      зерттеулер      бағдарламасын 
      қаржыландырады;
    • Материалдық игіліктерді өндірушілерге     өндірісті ынталандыру 
      үшін субсидия береді.

Экономикалық  процестерді мемлекеттік реттеуге мемлекеттік биліктің жоғарғы және жергілікті органдары, сондай-ак мамандандырылғын мекемелер қатысады. АҚШ-та мүндай органдарға әкімшілік-бюджеттік бюро, экономикалық кеңесшілер кеңесі, еңбек қатынастары үлттық басқармасы жатады. Федералдық резервтік жүйе және басқалар ел президенті аппаратына кіреді [5, с 71-106 ]. АҚШ президенті жанындағы атқарушы аппаратты құрайтын бүл ведомстволар оның өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша әртүрлі ұсыныстар жасап отырады. АҚШ конгресіне түрлі хабарламалар (экономика, бюджет туралы) жасау қүқығын     пайдалана    отырып,    президент    өз    жолдауларында    ел

 

экономикасына игі әсер ететін нақты заң ұсыныстары мен заң жобаларын қалыптастырады.

Франция президентінің  — елдің атқарушы билігінің жоғарғы басшысының экономикалық функциялары бұдан да кең: ол премьер-министр мен үкімет мүшелерін тағайындайды; мемлекеттің экономикалық және қаржы саясатына, бюджетті жоспарлау мен дайындауға жетекшілік етеді; экономика және қаржы министрліктерінің қызметін бақылайды; Елисей сарайы аппаратын пайдалана отырып, халықаралақ қатынастарда, өнеркәсіпте, зерттеу қызметтерінде, ауыл шаруашылығы, көлік, сауда мен қолөнер, экономикалық жағдаят, бұқаралық қаржы мен несие, мемлекеттік қызметті жоспарлау салаларындағы Францияның саясатын жасайды [3, с 216-217 ].

Финляндия, Швейцария, Үнді, Мексика және Египет президенттерінің экономикадағы өкілеттіктері жеткілікті деңгейде кең.

2) Президенттің  әлеуметтік функциясы - жеке тұлғаның әлеуметтік қорғалуын, ел экономикасына қосқан үлесіне қарамастан мемлекеттің барлық азаматтарының өмір сүріне қалыпты жағдай туғызуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Президент қызметінің бұл бағыты біріншіден, еңбек үлесіне қарамастан, әртүрлі объективті себептерге байланысты толық көлемде еңбек ете алмайтын адамдардың (зейнеткерлер, балалар мен жұмыссыздар) лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік игіліктерді бөлуге жағдай жасау болып табылады; екіншіден, президент денсаулық сақтауға, ағартуға, қоғамның мүқтаж болып отырған мүшелеріне арзан мемлекеттік үй құрылысын салуға қажетті қаржы бөлуді құптап отырады. Мемлекеттің барлық азаматтары толық көлемде пайдалануға тиісті әлеуметтік құқықтарды жүзеге асыру осылай қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдайда құқықтық мемлекеттегі президент экономикалық жағдайы төмендерге ерекше көңіл бөле отырып, ел азаматтарының шынайы әлеуметтік қорғалуының кепілі болып табылады. Президенттің аталмыш функциясы мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне тікелей байланысты, себебі, тек экономикасы және нарықтық қатынастары дамыған елде ғана президент толық көлемде өз азаматтарының әлеуметтік қорғалуының кепілі бола алады.

Францияда "резервтегі салалар" деп аталатын президент қызметі кездеседі, олар: әлеуметтік мәселелер, әлеуметтік сақтандыру, радио және теледидар қызметі, ол Академияның жанашыры, академиктерге кандидаттарды сайлауды бекітеді. Бұл мәселелерді президент жеке-дара немесе өзіне жақын қызметкерлерімен бірге шешеді. Республика президенті денсаулық сақтауға, әйелдердің жағдайына, мәдениет, табиғатты сақтау, туризм, кенттену, тұрғын үй, сәулет және көгеріштендіру мәселелеріне үлкен назар аударады. Бұл мәселелер көбіне Елисей сарайы аппаратына, яғни, өзінің жақын қызметкерлеріне сүйеніп шешіледі, олар әкімшіліктің қызметіне бақылау жасап, аталған мәселелер жөнінде президентті толық хабардар    етіп отырады, қажет болса,    мүдделі мәселелер  бойынша  ел

 

басының шешімдерін  дайындайды.  Аталмыш функциялар әлемнің басқа елдерінің президенттері үшін де маңызды болып табылады.

Австрия президенті, мәселен, кәсіби атақ беріп, айырықша жеңілдіктер, зейнетке қосымша белгілей алады. Мальта Республикасының президенті республика азаматтарының әлеуметтік қорғалуына нұқсан келтірген ел парламентінің шешімдеріне вето құқығын пайдалана отырып, мальталықтардың әлеуметтік қорғалуының кепілі болып табылады. Конституция бойынша Португалия президенті елдегі демократиялық институттардың кепілі саналады. Өз функциясын ол президент жанындағы түрақты жоғарғы кеңесші орган — мемлекеттік кеңеске сүйеніп жүзеге асырады. Әлеуметтік функцияларды жүзеге асыруда аталған мәселелер бойынша көптеген заң актілерін қабылдайтын АҚШ президенті кең өкілеттіліктерге ие, бұл актілер өзінің маңызы жағынан Конгресс шығаратын зандарға тең    [6, СІ2-14, 126-127].

3) Қаржылық бақылау функциясы -     бір бөлігі жалпымемлекеттік 
қажеттілікті өтеу үшін мемлекеттік   бюджетке салық ретінде   жіберілетін 
өндірушілер табысының есебі    болып табылады.     Президент салықты 
жұмсауға бақылау жасайды.

АҚІІІ-та арнайы қаржылық бақылау органы ретінде  президент тағайындайтын, бас тексеруші басқаратын Бас есеп беру басқармасы жұмыс істейді. Францияда барлық мемлекеттік органдардың қаржы тәртібін сақтауына президент алдында есеп беретін Есеп палатасы бақылау жасайды. Индия, Финляндия, Сирия, Турцияның президенттері қаржылық бақылауды жүзеге асырады.

4) Құқык қорғау функциясы -    президенттің бүл қызметі мемлекет 
зандарын дәл және толық жүзеге асыруды қамтамасыз етуге, қоғамның, 
мемлекет пен жеке тұлғаның мүдцесін қорғауға бағытталған. Ең алдымен, 
жеке адамның, азаматтың,      тәуелсіз   тұлға    ретінде қоғам мүшесінің, 
сондай-ақ мемлекеттің өзі мен   оның   түрлі   құрылымдары мемлекеттің 
құқық қорғау қызметінің өзегі болып табылады.

Құқық бұзушылықпен күрес президенттік институттың  құқық қорғау қызметінің маңызды , бірақ  ен, басты бөлігі емес. Президенттік институт арнайы органдардың ( сот, прокуратура, арнайы әскери құрылымдар, полиция т.б.) көмегімен мемлекетте құқықтық нормаларға толық сәйкес келетін тәртіп орнатуға тиіс. Елде тұрақты құқық тәртібін сақтау — президенттің, барлық мемлекеттік органдардың ең маңызды функцияларының бірі.

Осы функциялар Франция Конституциясында [7, с 324-326] кеңінен бекітілген, оған сәйкес республика президенті жоғарғы арбитр, бұқаралық биліктің қалыпты қызмет аткаруының кепілі болып табылады (5-бап), Конституцияның сақталуын бақылайды (5-бап), елде құқық тәртібін сақтаудың арнайы шараларын қолдануға құқылы (6-бап), рақымшылық құқығын (17-бап) жүзеге асырады.

Информация о работе Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері