Азаматтық қүқықтың пәні, ұғымы ,түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 11:37, лекция

Краткое описание

Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квиритгер құқығы). Римдік үіс сіүііе көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарьп реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқыктың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дейтұрғанмен соған қарамастан "сіүіі" атауы еуропалык құқықтануға еніп кана қоймай, заң терминологиясына да кірді. Сондықтан да азаматтык құқыкты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды - цивилист деп жүр.

Содержание

Азаматтық қүқық үғымы
Азаматтық қүқықтың мәні
Азаматтық қүқықтың жүйесі
Азаматтық қүқықтың прициптері

Прикрепленные файлы: 1 файл

азаматтық құқық.doc

— 782.50 Кб (Скачать документ)

Тарап өз міндетгемелерш орындағаны үшін ақы  алса немесе тараптлр бір-біріне бір нәрсе беруі керек болса, бүл ақылы мәміле болып табылады (мәселен. оған затты, акшаны тапсыру жатады). Ал, біртарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бірнәрсені үсынуды міндетіне алған мәміле ақысыз болып есептеледі.

Консенсуалды  мәмілелер (латынша сонсенсус — келісім) — келІсімге келген сәттен бастап азаматтардын құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер. Нақты мөмілені жүзеге асыру үшін (латынша гез — зат) келісімнің бір өзі жеткіліксіз, оған коса затты тапсыру кажет.

Мәмілелерді азамат құқыктану ілімінде каузальдык (себепті) және абстракциялык деп те беледі. Әрбір мәміле жақтардың алға қойған мақсатына орай кұкықтык негіз бен күкыктык мақсатты еншілейді.Бірақта бір жағдайда мәміленің жарамдылығы оның негізіне байланысты болса екінші жағдайда оған байланысты болмайды   Абстракциялық мәмілелер  өзінің   негізінен қол үзгендей көрінеді

 

3  Шартпен жасалған мәмілелер қандай  да бір нәрсеге тәуелді болып  келеді ондай жағдайлар болуы  да болмауы  да мүмкүн мәселен  егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауынан басталу басталмауы белгісіз мән жайларға байланысты   етіп қойса,мәміле кейінге  қалдырылатын   шартпен  жасалынды   днп есептелінедіегер  шұарттың басталуы  өзіне  тиімсіз деп есептейтін   тарап  шарттың басталуына  теріс пиғылмен кедергі жасаса,шарт басталды деп танылады,ал шарттың басталуы  тиімді болатын тарап  шарттың  басталуына  теріс пиғылмен  ықпал етсе,онда шарт басталмады деп танылады

 

 

 

 

 

Тақырыбы   8    Мәміленің  жарамды  болу шарттары

 

ЖОСПАРЫ

 

1 Мәміле   нысаны

2 Мәміленің заң талабына сай келуі

3 Мәміленің  жарамсыздығы салдары

4 Жарамсыз  мәмілелер

 

Мәміленің жарамдылығы заң талаптарына  сәйкес айкындалады мәміленің жарамды  болуы шарттарына жататындар мазмұны  заң талаптарына сәйкестігі, мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен ерік білдіруінің сәйкестігі,мәміленің нысанын сақтау Мәміле шын мәнінде заңға қайшы келмеуі тиіс,яғни кез келген  құқықтық нормативті құжаттарға сай келуі Мәміле ерікті әрекет болғандықтан,оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір азамат жасай алады  Мәміленің жарамды болуы үшін ерік және ерік білдіруі бір бірімен сәйкес келуі  керек  Олардың арасындағы  сәйкессіздік мәмілені   жарамсыз етіп көрсетеді  Мәміле оның нысанын сақтау кезінде құқықтар мен міндеттер туғызады,сол арқылы тұлғалардың ерік білдіруі немесе  ресми куәландыру әдісі көрінеді  Мәселен   оған мәмілені нотариалдық  куәландыру   мен тіркеуді  айтуға болады.

2   Жарамсыз мәміленің ұгымы. Жарамсыз  мәмілелердің  түрлері Азаматтык. кодекстің !57-бабында бұл туралы былай делінген; "мәміленщ нысанына, мазмұнына және катысушыларына, сондай-ак олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін".

Жарамсыз мәмілелердің түрлері. Азаматтық құқық теориясында мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінедІ; а) субъект қүрамының акауы болатын мәміле; ө) ерікке қатысты ақауы бар мәміле; б) нысанының ақауы бар мәміле; в) мазмүнынын акауы бар мәміле. Азаматтык кодексте мазмұны заң талаптарымен сөйкес келмейтін кез келген мәміле жарамсыз болатындығы жөнінде жалпы норма бар (АК-тің 158-бабы).

Субьектілік қүрамының ақауы бар мәміле екі топқа бөлінеді Оңың біріншісі азаматтардың әрекет қабілетсіздігімен, екінші — занды түлғалардың арнайы кұкык қабілеттілігімен немесе олардын органдарыньщ мөртебесімен байланысты болады,

Қатысушылардын  жасы мен психикалык жағдайынан туындаған әрекетгер мәмІленің жарамсыз болуына басты негіз болып есептеледі.

Ондай жарамсыз мәмілелерге мыналар жатады:

а) Азаматтық кодекстің 23-бабында көзделген мәмілелерді коспағанда, он төрт жаска толмаған адам жасаған мәміле жарамсыз болады (АК~тің 159-бабының 3-тармағы);

ә) он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (асырап алушыларынын) немесе камқоршыларының келісімінсіз жасаған мәмілесін, заң бойынша оның өзі дербес жасауға кұкьіғы бар мәмілелерді коспағанда, сот ата-анасының (асырап алушыларының) немесе камқоршысының талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін {АК-тің 159-бабының 4-тармағы);

б) есуастык немесе ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттілігі жок деп танылған адам жасасқан мәміле жарамсыз болады. Кейіннен әрекет қабілетгілігі жоқ деп табылған азамат жасасқан мәміле (АК-тің 26-бабы), егер мәмілені жасау кезінің өзінде-ак бұл азаматгын психикалык шатасу жағдайында болғаны дөлелденсе, оның корғаншысының талабы бойынша сот мөмілені жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 159-бабынын 5-тармағы);

в) сот өрекет қабілеттілігін шектеген адам жасаскан мәмілені сот оның қамқоршысының талап етуі бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тІн 159-бабының 6-тармағы);

г) әрекет кабілеттілігі болғанымен, мәміле жасаған кезде өз әрекетінін. Мәнін түсіне алмайтығын немесе езінің не істегенін білмейтін жағдайда болған азамат жасасқан мәмілені сот азаматтың талабы бойынша, ал егер тірі кезінде талап етуге азаматтын мүмкіндігі болмаса, азамат кайтыс болғаннан кейін басқа мүдделі адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 154-бабының 7-тармағы).

Жоғарыда  аталған мәмілелер бойынша әрекет кабілеттілігі бар тарап жарамсыз мәміленің Азаматтык кодекстін 157-бабының 3-6-тармақтарында көзделген салдармен қоса, екінші тараптың залалын оның пайдасына өндіріп беруі мүмкін. Мұндай міндет әрекет қабілеттілігі бар жаққа, егер ол екінші жақтың әрекет кабілеттілігі жоқ екендігін білсе, не білуге тиісті болса ғана жүктеледі.

Азаматгық кодекстің 159-бабында занды түлғалардын жарамсыз мөмілесін сотпен жарамсыз деп тануға мынадай негіздер қарастырылған: а) занды түлғаның зан актілерінде немесе кұрылтай қүжаттарында нақты шектелген кызмет мақсаттары-на кайшы келетін етіп   не  оның органының жарғылык кұзыретін бұза отырып жасаған мәміле жасауы; ә) кажетті лицензия алмай не лицензиянын колданылу күшінін біткеннен кейін жасалған мәміле; б) теріс пиғылдағы бәсеке мақсатын көздейтін немесе Іскерлік әдеп талаптарын бұзған мәмІле.

Ерікті ақауы бар мәмілелер екі топқа бөлінеді: і) мәміле жасауға іштей келіспей жасалған мәміле; 2) ішкі еріктің      дұрыс қалыптаспауы салдарынан жасалған мәміле.

БірІнші топқа  бір тараптын. екіншісін алдау, зорлык, коркыту ықпалымен, бір тарап өкілінің екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасаған мәмілелер жатады (АК-тің 159-б,ібының 9,10- тармақтары).

Ерік  ақауы бар жоғарыда аталған мәмілелердін жарамсыз болуынын. себебі мәмілені жасауда сол тұлғаның еркі болмайды, әрі ерік білдіруді мәмілеге қатысушынын еркі емес, әлде біреудін ыклалымен болған ерік болып табылады.

Зорлап мәміле жасату дегеніміз, мәмілеге қатысушыны мөжбүрлеп онын өзіне, не жакындарына күш қолдану (ұрып-соғу, жакын адамдарымен қатыстырмау, бостандығын шектеу және т.б.) немесе жан-дүниесін жаралап мәміле жасауға көндіру болып табылады. Зорлық зансыз әрекет болғанымен, кейбір жағдайда оны жасаушыны қылмыстык жазаға тарту міндет емес.

Қорқыту — түлғаға мәміле жасамаған жағдайда оньш өзіне немесе жакын адамдарына дене жарақатын салумен немесе моральдык зиян келтіретіндігін ескертіп, қокан-локкы жасау Қорқыту зорлыктан мынадай белгілер бойынша ерекшеленеді: а) коркыту — зиян келтірмекші болғанымен әлі жүзеге аса қоимаған әрекет; ә) қорқыту  қүкықка сай келетін уәдемен (мысалы, мүлікке тыйым салуды колданамын, жасаған қылмысын хабарлаймын деген тәрізде) көрінуі мүмкін, сондай-ак құқыққа сай емес әрекетпен (мүлікті жою, адамнын өмірі мен денсаулығына зиян келтіру) жасалады.

Қоркытудын  салдарын-ан мәмілені жарамсыз деп тану үшін қоркыту кұр сөзбен емес, шын мәнінде болуы керек. Аталған жағдайлардын бәрі сот істі карағанда есепке алынады.

Бір тараптын екіншісімен зұлымдық ниетте келісімге келуі ерІк білдіруде айтканға көне салмаушылыктан туындайды "Зұлымдык ниеттегі" мәмілеге мынадай мысал келтіру ге болады, саяжайды сатушы сатып алушының өкіліне саяжайдын болашак иесіне саяжайға байланысты кеишілікті айтып коймауын өтініп, келісімге келеді.

Алдау аркылы және жаңылысу немесе кіріптарлыкпен жасалатын мәмілелермен келісушілерге тән нәрсе (А К-тін 159-ба-бынын 8,9-тармактары), жеме-жемге келгенде жағдайдың   шылауында кетіп, өзіндік бағытынан айрылып қалуы дер едік. Алдау дегеніміз мәмілеге катысушыны көрер кезге адастырыл, катысушы жактын бірі екінші жакқа мәміленің тиімділігін асыра  мақтап     немесе тиімсіз жағын бүгіп калып   мәміле жағдайлары   жөнінде  жалған айтса міне бұл алдау  болады

 

 

 

Тақырыбы   9   Өкілдік және сенімхат

 

Жоспары 

  1. Өкілдік ұғымы
  2. Өкілдіктің түрлері
  3. Сенімхат

 

 

1 Өкілдік деп  басқа адамның өкілдік берушінің  атынан бір адамның өкілдің  сенімхатқа,заңдарға ,сот шешіміне не әкімшілік құжатқа  негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз.Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады.өзгертеді  және тоқтатады Өкілдік институтының  маңыздылығы сонда,ол тұлғаға  бір мезгілде бірнеше рынокта оның ішінде шет елде жұмыс істеуіне   мүмкүндік береді.сондай ақ істің қөзін білетін әрі үйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы  келеді.Өкілдік институтының мазмұны субьектілер қүрамы туралы ережемен айқындалады.ал ол өз кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына олардың мазмұндарына қорғану түрлеріне негізделеді Аталған негізгі элементтер дің   сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді Өкілдіктің  субьектілерінің  құрамы үш адамнан  өкілдік беруші,өкіл және үшінші жақтан тұрады.Өкілдік беруші  өкілге іс әрекеттерді жасауды тапсырады,тиісті сенімхат  берген болса ғана немесе өкіл өзінің  қызметтерін заң нұсқауы  немесе заңды тұлғаның   құжаттары бойынша   істейтін болса ғана өкілдің іс әрекеттері  өкілдік беруші   үшін  құқықтар мен міндеттер  тудыра алады азаматтық құқықтың  кез келген субьектілері,құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да заңды тұлға да өкілдік беруші бола  алады.Мұның өзі

  алдымен азаматгың 18 жасқа толу  керектігін көрсетеді, өйткені,  бүл жаста оған азаматтык өрекет  қабілеттігі толыктай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған КҰКЫК кабілеттілікке кайшы келмеуі тиіс.

Үшінші  жак — азамат немесе занды тұлға. Өкілдін оны мен әрекетке түсуі нәтижесіңде өкілдік берушінің азаматтық құқык қатынастары белгіленеді, езгереді және токтатылады.

ӨкІлдІк негізінде бІр түлғаның (өкілдік беруші, сенім беруші) екІншІ тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған және өкіддік қатынасын асыра пайдаланғанда екіншІ жақтың өкілдік беруші түлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірак,. Азаматтык кодекстін 165-бабына сәйкес өкілдігі жок басқа бір адамның атынан немесе өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші осы мәмілені кейіннен макұлдаған ретте ғана ол ушін азаматтык күкыктар мен міндетгерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі окілдік берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оның жасаған кезінен бастап   жарамды етеді.

Өкілеттіктің  туыңдауының негізІ — заң фактісі  болып табылады. Занда мынадай өкілдіктің негіздерІ бар: шартта немесе аддын-ала келісімде көрсетІлген өкіл үстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; занда көрсетілген фактілер; мәселен, ата- ана өздерінің балаларынын занды өкілдері бола алады, әрі олардың қүкыктары мен мшдеттерін кез келген жеке және занды тұлғалар аддында корғай алады, сондай-ак балалары үшін сотта арнайы өкіл болып катыса алады (АК-тің 164-бабы); уәкілетті органның актісі  түлғаға өкіл болып қатысуға рұксат беретін акт. Мысалы, екілеттік міндетті атқаруды талап ететін лауазымға тағайындау өкілеттік, сондай-ак өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т.с.с.) әрекет жасайтын жағдайынан да көрінуі мүмкін (АК-тін, 163-бабының 1-тармағы).

2      Өкілдік занды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Мысалы,ТеңІз жолы сауда кодексі бойынша кеме капитаны кызмет бабында жасалған мәмілеге байланысты кеме иесінік және жүк иесІнін екілі болып табылады, жолшыбай не барған жерінде кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдерІ болмаса, жағдайға байланысты талап кою мәселесін өзі шеше береді, кейбІр мөмілелерге билік етеді (ТЖСК-нің 50-бабы).

3    Бір адамнын (сенім берушІнің)  ез атынан өкілдік ету үшін

екінші  адамға (сенім білдірген) берген жазбаша  уәкілдігі сенімхат деп танылады (АК-тің 167-бабының 1-тармағы).

Сенімхатты  пайдалану кезінде "уәкілдік" және "өкілетті" деген термиңдерді ажырата білу керек. Уәкілдік дегеніміз өкілдің өкілдік беруші атынан іс-әрекетке катынасуы, ал өкілеттік — өкілдік беруші үшін өкілдің жасауға кұқылы әрекеттерінін. шеңбері болып табылады.

Заң жағынан карағанда сенімхат беру — бір жакты мәміле, яғни бұл өкілеттікті беру үшін бір тараптың өкілдік берушінін ерік білдіруі кажет және жеткілікті, сондықтан да өкілдің келісімі талап етілмейді.

Заң сенімхаттың жазбаша түрін міндетгі түрде сақтауды талап етеді. Сонымен бірге мәміле жасауға берілетін сенімхат нотариалды жолмен куәландырылуы талап етілетін болса, онда ол нотариалдық жолмен куәландырылады (АК-тің 167-бабының 2-тармағы). Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі куәландырылуы ол негізгі алынып берілген алғашкы сенімхаттын қолданылу мерзімінен аспауы керек (АК-тің 169-бабының 3-тармағы).

Өкілдік беруші қайсыбір құкык өкілеттігІн  екілге тапсырарда оның мерзімін шектеп, белгілі бір уақыт аралығын корсетеді. Сондыктан сенімхат — әр кезде де мерзімді күжат. Азаматтык кодекстің  68-бабына сәйкес сенімхат уш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта неғүрлым үзак мерзім көрсетілсе, ол үш жыл бойы, ал егер колдану мерзімі көрсетілмесе — берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Егер сенімхаттың берген күні көрсетілмесе, ол жарамсыз деп танылады.

Информация о работе Азаматтық қүқықтың пәні, ұғымы ,түсінігі