Госслужба в Казахстане

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 07:33, диссертация

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттік қызмет – қазіргі заманның басты өзекті мәселелерінің бірі, ол қоғамдағы іс-әрекеттерді реттеудің, қадағалаудың басты құралы. Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі. Мемлекеттік қызмет мемлекеттің заңдар жинағымен бекітілген, нормалар және ережелермен негізделген қызметтің ашық саласы болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық үрдістерді реттеуге, мемлекеттің бір тұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін жүзеге асыруға икемделген.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Мемлекеттік қызмет: түсінігі және қағидалары………………………………
1.2. Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері………………………………..
1.3. Мемлекеттік қызметтің тиімділігін бағалау әдістері…………………………

2. ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ
2.1. Мемлекеттік қызмет тиімділігін бағалаудың қазіргі жүйесі…………………..
2.2. Мемлекеттік қызметтің қазіргі даму жағдайын талдау………………………..
2.3. Мемлекеттік қызметтегі кадрлық саясат……………………………………….

3. ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
3.1. Мемлекеттік қызметтің шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мәселелері…………………………………………………………..............................
3.2. Қазақстан Республикасында электронды үкіметті дамыту стратегиясы……
3.3. Әкімшілік реформалар негізінде мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыру….
3.4. Мемлекеттік қызметтің Қазақстандық моделі ....................................................

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

ГУЛСЕЗИМ ДИССЕРТАЦИЯ - копия.doc

— 1.21 Мб (Скачать документ)

1.  Атқарушылық;   
2.  Қатынастылық;;  
3.  Топта жұмыста істей білу қабілеті;                                                                                                                            4.  Өзін-өзі бағалау тепе-теңдігі;  
5.   Жаман әдеттерінің болуы және болмауы.

Қорыта келе айтатынымыз, мемлекеттік қызметкерлерді бағалау критерилерін екі топқа бөлуге болады: жеке және кәсіби мінездемелер. Аталмыш бөлініс нақты емес,сондықтан да кейбір өлшемдерді екі топқа жатқызуға да болады.   Әрбір биліктің негізін шенеуніктер құрайды. Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттің өмір сүру мүмкіндігін  қалыптастыра отырып күнде еңбек етеді. Сондықтан, мемлекеттік қызметкерлер еңбегінің сапалы және дер кезінде бағалау маңызды. Адам әрбір ұйымға қарағанда қиындау қалыптасқан, сондықтан да оның жұмысының сапалы бағалау өлшемдері көбірек болуы керек.

Біздің елімізде мемлекеттік қызметкерлер төрт санатқа бөлінеді: басшылар, көмекшілер (кеңесшілер), мамандар, қамтамасыз ететін мамандар. Әрбір санат үшін қызмет мақсаттары мен міндеттері анықталған. Сол үшін олардың қызмет нәтижесі бағасының өлшемдері  және олармен ұсынылған талаптар ерекшеленетін болады.  «Балдық бағалау» әдісінде бұл айырмашылықтар бағалауды неғұрлым тиімді жүргізуге  көмектеседі. Коэффициентті есептеу барысында аталмыш санатқа маңыздылығы бар көрсеткіштерді біршама салмақты етіп жасау керек. Мысалы, басшылар үшін қызмет нәтижелері маңызды, ал, сарапшылар қызметін атқаратын кеңесшілер үшін кәсіби қасиеттер маңызды.  Қызметкерлердің, салалардың, қызмет аясының түрлі санаттары үшін көптеген түрлі өлшемдерді келтіруге болады.

Олардың толық тізімін құру мүмкін емес, себебі мемлекеттік қызметке ұсынылатын талаптар  уақытысымен ауысады, олай болса, оларды бағалау өлшемдері де өзгереді.   

Бағалаушы қаншалықты машықтанған  болса да, қаншалықты ұтымды әдістер құрастырылса да өлшемі жоқ бағалау өз мәнісін жоғалтады. Өлшемдерді  дұрыс таңдау маңыздылығы зерттеу объективтілігінен кем емес. Өлшемдерді таңдау бірінші орында қызмет жұмысына және бағалау объектісіне тәуелді. Таңдалған өлшемдер бірнеше шарттарға сәйкес келуі керек:

-  зерттеліп отырған пән бойынша толық және жан-жақты ақпарат алу, жұмысты бағалау үшін ол қалай орындалу керектігін білу керек;  
-  таңдалған өлшемдер маңызды және берілген мамандық үшін міндетті болуы керек. Бұл талаптарды ұстану маңызды, себебі бағалаушы да тапсырыс берушіге алынған нәтижелердің толық және жариялы талдауын ұсынатын мемлекеттік қызмет жұмысын объективті және сапалы бағалау үшін мақсаты бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.  ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ

 

  • Мемлекеттік қызмет тиімділігін бағалаудың қазіргі жүйесі

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы  
№ 1125 Жарлығына қосымша Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi бекітілген. Аталмыш жүйе орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - бағаланушы мемлекеттік органдар) қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында әзiрлене отырып, мемлекеттік органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалаудың негiзгi ережелерiн, принциптерiн, бағыттарын белгілейді, органдар жүйесiн және жүргiзу, анықтау және оларға шағымдау тәртiбiн айқындайды.

Тиімділікті бағалау  үшін ақпарат көздері болып табылатындар: мемлекеттiк органдардың есептi кезеңде жүргiзген қызметi туралы есебі; 
Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi және бағалау жүргізуге уәкілетті органдар жүргiзген тексерулер нәтижелерi; Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнің Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылау нәтижелерi; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесi Басшысының актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi бақылауының нәтижелерi; мемлекеттік органдардың бақылау актілері; ресми статистикалық мәліметтер; тәуелсіз сарапшылар қорытындылары; тиімділікті бағалаудың белгілі бір бағыты бойынша әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерi; тиімділікті жалпы бағалауды дайындау барысындағы үкiметтiк емес ұйымдардың (қоғамдық бiрлестiктердiң) ақпараты және тағы басқалар.

Тиімділікті бағалауды  жүзеге асыру барысында бағаланушы мемлекеттік органдардың тиісті бағыттар бойынша бағалауға уәкілетті  мемлекеттік органдарға есепті жылдың қорытындылары бойынша есепті ақпаратты  және  бағалауға уәкілетті мемлекеттік  органдардың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бағалаудың нәтижелері туралы қорытындысын, сондай-ақ, мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органның Сараптамалық комиссияға бағыттар бойынша жалпы бағалау нәтижелері туралы қорытындысын қамтиды. Нәтижесінде, сараптамалық комиссияның Қазақстан Республикасының Президентіне тиімділікті бағалау нәтижелерін ұсыну мерзімдерін қамтумен аяқталады.Тиімділікті бағалау жүргiзу кестесiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган әзірлейді және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгі бекiтеді.

 

 

Тиімділікті бағалауда  негізгі бес қағидат қолданылады:


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тиiмдiлiкті бағалау  органдарының жүйесiн бағалауда мынадай  уәкілетті мемлекеттік органдар қызмет атқарады:

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi; 
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi; 
3) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган; 
4) мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган; 
5) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган                                                                                6) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган құрайды.

Тиiмдiлiкті жалпы бағалау  нәтижелерi туралы сараптамалық қорытынды  қалыптастыру мақсатында Қазақстан  Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының шешiмiмен Президент Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң лауазымды тұлғалары қатарынан Сараптама комиссиясы құрылады. Бұл комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгi Басшысының бұйрығымен бекітілетін Ережені басшылыққа алады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
   

 

 

 

 

        Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау бағыты бойынша, бағалау жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету шараларының тиімділігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады, тиімділікті бағалауды мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органды осы бағыт  бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi бағалайды. 
           Электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Ал, ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк қызметтердi электрондық форматта көр¬сетуін бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жүзеге асырады. Электрондық форматта мемлекеттiк қызметтер көр¬сету сапасын бағалау нәтижелерi туралы қорытынды мемлекеттiк қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органға енгiзiледi. 
          Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекітуді және оны әдiснамалық сүйемелдеудi мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп жүзеге асырады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүзеге асыру мақсатында қосымша әлеуметтік зерттеулер жүргізілуі мүмкін.

            Бағаланатын мемлекеттiк органдардың  тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу барысына  тоқталсақ,  бағаланатын мемлекеттік органдар жыл сайын бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға бағалау жүргізу кестесіне сәйкес өткен жылдың қорытындылары бойынша есептік ақпарат тапсырады.                 

Бағалауға уәкілетті  мемлекеттік органдар бағаланатын  мемлекеттік органдардың есептік  ақпараттарындағы деректерді қайта тексеру бойынша кешенді ұйымдастыру шараларын қабылдауға міндетті және бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар тиімділікті бағалаған кезде есепті кезеңдегі басқа да бақылау органдарының тексеру нәтижелерін есепке алады. Сондай-ақ, бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар бағалау үрдісінде алынған мәліметтердің сақталуына және құпиялығына жауап береді. 
Қызмет бағыттары бойынша тиімділікті бағалау нәтижелері туралы қорытындылар бағалау туралы қорытынды есептен, бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша тұжырымдары мен  
ұсыныстарынан тұруы тиіс.

  Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мен Сараптамалық комиссияға ұсынылатын бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар қорытындыларының форматтарын Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнің келісімі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.                  

Бағалау нәтижелері мемлекеттік  органдар қызметінің тиімділігін арттыру  бойынша ұсыныстарымен мемлекеттік  органдардың басшыларына тиісті шаралар қолдануы үшін жіберіледі. Бағалау қорытындылары бойынша нәтижелерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган БАҚ құпиялылық режимiн және қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғауды қамтамасыз етудi ескертеді.

  Бағалануға жататын мемлекеттік органдардың саяси мемлекеттік қызметшілері есепті кезеңге берілетін есептердің және олардың қызметін регламенттейтін құжаттардың дұрыстығына, толықтығына және уақытында берілуіне дербес жауап береді.

          Тиімділікке бағалау жүргізуге жауапты мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі, бюджеттің атқарылуы жөніндегі, ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органдардың саяси мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тиімділікті бағалау нәтижелерінің бекітілген әдістемелерге сәйкес келуіне дербес жауап береді.

Облыстардың, республикалық  мәні бар қаланың, елорданың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсетуді бағалау бойынша қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы «14» 06 №02-01-02/107 және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы «14» 06 № 87 бірлескен бұйрығымен бекітілген.

Әдістеме «Облыстардың, республикалық мәні бар қаланың, елорданың орталық мемлекеттік  және жергілікті атқарушы органдарының қызметін жыл

сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленген.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді  бағалау белгілеріне мыналар  жатады:


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсетуді  бағалау сұрау жүргізуге қаржы бөлінгеннен кейін мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушыларымен жыл сайынғы социологиялық сұрау жүргізу,осы Әдістемемен бекітілген есептердегі мемлекеттік органдардың статистикалық көрсеткіштерін талдау және электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсетуді алушылармен он-лайн сұрауын жүргізу жолдармен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетулерін бағалаудың ақпарат көздері:

  • мемлекеттік органдардың есеп беру мерзімінде атқарған қызметтері
  • туралы есеп берулері;
  • мемлекеттік органдардың, «электронды үкімет» порталының, ХҚО ақпараттық жүйесінің, ведомстволық ақпараттық жүйелердің статистикалық мәліметтері;
  • тиісті мемлекеттік органдар жүргізген бақылау және қадағалау нәтижелері;
  • электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін, рәсімдерін және мерзімдерін түсіндіретін ақпараттың, сондай-ақ оларды алуға арналған толтыру нысандарының болуын анықтау мақсатында мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсын талдау;
  • тәуелсіз сарапшылардың қорытындылары және сауалнама және социологиялық сұрау жүргізу нәтижелері;
  • үкіметтік емес ұйымдардың (қоғамдық бірлестіктердің) ақпараты;

Мемлекеттік органдардың  статистикалық есептеріндегі статистикалық  көрсеткіштерді талдау арқылы мемлекеттік  қызмет көрсетулерді бағалау тәртібі.

Статистикалық мәліметтерді жинау және мемлекеттік органдардың олардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жүргізген жұмыстарының деңгейін талдау үшін мемлекеттік қызмет көрсетулерді алғашқы есепке алу жұмысы ұйымдастырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету  жөніндегі алғашқы есепке алу құжаттарының негізгі түрлеріне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін есепке алу және тіркеу журналы (Қызмет көрсетулерді есепке алу журналы); мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін есепке алу және тіркеу карточкасы (Қызмет көрсетулерді есепке алу карточкасы/талоны); тұтынушылардың арыздарын есепке алу және тіркеу журналы (Шағымдарды есепке алу журналы);тұтынушылардың арыздарын есепке алу және тіркеу карточкасы жатады.

Информация о работе Госслужба в Казахстане