Госслужба в Казахстане

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 07:33, диссертация

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттік қызмет – қазіргі заманның басты өзекті мәселелерінің бірі, ол қоғамдағы іс-әрекеттерді реттеудің, қадағалаудың басты құралы. Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі. Мемлекеттік қызмет мемлекеттің заңдар жинағымен бекітілген, нормалар және ережелермен негізделген қызметтің ашық саласы болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық үрдістерді реттеуге, мемлекеттің бір тұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін жүзеге асыруға икемделген.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Мемлекеттік қызмет: түсінігі және қағидалары………………………………
1.2. Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері………………………………..
1.3. Мемлекеттік қызметтің тиімділігін бағалау әдістері…………………………

2. ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ
2.1. Мемлекеттік қызмет тиімділігін бағалаудың қазіргі жүйесі…………………..
2.2. Мемлекеттік қызметтің қазіргі даму жағдайын талдау………………………..
2.3. Мемлекеттік қызметтегі кадрлық саясат……………………………………….

3. ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
3.1. Мемлекеттік қызметтің шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мәселелері…………………………………………………………..............................
3.2. Қазақстан Республикасында электронды үкіметті дамыту стратегиясы……
3.3. Әкімшілік реформалар негізінде мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыру….
3.4. Мемлекеттік қызметтің Қазақстандық моделі ....................................................

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

ГУЛСЕЗИМ ДИССЕРТАЦИЯ - копия.doc

— 1.21 Мб (Скачать документ)

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3

 

1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Мемлекеттік қызмет: түсінігі және қағидалары………………………………

1.2. Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері………………………………..

1.3. Мемлекеттік қызметтің тиімділігін бағалау  әдістері…………………………

 

 2.  ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ

2.1. Мемлекеттік қызмет тиімділігін бағалаудың қазіргі жүйесі…………………..

2.2. Мемлекеттік қызметтің қазіргі даму жағдайын талдау………………………..

2.3. Мемлекеттік қызметтегі кадрлық саясат……………………………………….

 

3.  ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

3.1. Мемлекеттік қызметтің шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мәселелері…………………………………………………………..............................

3.2. Қазақстан  Республикасында электронды үкіметті дамыту  стратегиясы……

3.3. Әкімшілік реформалар негізінде мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыру….

3.4. Мемлекеттік қызметтің Қазақстандық моделі ....................................................

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Мемлекеттік қызмет – қазіргі заманның басты өзекті мәселелерінің бірі, ол қоғамдағы іс-әрекеттерді реттеудің, қадағалаудың басты құралы.  

Мемлекеттік қызмет –  мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі. Мемлекеттік қызмет мемлекеттің заңдар жинағымен бекітілген, нормалар және ережелермен негізделген қызметтің ашық саласы болып табылады.

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызметі қоғамдық үрдістерді реттеуге, мемлекеттің бір тұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін жүзеге асыруға икемделген.

Заманауи жоғары тиімді мемлекеттік басқару жүйесі мен  мемлекеттік қызметтің қалыптасуы – қазіргі таңда бірінші орынға қойылатын басты мәселелердің бірі. Құқықтық мемлекеттің бой көтеруі, елдің дамуы мен жалпы тұрақтануы, қоғамның демократия жолымен жылжуы, елдегі экономикалық реформалардың барысы көбіне мемлекеттік басқару машинасы мен шенеуніктердің кәсібилігіне, олардың әрекеттілігі мен ынтасына, белгіленген бағыт бойынша қызмет етуіне байланысты.   

Мемлекеттік қызмет әлемде үш мың жылдан бері бар. Осы уақыт  ішінде ол патриархтық тұрпаттан  ұтымды-құқықтық тұрпатқа дейінгі елеулі өзгерістерден өтті. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» халыққа  Жолдауында: «...Мемлекеттік қызметтің беделін биік көтеру және қолдап отыру – біздің таяу жылдарда шешуге тиіс стратегиялық міндетіміз» деп атап көрсетті.

Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік қызметтің жүргізілуінің  басты мақсаты – халыққа қызмет көрсетудің тиімді, оңтайлы, қажеттілікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру, мемлекеттің ішкі экономикалық дамуына ықпал ететін саясат жасау, халықтың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыру.

Тақырыптың  зерттелу дәрежесі. Мемлекеттік қызмет мәселесі бойынша ғылыми көзқарастарды теориялық және әдістемелік тұрғыда көптеген ғалымдар өз еңбектерінде қарастырып өткен. Шетелдік әдебиеттерде мемлекеттік қызметті оңтайлы дамытуға қатысты мәселелерді  әр түрлі деңгейде талқылап, әлеуметтік және экономикалық маңыздылығын зерттеген ғалымдар да көптеп кездеседі. Мемлекеттік қызметті дамыту мәселелері келесідей ғалымдардың  еңбектерінде: Минеева Т.М. Абрамов Ю.К Атаманчук Г.В  Бахрах Д. Н  Воробьев В. В  Демин А. А  Зайцева Т. В  Вагина Л. В. және т. б. қарастырылған. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет мәселелерін зерттеуге отандық экономика ғылымдарының өкілдері де маңызды үлестерін қосқан. Оларға:Е. Баянов,  Г.Н.Бришева,  А.М. Байменов , Г.С Смагулов, Н. К. Мамыров, М. Б. Төреғожина, М. К. Байгісиев, А.В.Сидорович, Б.А.Рахметов, П.Т Бейнеева сияқты ғалымдардың жүргізген ғылыми зерттеулері арналған.

 

Диссертациялық жұмыс тақырыбы – ҚР Мемлекеттік қызметті жетілдіру жолдары деп аталады.

Зерттеудің  мақсаты мен міндеттері.

Мақсаты – мемлекеттік қызметтің жағдайын зерттеу, зерттеу негізінде жетілдіру, тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру, сонымен қатар, мемлекеттік қызметті бағалаудың әдістемелік есептеу әдісін анықтау.

Қойылған  міндеттері:

  • Халықтың қажеттілігін тиісті деңгейде қанағаттандыру;
  • Мемлекеттік қызметтің қызмет ету жүйесін оңтайландыру;
  • Мемлекеттік қызметті бағалау жүйесін қалыптастыру;
  • Шет елдердегі мемлекеттік қызмет тиімділігін ҚР жағдайына пайдалану;

      Зерттеу обьектісі – мемлекеттік қызметтің жалпы жүйесі, қалыптасуы мен дамуы, ағымдағы жағдайы, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет істері Агенттігі.

      Зерттеу пәні-  мемлекеттік қызмет даму жолдары мен проблемалары.

Зерттеудің  теориялық және әдіснамалық негізін мемлекеттік қызметті дамыту теориясы мен оны жетілдіру жолдарын қамтамасыз ету бойынша қазіргі заманғы отандық және шетелдік ғалымдар мен мамандардың  іргелі және қолданбалы зерттеулері, нарықтық экономика классиктерінің ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтік-құқықтық актілері құрайды. Диссертациялық жұмысты құқықтық және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуде ҚР Конституциясы, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң және нормативтік актілері, ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің статистикалық материалдары қолданылды.

Зерттеу барысында қол  жеткізілген қорытындылар мен ұсыныстар дәлдігін қамтамасыз ететін талдамалық негіз ретінде Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің ресми мәліметтері, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің және басқа да басқару органдарының мәліметтері, мерзімдік басылымдардың мәліметтері, сонымен қатар экономикалық талдаулардың жаңа заманғы статистикалық, монографиялық және графикалық әдістерін қолдану көмегімен алынған зерттеу нәтижелері қолданылды.

Зерттеудің  ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында жұмыстың жаңалығын анықтайтын келесі нәтижелер алынды:

- мемлекеттік қызметке талдауы жасалды және жұмыста мемлекеттік қызметтің жалпы жүйесі, ұйымдастырылу мен тиімділігін бағалау бағыттары және көрсеткіштері анықталды;

- мемлекеттік  қызметті дамыту мәселесі бойынша ғалымдардың көзқарастарын зерттеу мен жүйелеу негізінде  «мемлекеттік қызмет», «мемлекеттік қызмет этикасы», «мемлекеттік қызмет тиімділігі» терминдерінің анықтамасы мен мазмұны берілді;  

- мемлекеттік қызметті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына талдау жүргізілді;

- дамыған мемлекеттердің тәжірибесін Қазақстан жағдайына қолдану, мемлекеттік кадр мәселесін жетілдіру, сондай-ақ, әкімшілік реформалар негізінде мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыру жолдары қарастырылған.

- мемлекеттік қызметтің даму деңгейін кешенді талдау нәтижесінде оларды дамытудың басым бағыттары анықталып, шет ел тәжірибелеріне сүйеніп   жүзеге асыру жолдары көрсетілді.

-Мемлекеттік  қызметті жетілдірудің бір тетігі  ретінде электрондық үкіметті  дамыту мәселесі қарастырылды.

Қорғауға шығарылатын  негізгі тұжырымдар:

- мемлекеттік қызметті дамытудың  маңыздылығы жөнінде берілген  авторлық ой-пікірлер;

- Мемлекеттік қызметтің тиімділігін бағалау  әдістері;

- мемлекеттік секторды басқару жүйесі;

- Мемлекеттік қызметтегі кадрлық саясат;

- Әкімшілік реформалар негізінде мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыру басым бағыттары және оларды жетілдіру перспективалары;

- Мемлекеттік қызметтің Қазақстандық моделі.

Зерттеудің  ғылыми-тәжірибелік маңызы

Мемлекетік қызметті жетілдіру бойынша нақты тетіктерді ұсынумен және оларды қолдану тиімділігін  негіздеумен сипатталады. Зерттеудің негізінде алынған нәтижелер  мен ұсыныстар мемлекеттік кадр саясатын дамытуға негіз бола алады.

Диссертациялық жұмыстың негізгі қорытындылары мен тұжырымдары

теориялық және әдістемелік  негізі ретінде қызмет атқарады.

Зерттеу жұмысының  сарапталуы, мақұлдануы мен жариялануы.

Диссертациялық жұмыстың негізгі мазмұны, нәтижелері мен тұжырымдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті белгілеген ғылыми басылымдарда жарық көріп, халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық, ғылыми-тәжірибелік конференциялар материалдарында баяндалды.

Диссертациялық  жұмыс Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің мемлекеттік басқару және маркетинг  кафедрасында талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Зерттеу нәтижелерінің  қолдау табуы.

Зерттеу нәтижелерінің  негізгі тұжырымдамалары мен қорытындылары аймақтық ғылыми басылымда жарық көріп, республикалық ғылыми конференцияларда баяндалып, талқыланған, соның ішінде: «Мемлекеттлекеттік қызметті жетілдіру жолында мемлекеттік қызметшілердің статусы, оларды ынталандыру жолдары» ( VIII Международной научно - практической конференции молодых ученых и студентов на тему: «Роль науки в реализации стратегии индустриально - инновационного развития Республики Казахстан»);

 

Зерттеу нәтижелерін  жариялау. Диссертациялық тақырып бойынша ғылыми зерттеу нәтижелері 1 ғылыми мақалада жарияланды.

Диссертацияның  құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды және  пайдаланылған әдебиеттер тізімдерінен тұрады.

Бірінші бөлімде Мемлекеттік қызмет: түсінігі және қағидалары, мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері, мемлекеттік қызметтің тиімділігін бағалау  әдістері жайында жазылған.

Екінші бөлімде  Мемлекеттік  қызмет тиімділігін бағалаудың қазіргі  жүйесі, мемлекеттік қызметтің қазіргі  даму жағдайын талдау қарастырылған.

Үшінші бөлімде дамыған мемлекеттердің мемлекеттік қызмет тәжірибесін зерттей отырып, Қазақстан жағдайында қолдану, Әкімшілік реформалар негізінде мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі жөнінде толықтай жазылған. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қазіргі уақытта дамудың қалыпты жағдайында. Сол себепті оның дамуы мен тиімділігінің артуына аса назар аударған жөн.

Мемлекеттік қызмет халыққа жұмыспен қоса, сенімді болашақ пен алға ұмтылушылық ынта қалыптастырады. Мемлекеттік қызметтің артықшылығы – ол халыққа қызмет көрсете отырып, олардың қажеттілігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету. Елдің басты міндеті де әл–ауқатты арттыру.

Жұмысты даярлау барысында  ақпараттық-аналитикалық база ретінде  осы бағыттағы әдебиетпен қоса Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілері және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің материалдары пайдаланылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1.Мемлекеттік қызмет: түсінігі және қағидалары

 

Мемлекеттік қызмет дегеніміз – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік

органдардағы мемлекеттік  биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

       Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық үрдістерді реттеуге, мемлекеттің бір тұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін жүзеге асыруға икемделген.

        Ауыспалы экономикаға тән елдердің ерекшелігі – қоғамдық және экономикалық қатынастардағы өзгерістермен қатар, мемлекет рөлінің трансформациялану үрдісінің қатар жүруі.

        Заманауи жоғары тиімді мемлекеттік басқару жүйесі мен мемлекеттік қызметтің қалыптасуы – қазіргі таңда бірінші орынға қойылатын басты мәселелердің бірі. Құқықты мемлекеттің бой көтеруі, елдің дамуы мен жалпы тұрақтануы, қоғамның демократия жолымен жылжуы, елдегі экономикалық реформалардың барысы көбіне мемлекеттік басқару машинасы мен шенеуніктердің кәсібилігіне, олардың әрекеттілігі мен ынтасына, белгіленген бағыт бойынша қызмет етуіне байланысты.   

         Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік органдардың азаматтарға, бизнеске және басқа да мемлекеттік органдарға көрсетілетін белгілі мөлшердегі нормативті қызметі. Мұнда қарапайым қызметтер де, соның ішінде азаматтардың, бизнестің, басқа да ведомствалардың сұрауымен, бір және бірнеше ведомствалармен өзара қатынасы аясында болатын және жүзеге асатын қызметтер де бар.

Информация о работе Госслужба в Казахстане