Госслужба в Казахстане

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 07:33, диссертация

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттік қызмет – қазіргі заманның басты өзекті мәселелерінің бірі, ол қоғамдағы іс-әрекеттерді реттеудің, қадағалаудың басты құралы. Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі. Мемлекеттік қызмет мемлекеттің заңдар жинағымен бекітілген, нормалар және ережелермен негізделген қызметтің ашық саласы болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық үрдістерді реттеуге, мемлекеттің бір тұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін жүзеге асыруға икемделген.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Мемлекеттік қызмет: түсінігі және қағидалары………………………………
1.2. Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері………………………………..
1.3. Мемлекеттік қызметтің тиімділігін бағалау әдістері…………………………

2. ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ
2.1. Мемлекеттік қызмет тиімділігін бағалаудың қазіргі жүйесі…………………..
2.2. Мемлекеттік қызметтің қазіргі даму жағдайын талдау………………………..
2.3. Мемлекеттік қызметтегі кадрлық саясат……………………………………….

3. ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
3.1. Мемлекеттік қызметтің шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мәселелері…………………………………………………………..............................
3.2. Қазақстан Республикасында электронды үкіметті дамыту стратегиясы……
3.3. Әкімшілік реформалар негізінде мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыру….
3.4. Мемлекеттік қызметтің Қазақстандық моделі ....................................................

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………

Прикрепленные файлы: 1 файл

ГУЛСЕЗИМ ДИССЕРТАЦИЯ - копия.doc

— 1.21 Мб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СУРЕТ 3. Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесіндегі саяси тағайындаудың «тереңдігі»

 

Мемлекеттік қызметтің 90 % құрайтын әкімшілік қызметкерлер, саяси тағайындалушылардың ауысуы барысындағы жөнсіз босатулардан Заңмен қорғалған және мемлекеттік қызмет жүйесіндегі өзіндік жетілуге ынталандырылды. Әкімшілік мемлекеттік қызметке өту міндетті конкурсты сипатқа ие және меритократия қағидасына жауап беретін біліктілік талаптарына сәйкестігін болжайды.

2. Міндетті конкурстық  іріктеу жолымен азаматтардың  мемлекеттік қызметке тең қол  жетімділігінің конституциялық  құқығының іске асу механизмі  бекітілген. Әкімшілік мемлекеттік  қызметке міндетті конкурстық  іріктеудің енгізілуі және қызметтегі жоғарылаудың конкурстық сипаты мемлекеттік лауазым басшысына жеке берілгендік пен протекционизм қағидасы бойынша қабылдауды жоюға мүмкіндік тудырады, бұл патронажды жүйеден бас тартуды білдіреді.Ашық, жария конкурсты іріктеу азаматтардың мемлекеттік қызметке тең қол жетімділігінің іске асуының жалғыз механизмі. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бос орны бар мемлекеттік органдардың конкурстық ресімдеулерді жүргізе бастағанын атап өткен жөн. Әкімшілік мемлекеттік лауазымға конкурстың өткізілу шарты мен тәртібі, сонымен қатар конкурстық комиссияның қалыптасу тәртібі уәкілетті органмен анықталады. Конкурстық комиссияның шешімі әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасудың не болмаса аталған лауазымға сәйкессіздіктің негізі болып табылады.

Уәкілетті орган конкурстың тек бір деңгейіне ғана – үміткерлерді тестілеуге қатыса алады. Тестілеу дайын емес кадрлардың құрықталуына арналған. Тестілеуден өткендердің соңғы іріктелуін мемлекеттік органдардың өздері жүргізеді. Осылайша, әкімшілік мемлекеттік қызметке іріктеу барысы қоғам үшін максималды түрде ашық және жария болады. Сонымен қатар, заңымыздың айрықша ерекшелігі бір лауазымды санаты шеңберінде, тағы да саяси мемлекеттік қызметшілер, Парламент депутаттары мен маслихат депутаттары арасындағы лауазымды тұлғалардың конкурстан тыс иеленуге мүмкіндіктің орын алуы болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың жүзеге асуын қалыптастыратын уәкілетті органның институты заңмен бекітілген.

4. Ант қабылдау, мемлекеттік қызметші  мен оның міндеттерінің қиылысуы немесе қарама-қайшы келуі жағдайында жоғары тұрған лауазымды тұлғаны хабардар етуі бекітілді [15].


5. Мемлекеттік қызметтің кадр  резервінің қалыптасуының нақты  тетігі қарастырылған.

6. Мемлекеттік қызметке кіру  немесе аттестаттау барысында заңды білуінің компьютерленген тестіленуі енгізілген [16].

7. Мемлекеттік қызметтің сапасының өзіндік стандарты болатын, білімі мен тәжірибесі бойынша лауазымға сай келетін азаматтардың тағайындалуына кепілдеме беретін әкімшілік лауазымдардың әрқайсысына біліктілік талаптары бекітілген (4-сурет). Алдағы уақытта мемлекеттік қызметтің лауазым иелерінің ағылшын тілін меңгеруі талаптар қатарына енгізілетін болады.

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметке байланысты барлық мәселерді бір заң шеңберінде қарастыру мүмкін емес. Басты қажетті  қағидалар заңда анық қарастырылған. Заңға сәйкес 30 аса нормативтік-құқықтық актілер құрастырылған [17].

Қазақстан Республикасының  Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы  жолдауындағы тапсырмасын іске асыру  мақсатында «Мемлекеттік қызмет туралы»  әрекет етуші Заңға Агенттікпен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, сол себепті 2005 жылдың 8 шілдесінде №75 «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.  

Мемлекеттік органның құқықтық жағдайы, өкілеттіктері мен қызмет саласы мемлекеттік орган туралы Ережемен реттеледі; мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің беделі, өкілеттігі және қызметі – мемлекеттік мекеме туралы Жарғымен реттеледі.

Мемлекеттік биліктің бірлігі  мен оның заңдық, атқарушылық және сот жүйесі тармақтарына бөлінуінің конституциялық қағидасына сәйкес: биліктің заңдық тармағын Қазақстан Республикасының Парламенті, атқарушы тармағын – Қазақстан Республикасының Үкіметі, сот жүйесін – Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты атқарады. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға болып табылады.

 «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 1 тарауының 3 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет мемлекеттік биліктің заңдық, атқарушы және сот билігіне бөлінгеніне қарамастан мемлекеттік қызметтің бірлік қағидасы жүйесіне негізделеді.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда қолданылатын түсініктер мен әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдарының Тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызмет жүйесін келесідей түрде көрсетуге болады.

Жоғарғы деңгейде мемлекеттік  қызмет Қазақстан Республикасының  Әкімшілігімен, Парламент аппаратымен, Конституциялық кеңес, Жоғарғы сот, Қазақстан Республикасының Есеп комитетімен; Қазақстан Республикасы Президент істері басқармасымен; Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің Канцеляриясымен ұсынылған, яғни әкімшілік мемлекеттік қызметкерлері Реестрдің А және В санаттарында орналасқан мемлекеттік органдар. Аталған мемлекеттік органдардың сипатты ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Конституциясымен анықталған тұлғалардың қызметі, беделі және өкілеттігін іске асыру болып табылады.    

Мемлекеттік қызмет туралы заңның қолданылу аясының негізгі  және маңызды бөлігі орталық және жергілікті атқарушы органдарға қатысты, яғни  барлық мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің 80 % C, D, E санатындағы топтар құрайды [22].

Орталық деңгейдегі мемлекеттік қызмет жүйесіне Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне бағынысты және есеп беруші мемлекеттік органдар және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот жанындағы сот әкімшілігі Комитеті  кіреді. Ал, жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызмет жүйесін жергілікті атқарушы органдар (әкімшіліктер) және жергілікті өкілетті органдар (мәслихаттар), сонымен қатар орталық органдардың аумақтық бөлімшелері, облыс, қала, аудан соттарының аппараттары қалыптастырады.

Орталық атқарушы органдардың  қызметі Конституциямен, Қазақстан  Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы  «Қазақстан Республикасының Үкіметі  туралы»  Конституциялық Заңымен, орталық  атқарушы органдардың Ережелерімен және басқа да нормативтік актілермен реттеледі. 

2000 жылдан бастап әрбір  мемлекеттік органда мемлекеттік  қызметші тәртіптік әрекеттің  орын алуына жол берген жағдайда  оны жан-жақты қарастырып және  әділ баға беруге міндетті  тәртіптік комиссия жұмыс жасай  бастады. Тәртіптік жазаның қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту және атқаратын міндетінен босату сияқты түрлері тек қызметтік тексеру нәтижесі мен тәртіптік комиссияның сәйкес ұсыныстарынан кейін ғана қолданылатынын атап өткен жөн. Мұндай комиссиялардың еңбек тәртібі Қазақстан Республикасының Президентінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапқа тарту туралы бекітілген Жарлығында регламенттеледі [23].

Мемлекеттік қызметшілер  және олармен бірге тұратын отбасы мүшелері белгіленген тәртіппен  тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық қызмет көрсетуді пайдалана алады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге сауықтыру үшін екі лауазымдық айлықақысы мөлшерінде жәрдемақы төленіп, ұзақтығы отыз күнтізбелік күнге ақы төленетін жыл сайынғы демалыс беріледі.

Осылайша жаңа заңнама мемлекеттік қызметкерлердің қызығушылықтарын мемлекет мүмкіндіктерімен теңбе-тең ескере отырып, тұрақтылық пен мемлекеттік қызмет персоналының кәсібилігінің жоғарылауының кепілі болатын әлеуметтік және құқықтық қорғалуды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қызметтің барлық құрылымын «көтеруші қағида» - кәсіби сапаның басымдылық қағидасы. Оның іске асуын қамтамасыз етуші алғы шарттардың бірі мемлекеттік қызметкерлердің бос әкімшілік лауазымды орындарына конкурс өткізу болып табылады. Осыған орай, іздестіру, тарту, ынталандыру, мықты және лайықты кадрларды ұстап қалуға және көтермелеуге бағытталған мемлекеттік қызмет персоналын бағалау мен іріктеудің нақты және объективті жұмыс жасайтын жүйесін құрудың міндеті өткір мәселе болып тұр [24].

Мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен алынбаған тәртіптік жазасы болған жағдайда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысу тәртібімен орналасуына жол берілмейді» [25].

Мемлекеттік әкімшілік лауазымға арналған конкурс Қазақстан Республикасының азаматтарының мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу құқығын қамамасыз етеді («Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 14 бабы). Мемлекеттік қызметке тең қол жетімділік мемлекеттік аппараттың кеңсешілдігінің (бюрократияның) алдын алуға тиіс.

Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңнама мемлекеттік органдардың  басшыларынан және кадр қызметінен кадрмен  қамтамасыз ету және персоналмен  жұмыс істеу мәселелерінде түбегейлі  жаңа тәсілді талап ететін кәсіби мемлекеттік қызметкерлерге бағытталған. Бұл үрдісті әкімшіліктен менеджментке көшу деп қысқаша сипаттауға болады.

 

 

1.3. Мемлекеттік қызметтің тиімділігін бағалау  әдістері.

 

Мемлекеттік қызмет тиімділігі – іс-әрекеттің қаншалықты қажетті  нәтижеге алып келетіндігін сипаттайтын басқарушылық іс-әрекеттердің, шешімдердің қасиеті. Мемлекеттік қызметтің осы және басқа да іс-әрекеттердің бағасы және олардың тиімділігі бағалау критериіне тәуелді.

Сөзсіз «бағалау» «мемлекеттік қызмет тиімділігі» түсінігінің  негізгі элементі болып табылады, себебі, ол қоғам дамуының деңгейін, мемлекеттік қызметтің функционалдану  деңгейін сипаттайды. Сондықтан да, бағалау нақты критерилер бойынша жүзеге асуы тиіс. Мемлекеттік қызметкердің тиімділігін қамтамасыз ететін баға өз құрамына:

1) баға субъектісі; 
2) баға объектісі; 
3) мемлекеттік қызметкерлердің қызметін бағалау   критерилері, яғни жұмысшының қызметі сәйкес келетін нақты талаптар, олардың жеке қасиеттері, еңбек нәтижесі ғылыми құрылған.

Бағалау критерилері – бұл, мемлекеттік қызметтің мемлекеттік мансабын иемденетін қызметкерге берілетін талаптар болып табылады. Мемлекеттік қызметкердің жеке қасиеттерінің конкретизациясын ұстанымдық нормалармен басқарылатын жетекші, аттестациялық комиссия жүзеге асырады.

Басқару жүйесі үшін критерий басқару тиімділігін анықтауға  міндетті, яғни талдау арқасында көрсетілетін қызмет пен басқарудың деңгейі мен  сапасы анықтауға, оның қоғам қажеттіліктеріне сәйкестенуі арқылы басқару көрінісін бағалау.

Дәл сапа есебі басқару  критериін сәйкес белгілердің сандық көрсеткіштерін өлшейтін басқа көрсеткіштер арасында ерекшелендіреді. Негізінен, критерилер тиімділік ұғымымен байланысты, оны өзіне нақты анықтаулар мен  нақтылаулар арқылы орналастырады, сонымен қатар алынған әлеуметтік нәтижелер мен оған жету барысындағы шығындар арасындағы қарым-қатынасты сипаттайды. Мемлекеттік қызмет жұмысының сапалы және объективті бағасы маңызды, себебі елдің дамуы  оның құзырына тәуелді.

1. Мемлекеттік қызмет тиімділігін бағалау үдерісінің құрылымдануы.    

Неғұрлым сапалы және өнімді бағалау үшін тексерудің құрылымы мен жолын анықтап алу қажет. Сауатты құрылған схема арқылы тексеруші жұмысын жеңілдетуге және  мүмкін болатын қателерді  азайтады және объективтілік деңгейін жоғарылатады.

Тексеріс  келесі үлгі түрінде берілуі мүмкін:

Әрбір берілген сатыны нақтырақ қарастырсақ:

Тиімділікті бағалау  – бұл нақты бір жұмыстың (қызметкерлерді қосқанда)  нақты критерилерге  сәйкес берілген жұмыстарды  неғұрлым тиімді жолмен ұйымдастыру мақсатында құрылған кешенді баға.  
Мемлекеттік қызмет жұмысын тұрақты бағалау – қызмет басшысына жеке қол астындағылармен қоса бүкіл жұмысты басқаруды оптимизациялауда үлкен мүмкіндіктер береді.

Негізгі мүмкіндіктер:  
-   ресурстарды неғұрлым тиімді бөлу;  
-   қол астындағылардың өз жұмысына ынтасын жоғарылату;

-   басшы-бағынышты арасындағы неғұрлым конструктивті қарым-қатынас;

-    қайтымды байланыс; 
-    сапалы жұмыс жолында пайда болатын кедергіні еңсеру мақсатында қызметкерлердің нашар жұмысын шығару;    

-   қажетті жағдайда өз шешімдерін үақытында қайта ойластыру оларды дұрыстау;  

-   басшының қызметкерлердің алдына қойған талаптар мен міндеттерді жақсы түсінуіне мүмкіндік;

Бұл тізімді жалғастыруға болады, алайда жоғарыда көрсетілгендердің  нәтижесі болып қызмет жұмысының  тиімділігін арттыру болып табылады. Тұрақты тексерістер адал, өзін-өзі  дамытуға және өз жұмысының сапасын  жоғарылатуға тырысатын  қызметкерлер үшін пайдалы болып келеді.  
Тексеріс нәтижесін таблица немесе график түрінде алу арқылы қызметкер  өз болашағын бағалай алады және өз кемшіліктерін дұрыстай отырып, ары қарай даму үшін белгілі бір бағыттарды таңдай алады.

Информация о работе Госслужба в Казахстане