Тараз қаласындағы өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 10:53, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі уақытта қала өндірісінің қарқынды дамуы және күннен-күнге шағын мекемелердің көбеюі, көліктер санының артуы ауаның ластану дәрежесін жоғарылатуда. Сондықтан атмосфераның төменгі қабатының және өндіріс аймақтарындағы ауаның мөлшерден тыс ластануы қала экологиясы мониторингі көрсеткішінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл мәселені қарастыру – адамдардың денсаулығын сақтаудағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................
І Бөлім ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯ
ЛЫҚ ОРНЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Тараз қаласының табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары
1.2 Тараз қаласының экономикалық-географиялық жағдайы.
1.3 Тараз қаласындағы өндіріс орындарының орналасуы мен дамуының географиялық алғышарттары
ІІ Бөлім ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
2.1 Тараз қаласының ірі өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері
2.2 Тараз қаласының бүгінгі экологиялық жағдайы
2.3 Тараз қаласының өндіріс орындарына қалдықсыз технология әдістерін енгізу мүмкіндіктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом.doc

— 9.15 Мб (Скачать документ)

 

«Минералды тыңайтқыштар»  филиалы – ауыл шаруашылығы үшін минералды тыңайтқыштар, фтордан арылған азықтық фосфаттар шығаратын химия зауыты.

Зауыт аумағы 449,2 гектар жерді алып жатыр. Зауыт құрамында келесі негізгі өндіріс орындары бар:

    • азотты-фосфорлы тыңайтқыштар өндірісі – 46% P2О5,10%N аммофос (ди және моноаммонийфосфат қоспасы)
    • 19% Р2О5 суперфосфат өндірісі
    • 22% Р2О5, 22% N нитроаммофос өндірісі
    • 27% Р2О5 азықтық үш кальций фосфаты, 37% Р2О5 азықтық үш кальций фосфаты өндірісі

Зауытта жаңа технологиялық  жабдықтар, химиялық технологиялар  сынақтан өтеді, минералды тыңайтқыштардың жаңа түрлері игеріледі.

Өндірілген өнімнің  негізгі бөлігі ішкі нарыққа шығарылады. Бірнеше жылдан бері отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінетін демеу қаржыға тыңайтқыштар беріледі. Тыңайтқыштар бұдан басқа Қытай, Украина, Беларусь, Тәжікстанға сатылады. Ауғанстан, Қырғызстан, Румыния, Чехия, Болгария, Иранның фосфорлы тыңайтқыштар нарығын игеру жолында ауқымды жұмыс атқарылуда.

Сурет 9. Фосфорлы минералды тыңайтқыштар

Химиялық формуласы: қоспа (NH4H2PO4+(NH4)2HPO4)

Сыртқы түр-түсі: Суда еритін ашық-сұр түсті түйіршіктер

Қолданылуы: Ауыл шаруашылығында құнарландырылған түйіршікті азотты-фосфорлы тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.

 

Кесте 8.

Фосфорлы минералды  тыңайтқыштар Физикалық-химиялық көрсеткіштері

 

 Көрсеткіштер атауы

Нормасы

1

 Игерілген фосфаттың үлес салмағы, %

46±11

2

 Жалпы азоттың (N) үлес салмағы, % 

10±1

3

 Судың үлес салмағы, %, артық емес

1,0

4

 Түйіршікті-метрлік құрам:

5

5

 өлшемі:

 0,5 мм-ден аз, %, артық емес

 0,5-4 мм аралығында, %, кем емес

 6 мм-ден аз, %

 түйіршіктердің үлес салмағы

 

90

100

3,0 (30)

6

 Түйіршіктердің статикалық беріктігі МПа (кгк/см2), кем емес

100

7

 Үгілгіштігі, %

 

8

 Табиғи радионуклидтердің өзіңдік пәрменділігі, кБк/кг, артық емес

2,8


 

Игерілген фосфаттар мен жалпы  азоттың үлес салмақтарының жоғарғы  шегін көтеруге болады

Буып-түю: Өнімнің таза салмағы 50 кг ± 2 % екені көрсетілген қағаз, полипропиленді, полиэтиленді қапшықтар, таза салмағы 650 ±50 кг екені көрсетілген “Big Bag” іспетті жұмсақ контейнерлер.

Таңбалау: Өнім атауы, сапасы, жалпы салмағы мен таза салмағы туралы мәліметтер жазылады.

Тасымалдау: Барлық жабық көлік түрлерімен жүргізіледі.

Сақтау: Жабық қоймалар ішінде сақтау мерзіміне шек қойылмайды.

 

Суперфосфат

 

Химиялық формуласы: қоспа (NH4H2PO4+(NH4)2HPO4)

Сыртқы түр-түсі: Суда еритін ашық-сұр түсті түйіршіктер.

Қолданылуы: Ауыл шаруашылығында құнарландырылған түйіршікті азотты-фосфорлы тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.

 

Кесте 9.

Суперфосфаттың физикалық-химиялық көрсеткіштері

 

 Көрсеткіштер атауы

Нормасы

1.

 Игерілген фосфаттардың Р2О5-ке шағып есептегендегі үлес салмағы, %

19±1

2.

Басы бос қышқылдың Р2О5-ке шағып есептегендегі үлес салмағы, %, артық емес

2,5

3.

Жалпы азоттың (N) үлес салмағы, %

0÷3

4.

Судың үлес салмағы, %, артық емес

3,0

5.

Калийдің К2О-ға шағып есептегендегі үлес салмағы, %

0÷13

6.

Түйіршікті-метрлік құрам: 
өлшемі:

0,5 — 4 мм аралығында, %, кем емес

6 мм-ден аз, %

түйіршіктердің үлес салмағы

 

 

 

75> 100

7.

Түйіршіктердің статикалық беріктігі, МПа (кгк/см2), кем емес

1,0 (10)

8.

Үгілгіштігі, %

100

9.

Табиғи радионуклидтердің өзіңдік  пәрменділігі, кБк/кг, артық емес

2,8


 
Игерілген фосфаттар мен жалпы  азоттың үлес салмақтарының жоғарғы  шегін көтеруге болады

Буып-түю: Өнімнің таза салмағы 50 кг ± 2 % екені көрсетілген қағаз, полипропиленді, полиэтиленді қапшықтар, таза салмағы 650 ±50 кг екені көрсетілген “Big Bag” іспетті жұмсақ контейнерлер.

Таңбалау: Өнім атауы, сапасы, жалпы салмағы мен таза салмағы туралы мәліметтер жазылады.

Тасымалдау: Барлық жабық көлік түрлерімен жүргізіледі.

Сақтау: Жабық қоймалар ішінде сақтау мерзіміне шек қойылмайды.

 

Нитроаммофос

 

Сыртқы түр-түсі: Сары түсті, бөгде механикалық қоспалары жоқ түйіршіктелген өнім.

Қолданылуы: Минералды тыңайтқыш ретінде ауыл шаруашылығында пайдаланылады.

 

Кесте 10.

Нитроаммофос физикалық-химиялық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер атауы

Нормасы

1

Игерілген фосфаттардың (Р2О5) үлес салмағы, %

22

2.

Жалпы азоттың (N) үлес салмағы, %

22

3.

Судың үлес салмағы, %, артық емес

1,0

4.

Түйіршікті-метрлік құрам: өлшемі: 1,0 мм-ден кем

%, артық емес

1,0-4 мм аралығында, %, кем емес. 6 мм-ден кем,

%,түйіршіктердің үлес салмағы

 

5

90

100

5.

Түйіршіктердің статикалық беріктігі, Мпа (кгк/см2), кем емес

3,0 (30)

6.

Үгілгіштігі, %

100

7.

Табиғи радионуклидтердің өзіңдік пәрменділігі, кБк/кг, артық емес

4


 

Ескерту: жалпы азот пен игерілген фосфаттардың үлес салмақтары шектерінен ±1%-ға ауытқуға болады.

Буып-түю: Өнімнің таза салмағы 50 кг ± 2 % екені көрсетілген қағаз, полипропиленді, полиэтиленді қапшықтар, таза салмағы 650 ±50 кг екені көрсетілген “Big Bag” іспетті жұмсақ контейнерлер.

Таңбалау: Өнім атауы, сапасы, жалпы салмағы мен таза салмағы туралы мәліметтер жазылады.

Тасымалдау: Барлық жабық көлік түрлерімен тасымалданады.

Сақтау: Жабық қоймалар ішінде сақталады.

 

Үшкальций фосфаты

Химиялық  формуласы: Са3(РО4)2

Сыртқы түр-түсі: Сұр түсті ұнтақ.

Қолданылуы: Ауыл шаруашылығы малы үшін минералды үстеме азық ретінде, құрама жем шығару өндірісінде, көкөніс, жеміс-жидек немесе сәндік өсімдіктерге құрамында фосфоры бар тыңайтқыш ретінде пайдаланылады

 

Кесте 11.

Үш кальций фосфаты физикалық-химиялық көрсеткіштері

 

№ 

Параметрлер атауы

Бірінші сорт

Жоғары сорт

1.

0,4 %-дық тұз қышқылы ерітіндісінде еритін фосфордың

Р2О5-ке шағып есептегендегі

Р-ға шағып есептегендегі үлес салмағы, кем емес

 

27±1

11,2

 

37±1

16,0

2.

Кальцийдің үлес салмағы, %, кем  емес

30

20

3.

Судың үлес салмағы, %, артық емес

1

1

4.

Фтордың үлес салмағы, %, артық емес

0,2

0,2

5.

Күшәннің  үлес салмағы, %, артық емес

0,001

0,001

6.

Қорғасынның үлес салмағы, %, артық  емес

0,002

0,002

7.

Құрамындағы металды-магнитті қоспа  түйіршіктерінің өлшемі:

2 мм-ге дейін, артық емес

2 мм-ден артық

 

100

жоқ

 

100

жоқ

8.

Тұз қышқылында ерімейтін күлдің үлес салмағы,  %, артық емес

30

20

9.

Ірілігі:

тор тесіктерінің диаметрі 1 мм-лік електе қалатын қалдық, %, артық емес

1

1

10.

Табиғи радионуклидтердің өзіңдік пәрменділігі, кБк/кг, артық

емес

2,8

2,8


 

Буып-түю: Өнімнің таза салмағы 50 кг ± 2 % екені көрсетілген қағаз, полипропиленді, полиэтиленді қапшықтар, таза салмағы 650 ±50 кг екені көрсетілген “Big Bag” іспетті жұмсақ контейнерлер

Таңбалау: Өнім атауы, сапасы, жалпы салмағы мен таза салмағы туралы мәліметтер жазылады.

Тасымалдау: Барлық жабық көлік түрлерімен тасымалданады.

Сақтау: Жабық қоймалар ішінде сақталады.

 

«Теміржол-көлік кешені» филиалы, Тараз қаласы.

 

«Қазфосфат» ЖШС «ТКК» филиалы  жүктерді теміржол көлігімен тасымалдайды, компания филиалдары бойынша, сонымен  қатар Тараз қаласының өнеркәсіп  аймағында орналасқан кәсіпорындар арасында да тасымал қызметін көрсетеді.

Тараз қаласының өнеркәсіп аймағындағы  теміржолдың жалпы ұзындығы – 128,1 км, Жаңатас қаласының өнеркәсіп  аймағындағы айналма ұзындығы – 166 км.

Кешен құрамында ТЭМ және ТГМ  іспетті 30 локомотив бар. Жалпы вагон  паркі 931 бірлікті құрайды, атап айтқанда:

    • сары фосфор тасымалдауға арналған 382 теміржол цистернасы;
    • фосфор қышқылын тасымалдауға арналған 44 теміржол цистернасы;
    • фосфор шикізатын тасымалдауға арналған 331 теміржол сыйымдылығы мен 174 басқа сыйымдылықтар қолданылады.

 

 

Сурет 10. «Теміржол-көлік кешені»

 

«Қазфосфат» ЖШС «ТКК»  филиалы Жамбыл облысындағы химия  зауыттарының жүктерін тасымалдауды қамтамасыз етеді. Кәсіпорын фосфорит рудасын, сары фосфорды, минералды тыңайтқыштарды және химия кәсіпорындарының басқа да жүктерін тасымалдау көлемін біршама арттыруға әкелген Қаратау-Жамбыл аумақтық өндірістік кешенінің қарқынды дамуына байланысты құрылды. Кәсіпорын өндірістік процестерді автоматтандыру мәселесін шешті. Нұсқаулар мен дабылдардың электрлі орталығын құрды. Кәсіпорын еңбеккерлерінің күшімен дауыс күшейткішпен хабар тарататын парк байланысын, маневрлі радио байланысын орнатты. Олар қазір де сәтімен пайдаланылуда. Электрлі дабыл орнату кәсіпорын жұмысының қызмет ету көрсеткішін біршама жоғарылатуға мүмкіндік жасады [52].

Қазіргі таңда кәсіпорын игілігінде магистралды көлік жолына шыға алатын үш станциялар бар: Зауыттық, Химпромдық, Фосфорлық. Бұл станциялар «Қазақстан Темір Жолының» төрт станциясы – Аса, Шайқорық (Тараз қ.), Қаратау, Жаңатас (өнеркәсіп аймағы) станциялары бойынша магистральды көлікпен түйіседі.

Барлық станциялар электрлі нұсқарлар мен дабылдар орталығымен, дауыс күшейткіш байланыс жүйесімен жабдықталған. Бүгінде «Қазфосфат» ЖШС «ТКК» филиалы – еңбек процестерінің көпшілігі механикаландырылған және автоматтандырылған, қуатты техникалық потенциалы мен еңбекке қабілетті тұрақты ұжымы бар жаңа үлгідегі көлік ұжымы.

Өндіріс орындарының күрт артуы  кезеңінде, ғылыми-техникалық революцияның дамуына байланысты, қоршаған ортаны сақтау, қорғау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану қазіргі проблемаларының бірі болып отыр. Бұл мәселелерге түсініксіздікпен селсоқ қарау мен техникалық экологиялық қате саясаттар, қоршаған ортаның ластануына және жер бетіндегі организмдердің қалыптасқан жағдайларына негативті әсерін тигізеді. Қордаланған негізгі проблемаларды шешуде, табиғат пен адамзат қоғамының арасындағы қарым-қатынастардың орны ерекше. Бұл қарым-қатынастардың дұрыс дамымауы адамзатқа үлкен қауіптер туғызуы мүмкін.

Адамдар және олардың  шаруашылық әрекеттері жер бетіне тікелей  және жанама зор ықпал әсерін тигізіп  келеді. Егерде жылына ауаға дүние жүзі бойынша 1 млрд т деңгейінде антропогендік заттар (СО2-ні есептемегенде), гидросфераға шамамен 15 млрд тонна ластағыштар енгізіліп отырса, топыраққа түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд т. жетеді. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, ХХ-шы ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында топырақта жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд тоннаға дейін көтерілген. Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығы антропогендік ландшафтқа айналған. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүние жүзі шөлдерінің барлығының шығу тегі де антропогендік.Топырақты зиянды ластағыштардан қорғау адамның негізгі мақсаты, өйткені оның құрамындағы зиянды қоректік қосылыстар қоректік тізбек арқылы адам ағзасына түседі. Біріншіден, ластағыш заттар сумен шайылып ашық су көздері мен ыза суларына қосылады, ал ол суларды адам ауыз су ретінде және әр түрлі қажеттілігіне пайдаланады. Екіншіден, бұл ластағыштар топырақ ылғалы, грунт сулары мен ашық су көздерінен өсімдіктер мен жануарлардың ағзаларына түседі. Үшіншіден, зиянды қосылыстардың көбісі адам ұлпасы мен сүйегінде шоғырлану қауіпіне ие.

Зерттеулер көрсеткендей биосфераға жыл сайын 20 - 30 млрд тонна қатты қалдықтар және 1 млрд тоннаға жуық газды, аэрозольді ластағыштар түсуде. Сонымен қатар топырақты ластаушы негізгі көздер автокөліктер болып табылады. Бір автокөлік жүргенде атмосфераға, орташа есеппен, СО – 200 кг, NO - 60 кг, СН - 40 кг, SO2 – 2 кг, Pb - 0,5 кг, бензопирен - 2 кг шығарылады, сондықтан да автокөлік атмосфера мен топырақтың айтарлықтай бөлігінің ластануына себепші болады. Соңғы уақыттарда антропогендік әсер деңгейі төмен дегенімен облыста жалпы экологиялық жағдай әлі де жақсарды деуге болмайды. Облыс аумағының 15 %-і экологиялық жағдайы қолайсыз аймақта, ал 5 %-ы экологиялық дағдарыс (кризистік аймақта) аймағында жатыр. Осы, 5 %-дық аумақ Шу, Талас, Аса өзендері бассейіндерімен қатар Тараз қаласына және оның маңайына тиісті жерлер болып отыр [43].

Облыс тұрғындарының басым көпшілігі  тұратын Тараз қаласының ауасы  қоршаған ортаның негізгі компоненті ретінде адамдардың денсаулығына тікелей  әсер етеді. Қала ауасын негізгі ластаушы компоненттерге органикалық шаң-тозаң, күл, СО, NO, NO2, SO2 жататыны анықталды [17]. Бұл жағдай ескірген қондырғылар мен технологиялар таза емес отын түрін жағу, жылыту жүйесінің децентрализациялануы және шығарылатын ластықтарды бақылау жұмысының жеткіліксіз екендігі себебінен деп түсіну керек.

Тараз қаласының ластануы ұзақ уақыт бойы химия өндірісімен тікелей байланыстылығы мәселесі өз маңызын жойған жоқ. Бұл жағдайда қоршаған табиғи орта сапасын реттеу стратегиясының ең маңызды мәселесі - халық денсаулығына және биосфераға ең күшті әсерін тигізетін факторлар мен көздерді анықтайтын және осы әсерге көбірек ұшырайтын биосфера элеметтерінің анықтайтын жүйе ұйымдастыру мәселесі болып табылады. Мұндай жүйеге қоршаған орта жағдайының антропогендік өзгерістерінің мониторингі жатады.

Информация о работе Тараз қаласындағы өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері