Тараз қаласындағы өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 10:53, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі уақытта қала өндірісінің қарқынды дамуы және күннен-күнге шағын мекемелердің көбеюі, көліктер санының артуы ауаның ластану дәрежесін жоғарылатуда. Сондықтан атмосфераның төменгі қабатының және өндіріс аймақтарындағы ауаның мөлшерден тыс ластануы қала экологиясы мониторингі көрсеткішінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл мәселені қарастыру – адамдардың денсаулығын сақтаудағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................
І Бөлім ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯ
ЛЫҚ ОРНЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Тараз қаласының табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары
1.2 Тараз қаласының экономикалық-географиялық жағдайы.
1.3 Тараз қаласындағы өндіріс орындарының орналасуы мен дамуының географиялық алғышарттары
ІІ Бөлім ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
2.1 Тараз қаласының ірі өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері
2.2 Тараз қаласының бүгінгі экологиялық жағдайы
2.3 Тараз қаласының өндіріс орындарына қалдықсыз технология әдістерін енгізу мүмкіндіктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом.doc

— 9.15 Мб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

 

АБАЙ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

 

Тақырыбы: «Тараз қаласындағы өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ............................................................................................................

І Бөлім ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯ

ЛЫҚ ОРНЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

    1. Тараз қаласының табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары
    2. Тараз қаласының экономикалық-географиялық жағдайы.
    3. Тараз қаласындағы өндіріс орындарының орналасуы мен дамуының географиялық алғышарттары

ІІ Бөлім ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ

    1. Тараз қаласының ірі өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері
    2. Тараз қаласының бүгінгі экологиялық жағдайы
    3. Тараз қаласының өндіріс орындарына қалдықсыз   технология әдістерін енгізу мүмкіндіктері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМШАЛАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚЫСҚАРТУЛАР

 

АҚ – акционерлік  қоғам

БК – біріккен кәсіпорын

БСҰ-бүкіләлемдік сауда ұйымы

ЖІӨ –жалпы ішкі өнім

ЖӨӨ – жалпы  өңірлік өнім

ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік

млн – миллион

млрд - миллиард

НКИ – нақты  көлем индексі

ССБ – санитарлық сақтау белдемі

ЖҚҚ – жалпы қажетті  қаражат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тараз қаласы екі мыңжылдық тарихы бар Қазақстанның ежелгі тарихи-географиялық, этнографиялық-мәдени мәні зор қалаларының бірі. Осындай ерекше орны бар қаланың ХХІ ғасырдағы кескін-келбетіне адамның шаруашылық әрекетінің тигізген түрлі әсерлерін сипаттау, қала болашағын айқындауда осы аумақта орналасқан ірі өндіріс орталықтарының тигізген ықпалын айқындау және оны саралау осы іздену жұмысының өзектілігін, қажеттілігін түсіндіреді.

Жамбыл облысының оңтүстік-батыс  бөлігінде, Талас-Асаның шұрайлы алқабында, Қырғыз тауларының солтүстігіне қарай тау алды жазығында, Талас өзенінің сол жақ шұрайлы жағалауында орналасқан. Қала аумағында өңдеу өнеркәсібі, машина жасау және отын-энергетикалық бағыттағы заманауи қуатты кешендер жүйесі шоғырланған. Облыстағы өнеркәсіп өндірісі жалпы өнімдерінің 70 %-н астамы Тараз қаласы кәсіпорындары көмегімен өндіріледі.

Олардың ішіндегі ірі кәсіпорындар қатарына «Казфосфат» ЖШС, «ЖГРЭС» АҚ, «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, «Қаратау фосфорит зауыты», «ЖЗМК Имсталькон» АҚ-дары жатады.

Қалада сары фосфор, минералдық тыңайтқыштар, натрий трифолифосфат, электр қуаттары, жуылған жүн, қант, құрылыс-металдық материалдар және құрылымдар, ферроселикомарганец және тағы да басқа өнім түрлері өндіріледі.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі – Тараз қаласындағы экологиялық жағдайдың нашарлауы, әсіресе ауаның ластану мөлшерінің жоғарылауы қала тұрғындарының денсаулығына түсіретін негізгі экологиялық салмақтың артуымен, олардың денсаулығына, жұмыс істеу қабілетіне, әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуімен де анықталады.

Қазіргі уақытта қала өндірісінің қарқынды дамуы және күннен-күнге шағын мекемелердің көбеюі, көліктер санының артуы ауаның ластану дәрежесін жоғарылатуда. Сондықтан атмосфераның төменгі қабатының және өндіріс аймақтарындағы ауаның мөлшерден тыс ластануы қала экологиясы мониторингі көрсеткішінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл мәселені қарастыру – адамдардың денсаулығын сақтаудағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – Тараз қаласы өндіріс орындарының қоршаған ортаға тигізетін әсерін зерделеу.

Дипломдық жұмыс алдына қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттерді басшылыққа алып отыр:

1. Қала аумағындағы атмосфералық ауа ластануының проблемаларын ғылыми әдебиеттерге шолу жасау арқылы негіздеу;

2. Тараз қаласы «Қазфосфат» АҚ кәсіпорынының атмосфералық ауаға әсерін анықтау;

3. Тараз қаласы «Қаратау фосфорит зауыты», «Тараз зауыты» зауыттарының атмосфералық ауаға әсерін анықтау;

4. Осы мекемелердің қауіптілік  категориясын анықтау;

5. Тараз қаласы «Казфосфат» ЖШС және «Қаратау фосфорит зауыты», «Тараз зауыты» мекемелерінің еңбек аймағындағы өндірістік шаң-тозаң мөлшерін анықтау және оның кері әсеріне баға беру.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы ретінде сипатталатын ерекшеліктер тұрғысынан мыналарды атап өтуге болады:

  • Тараз қаласы өндіріс орындарының, оның ішінде «Казфосфат» ЖШС және «Тараз зауыты» өндіріс орындарының ластаушы көздері мен зиянды қалдықтарының соңғы жылдардағы өзгерістерін сипаттап, оның қоршаған ортаға әсерін саралау;
  • дипломдық жұмыста берілген деректер негізінде құрастырылған жаңа сызбалар мен сызбанұсқалардың болуы;
  • Тараз қаласы экологиялық жағдайын жақсарту мақсатын көздейтін ұсыныстар мен іс-шаралардың берілуі.

Дипломдық жұмыс қысқартулар тізбесінен, кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі -- бетті құрайды, мұнда тақырып мазмұнына сәйкес -- сурет, -- кесте, карта сызбалары келтірілген, пайдаланылған әдебиеттер саны – --.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Бөлім Тараз қаласының физикалық-географиялық орны мен ерекшеліктері

 

 

    1. Тараз қаласының табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары

 

Тараз қаласының аумағы 0,1 мың м2 немесе Жамбыл облысы аумағының 0,07%-ын құрайды. Тараз қаласы Жамбыл облысының оңтүстік-батыс бөлігінде, Талас-Асаның шұрайлы алқабында, Қырғыз Алатауы тауларының солтүстігіне қарай тау алды жазығында, Талас өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Климат ерекшеліктері қуаңшылығымен және континенттілігімен, температураның барынша құбылмалылығы және жауын-шашын мөлшерінің аз болуымен сипатталады.

Жамбыл облысы Орталық  Азияның орталығында, 42022' және 46000' солтүстік ендік пен 68015' және 750 55' шығыс бойлық аралығында орналасқан. Солтүстігі Мойынқұм, Бетпақдалаға ашық тосқауылсыз шығып жатса, шығысында Айтау, Желтау, Хантау, Майжарылған (Шу-Іле таулары) және Қопа, Қараой үстіртті жазықтары орналасқан. Облыстың қиыр оңтүстік-шығысында Іле Алатауына ұласып, Кіндіктас және Жетіжол таулары дейін созылады. Оңтүстік, оңтүстік-шығысында Қырғыз Алатауының Қазақстанға қарасты солтүстік, солтүстік-батыс бөлігі кіреді. Батыс аумағына Қаратау жотасының солтүстік-шығысындағы Үлкен Ақтау мен оңтүстік-шығыс бөлігі (Кіші Қаратау) кіреді.

Шу және Талас өзендерінің  төменгі ағысында орналасқан облыстың жалпы алып жатқан жерінің ауданы 144, 3 мың2. Облыс жері солтүстіктен оңтүстікке 400 км созылса, ал батыстан шығысқа 500 км созылады. Облыстың шығысындағы, оңтүстігіндегі және батыстағы шекаралары табиғи шекара болатын тау жоталарымен өтеді. Жамбыл облысы, алып жатқан ауданы, батыс Еуропаның Португалия, Грекия, Голландия мемлекеттерінің ауданын қоса есептегендігі ауданнан артық немесе үш Кавказ елдері мен Балтық маңы жағалауындағы мемлекеттердің ауданын қоса есептегенде көлемге теңеседі

(А Қосымша ).

Тараз қаласы мұхит-теңіздерден шалғайда (3000 км қашықтықта), қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. Осы жағдай облыс климатының шұғыл континентальды болып қалыптасуына әсер етеді. Ал оның салдарын, облыстағы ауа температурасының жылдық және тәуліктік тербелісінің (амплитудасы) шұғыл өзгеріп, теңіз жағалауындағы елдермен салыстырғанда, салыстырмалы ылғалдылық пен бұлттылықтың төмен, құрғақшылықты болып қалыптасуынан көреміз. Ол кезегімен аумақ мен жыл мезгілдерінің ішінде жауын-шашынның әркелкі түсуі мен шөл ландшафтысы мен дамуына ықпал жасап отыр. Табиғаттың осы қасиеттері Жамбыл облысындағы геожүйелердің антропогендік әрекеттерге төтеп бере алу қабілетінің төмен, табиғи шөл басу мен аридтенуге бейім екендігін көрсетеді.

Өлке жер бедерінің 90 % жазық, ал 10% таулы болып келеді. Облыстың оңтүстігіндегі әкімшілік облыстық шекара республиканың мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келеді, ол табиғи шекара болатын – Қырғыз Алатауы (4000 м) жотасымен өтеді. Облыстың шығысында Шу-Іле таулары (Айтау, 1800 м), оңтүстік батысында Қаратау (700-1600 м) солтүстіктен-оңтүстікке бойлық бағытында жуық бағытта созылып жатыр. Осы таулардың тосқауылдық функциясына назар аудармауға болмайды. Оның беткейлерінде атмосфералық жауын-шашын мөлшері мол түседі, себебі тау беткейлері ылғалды ауа массаларымен ұстап қалады. Биіктікке байланысты ауа температурасының төмендеуімен ылғалдың мол түсуінен Қырғыз Алатауының биік тау шыңдарында тұрақты қар жамылғысы мен тау мұздықтары қалыптасқан. Осы мұздықтардан өлкенің су қорын құрайтын ірілі-кішілі өзендері басталады. Сондықтан өлкеміздегі биік тау жоталарын экологиялық жауапты аймақтар ретінде қарастыруға болады. Таулы табиғаттың экологиялық жағдайын шиеленістіретін қасиеттерінен ылғалдың мол түсуінен беткейлерде эрозиялық шайылу процессінің қарқынды жүруін, су тасқындары мен селдің жиі байқалатынын атау қажет.Жамбыл облысының солтүстік, солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс шекаралары ашық, табиғи тосқауыл болатын таулары жоқ. Солтүстігінде сәл көтеріңкі Бетпақдала (300-450 м ) сазды шөлі оңтүстікке біртіндеп аласа Мойынқұм құмды шөліне (200-300 м ) ұласады. Облыстың осы орталығындағы жазық бөлігін кейде аккумулятивті төмен түскен, Шу-Талас бассейні деп те атайды.

Қала жерінің солтүстігінде тосқауылсыз жазықты ашық жатуының экологиялық салдарын арктикалық суық континентальды және Сібір антициклонының құрғақ суық ауа массаларының әсіресе, көктемде және күзде келуі ауылшаруашылық дақылдарына зиянды әсер ететін үсіктердің жүріп кетуіне себеп болады. Облыстың батысындағы аласа Қаратау жоталары, Жерорта теңізінен келетін Атлант ауа массаларымен, контенентальды тропикалық құрғақ ауа массаларына көп жағдайда тосқауыл бола алмайды. Облыс жеріне түсетін атмосфералық жауын-шашынды түгелдей дерлік осы Атлант мұхитынан келетін ауа массасы әкеледі. Таулардан басталған ірілі-ұсақты өзендер техногенді зиянды қалдық заттарды облыс орталығындағы Шу-Талас аккумулятивті жазығына қарай тасымалдайды да шөктіреді.

Геологиялық құрылыстың экологиялық әсері мен ролін аумағы құрайтын әртүрлі жастағы, әртүрлі құрамдағы тау жыныстарының техногенді және табиғи процесстерге төтеп бере алу, беріктік қасиетінен болады. Жамбыл облысындағы таулар ертедегі докембрий мен төменгі палеозойдың берік интрузивті тау жыныстарынан тұрады. Бірақ ауа температурасының шұғыл өзгерісі әсерінен гранитті және метаморфтық тау жыныстары физикалық үгілітуге жиі ұшырап отырады. Интрузивті тау жыныстары мен облыс жеріндегі рудалы пайдалы қазбалардың кен орындарына (мыс, полиметалл т.б.) байланысты. Шөгінді аккумуляциялы жыныстармен газ және рудалы емес кендер орны тығыз байланысты.

Табиғи ортаның экологиялық  жағдайына және оның өзгерістеріне  климаттың қосатын үлесі мол. Климаттық жағдайлар біріншіден атмосфераның өз бетімен тазаруына (жауған жаңбыр есебінен) әсер етсе, екіншіден  оның ластануына да ықпал жасайды.

Тараз қаласы аумағындағы климаттың экологиялық жағдайға тигізетін әсерін осындай байқалып отырған бірнеше табиғи құбылыстардан көруге болады, олар: құрғақ климаттық жағдай, аңызақ желдердің соғуы, ылғалдану режимінің маусымдық сипат алуы және т.б. жағдайлар.

Көктемдегі және күздегі ауа температурасының әсіресе түнде күрт төмендеуі, радиациялық үсіктің жүріп кетуіне себеп болады. Көктемгі жауған нөсер жаңбырлардың зиянды жақтары да бар, ол өсімдіктердің гүлдеп, дер кезінде тозаңдануына мүмкіндік бере қоймайды.

Жер беті және жер асты суларының экологиялық әсері екі түрлі сипаттан көрінеді. Біріншіден, Жамбыл облысы жерінде өзен торлары тау алды аймағында жиі. Өзен торының тау алдында жиі болуы, техногенді және ауыл шаруашылығынан жиналған зиянды заттар мен ластануына себеп болса, екіншіден таулардан басталған өзендердің экологиялық жағымды әсерлеріде байқалады. Ірі деген өзендері түгелдей дерлік, қоректену режиміне қарай, Тянь-Шань типіне жатады, сондықтан олардың суының деңгейі жылына екі рет көтеріледі: көктемде және жазда. Көктемгі судың тасуы тау беткейлеріндегі қардың еріген кезінде байқалса, ал жаздағы тасуы тау басындағы мұздықтардың еруімен байланысты. Өзендер арасының ұзақ мерзім ішінде суға толып жатуы, сулардың техногенді зиян заттардан өзін-өзі тазартып отыруына мүмкіндік береді. Шу мен Талас, Аса (Күркүрексу) өзендері көршілес Қырғыз Республикасы жерінен басталып, орта және төменгі ағысында Жамбыл облысы жеріне кіреді. Облыс жеріндегі екі 226 мың гектар болатын суармалы егістік жерлер су қорының 80% Қырғыз Республикасындағы қалыптасқан ағыстардан алады. Сондай-ақ, өзендерді экологиялық зиянды заттарды тасмалдайтын каналдар ретінде қарастыруға болады. Мысалы, Шу өзені сулары мен біздің өлкеге зерттеулерге қарағанда, Қырғыз Республикасынан жылына, органикалық заттардың 1,6 ШРШ-дан, мұнай өнімдерінен 1,4 ШРШ-дан артық зиянды заттар ағып келеді [5].

Үлкен бір экологиялық  мәселе осы өзен суларын Қазақстан  мен Қырғыз Республикасы арасындағы бөлу мәселесі ол осы күнге дейін  өз шешімін таппай отыр. Осындай  мемлекет аралық экологиялық мәселелер (суға қатысты ғана емес), халықаралық дипломатияда саяси экологияның маңызды орын алатынын дәлелдейді.Табиғи ортаның тепе-теңдігінің бұзылуына, Жамбыл облысындағы топырақ жамылғысының табиғи қасиеттеріде әсер етуде. Топырақтың әр-түрлі типі мен оның түрлері облыс аумағында бірін-бірі жиі алмастырып дамыған. Аумақтың 90% алып жатқан жазықтықтардың топырағы негізінен құм-сазды, саздақты, әрі жұқа құнарлығы төмен болады. Осындай экологиялық қасиеті бар топырақ жамылғысы, әрине эрозия мен дефляцияға өте тез ұшырайды. Осындай табиғи құбылыстарға адамның шаруашылық әрекеттері де көп ықпал жасайтыны сөзсіз. Табиғи ландшафтының тұрақтылығына өсімдік жамылғысының да қосар үлесі мол, ол эрозия мен дефляцияға кедергі болуы мүмкін не оны жеделдетуі мүмкін. Тараз қаласының аумағының басым көпшілігінде табиғи өсімдік жамылғысы жұқа, жайылымдық дигрессияға тез ұшырап отырады. Жайылымды экожүйелерді ұдайы пайдалану, оның топталуына, өсімдік түрлерінің азаюына себеп болуда. Таулы жайылымдардың түсімі кеміп, шөптесінді өсімдіктердің алуан түрлілігі қысқаруда. Тау беткейлеріндегі орман ағаштарының кесілуі, беткейлік шайылу құбылысын үдетіп отырғандығы байқалады. Облыс жеріндегі жазықтарда 300 түрлі өсімдіктер түрі тіркелсе, Қырғыз Алатауында, Шу-Іле және Қаратауда алуан түрлі өсімдік саны 700-ге дейін артады [6].

Информация о работе Тараз қаласындағы өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері