Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экологиялық даму тарихы (1991-2009 жж.)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 20:28, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында тарихи аспектіде ғасырдың соңғы ширегіндегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік экологиялық даму тарихы қарастырылған. Автор қазіргі таңдағы экологиялық және әлеуметтік мәселелердің пайда болу, қалыптасу және дамуының объективті жағдайлары мен субъективті факторларын зерттеген. Сонымен қатар жұмыста егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экологиялық хал-ахуалы, оның даму жолдары мен бағыттары қарастырылған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

-шімова Г-лназ бейсенбай-ызы -аза-стан Республикасыны- -леуметті.doc

— 277.00 Кб (Скачать документ)

Жоғарыда аталған тұжырымдамада  белгіленген шараларды орындау  мерзімі үш кезеңге бөлінген: бірінші кезең - 2004-2007 ж.ж., екінші кезең - 2008-2010 ж.ж. және үшінші кезең - 2011-2015 ж.ж.

Бірінші кезең жоспарына  сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004- жылы 6-желтоқсанда қабылданған  №1278 Қаулысымен «Қазақстан Республикасындағы  қоршаған ортаны қорғаудың 2005-2007 ж.ж. арналған бағдарламасы» бекітілді. Онда қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сақтандыру, өндіріс пен тұтыну қалдықтары, экологиялық аудит туралы заң актілерін әзірлеу, қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай жүйесін құру көзделген. Осы аталған шараларды іске асыру мақсатында «Қазгидромет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны аясында Республикалық қоршаған орта мониторингі орталығы құрылды.

2005-жылғы желтоқсан  айында Қазақстан Республикасының  «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Заңы бекітілді. Сонымен қатар бұл кезеңде табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы суды үнемдеу, шөлейттенуге қарсы күрес, байырғы ластануларды жою, өнеркәсіп және тұрмыс қалдықтарын басқаруды жетілдіру, қоршаған ортаның мониторингі жөніндегі бірқатар бағдарламаны іске асыру көзделген.

Екінші кезеңде қоршаған ортаны қорғаудың 2008-2010 ж.ж. арналған бағдарламасын  іске асыру арқылы тұрақты дамуды қамтамасыз ету және қоршаған ортаның  жай-күйі сапасын жақсарту қарастырылған.

Үшінші кезеңде барлық белгіленген бағдарламаларды іске асыруды аяқтап, табиғи ортаның сапасын  басқару жүйесін қалыптастыру және оған тигізілетін зиянды әсерлерді  барынша азайту арқылы қоршаған орта нысандарының тиісті сапасы мен қоғамның экологиялық тұрақты  дамуының қажетті деңгейіне қол жеткізу көзделген.

Бүгінгі таңда экологиялық  мәселеге аса маңыз беріліп отыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтарының  сақталуына мемлекеттік бақылауды  күшейтуде жаңа міндеттер жүктеуде. Мәжілістен кейін өткен баспасөз маслихатында Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Омархан Өксікбаев көп жылдардан бері кен орындарын қазу, ядролық қаруларды сынау салдарынан елімізде күрделі экологиялық ахуалдың сақталып отырғандығын жеткізді. Өндіріс салаларындағы қалдықтардың да көп жиналуы қоршаған ортаға залалын тигізуде.

Қазақстан Республикасының  Президенті 2003-жылы 3-желтоқсанда бекіткен «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық кауіпсіздігінің  тұжырымдамасы» жылдың басты қорытындысы  болып табылады. Онда еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қазіргі жағдайдағы стратегиялық мақсаттардың дамуына сәйкес қамтамасыз етудің алғышарттары нақтыланған және кеңейтілген.  

Қазақстан Республикасының  Экологиялық кодексі қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерін қысқартуды, соның ішінде экологиялық қауіпті шаруашылық қызметті лицензиялауды алып тастау мәселелерін қарастырған. 

«Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың ұлттық жоспары» атты үшінші бөлімшеде экологиялық мәселелерді қалпына келтіру іс-шаралары, экологиялық зардап шеккен территорияларда атқарылатын жұмыстар қарастырылған.

Бұрынғы Семей  ядролық сынақ полигонын және Арал өңірінің мәселелерін кешенді  шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003-жылғы 22-тамыздағы №182 Өкімімен құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы жүзеге асырады [26].

Каспий теңізі бассейні мемлекеттерінің көмірсутегі  ресурстарын кеңінен игеруі теңіз  және жағалау маңы экожүйелеріне  теріс әсер ауқымын ұлғайтады. Теңіз  мәртебесінің айқындалмаған жағдайында трансшекаралық сипаттағы сыртқы экологиялық қатерлер елеулі мәңге ие болады.

Маңызды халықаралық  экологиялық конвенцияларға, сондай-ақ, халықаралық деңгейде табиғат қорғау қызметіне республиканың неғұрлым кеңірек қатысуын қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы барлық әзірленетін бағдарламаларда халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары және оларды іске асыру жөніндегі тиісті іс-шаралар белгілеуі тиіс.

2006-жылы 1-наурызда жарияланған Елбасының халыққа жолдауында ел экономикасының тұрақты түрде өсу қарқынына жеткенін айта отырып болашақта 50 дамыған елдің қатарына қосылуды стратегиялық бағыты ретінде айқындап көрсетті. Бұл жолдауда экологиялық мәселелерді шешудің нақты ұсынысы айтылды.

Радиациялық қауіпсіздік  Қазақстан Республикасында ең қиын мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан ол әрқашанда назардан тыс қалмайды. 2004- жылы «Қарағанды облысының аумағындағы иесіз радиоактивті қалдықтарды сыртқа тасу» шаралары белгіленіп, ол жүзеге асырылды. Осы шараны жүзеге асыру процесінде Қарағанды, Теміртау, Балқаш және облыстың басқа да аудандарындағы иондық сәулелі 252 иесіздер жинақталып, арнайы қоймаларға сақталуға жіберілді. Олардың адамдардың денсаулығына және экологиялық жағдайға қаншалықты қауіпті екендігі айтпаса да түсінікті.

Қоршаған ортаны қорғай отырып, сауықтыру мәселесі аумақтағы  қалалардан бастап елді мекендерге дейін - бәрі біздің басқармаға жүктелген  соң, атқарар іс көлемі айтарлықтай. Қазіргі кезде кез келген ауылдың  шетіндегі қағаберіс жерлер қоқысқа  толып, су ағатын арықтар арнасы керексіз деген құрылыс, өзге де қалдықтарға толып қалған. Мұны дер кезінде тазаламаса, бұл өте қауіпті, әрі апатты нәрсе. Қалдықтың аты қалдық, бір күндері індет, жұқпалы аурулар тарап кетуі мүмкін. Сондықтан да біз бірінші кезекте бір жерге жинақталған қоқыстарды жоюды қолға алуымыз керек.

Елбасы Жолдауларында  қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалануда ашық саясат қалыптастыру тәрізді сындарлы ұсыныстары бізге жаңа міндеттер жүктеуде. Бұл ең бірінші табиғат-ананың қадіріне жетуді бәсекеге барынша қабілетті болуды талап етеді. Демек, біз табиғи байлықты тиімді пайдалана отырып, орнын ойсыратып алмай, экологиялық ахуалды құлдыратып жібермей, қалыпты дамытуды сақтауға мүдделіміз.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Экология  мәселелерін терең зерттеу ғылымдар жүйесінде ең беделді орын алатынына күмән келтіруге болмас. Бұл мәселелер адамзатқа өзін қоршаған ортамен ортақтасып, табиғаттың сырын, өзіндік ара қатынасын зерттеп, оның жан-дүниеде болған әсерін сезіп байқап, мүмкін болатын экологиялық зардаптардың мөлшерін, таралған аумағын экономикаға келтірер зиянын, жер бетіндегі тірі тіршілікке тигізетін қолайсыз құбылыстарын аңғарып біліп, оған қарсы пәрменді күрес жүргізу үлкен мәселе. Табиғатты қорғау мемлекеттің басты міндеті, адамзаттың абзал ісі. Туған табиғатты сүю өз Отанына деген шын сүйіспеншіліктің белгісі.

Адам өміріне келетін  ауруларды, қауіпті оқиғаларды азайту жолында  зиянсыз жана технологияны енгізу ісінде, халықтың саяси-әлеуметтік өміріне жәрдемдесетін сынақтар өткізу әлбетте керек, әрі қолайлы. Ал қуатты мемлекеттердің өрескел үстемдігімен, қаражатының күшімен, шовинистік идеологиясымен, тек өз қамының төңірегіндегі тоғышарлықпен адам өмірінің жан-жануар, өсімдік дүниесінің өркендеуіне кедергі болатын сынақтар өткізу ешқандай адамгершілік сипатқа жатпаса керек.

Жалпы экология ғылым  тұрғысында тек XIX ғасырдың орта тұсында  ғана қалыптасты. Бұл кезеңде жер  бетіндегі тірі ағзалардың сан алуандығы  мен олардың тіршілік келбетінің ерекшеліктері жайлы негізгі  мәліметтер белгілі болған. Тірі ағзалардың құрылымы мен дамуының және олардың қоршаған ортамен қарым-қатынасының белгілі бір заңдылықтарға бағыныштылығы жайлы түсініктер де туындай бастаған еді.

Бүгінгі таңда адамзатты  ерекше алаңдатып отырған зор  мәселенің бірі - қоршаған табиғат  ортаның бүгінгі жай-күйі. Табиғат тіршілік атаулының анасы, адамның өмір сүруінің бірден-бір кепілі. Табиғатта бар дүние бір-бірімен өте тығыз байланысты да, өзара тәуелді болып жаралған. Даму ырғағы бір-бірімен үйлесімді байланысты болғанда ғана табиғат заңдылығы бұзылмайды.

Соншама уақыт  бойы жүргізілген аса қуатты ядролық  қару түрлерін сынау жұмыстары, бұл  өңірдегі қоршаған ортада, орнына қайтып келмес процестер мен күрделі  экологиялық жағдайдың қалыптасуына душар етті. Өсімдіктер мен жануарлар  әлемінің табиғи ортадағы тепе-теңдігі бұзылды. Осы өңірді мекендеген тұрғындардың денсаулығына орасан зор нұқсан келуіне әкеліп соқтырды.

«Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-кологиялық даму тарихы (1991-2009 жж.)» атты тақырыпты зерттеу барысында  қол жеткізген нәтижелер төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:

- жаңа нарықтық жағдайда  Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экологиялық  даму тарихын қарастыруда кенестік  жүйе кезеңінде қалыптасқан экологиялық  апат ошақтарының салдары мен  зардаптарын практикалық түрде талдау тәсілдері, концептуалды-әдістемелік тұжырымдары мен қазіргі уақытта оларды шешу жолдары мен тенденциялары анықталды;

- қазіргі нарықтық  кезеңде қоршаған ортаны қорғау  мәселесін шешудің қолайлы тәсілдерін  жүзеге асыру механизмі белгіленді;

- Қазақстан Республикасындағы экологиялық мәселелерді халықаралық қауымдастықта қарастырып, мемлекетіміздің ішкі саясатының негізінде іске асырудың әдіс-тәсілдерін айқындауға себепкер болды;

- қоршаған ортаны қорғау  саласындағы мемлекеттік органдар  мен ұйымдардың әлеуметтік және экологиялық мәселелерді қазіргі талаптарға сәйкес жоғары жәнем сапалы шешімдер қабылдады;

- елімізде қоршаған  ортаны қорғау ісі бойынша  шаралардың ұлттық жоспары және  экологиялық мәселелерді тиімді  шешуде жаңа зерттеу жобасын  дайындау әдістері мен тәсілдері анықталды.

Жүргізілген зерттеу  бойынша мынадай ұсыныстар жасауға  болады:

- қазіргі таңда Қазақстан  Республикасының әлеуметтік-экологиялық  даму тарихының мәселелерін кешенді  түрде зерттеу бұрын қалыптасқан  экологиялық апат ошақтарының  ауыр салдары мен зардаптарын жоюда жаңа тәсілдерді қолдануға толық мүмкіндік береді.

- Қазақстан Республикасында  нарықтық кезеңде қоршаған ортаны  қорғау мәселерін халықаралық  деңгейде шешудің қолайлы тәсілдерін  жүзеге асыру тенденцияларын  қалыптастыру қажет.

- Қазақстанның медициналық  орталықтарының күш-жігерін апатты  аймақ-тардағы онкологиялық және радиация арқылы пайда болған ісік ауруларын емдеуге бағыттау қажет.

- Президентіміз Н.Ә.  Назарбаевтың Қазақстан Республикасындағы  эколо-гиялық мәселелерді халықаралық қауымдастықта қарастырып, мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізінде іске асыруды көздеген стратегиялық мақсаттары ерекше назарға ие.

- «Жаңа экологиялық  саясаттың» қазіргі моделіне  өтуде қоршаған ортаны қорғау  саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар әлеуметтік және экологиялық мәселелерді қарастыруда қазіргі талаптарға сәйкес жоғары және сапалы шешімдер қабылдау қажет.

- Егеменді Қазақстанның  қоршаған ортаны қорғау ісі  бойынша іс-шаралардың ұлттық  жоспарының жаңа жобасын дайындау  қажет.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. - Алматы: Атамұра, 2003. -    240 с.; Назарбаев Н.А. Жүз жылға татитын он жыл / Назарбаевтың ҚР тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі. - Алматы: Атамұра, 2001. - 112 б.

2 Темірғали Ж. Экологиялық  ахуалға Үкіметтің назарын аударды  // Заң газеті. - 2002. - № 2. - 7 б.

3 Таңатарова Қ. Экологиялық  біліктілік бәсекелестік кепілі // Деловой мир Казахстана. - 1999. - №  2. - 56 б.

4 Полянский Ю.П. және  т.б. Жалпы биология. - Алматы, 1986. - 239 с.; Жатқанбаев Ж.Ж. Биосфера. - Алматы, 1978. - 132 с.; Исмагилов М.Н. Экология. - Алматы, 1978. - 188 с.

  1. Әділов Ж.М. Тұрақты даму және айналадағы орта. - Алматы, 1998. - 186 б.; Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б. Экология негіздері (Оқу құралы). 
    - Алматы, 1998. - 214 б.; Сағымбаев Г.К. Экология негіздері. - Алматы, 1995. - 152 б.; Төребаев С.С., Шілдебаев Ж.Б. Биологиялық күрес жолдары. - Алматы, 1987. - 139 б.
  2. Экзарьян В.Н. Геоэкология и охрана окружающей среды. - М., 1997. - 317 с.; Моисеев Н. Н. Человек и ноосфера. - М., 1990. - 245 с.; Реймерс Н.Ф. Экология. - М., 1994. - 195 с.; Казначеев В.П., Вернадский В.И. Учение о биосфере и ноосфере. - Новосибирск, 1989. - 388 с.; Колчинский Э.И. Эволюция биосферы. - Л., 1990. - 218 с.
  3. Данилов-Данильян В.И., Лосев К.С. Экологический вызов и устойчивое развитие. - М.: Прогресс - Традиция, 2000. - 416 с.; Самойлов Л.Н. Глобальные проблемы общественного прогресса. Филос. вопросы типологии и взаимосвязи. - М.: Изд. Московского университета, 1985. - 96 с.; Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. - М.: ЮНИТИ, 1988. - 455с.; Бейтсон Г. Экология разума. - М.: Смысл, 2000. - 476 с.
  4. Пик М. Өз үйіңді қорғай біл. Елді мекеніңіз бен қалаңызды аман сақтап қалудың амалдары: Жұртшылық күшін жұмылдыру жөніндегі Съерра-клубтың кеңестері. - Алматы, 1994. - 184 б.; Фурсов В.И., Ергалиева Т. Общая экология. - Алматы, 1996. - 171 с.; Шілдебаев Ж.Б. Қызықты экология (Оқу құралы). - Алматы, 2000. - 144 б.; Нурбетова Г.О. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. - Алматы, 2009. - 160 б.
  5. Асылбеков М.Х., Козина В.В. Народонаселение Казахстана в условиях суверенитета. - Алматы: Тарих тағылымы, 2009. -  С. 70-71.
  6. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В пяти томах. Том 4. - Алматы: «Атамұра», 2009. - С. 623-624.
  7. Шукпутова А.М. Об экологической ситуации в Республике Казахстан и мерах по ее улучшению // Информационный экологический бюллетень РК. - Алматы, 2001. - І-ІІ кв. - С. 16-39.
  8. Сахариев Е. Аралдағы табыттар мен молалар ертең ажал аждаһаларына айналады // Қазақстан - ZAMAN. - 2008. - 7 ақпан (№ 6). - 1,7 б.
  9. Мамашарипова Г.А. Арал теңізінің су-экологиялық мәселелері мен Семей аймағының экологиялық мәселелері және БҰҰ даму бағдарламасының рөлі // Қазақ Ұлттық университетінің Хабаршысы. - Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы. - 2008. - № 1. - 34-39 бб.
  10. Айдосов А. Арал теңізі бассейінінің кеңістігіндегі әлеуметтану мәселелері // Ізденіс. - Гуманитарлық ғылымдар сериясы. - 2008. - № 2. - 163-167 бб.
  11. Айгазиев А.Т. Эколого-экономические проблемы мира Республики Казахстан // Вестник Московского университета. - Серия. Экономика. - 2000. -№ 1. - С. 53-62.
  12. Айтжанов А. Охране природы всенародную поддержку // Эко курьер. -1999. - № 15/16. - С. 1-2.
  13. Иманбаева И. Арал қасіреті - әлем қасіреті // Дала мен қала. - 2008. - 11 шілде (№ 28). - 8 б.
  14. Назарбаев Н.А. Эпицентр мира. - Алматы, 2001. - 167 б.
  15. Мажитов С.Ф., Игликова К.С., Турмашева Б.К. История Казахстана новейшего времени. - Алматы: Тарих тағылымы, 2009. - С. 183.
  16. Жылқышбаева Қ.Қ. Қазақстан жеріндегі жаппай қырып-жоятын қаруды сынаудың зияны мен салдары (1946-1991 жж.): т.ғ.к. ...диссертациясы. - Алматы, 2000. - 145 с.
  17. Нурсултанова Л.Н. Нефтегазовая промышленность современного Казахстана: исторический аспект (1985-2007 гг.): Диссертация д.и.н. - Алматы, 2008. - С. 38.
  18. Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты. 86-қ., 11-т., 21-б., 141-іс, 18-п.
  19. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 7-қ., 1-т., 1278-іс, 3-п.
  20. Алтаев А.Ш. Социальное развитие рабочих промышленности Казахстана (1970-1990 гг.): Диссертация ... д.и.н. - Алматы, 1996. - 322 с.
  21. Джангирова Г.С. История антиядерного движения в Казахстане (1985-2006 гг.): автореферат ... к.и.н. - Алматы, 2009. - 29 с.
  22. Ысқақов Н. Табиғатты құнттай білгендер ғана табысқа жете алады // Егемен Қазақстан. - 2008. - 7 қараша (№ 338/339). - 3 б.; Атамекен. - 2008. - 25 қараша (№ 22). -      2 б.

Информация о работе Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экологиялық даму тарихы (1991-2009 жж.)