Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экологиялық даму тарихы (1991-2009 жж.)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 20:28, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында тарихи аспектіде ғасырдың соңғы ширегіндегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік экологиялық даму тарихы қарастырылған. Автор қазіргі таңдағы экологиялық және әлеуметтік мәселелердің пайда болу, қалыптасу және дамуының объективті жағдайлары мен субъективті факторларын зерттеген. Сонымен қатар жұмыста егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экологиялық хал-ахуалы, оның даму жолдары мен бағыттары қарастырылған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

-шімова Г-лназ бейсенбай-ызы -аза-стан Республикасыны- -леуметті.doc

— 277.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы азаматына ауырған жағдайда, жасына байланысты, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылған кезде төменгі еңбекақы мен зейнетақы мөлшерінде ақы төленеді. Осыған байланысты 2005-жылдың 13 сәуірінде мүгедектердің әлеуметтік қорғалу құқын анықтауға, қоғамдық интеграцияға, денсаулық жағдайына байланысты білім алуға, еркін таңдау туралы ақпаратқа кіруге, тегін медициналық көмекке, кәсіби дайындық пен қайта дайындалуға, екбекке деген қабілетін қалыпқа келтіруге, сонымен қатар мүгедектердің әлеуметтік және кәсіби жарамдылығын арттыру тұрғысында өткізілетін медициналық шараларға қатысуға деген құқықтарын анықтайтын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы мүгедектерін әлеуметтік қорғау туралы» Заңы қабылданды.

Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы оларға әлеуметтік, медициналық  және әлеуметтік, кәсіби жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты бағыттағы қоғамдық өмірге оралтуға байланысты өткізілетін шаралармен жүзеге асады.

Республикамызда мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік көмек  көрсететін, медициналық, әлеуметтік және кәсіби даму, мүгедек балаларға білім беру бағдарламасын жасау, моральды-психологиялық жағынан қолдау көрсету, олардың құқықтары туралы ақпарат беретін 6 территориялық орталықтар бар.

«Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экологиялық хал-ахуалы: даму жолдары мен бағыттары» атты екінші бөлімде Қазақстанның басқа елдермен қарым-қатынастары, «Жаңа экологиялық саясат» аясындағы жаңа ой-пікірлер мен шешімдерді қабылдауда табиғатты қорғау саласындағы органдары мен ұйымдарының қызметі, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың ұлттық жоспары қарастырылады. 

«Экологиялық  мәселелерді шешуде Қазақстанның халықаралық  ынтымақтастықтағы алатын орны, мазмұны  және мәні» атты бірінші бөлімшесінде Рио-де-Жанейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциясы, сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстандағы қызметі, «Орталық Азия экономикалық қауымдастығының» қызметі қарастырылған.

Москвада 1992-жылы қаңтар айында Арал өңірінде халықаралық көмек  жобасын іске асыратын «Арал» Координаторлық Кеңесі құрылды. Кейіннен әлемдік деңгейде экологиялық апат аймағы болып танылған Арал өңірін сауықтыру мақсатындағы «Арал дағдарысының келеңсіздіктерін жою негіздері туралы халықаралық бағдарлама» қабылданды.

1992-жылы Бразилияның  Рио-де-Жанейро қаласында Біріккен  Ұлттар Ұйымының конференциясы өтті. Онда 179 мемлекет қатысты. Бұл конференция  әлемдік қауымдастықтың даму негізі ретінде тұрақты даму концепциясын ұсынды, сонымен қатар келісілген саяси іс-қимылдар кезеңінің басталуына жол ашты [23].

«ХХІ ғасырдың күн  тәртібі» атты негізгі құжатта қоршаған ортаны және әлеуметтік экономикалық дамуды бөлектенген облыстар тәрізді қарастыруға болмайтындығы көрсетіледі. Үш мақсат - табиғи ортаның жоғары сапасы, барлық халықтардың бақуатты экономикасы, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың үйлесімділігі бірегейлікте қарастырылуы қажет.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстанда  өз қызметін 1993-жылы бастаған. Оның негізгі  міндеті - адам дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Дамудың тұрақтылығы  дегеніміз - адамзаттың қазіргі буынының қажеттілігін өтеу үшін кейінгі ұрпақтың үлесіне тиісті сыбағасына қиянат жасамай, олардың қамын ойлау. Осы мақсатқа жету үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы төмендегі үш салаға ерекше көңіл бөледі:

- кедейліктің деңгейін төмендету;

- демократиялық және  экономикалық қайта құру;

- қоршаған ортаны тиімді  пайдалануды күшейту.

1994-жылы Орталық Азия  одағы құрылды. Оған мүше болып  «интеграциялық үштік» идеясын  бір-ауыздан қолдаған Қазақстан,  Қырғызстан және Өзбекстан республикалары кірді. Түркіменстан Республикасы бейтараптық жариялап, ұйымға мүше болудан бас тартқан. Алайда үш республика басшысы бірқатар құжатқа қол қойғанымен, ауызбірліктің болмауы салдарынан ондағы федералистік сипаттағы идеяларды жүзеге асырудың айқын жолдары белгіленбегендіктен, ол құжаттар мен идеялар қағаз жүзінде ғана қалды. 

«Егемен Қазақстанда» «Арал  тағдыры - адамзат тағдыры. Ашхабадтағы  басқосуда Арал мәселесіне айрықша  көңіл аударылды» деген тақырыппен «Егемен-ақпарат» мағлұмат берген. 1997-жылы Аралды құтқару халықаралық қорының Алматыда бас қосуынан соңғы болып отырған мәжілісі еді. Мұнда да мемлекет басшылары «таза шаруашылықтан» аса алмаған жайлары бар. Осы екі жылдық уақыт аралығында: «Қор халықаралық пәрмендірушілерді тарта отырып, елеулі жұмыс жүргізгендері» атап айтылды. Соның арқасында «көптеген аудандар таза сумен қамтамасыз етілген, қордың емдеу және балалар мекемелеріне медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектер жіберіп, тұрмысы төмен отбасыларға нақты материалдық көмек көрсеткендерін» мәжіліске қатысушылар ашық түрде көрсетті.

«Рио-де-Жанейрода белгілеген шешімдер тұрақты экологиялық дамудың Орта Азиялық үлгісін іздестіре бастауға мүмкіндік береді және экология тұрғысынан неғұрлым осал, экономикалық өтпелі кезеңде тұрған мемлекеттердің айрықша мәртебесі туралы мәселені қоюдың маңызы өте зор», - деп дәйектеді Н. Назарбаев. Осыдан кейін алда нендей шаралар жасау ісі күтіп тұрғанын әңгімеледі.

Біріккен Ұлттар Ұйымы  тарапынан қоршаған ортаны сауықтыру  жолында қолға алынып жатқан бірсыпыра іс-қимылдар бар. Соның бірі - осының алдында айтылған Рио-де-Жанейрода (Бразилия, 1992) өткен «Жер саммиті» Халықаралық конференциясы болып табылады. Дүниежүзінің 180-ге жуық елдерінің мемлекет және үкімет басшылары қатысқан бұл конференцияда негізгі үш мәселеге баса көңіл бөлінді. Біріншісі - тұрақты даму жөніндегі жоспарды түпкілікті айқындау; екіншісі - мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғауға байланысты құқығы мен міндеттерін белгілеу; үшіншісі - орман туралы ережені дайындау. Қазір аталмыш мәселелер салалары бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Оның мысалдарын мынадан көруге болады.

1995-жылы - «Орман туралы»  ереже, 1996-жылы «Бос аймақтар жөніндегі  конвенция» тағы да басқа құжаттар  қабылданды. Онда әр мемлекет  өздерінің табиғи ресурстарын  қажетінше пайдалануға құқылы, бірақ ол басқа елдерге зардабын тигізбейтіндей болуы шарт екендігі анық көрсетілген.

Осы міндеттер, бәрінен  бұрын, жергілікті жерлердегі мамандардың, басқа да ресми тұлғалардың аталмыш  мәселелерге қалай қарап, оларды қалай шешуіне байланысты болса керек.

1996-жылы Біріккен Ұлттар  Ұйымының шешімімен жыл сайын  5 маусымда атап өтілетін Бүкіл  дүниежүзілік айналадағы ортаны  қорғаудың күніне байланысты  жетекші халықаралық ұйымның  Бас хатшысы - Бутрос Бутрос-Галидің  жолдаған хатына тірелуі тиіс деп білеміз. Онда біздің мәселемізге қатысты: «Биылғы күллі дүниежүзілік күннің тақырыбы - «Біздің жеріміз. Біздің өмір сүру ортамыз. Біздің үйіміз...». Ғарышкерлер, іс биосфераға қатысты болған кезде, мемлекеттік шекаралардың қаншалықты мәнсіз болып қалатынын көздерімен көрісті. Біз өзімізді бөліп тұрған осы шеңбер түгелдей өмір сүріп отырған планетаны бізден тұмшалап тастауына жібермейміз. Бүкіл Жерді, біздің ортақ шаңырағымыз ретінде, тағдыры мен болашағын бөліп-жарып қарай алмайтын біртұтас мекеніміз ретінде қабылдау тірі қалуымыз жолындағы алғашқы қадамға айналуы мүмкін... Біз ойдағыдай тіршілік ету емес, сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың игілігі үшін де жағдай жасау хақындағы түсінігімізді ортаға салайық. Экологиялық дағдарыс ойланып-толғануға уақыт қалдырмай отыр: қазірдің өзінде-ақ іс-әрекет жасау керек», - деген.

Қоршаған табиғи орта менеджменті жүйесіне қойылатын  талаптар ҚР РИСО 14001-2000 стандартында көрсетілген, ол Қазақстан аумағында тікелей  қолданылатын халықаралық стандарт болып саналады.

Қоршаған ортаны басқаруға таратылған халықаралық стандарттар, қоршаған ортаны басқару жүйесін тиімді іс-шаралар ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етуге арналған. Олар экологиялық және экономикалық мақсаттарға жету үшін әкімшілік басқару жүйесінің басқа іс-шараларымен тығыз байланыста болуы шарт. ҚРС ИСО 14001 бойынша қоршаған ортаны басқару жүйесінің, құру және тұрақты түрде жетілдіру моделі.

Бұл стандарт, осындай  қоршаған ортаны басқару жүйесіне нақтылы  талаптар қоя алады. Оны географиялық, өнер және әлеуметтік жағдайларына байланысты барлық түрдегі және көлемдегі ұйымдарға (мекемелер) қолдануға болады. Шикізат ретінде пайдалануға бағытталған. Қазақстанда қалдықтардың түрлері мен категориялары үшін халықаралық стандарттарды тікелей қолдану жүйесін дамытудың маңызы зор, себебі ол сапа жүйесі мен өндірісті сертификаттаумен тікелей байланысты.

Қазақстан жерінің 70 % - шөл  мен шөлейт, 3 % ғана - орман. Республика аумағында 25 млрд. тонна қатты қалдықтар  жатыр, оның 300 млн. тоннасы радиактивті  қалдықтар. Біздің елімізде 6 ірі уран шығатын геологиялық аймақ бар.

Шығыс-Қазақстан облысында  ашық су қоймаларына тәулігіне 800 мың  куб. метрге ағын сулар құйылды, ал олардың 50 % ғана тазалаудан өткізілген болатын [24].

Тәуелсіз еліміздің  жалпы тарихында алғаш рет  қоршаған ортаны ластауды жою жөнінде жұмыс басталды деуге толық негіз бар. Оған мысал конденсаторлардың бірінші партиясы «Дариьял-У» полигонына әуе көлігі арқылы Германияға қайта өңдеуге жіберілгенін айтсақ болады.

Қазақстанның 2030-жылға  дейінгі даму стратегиясында айтылғандай, еліміз неғұрлым жоғары дәрежедегі ауасы кәусар, суы тұнық ең таза жасыл ел болуы қажет. Осыған байланысты «2007-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау жұйесінің орнықты дамуының негізгі бағыттары» айқындалған еді. Онда төрт негізгі кезең бойынша нұсқаулық көрсеткіштер алғаш рет енгізіліп отыр.

Экологиялық заңдылық пен  саясат жөніндегі Йель орталығының  мәліметі бойынша Қазақстан әлемдік  экологиялық тұрақтылық индексінде 70-орынға тұрақтаған. Соған сәйкес еліміздің балдық көрсеткіші 63,8 ұпай болса, бәсекеге қабілетті Финляндия, Швеция және Жана Зеландия мемлекеттері 87-88 ұпайлық көрсеткішке ие.

1998-жылы «Орталық Азия  одағы» ұйымының атауы «Орталық  Азия экономикалық қауымдастығы»  деп өзгертілді де, оған Тәжікстан Республикасы қосылды. Мүше-елдер экономикалық интеграцияға баса назар аударып, ынтымақтастықты тек экономика саласында ғана жүзеге асыруды қалағандығы өрши жаңа атауында көрініс тапқан. Бірақ 2001-жылы ұйым таратылып, 2002-жылдың 28 ақпанында Алматы қаласында оның орнына «Орталық Азия ынтымақтастығы (ОАЫ)» ұйымын құру туралы келісім-шартқа қол қойылды.  Бұл ұйымға бастапқыда Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы мүше болған, кейіннен, 2004-жылдан бастап Ресей Федерациясы да кірді. Бұрынғысына қарағанда, бұл ұйымның мақсат-міндеттерінің шеңбері едәуір ауқымды.

Бүгінгі таңда Қазақстан  Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев  «Орталық Азия мемлекеттерінің Одағы» атты ұйымды құру бастамасын көтеріп  отыр. Қырғызстанның жаңа басшылығы бұл идеяны қолдайтындығын жариялады. Бірақ бұл мәселенің нәтижесі қандай боларын болжау әлі қиынға соғып отыр.

Халыққа экологиялық  мәселелер, оларды шешу жолдары мен  министрліктің қызметі туралы хабарлап отыру мақсатында арнайы веб-сайт ашылды. 2005-жылдан бері жылма-жыл «Экологиялық таза қала» байқауы өткізіліп келеді. Оның мақсаты жергілікті билік органдары мен тұрғындарды қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге, салауатты өмір салтын насихаттауға, тұрғын кварталдар мен оларға жақын жатқан аумақтарды тәртіп пен тазалықта ұстауға ынталандыру болып табылады.

«Жаңа экологиялық  саясаттың» қазіргі моделіне өтудің мазмұны және ерекшеліктері» атты екінші бөлімшеде еліміздегі экологиялық саясат аясындағы мәселелердің негізгі бағыттары қарастырылған.

Елбасымыз Н. Назарбаевтың: «Бұл арада біз бірқатар мәселелерді, атап айтқанда, экологиялық жағынан  зардап шеккен аудандардың экономикалық даму мәселелерін шешуде халықаралық  ынтымақтастық пен іс-қимылды  үйлестіруді, қоршаған ортаны қорғауды жақсарту жөніндегі заңнамалық нормаларды енгізуді, экологиялық қауіпсіздіктің басқа да элементтерін шешуіміз керек» - деген сөзі қазіргі кезде осы мәселенің мемлекеттік деңгейде қаралып жатқанының дәлелі.

Экологиялық талаптарды реттейтін арнаулы нормалар біршама. Олардың қатарына: Қазақстан Республикасының 1997-жылғы 18-наурыздағы «Экологиялық сараптама туралы»; Қазақстан Республикасының 1997-жылғы 15-шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы»; Қазақстан Республикасының 1997-жылғы 15-шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы»; Қазақстан Республикасының 1993-жылғы 21-қарашадағы «Жануарлар дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану туралы»; Қазақстан Республикасының 1999-жылғы 11-ақпанындағы «Өсімдіктер карантині туралы» заңдары, сондай-ақ жер қатынастары, атмосфералық ауаны қорғау туралы т.б. заңдар жатады [25].

2003-жылы 3-желтоқсанда  Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығымен мақұлданған «Қазақстан  Республикасының 2004-2015 жылдарға  арналған экологиялық қауіпсіздігі  тұжырымдамасы» бекітілді. Онда жаһандық және ұлттық экологиялық мәселелер шеңбері белгіленген. Жаһандық мәселелерге: климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биологиялық әралуандылықты сақтау, ал ұлттық эқологиялық мәселелерге экологиялық апат аймақтары, Каспий ресурстарын игеру барысында туындаған мәселелер, су ресурстарының сарқылуы мен ластануы, байырғы ластанулар, трансшекаралық сипаттағы мәселелер, әскери-ғарыш және сынақ кешендері полигондарының табиғатқа тигізген әсері, ауаның ластануы, қоршаған ортаның радиоактивті, бактериологиялық және химиялық заттармен ластануы, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың зиянды әсері, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың әсері жатқызылған.

Информация о работе Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экологиялық даму тарихы (1991-2009 жж.)