Қарағанды облысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 13:45, реферат

Краткое описание

Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі түсінігі антика заманында қолданыла бастаған. Антика заманы тарихи ғасыр ретінде белгілі. Бұл мәдениет әлемі және қайталанбас тағдырымен және жекелігімен тарихи ортада өмір сүрген адамдар әлемі. Адамдар осыған дейін түрлі антикалық заманда өмір сүріп келген және шығуы, әлеуметтік жағдайы, білімі, ерекшеліктері жөнінен теңдей болған емес. Антиканың «алтын шынжыр» мұрасы ғасырлар мен халықты бір жерде тоғыстырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР.docx

— 237.18 Кб (Скачать документ)

 

 

Мұнда салыстырмалы кедейлік, дамыған елдерде орта кластың  ядросын құрайтын және осы елдердегі  жоғарғы дәрежелі экономикалық және саяси теңдікті қалыптастыруға мүмкіндік  беретін тұрақты әлеуметтік құрылымды  білдіретін кәсіби жұмыскерлер арасында орын алып отыр. Статистика бойынша  ҚР Агенттігінің мәліметтері бойынша, күн көру минимумынан төмен табыс алатын халық саны 28,4 % - ды құрап отыр (2001 жылы), яғни Қазақстан халқының 1/4 бөлігінен астамын. Қалыптасқан осындай жағдайлар, әлеуметті қорғалмаған топтардың демалу, денсаулығын қалпына келтіру құқықтары мен рухани дамуға деген мүдделерін қорғауда мемлекет рөлінің артуы қажеттілігін нақтылай түседі.

Қазақстан Республикасының  статистика бойынша Агенттігінің мәліметтері  бойынша 2001 жылы туристік индустрия  өз қызметінің 24,6%-ын сыртқа шығу туризміне  көрсеткен болса, сырттан кіру туризмінің үлесі тек 1,6%-ды құраған. Егер оның алдындағы  жылы аталмыш көрсеткіш сәйкесінше 45,9% және 16,2% болғандығын ескерсек, сыртқа шығу туризмі 21,3 %-ға және сырттан кіру туризмі 14,6%-ға төмендегенін байқаймыз. 2002 жылы туристердің саны өткен жылмен салыстырғанда 9,9%-ға артқан. Туристік қызметтердің көлемі 2 млрд. 430 млн. 771 мың  теңгені құрды. Ішкі туризм бойынша 2001 жылы 114053 адамға қызмет көрсетіліп, ол көрсеткіш алдынғы жылмен салыстырғанда 35,9%-ға өскені белгілі. Бұдан отандастарымызда ел табиғатына, халық мұрасына деген  қызығушылықтарының және демалу, жергілікті курорттар, т.б. жерлерде денсаулығын  түзету мүдделерінің артуын көре аламыз.

Туристік қызмет индустрия  кәсіпорындарының шаруашылық қызметтеріндегі  оңды өзгерістерге қарамастан, сырттан  кіру туризмінің күрт төмендеуі, шетелдіктерді  қызықтыра алатындай табиғаты мен  тарихи-мәдени орталықтарына бай  Қазақстанда заманға сай туристік қызмет инфрақұрылымын құру және істі жоғары дәрежеде ұйымдастыруды қолға  алу қажеттілігін көрсетеді.

Рынокты экономикада шағын  және орта кәсіпкерліктің басты орын алуы қажет деген тұжырым, туристік қызметтер аясында жәие жалпы  қызметтер аясында негізгі жайғасымды алуы шарт. Әлем тәжірибесі, инвестиция жасауға, технологияны жетілдіруге  және қызмет ету сапасын жақсартуға деген мотивациялық механизмдерді  қалыптастыруға септігін тигізетін  бәсеке ортасы ретінде байқалатын, шағын бизнестің маңыздылығына  көз жеткізіп отыр. Бүгінде Қазақстандық туристік рыноктағы ұйымдардың 98%-ынан астамын шағын кәсіпорындар құрап  отырса, жұмыскерлер саны 250 адамға жететін орта кәсіпорынның үлесі 1,5%-ды және ірі кәсіпорындар 0,5%-ды көрсетеді. Туристік рынокта шетелдің қатысуымен қызмет көрсететін ұйымдардың саны 28-ге жетіп отыр.

Дегенмен де, сервис инфрақұрылымының барлық түрлерін біріктіретін туристік    қызмет    индустриясы    Қазақстан    экономикасының    салалық құрылымында өз орнын таба алмай келеді. Күрделі әлеуметтік-экономикалык мәселелерді шешуде жол көрсете алатын жеке мәртебесінің болмауы оның қазіргі даму үрдісіне накты сипаттама беруді қиындатып отыр. Туристік қызмет индустриясына енетін құрылымдық салалар қызметтерінің көрсеткіштерін бейнелейміз (кесте2). Кестеден көріп отырғанымыздай, туристік қызмет индустриясының кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметтерінде біршама оңды өзгерістер байқалған. Оның негізгі буыны болып табылатын қонақ үй шаруашылығының табысы 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы 24,5%-ға артып, 8912,9 млн. теңгені құрған. Ал туристік фирмалар мен агенттіктерінің қызметтерінен түскен табыс 2007 жылы 1504,9 млн. теңге және 1044 мың АҚШ доллары деңгейін көрсетіп, сәйкесінше алғашқы жылдың осындай кезеңімен   салыстырғанда   1,1   және   3,8   есе   артқан.   2008   жылы   бұл көрсеткіштің сомасы 1690,3 млн. теңгеге жетті.

Өзіндік өңірлік ерекшелігі бар (демографиялық, әлеуметтік, экономикалық) «адами капиталдың» сапалық сипаттамасының басым бола бастауы жағдайындағы сервисті экономиканың қалыптасуы, жұмыссыздық  пен халық табысының төмендеуі  мәселесін орындарда шеше алатын, шағын және орта кәсіпорындардың  халықтың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруда қатысуын білдіреді.

Қызметтер аясы, соның ішінде туристік қызметтер саласы, көзіміз  жетіп отырғандай, кеңестік және қазақстандық реформалау үлгілерінің барлық 

 

Кесте 2 - Туристік қызмет индустриясы  салаларының негізгі көрсеткіштері

Туристік қызмет индустриясының Салалары

Жылдар

 

 

2006

2007

Қонақ үй шаруашылығы, бірлікпен

Қонақ       үйлердің      туристерге       қызмет

көрсетулерінен түскен табысы (млн. тенге)

159

7158,7

165 8912,9

Арнайы   орналастыру   орындарының   саны (демалу үйлері және т.б.), бірлікпен қызметтерін пайдаланған адамдар

106 137068

102 126520

Турфирмалар   мен  турагенттіктердің   саны,

бірлікпен

қызмет көрсетілген туристердің  саны, адам

сатылған жолдама қағаздарының қүны

(мың теңге / мың АҚШ  доллары)

ҚР-ның  турфирмалары  мен  агенттіктерінің

қызметтерінен түскен табыс (мың теңге / мың

АҚШ доллары)

690 146915 1945684,3

/ 623,4

1340304,6

/ 277,0

770 154502 1460843,7 /1169,4

1504864,9

/1044,0

Қоғамдық тамақтандыру орындары, бірлікпен Қоғамдық      тамақтандыру      орындарының айналымы, млрд.тенге

6681

11,5

7731 13,8

Көлік құралдарын пайдаланған  туристердің

жалпы саны (адам), соның ішінде:

Ұшақ көлігін

Теміржол көлігін

Қалааралық автобустарды

Басқа жер көліктерін

Су көлігін

88390

52590

8093

21488

6185

34

36901

26120

1565

8978

238

Е с к е р т у -"Туризм в Республике Қазахстан в 2007 году" статистикалық жинақ мәліметтерінен жүйелендірілді, Алматы, 2008.


 

 

ықпалын сезінген рыноктық алаң болып табылады. Мұнда бастыға  қол жеткізілді - туристік қызметтер  аясында белгілі негіз - жеке, мемлекеттік  және аралас меншік формаларын білдіретін элементтері бар рынок құрылымы қалыптасты. Қазіргі зерттеулер, туристік қызметтер және жалпы қызметтер  аяларындағы мемлекеттік емес сектордың  рыноктық ортаны қалыптастыру белгілеріне  ие екендігін көрсетеді. Мемлекеттік  емес меншік формаларының кәсіпорындары  айналым қаржыларының жылдамдығы, пайдалылық, өтімділік көрсеткіші, еңбекақыны төлеу, еңбек етуге деген тұрақты  мотивацияны құру бойынша өзінің артықшылықтарын алға тартады. Бұл  артықшылықтар түрлі ассортиментті  рекреациялық қызметтерді көрсету  аясында өз бейнесін алады. Сонда  да, қызметтердің рыноктық сипаттамасы  айқын форманы алмайтын жағдайлар  да кездеседі және оларға өзінің әлеуметтік-экономикалық өмір сүру қабілетін дәлелдеуге тура келеді.

Қазақстанда реформа жүргізу  кезеңінде жеке капиталға негізделген  жаңа қызметтер рыногының калыптасуының (жарнама, франчайзингтік, компьютерлік, жеке күзет, білім беру, туристік және т.б. қызметтер) нәтижесінде 2001 жылы Қазақстанда  қызметтер аясының ЖІӨ-дегі үлесі 49,3%-ды және жұмыспен қамтылғандардың  жалпы санының 48,2%-ын құрады, дегенмен де бұл көрсеткіш рынокты экономикасы  дамыған елдерге қарағанда шамамен 1,5 есе төмен екендігін көрсетті (кесте 3). Қазақстан Республикасының  статистика бойынша Агенттігінің мәліметтерінен ЖІӨ құрамындағы қызметтер аясының  үлесі 2000 жылдан 2005 жылға дейін тұрақты  өсіп отырғандығын және жоғарғы көрсеткішке (57,5 %) 2007 жылы жеткендігін байқаймыз. Бірақ, одан кейінгі жылдары аталмыш  көрсеткіш төмендей келе, 2007 жылы ғана алдыңғы жылмен салыстырғанда шамамен 1%-ға өскен. Ал ЖЮ-дегі туристік саланың  үлес салмағы 2001 жылы -0,03%, 2002 жылы - 0,06%, 2003ж - 0,14%, 2004ж - 0,02%, 2005жылы -0,06%, 2006 жылы - 0,08%о-ды құраған. Дегенмен, қызмет салаларының  ЖІӨ-дегі үлесінің артуы қызмет түрлерінің тез қарқынмен дамуымен қатар, тауарлар бағасының өсуіне қарағанда баға деңгейінің өсуімен түсіндіріледі.

Қазақстандағы қызмет аясының  қарқынды дамуы оның жұмыспен қамтылу  құрылымына қарай оңды қозғалысына  түрткі болды. Бірақ сала ішіндегі жұмыспен жұмылдырылған халық санында, қарастырылып отырған жылдар   ішінде,   тұрақты   беталыс байқалмайды.. Осылайша, 2000-2005 жылдары қызмет аясы салаларындағы жұмыспен қамтылу 6,3 мың адамға өсіп, біршама жандану байқалған болса, 2006-2007 жылдары алғашқылармен салыстырғанда бұл көрсеткіш шамамен 8,2-8,5%-ға ауытқыған. Мұнда ресми статистика мәліметтері экономикамыздағы қызмет аясының алатын орнының және жұмыспен қамтылу деңгейінің шынайы жағдайын бейнелей қоймайды деген ой-түйін жасауымыз орынды болар. Бұған жеке кәсіпкер тізіміне тіркелмеген, жұмыссыздар қатарында есептелінетін адамдар тобы дәлел. Қазақстанда көп капитал салымын, қызметтер түрлілігін қажет етпейтін жекелей туризмнің әлуетінің болашағы бар. Туристік және спортты жабдықтарды уақытша пайдалануға беру қызмет орындары желісі, қызықты маршруттар туризмнің осы түрін сүюші миллиондаған адамдарды баулуда.

Терең тарихи тамырлары бар, туризмнің көне түрі - діни туризмдегі қажылар үшін, туристік сала қызметкерлері  діни-танымдық немесе тарихи-мәдени сипаттан ерекше, рәсім жасаудың мәнін сезітетін  арнайы турларды ұсынады. Негізінен  Қазақстандық туроператорлармен 904 туристік маршруттар белгіленді, соның ішінде мәдени-танымдылық - 111, экологиялық -58, спортты және демалыс күнгі саяхат - 344, Жібек Жолы бойынша - 67, аң және балык аулаумен байланысты - 65, сауықтыру - 153, атпен саяхат - 27, хикаялы - 59, қажылық турлар - 20.

Кесте 3 - Қазақстандағы қызмет аясының макроэкономикалық көрсеткіштері

(%-бен)

Көрсеткіштер

2000

2002

2005

2007

ЖІӨ-дегі        қызметтердің үлесі, оның ішінде

56,72

52,44

48,31

49,26

сауда

15,15

13,58

12,44

12,09

қонақ           үй           мен мейманхана

0,65

0,58

0,57

0,58

көлік

12,26

10,54

10,01

9,68

байланыс

1,55

1,52

1,47

1,47

қаражат қызметі

1,72

2,71

зд

3,43

жылжымайтын   мүлікпен операциялар

13,08

11,97

10,77

11,97

мемлекеттік басқару

2,94

2,61

2,34

2,02

білім беру

2,50

2,28

3,7

3,64

денсаулық сақтау

2,74

2,43

2,02

2,10

басқа          коммуналдық, әлеуметтік    және    жеке қызметтер

2,13

2,22

1,89

2,02

Қызмет              аясындағы жұмыспен қамтылғандар

59,2

59,7

51,2

48,2

Ескерту- «Қазакстан 1 % Агенттігінің ақпараттық-сараптамалык жинақ

1997-2007 жылдар»;

дар» ҚР-нь қ негізінде

ң статисти жасаланғс

ка бойынша ш. Алматы,


 

 

Ортаның көріктілігі, табиғи ландшафтың экзотикалығы, ауа-райының  жағымдылығы, аң мен балық аулау  мүмкіндігінің болуы және т.б. секілді  аумақтың табиғи құндылығы спортты  туризм үшін негіз құраса, онда Қазақстанда  туризмнің бұл түрінің дамуына  барлық алғышарттар жасалынған демекпіз.

Туристік қызметтің орталығы болып табылатын аумақтың әлеуметтік-инфрақұрылымдық  және экономикалық өлшемдері іскерлік туризм үшін маңызды. Дамыған рыноктық процестер, интенсивті өңіраралық байланыс, дамыған инфрақұрылым, қазіргі заманға  сай банктік қызмет және тағы басқалармен  сипатталатын аумақтың белсенді тіршілігі, туризмнің осы түрінің дамуының алғышарты болып, іскер адамдардың рыноктық коммуникацияға ұмтылысын  қанағаттандыратын қызметтер аясының  әлуеті ретінде бағаланады.

Рынок жағдайында Қазақстанның ішкі туризмі тұрақсыз дамуда. Санаторлы-курорттық  және туристік-экскурсиялық қызметтерге  деген сұраныс болғанымен, бұл  саладағы қызмет мекемелерінің орын санымен қамтамасыз етілуі соңғы  бірнеше жыл ішінде күрт қысқарған. Қазіргі туристік кызмет индустриясындағы санаторлық-курорттық мекемелер, пансионаттар, демалыс үйлері мен базалары күрделі  жөндеуді қажет етіп отыр, сондықтан  бұл мекемелердің желісін кеңейту, жұмысын жақсарту, балалар мен  ата-аналардың біріге демалуларына жағдай туғызуға бағытталған кең  шаралар бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асыру маңыздылығы артып  отыр.

Әлемнің бірқатар елдеріндегі  туристік қызметтер нарығындағы  баға бәсекесінің артуы турөнімді  ұсынушы туроператорлардың табыстылығының төмендеуіне әкелді. Еуропалық туристік қызметтер рыногындағы бағаның  түсуі мүмкін минималды деңгейге жетті. Осындай жағдайларда ұлттық және халықаралық масштабта шоғырландыру процесі дамып, баға бәсекесінен  өнімнің сапасы төңірегіндегі бәсекеге өту, баға мен сапа сәйкестігіне қол  жеткізу орын алады. Алайда, еліміздің  ішкі туризм нарығында қалыптасқан  баға деңгейі шет елдерінің ұсынысымен бірдей, ал сапасы жағынан төмен  болғандықтан, тұтынушылар отандық  ұсынысты емес, шетел ұсынысын таңдайды.

Шетелдің көптеген туристік қызмет кәсіпорындары мен мемлекеттік  органдары туристік рыноктағы жайғасымды бекіту мақсатымен, туристерге экзотикалық  бағдарламалар және ұсыныстар жасай  баулуға тырысады. Бремен қаласы 1997 жылы алғашқы болып ғарыш туризмі  жөнінде конференция өткізсе, Сары-Арқа жеріндегі Байқоңыр ғарышжайының ондағы сөз етілген туристердің ғарышқа  саяхат жасауы туралы арманын шындыққа ұластыруымен әлемге әйгілі болуы, Қазақстанның халықаралық туристік рыногындағы  беделін арттырды.

Туристік объекті болатын  аумақтың экологиялық параметрлері, туристік өнімнің     маңызды     құрамасы     бола,     кейінгі     уақытта     туризмні «экологияландырылуы» үрдісінің пайда болуының бірде бір себебіне айналды. Демалу мен бос уақытты өткізу үшін жағдай туғызатын қоршаған орта мен туристік-рекреациондық сипаттамалар туризмнің көптеген түрлері үшін, сәйкесінше туристік қызметті ұйымдастыру үшін негіз құрайды.

Туристік қызмет кәсіпорындары  мен олардың көмекші құрылымын  ауылды жерлерде орналастырып, экономиканың басқа салаларының қызмет айналымына жатқызуға болмайтын, табиғат элементерін (ландшафтың эстетикалық ерекшеліктері, таулы рельеф пен жазық дала көркін және т.с.с) пайдаланатын ауылды туризмді дамыту болашағы үлкен. Туристік қызмет нарығындағы игерілмеген демалыстың бұл түрін, жазғы уақытта мектеп жасындағы балалар мен жеткіншектер арасында ұйымдастыру тиімді, алайда ұрпақты тәрбиелеу, Жер-Анамен жақындатудағы  оның әсері таза экономика-лықтың шегінен  шығады.

Қазақстандағы туристік саланың  денсаулық пен жұмыс істеу  қабілеттілігін, күшін қалпына келтіруге  және т.б. деген адамның қажеттілігін толығырақ қанағаттандырмауы, қызмет ету сервисі деңгейінің төмен  болуымен сипатталуы, оның материалды-техникалық және экономикалық даму жағдайының шектелуімен  түсіндіріледі. Осы тұрғыдан, туристік саланың дамуы экономикалық кешенді  жандандыру және аумақтық әлуетті тиімді пайдалану мен байыту тәсілі ретінде  қарастырылуы мүмкін. Қонақ үй шаруашылығы  туристiк индустрияның негiзгi құрамды  бөлiгi болып табылады. Қонақ үйлер  туризм саласына табыстардың ең көп  бөлiгiн қамтамасыз ететiн бағыттардың  бiрi болып табылады. Әлемнiң барлық мемлекеттерi қонақ үй саласын дамытуға үлкен көңiл бөледi. Қонақ үй индустриясы  құрамына қонақ үйлер, мотельдер, жол  бойындағы және су жағалауындағы  қонақ үйлер, сонымен бiрге туристердi жайғастырудың арнайы жабдықталған құралдары кiредi. Туристердi жайғастырудың  арнайы жабдықталған құралдарына  жататын жайдан басқа арнайы қызмет түрлерiн көрсетуге маманданатын құралдар кiредi.  Мысалы, сауықтыру орындары немесе когресс-орталықтар.  

Информация о работе Қарағанды облысы