Шакарім Кудайбердіулынын «Уш анык» философиялык енбегі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 18:42, реферат

Краткое описание

Шәкәрім әкеден жетім қалды деген аты болмаса жетімдік көрмеген, Құнанбайдың ерке немересі болып өскен. Туысынан талантты, табиғи дарынды, әр нәрсенің сырын білуге құштар, зерделі зерек, қабілетті, талапты жанға тән ерекше мінезін Абай Шәкәрімнің бойынан бала кезінде байқаған. Жас шағынан бастап, құштар болған жан-жақты өнерін Шәкәрім өмір бойы шыңдап, өркендетіп, өсіріп отырған. Балалық шағында туған аулында түрікше сауат ашып, Абай жасаған ортаға таралған шығыс қисса-дастармен, көптеген ел аузындағы аңыз-әңгімелермен де хабардар болып өсті.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3
1.«Уш анык»-Жан заманындагы касыби фиясынын алгашкы туындысы..............................................................................................................4
2.«Уш аныктагы басты маселе....................................................................6
3.Адам-философиянын негызгы озеги..........................................................8
Кортынды.....................................................................................................10
Колданган адебиеттер...................................................................................12

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат филасофия.doc

— 72.00 Кб (Скачать документ)

Шыгыс Казакстан Мемлекетік Техникалык Университеті философия    жане

                 адам даму  проблемалары кафедрасы

 

 

 

 

 

Такырыбы: Шакарім Кудайбердіулынын «Уш анык» философиялык енбегі

 

 

 

 

 

 

 

                             Орындаган: 07-ИСК-1 студенті                

                                Тексерген:

 

 

                               

                                

                                

 

                                Оскемен, 2008 жыл                                                       

 

 

Жоспар

Кіріспе...............................................................................................................3

1.«Уш анык»-Жан заманындагы касыби фиясынын алгашкы   туындысы..............................................................................................................4

2.«Уш аныктагы басты маселе....................................................................6

3.Адам-философиянын негызгы   озеги..........................................................8

Кортынды.....................................................................................................10

Колданган адебиеттер...................................................................................12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

      XX ғасырдағы қазақ ойшылдары түрлі философиялық ізденістер жасады. Қазақ халқының қарапайым ой-пікірлерінен алғаш философиялық деңгейге жеткен Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдйбердиев болды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль  философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан:

«Жасымнан жетік білдім түрік тілін,

  Сол тілге аударылған барлық білім.

  Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,

  Жарқырап қараңғыда туып күнім.

  Оятқан мені ерте - Шығыс жыры,

  Айнадай айқын болды әлем сыры.

  Талпынып орыс тілін үйренумен,

  Надандықтың тазарып кетті кірі»1.

Шәкәрім әкеден жетім  қалды деген аты болмаса жетімдік көрмеген, Құнанбайдың ерке немересі болып өскен. Туысынан талантты, табиғи дарынды, әр нәрсенің сырын білуге құштар, зерделі зерек, қабілетті, талапты жанға тән ерекше мінезін Абай Шәкәрімнің бойынан бала кезінде байқаған. Жас шағынан бастап, құштар болған жан-жақты өнерін Шәкәрім өмір бойы шыңдап, өркендетіп, өсіріп отырған. Балалық шағында туған аулында түрікше сауат ашып, Абай жасаған ортаға таралған шығыс қисса-дастармен, көптеген ел аузындағы аңыз-әңгімелермен де хабардар болып өсті.

Жасы он бестен асқанда, ақылы кемелденіп, ой өрісі терңдеп  өсе бастаған Шәкәрім ғылым жолына ойысып, ақындық өнерін де жарыққа  шығара бастайды.

 

1.«Үш анық»-Жаңа замандағы қазақ кәсіби философиясының алғашқы туындысы

Абай сияқты Шәкәрім  де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты шарты – туған елдің бүкіл тарихи, мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ – түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн, Табиғат – ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.

Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея – жанның мәңгілігі. Әл – Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи, Абай мен Мағжан, жалпы Шығыс ғұламалары бойынша, адамның дүниедегі тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігімен айқындалады. «Мен жанды былай түсінемін: - дейді ол, - біз дененің түп негзін тексергендей жанның да түбін тексерсек, жан да дене сияқты басынан бар болап табылады.» Сөйтіп, адамның адамгершілік, ар-ожданның негізі жан өлмейтін, өшпейтін, мәңгі құбылыс болып шығады. Әйтпесе, өмір мазмұны жануарлық күн көруден алыс кетпек емес. Әлем мен адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің кепілі – Нұр. Оған адамның жәй ақылы жетпейді, оны аңғару, түсіну, жан дүниеңмен қабылдау қажет. Өтпелі өмірден мәңгілікке (фәниден бақиға) көшу, басқа сөзбен айтқанда, бұл дүниеден кету дегеніміз адам жанының Нұрға қосылуы. «Жан, - дейді Шәкәрім, - менің айтқанымдай баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді. Құр ғана өзгеретін болса, бурыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай болса, бір түрге түсіп барлықтың ішінде бар болып жүреді»2. Осы негізгі шығармасын Шәкәрім ұзақ дайындықтан соң жазған және ол Жаңа заманғы қазақ кәсіби философиясының алғашқы туындысы болып табылады. Бұл шығармада айтылған ойлардың сыры мен астырлы қатпарлары мол. Батыстағы материализм және идеализм тәрізді екі анықпен Шәкәрім шектелмей, өз жолын – үшінші анықты ұсынды:

  «Еңбекпенен, өрнекпенен

    Өнер ойға тоқылса,

    Жайнар көңіл, қанар  өмір 

    Ар ілімі оқылса»3.

Яғни, басты мәселе –  ар ілімі, моралдың төңірегінде. Кәдімгі  этиканы Шәкәрімнің «ар ілімі» деп атауында да үлкен мән бар. Себебі оның негізгі категориясы, мәдениеттіліктің тірегі – ождан. Бұл категорияны түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейік: «Әрине, жаның өлген соң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып біржола жоғалмады – ау деп өлсе керек. Және ождан, совесть жанның тілігі екеніне нанған кісі қиянат қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай болса, нанбай, ождан, совесть құр ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық, қиянаттың көп айырмасы жоқ болса керек.

Ізін білдірмеудің айласын тапса  болғаны, себебі өлген соңғы жан  өміріне нана алмай ождан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің  жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ождан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілерді қорлыққа түсіріп, жүрген шатақ дін, жалқаулық, әйтпесе, жаратушыда білім бар, өлген соң да бір түрлі жан тіршілігі бар. Жан екі өмірде де азығы – ождан, совесть деумен еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті, бұл жоғарылаудың ең зор жарамды үш анық дегенім осы»4.

Шәкәрәмнің ожданы біз жоғарыда айтқан, ежелгі гректегі «каллокагатия», И. Канттың «кесімді императив» ұғымдарымен астас. Ождан дегеніміз ынсап, әділет, мейірім. Шәкәрім өз халқының жанқияр ұлы ретінде туған мәдениетіне өлшеусіз қызмет етті.

 

 

2.«Үш анықтағы» басты мәселе

Шәкәрім Абайдың «Қырық бес қара сөзіндегі» ой толғау дәстүрін дамыта отырыа, 1898 жылдан бастап отыз жылдай табанды ізденіс жасап, «Үш анық»  фиософиялық еңбегін жазып шықты. Шәкәрімнің «Үш анық» атты шығармасы негізгі философиялық шығармалардың бірі болып табылады. Мұнда философия тарихына байланысты көп мағлұматтар аламыз. Оның бұл шығармасындағы сөз болатын басты мәселе ар ілімінің негізі болып табылатын нәрсе. «Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім – үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады. Мұны орысша совесть деп атайды... бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды...ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды»5 - деп жазған философиялық толғау бүгінгі күн талабымен де үндесіп жатыр.

Шәкәрім «Үш анық» деп аталатын трактатын жазуға отыз жылдай уақыт сарп етіпті. Бұл ақынның ғылымға деген үлкен жауапкершілігі мен тазалығы болса керек. Ол мұнда Батыс пен Шығыс мәдениетінің рухани қазына көздеріне бас қойып, жаратылыстану ғылымдары салты бойынша да көптеген Еуропа ғалымдарының еңбектерімен таныс болғандығына көз жеткіземіз. Ол көп нәрсенің сырын ұғып, өз дүниетаным қорытындысында Шәкәрім, біріншіден, затшылдық ғылым жолындағы таным мен, екіншіден, дін жолындағы теолагтардың дүниетанымы бірінші, екінші анық деп көрсетеді:

Іздедім, таптым анығын

Тастадым ескі танығын, -

деп өзі ғұмыр бойы шарқ ұрып ізденіп тапқан жолы үшінші анықты ұсынды. Ол – үшінші анығы Абайда кеңінен сөз болған мораль философиясындағы жан құмарына барып ұштасатын ұждан туралы күрделі проблеманы көтереді. Мұнысы Шәкәрімнің ұзақ жылдарға созылған ғылыми – шығармашылық ізденіс үстінде келіп туған ой қорытындысы ретінде берілетін негізгі ой тезисі:

Еңбекпенен, өрнепенен

Өнер ойға тоқылса,

Жайнар көңіл, қайнар өмір

Ар ілімі оқылса, -

деп тұжырымдалған танымында жатыр. Яғни Шәкәрімнің «Үш анықтағы» мақсаты ар түзейтін бір ғылымды табу болғандықтан, өмір осы жолда ізденген6.

Шәкәрімнің ұжданы И. Канттың «категориялық императив» ұғымдармен астарлас. Ұждан, - ынсап, әділет, мейірім дегеніміз.

Шәкәрім айтады: «Тіршілік туралы адам арасында көптеген айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгенен соң да бұл тіршілікке, тіпті, ұқсамайтын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тірішілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет өлгенен соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп даратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді»7.

Енді осы екі жолдың анық – қанығын тану зерделі адамдардың бәріне міндет. Біз ақиқатты танып білуіміз қажет дейді.

Шәкәрім дүниенің түп  негізгі деп төрт нәрсені –  от, су, топырақ, ауа деп айта отырып Грек философтарының бұл жөніндегі  пікірлермен таныс екенін білдіреді. Сондай – ақ дүние бөлінбейтін  түпнегіз атомдардан тұратындығын айта отырып, оның «арабша аты мадда, немесе әсер» деп атады. Оның қазақша

аты жоқ болған соң  оны біздер Европаша атом, мадда  деп атаймыз дейді. Атомдар туралы тұңғыш Грек философтары айтқанын да философиялық тұрғыдан тұжырымдап береді.

3.Адам-философияның негізгі өзегі

Шәкәрімнің философиясының негізгі өзегі адам болып табылады. Адамның мәні оның дүниені танып  білуде, ол тек адамға ғана оның табиғатына тән нәрсе дейді.

Ол «Үш анықта» дүниенің жаратылуы барлықтың бәрі өздігінен жаратылып жатыр, оны былай қылатын жаратқан ие жоқ деген жол бұрыннан айтылып жатса да бұл идея XVII – XIX ғасырларға дейін Еуропада кең таралып келді.

Осыған орай Шәкәрім  өз трактатында айтылып жүрген осы  бес нақты дәлелдерді келтіреді. Олар мына төмендегідей:

1 – дәлел: қайта айналыс жолы. Барлық нәрсенің түп себебі бұрынан бар қуатты дене (сила веществ) атом. Әр нәрсені өсіп-өндіретін сол дүниеде еш нәрсе жоғалмайды, бірақ өзгереді;

2 – дәлел: жаратылыс жолы. Мұқым барлықтың бәрін бар қылып тұрған жаратылыс жолы.Сондықтан білім жаратушы ие деген бекер сөз. Бұл дәлел Дарвиннің табиғи эволюциялық сұрыпталу теориясымен тікелей сәйкес келе тұрса да, бірақ оны Шәкәрім Литерие деген философтың атымен байланыстырады;

3 – дәлел: тұқымдастықтың жолы. Жоғарыда айтылғандай, бар нәрсе өздігінен жаралып жатқан соң, жаратушы деген жоқ. Құрғақтағы хайуандар, адамдар, өсімдіктер, құстар – бәрі теңізден туған;

4 – дәлел: дене сезімі. Бір нәрсені денедегі сезімімізбен білеміз. Мұқым барлықтың бәрі жаралыс жолымен еріксіз болып жатқанын көріп біліп тұрамыз.

Егер біліп жаратушы ие бар болса, бұл жаратылыс себептерінің түк керегі жоқ болар еді. Неге десең, бір жаратушы білімді құдірет  бар болғаннан соң бұл себептдің  керегі не? Сондықтан білім жаратушы жоқ дейді. Бұл Бюнхер сөзі;

5 – дәлел: әр түрлілік. Барлық дүниеге қарасаң тасы, ағашы басқа өсімдіктер, хайуандар, адамдар, су, от сияқты, тіпті, бәрінбірі ұқсамайды. Бұл нені көрсетеді? Бұл нәрсе қалай болса солай кезі келгендіктен себебіне қарай жаралып жатыр. Оны былай болсын деп жаратушы жоқ екені осыдан мәлім дейді. Бұл Ғайсадан үш жүз жыл бұрынғы Демокрит сөзі.8

Бұл дәлелдердің нақты  дәлдігіне қарамай Шәкәрім оны  қабылдап, философиялық материализм жағына шығаруға асықпайды. Оған қашанда жаратылыстану ғылымдары адам жанына табиғатына аз мән беретін сияқты болып көрінеді.

Оның пайымдауынша дене әрқашан өзгеріп тұратын болғандықтан, жылддар, уақыттар өту себепті, бір  жола өзге дене болып ауысады. Адамның  әр түрлі сезімі, әр істі істеуі сол  мидың өзіне ғана біткен сезу ескерулер. Ол денеше әрқашан өзгеріп тұрмайды. Адм өлген соң, дененің құралдары шашылып-бытырап басқа бір өсімдік, хайуандарға кіріп арласады. Сөйтіп әркім өзіне ғана біткен сезу ескерулер. Сөйтіп әркім өзіне арнаулы жаны болмай, біреуден біреуге көшіп жүретін болған соң, не жан қайта тірілу жоқ. Онда неге жан біржола жоғалу тиіс? Міне бұл сұрақтарға Шәкәрім өмір бойы жауап іздеумен болды.

                             Кортынды

Шәкәрім өмір бойы өзін - өзі жетілдірумен өткен адам. Ол әдебиет, тарих, философия, жаратылыстану  ғылымдары. Мен-мен де өте көп қызыға шұғылданды. Оккультизм, спиртуализм, магия мәселелерімен де қызықты. Ал, оның философиялық дүниетанымында ежелгі антикалық классиктер-Пифагор, Демокрит, Эмпикур, Платон және Аристотель негізгі орын алды. Ол сондай-ақ XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы француз философы Огюст Конт, ағылшынның позивист философы Герберт Спенсер, Нелийдің идеалист пессимист философы А. Шопенгауэрдің т.б. философиялық еңбектерін өте жақсы білді.

Шәкәрімнің асқан жоғары білімдарлығына, Батыс пен Шығыстың мәдениетін жетік білетіндігіне оның өзінен кейін қалдырған рухани мұралары тікелей куә. Шәкәрім қазақтың тұңғыш кәсіби философы ретінде, Қазақ философиясының да деңгейін өз еңбектері арқылы кәсіби философия деңгейіне көтере білді.

Информация о работе Шакарім Кудайбердіулынын «Уш анык» философиялык енбегі