Өнімді жүзеге асырғаннан кеткен шығынға факторлық талдау жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 22:34, реферат

Краткое описание

Кез келген меншік нысандағы кәсіпорын нарықтық қатынас жағдайында–залалсыз жұмыс істеуге тиіс өнімнің өзіндік құны, аса маңызды экономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Өнімнің өзіндік құны арқылы оның нарықтық бағасы құралады, пайда мен пайдалылық деңгейі анықталатын, тауардың құны белгіленеді.

Содержание

І Кіріспе

Өнімнің өзіндік құнына жалпы түсінік

ІІ Негізгі бөлімі

1.Өнімнің өзіндік құнына жатпайтын және кезеңдегі
шығыстарды мойындайтын шығыстар
2.Кәсіпорынның шығын түрлері
3.Шығындарды топтастыру
4.Өнімнің өзіндік құнын анықтау, оның түрлері мен
құрылымы

ІІІ Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Zhobany_baskaruga.doc

— 124.00 Кб (Скачать документ)

       Өндіріс шығындарын жіктеу

       Өндіріс шығындары–материалдық заттар (материалдар, отын, энергия, жабдықтың тозуы, т.б,) мен өнім өндіруге жұмсалған еңбек шығынддарының жиынтығы және ол кәсіпорында өнімді өндіру мен өткізудің қаншаға түсетінін көрсетеді. Ақшалай нысанда ол өнімнің өзіндік құны–кәсіпорынның ағымдағы шығыны болып саналады.

       Өндіріс шығындары–пайдалы қазбаларды сатудың ең төмен бағасын білдіреді, оны–заласыздық баға дейді. Ал тауарлық өнімнің жоғары бағасы сұраныспен анықталады. Сонымен, тау-кен кәсіпорны өзінің өніміне оны өнддіруге, өткізуге жұмсаған шығындарды, сондай-ақ жұмсалған күш-жігер мен тәуекелдік үшін, пайданың орынды нормасын толық жабатындай баға қоюға ұмтылады.

       Тау-кен кәсіпорында өндірілген пайдалы қазбалардың өзіндік құнын талдау үшін, шығындардың әр түрінің ерекшеліктерін біліп, сол шығындардың өнім өндіру көлемімен өзара байланысын айқындау керек.

       Өндіріс шығындарын әбден талдап, зерделеу үшін оларды жіктеп, сипатты белгілермен әр түрлі топтарға бөлген жөн. Әдетте өндіріс шығындары экономикалық мазмұнына, өндіріс процесіндегі міндетіне, өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсіліне, шығындардың құрамына, өндіріс процесіндегі рөліне, өндіріс көлеміне, қатынасына қарай топтастырылады. Экономикалық мазмұны бойынша өндіріс шығындары былай бөлінеді:

       жанды (нақты) еңбек шығындары–қызметкерлердің жұмысақысы, әлеуметтік сақтандыру төлемдері;

       затталған еңбек шығындары–материалдарға, отынға, энергияға, негізгі қорлардың амортизациясына, т.б. материалдық құндылықтарға жұмсалған шығынддар.

       Өндірістік процеске қатысуына қарай шығындар: нгізгі және үстеме шығындарға жатады.

       Негізгі шығындар–тікелей өндірістік процесті жүзеге асыруға байланысты.

       Оларға:

       –технологиялық процеске қажетті материалдар (бекітпе материалдары, жарылғыш заттар, қосалқы бөлшектер);

       –негізгі өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша жұмысақысы, сондай-ақ әлеуметтік сақтандыруға төлемдер;

       –технологиялық отын;

       –технологияға қажетті энергия–электроэнергиясы, сығылған

ауа, су;

       –негізгі қорлардың өтелімі жатады.

       Үстеме шығындар – өндірісті ұйымдастырумен, басқарумен,  оған қызмет көрсетуге байланысты шығындар. Оған мыналар жатады:

       –әкімшілік-шаруашылық шығындар–басшылар мен мамандардың, басқару аппаратының, басқа да қызметкерлердің негізгі және қосымша жалақысы, әлеуметтік сақтандыру аударымдарына – кеңсе керек-жақтарына жұмсалған шығындар, пошта-телеграф, баспахана шығыны, іссапар шығындары;

       –қызметкерлерге қызмет көрсетуге арналған шығындар;

      –негізгі өндірісте істейтін және машиналар мен жабдықтарды пайдаланумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердің қосымша жалақысы, әлеуметтік сақтандыру аударымдары;

       –жұмысты ұйымдастыруға жұмсалатын шығындар–негізгі өндірістік қорларды күтіп ұстауға, жалгерлік төлемдер, құнсыз және тозғыш аспаптарды жөндеуге жұмсалатын шығындар, т.б.

       Өндірілген өнімге жатқызу әдісі бойынша өндіріс шығындары–тікелей және жанама болып ажыратылады.         

       Тікелей шығындар – өнімді өндіруге, жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге жұмсалған шығындар. Олар өнімнің өзіндік құнына тура және тікелей енгізіледі. Мысалы, тазартым забойларда істейтін жұмысшылардың еңбекақысы, забойларда пайдаланылатын бекітпе материалдар – тікелей шығындар болып, есептеледі де, тазартым забойлардан қазып алған кенбайлықтардың өзіндік құнына тұтасымен енгізіледі.

       Жанама шығындар – кәсіпорындардың өнім өндіруге және өткізуге, өндірісті ұйымдастыруға, басқаруға жұмсаған өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылмайтын және олардың арасында жанама әдіспен бөлінетін шығындар. Бұл шығындарда мыналар қамтылады: жалпы цех пен жалпы кеніш шығындары, яғни жылуға, жарықтандыруға, өтілімге, көмекші жұмысшылардың және әкімшілік басқарушылық қызметкерлердің жалақысына жұмсалатын шығындар. Жанама шығындар өнімнің күні бұрын белгіленген негізге қйлесімді өзіндік құнына жатқызылады.

       Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын жасау кезінде шығындар экономикалық біртектігіне қарай – бір элементтен тұратын жай шығындарға және әртекті шығындардың бірнеше элементтері қамтылатын кешенді шығындарға бөлінеді.

       Жай шығындарға қосалқы материалдары, отын, энергия, негізгі қорлардың амортизациясы, негізгі және қосымша жұмысақы, әлеуметтік сақтандыруға аударымдар жатады.

       Кешенді шығындарға жалпы цех шығындары, жабдықтарды пайдалану мен күтіп ұстау шығындары, яғни бірнеше жәй шығындардан құрылған шығындар жатады. Мысал ретінде кен қазбаларды жөндеуге жұмсалған шығындарға – жұмысшыларға төленетін жалақы, бекітпе материалдар, жарылғыш заттар, жөндеу жұмыстарында қолданылатын жұмыстардың жабдықтардың амортизациясы кіреді. Кәсіпорын шегінде барлық кешенді шығындардыжай шығындарға бөлуге болады.

       Шығындардың жұмсалу тиімділігінің деңгейіне байланысты өнімді (сапалы өнім шығарумен, жаңа технологияларды игерумен байланысты) және өнімсіз (ақаулы өнім шығарудан, бос тұрудан, айыппұлдар төлеуден болатын) шығындарға топтастырады.

       Шығындар – өндірістік және өндірістік емес, кәсіпорынның толық шығындарына ажыратылады. Өндірістік шығындардың, кәсіпорындардағы өндіріс процесіне тікелей қатысы бар. Өндірістік шығындар – пайдалы қазбаларды өткізумен, қоймадан теміржол станциясына тасымалдауға байланысты. Өндіріс шығындары өнім көлеміне байланыс жағынан екі түрде болады:

       Тұрақты шығындар – олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, оларды шартты-тұрақты шығындар дейді;

       Өзгермелі шығындар – өндіріс көлеміне тікелей тәуелді, оларды – пропорционалдық немесе шартты-өзгермелі шығындар деп атайды.       

       Тұрақты шығындарға – негізгі қорлардың пассив бөлігінің амортизациясы, электр жабдықтардың орнатылған қуат бойынша екі ставкалық тарифпен есептейтін электроэнергия құнының бөлігі, үстеме шығындардың көбірегі жатады.

       Өзгермелі  шығындарға – материалдар, электроэнергия (электр санауышы бойынша алынған құны), кесімді жүйеде істейтін негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысы (негізігі, қосымша және аударымдар) кіреді.

       Тұрақты  және өзгермелі шығындардың қосындысы  әрбір нақты жағдайда жалпы  шығын болып табылады:

 

                                               TC=FC+VC,

Мұндағы:TC–жалпы шығындар (total costs)

                  FC–тұрақты шығындар (fxed costs)

                  VC–өзгермелі шығындар (variable costs).

 

       Экономикалық элементтері бойынша  шығындар топтастыру     

                   (өндіріске жұмсалған шығындардың  сметасы)

 

      Өнеркәсіптік өнім өндіруге жұмсалған шығындарды жіктеудің бірыңғай принципін пайдалану мен шығындарды бірыңғай топтастыру, әр түрлі кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын салыстыруға мүмкіндік жасап, оны төмендетужолдарын ашады.

       Өнімнің  өзіндік құнының құрылымын зерделеу үшін оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың барлығы, шығындардың экономикалық элементтері мен олардың калькуляциялық баптары бойынша топтастырылады.

       Шығындарды  экономикалық элементтері бойынша  топтастыру кәсіпорынның материалдық және қаржы ресурстарын, өнімнің өзіндік құнының құрылымын анықтап және оны төмендетудің негізіг бағыттарын белгілеу үшін керек. Шығындары экономикалық элементтері бойынша жіктеу, өнім өндіруге және өткізуге жұмсалған жалпы шығындарын білу үшін пайдаланылады.

       Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтастыру, өнім өндіруге және өткізуге арналған шығындар сметасында көрсетіледі. Онда шығындар – экономикалық мағынасының бірлігі бойынша жинақталады. Мысалы, «Негізгі және қосымша жұмысақы» элементінде қайсысы болсын, санатқа жататын қызметкерлерге байланыссыз кәсіпорынның толық еңбекақы қоры көрсетіледі. Бұл мәселе тау–кен өнеркәсібіне өте маңызды, өнімнің өзіндік құнында еңбек шығындарының үлесі 50%–дан асады. Осы элемент бойынша тау–кен кәсіпорында өндірістегі жұмысшылар, қызметшілер мен инженерлердің жалпы табыстарын білуге болады. «Энергия» элементі – кәсіпорын, өндіріс және шаруашылыққа қажетті энергияның барлық түрлерін есепке алады.

       Өндіріске  жұмсалған кешенді шығындарды  сметаға қосу үшін оларды жай элементтерге бөліп, тиісті топтарға қосады. Тауар өнімін шығаруға қатысты жоқ жұмыстармен байланысты шығындар да (басқа жаққа көрсеткен әр түрлі қызметтер, күрделі құрылыс жұмыстары немесе күрделі жөндеу, т.б.) өндіріске жұмсалған шығындар сметасында есепке алынады, бірақ тауар өнімнің өзіндік құнын есептегенде, оларды шыарып тастау керек.

      Сметада  басқа жақтан жеткізілген ресурстарға  төленген шығындар көрсетіледі.  Егер кәсіпорынның өзі ресурстың  бір түрін өндіретін болса,  мысалы сығылған ауаны, буды, энергияны, онда оларды шығаруға жұмсалған шығындар сметада тиісті элементтерге бөлініп қосылады.

       Смета  негізінде кәсіпорынның өндірістік–қаржы жоспар бөлімдерінің үйлесуі жүзеге асырылады: материалдық–техникалық жабдықтау, еңбек жоспары мен айналым қаражаттарға қажеттіліктер анықталады. Смета бойынша жалпы өнімнің өзіндік құны, аяқталмаған өндіріс қалдықтарының өзгеруі есептелінеді.

       Шығындар  сметасы мына элементтерден тұрады:

  1. шикізат, негізгі материалдар, сатып алынған жартылай дайын

(шала) өнімдер, жиынтықтаушы  бұйымдар (қайтарылатын қалдықтарды  шегергенде);

  1. қосалқы материалдар;
  2. сырттан алынған отын;
  3. сырттан алынған энергия;
  4. негізгі және қосымша жұмысақы;
  5. әлеуметтік сақтандыруға төлемдер;
  6. негізгі қорлардың амортизациясы;
  7. басқа да ақшалай шығындар.     

        Шығындар сметасы бойынша, шығындардың нақты бағыты мен пайдалану орнын анықтауға болмайды. Осы мәселелерді калькуляция – баптар бойынша шығындарды жіктеу арқылы шешеді.

                             

                               Калькуляциялық баптар бойынша

                                      шығындарды топтастыру

       Өнімнің бір өлшемін өндіруге жұмсалған шығынның есебін – калькуляция дейді. Калькуляция – кәсіпорын дайындаған өнімнің жекелеген түрлері өлшемінің, өзіндік құнын анықтау үшін негіз болып саналады. Шығындарды баптар бойыша калькуляциялау – пайда мен залалды есептеуге, бағаны белгілеуге, өнімнің өзіндік құнын талдауға мүмкіндік береді.

       Шығындар  топтастырудың калькуляциялық принцпі  біздің елде және шетелдерге халық шаруашылығының барлық салаларының бухгалтерлік есепшоттарының жоспарын құруға негіз болады. Шығын баптары бойыша үлгі топтастыру мына түрде болады:

  1. шикізат, негізі материалдар, шала өнімдер, жиынтықтаушы бұйымдар (қайтарылатын қалдықтарды шегергенде);
  2. қосалқы материалдар;
  3. технологиялық мақсаттарға арналған отын;
  4. технологиялық мақсаттарға арналған энергия;
  5. өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша

жұмысақысы;

  1. әлеуметтік сақтандыру төлемдері;
  2. амортизация (өтелім);
  3. өндірісті дайындау мен игеруге жұмсалған шығындар;
  4. жабдықтарды күту мен пайдалану жөніндегі шығындар;

      10) цехтық шығындар;

      Өнімнің  цехтық өзіндік құны

      11) жалпы өндіріс шығындары;

      Өнімнің  өндірістік өзіндік құны:

      12) өндірістен шығындар.

      Өнімнің толық өзіндік құны.

     

      Келтірілген  жіктеуде шығындардың алғашқы  жеті бабы жұмыс орнында тура  жүзеге асырылып, өнімнің өзіндік  құнына тікелей жатқызылады. Қалған  баптары кешенді. Өндіріске қызмет  ету және басқару жөніндегі  шығындар үш түрлі кешенді баптарға бөлінеді: цехтық шығындары, жалпы өндіріс шығындары.

       Цехтық шығындар – өндірісті ұйымдастыруға, басқаруға жұмсалған шығындар, олар:

  • әлеуметтік сақтандыру төлемдермен қатар цех

қызметкерлеріне жалақы төлеу;

  • цехтың негізгі құралдарының амортизациясы, жөндеуі және

күтуі;

  • құнсыздау және құрал–саймандардың тозуы;
  • еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы шығындары;
  • осы баптарда қарастырылмаған басқа да шығындар, мысалы,

материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі, әр түрлі ысыраптар  себебінен шығындар, т.б.         

       Жалпы өндірістік шығындарға мыналар жатады: кәсіпорынның әкімшіл–басқару персоналды ұстауы, жалпы өндірістік негізгі қорларды күту, амортизациялау мен ағымдағы жөндеу жүргізу, іссапар, пошта–телеграф шығындары, т.б.

      Өндірістен тыс шығындар – негізінде өнім өткізуге байланысты шығындар мен әр түрлі төлемдерді қамтиды.

       Жабдықтарды  күту мен пайдалану шығындарына – жабдықтар мен көлік құралдарының амортизациясы, ағымдағы жөндеу, қызметкерлердің жұмысақысы жатады.

       Цехтық  шығындар мен жабдықтарды күту  мен пайдалану жөніндегі шығындардың  құрамында өндіріс көлемінің  ұлғаюына байланныссыз және шартты–өзгермелі шығын элементтері бар. Өндіріске қызмет ету мен басқару жөніндегі шығындардың, өнімнің өзіндік құнындағы үлес салмағы жоғары болғандықтан, олардың шығндарын кемітудің маңызы зор.

 

                                 Өнімнің өзіндік құнын анықтау,

                                   оның түрлері мен құрылымы 

      

       Пайдалы қазбаның бір өлшемінің өзіндік құны шығындарының белгіленген баптары, калькуляциялау арқылы жүзеге асырылады. Ол: жоспарлы, нормативтік, сметалық және нақты калькуляция түрлеріне ажыратылады. Жоспарлы калькуляция – келесі кезеңге өнім шығаруға арналған жоспарлы шығындарды көрсетеді.

Информация о работе Өнімді жүзеге асырғаннан кеткен шығынға факторлық талдау жасау