Экологиялық мониторингті жүзеге асыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2015 в 20:03, реферат

Краткое описание

Қазақстан республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы қоршаған ортаны қорғаудың негіздері бекітілген. Конституцияға сәйкес еліміздің азаматтары табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға өатысуға міндетті. ҚР Конституциясы азаматтардың жерге және т.б. табиғи ресурстарға құқықтарын жариялайды, әрбір адамның қолайлы қоршаған ортата құықғын бекітеді.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
ІЭкологиялық мониторинг түсінігі мен ұғымы.....................................................5
1.1Экологиялық мониторинг жүйелілігі....................................................................5
ІІ Экологиялық мониторингті жүзеге асыру..........................................................10
2.2Қоршаған ортаның мониторингтік бағдарламасы.............................................11
Қорытынды................................................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................14

Прикрепленные файлы: 1 файл

экология реферат.docx

— 52.71 Кб (Скачать документ)

          

Жоспары:  

 

Кіріспе..........................................................................................................................3

І Экологиялық мониторинг түсінігі мен ұғымы.....................................................5

1.1Экологиялық мониторинг жүйелілігі....................................................................5

 

ІІ Экологиялық мониторингті жүзеге асыру..........................................................10

2.2 Қоршаған ортаның мониторингтік бағдарламасы.............................................11

 

Қорытынды................................................................................................................13

 

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

        Қазақстан республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы қоршаған ортаны қорғаудың негіздері бекітілген. Конституцияға сәйкес еліміздің азаматтары табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға өатысуға міндетті. ҚР Конституциясы азаматтардың жерге және т.б. табиғи ресурстарға құқықтарын жариялайды, әрбір адамның қолайлы қоршаған ортата құықғын бекітеді. Азаматтардың табиғатқа, оның байлықтарын қорғауға қатысты міндеттерін белгілейді. Қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы барлық заңдар табиғи ресурстың құқықтық негізі құрайды. Олардың құрамына «Атмосфералық ауаны қорғау туралы», «Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және пайдалану туралы» және т.б. енеді. 1997 жылғы 15 шілдеде қабылданған №160-1 «қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР Заңы экологиялық заңнама жүйесін басқарады. Табиғи ортаны қорғаудың мәселелерінде басқа заңдардың нормалары Қазақстанның Конституциясына және аталған заңға қайшы келмеуі тиіс. 

        Экологиялық мониторинг-табиғи құбылыстардың және антропогендік  іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін, бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. “Мониторинг” деген термин “монитор”-сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жылы маусымда) “бақылау” ұғымын толықтыру ретінде пайда болды. Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық шектеулі рауалы жүктеме саналады (ЭШРЖ) былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қарекеті. Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қауіпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына, қоршаған ортаның адамның денсаулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып өзгеруіне апарып соғады. Қазіргі уақытта бұл шектен асушылық орын алып отыр деп пайымдауға барлық негіз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі жүктемелердің жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып кетті. Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы ауа мен топырақтың температурасының, қысымының, ылғалдылығының өзгеруі кейбір тұрақты орташа шамалар шегінде өтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер өте баяу түрде өзгереді. Себебі қоршаған ортаны өзгертетін сыртқы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің өзіне тән тұрақтылық қабілеті бар. Ғаламдық экожүйе қоршаған ортаның тұрақтылығын антропогендік әсерлерге төтеп бере алатын жағдайға дейін, яғни тұрақтылық шегінен шықпағанға дейін сақтай алады. Биота мен қоршаған орта өздерінің тұрақтылығын кез-келген геологиялық кезеңдерде мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз сақтап отырды.  
         Табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар биосфераның жағдайын аз уақыттың ішінде өзгерте алады Осы процестердің өзгеруін бақылауды дүниежүзіндегі барлық экологиялық тұрғыдан қызмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Экологиялық мониторинг түсінігі мен ұғымы

Экологиялық мониторинг (экология және мониторинг) – қоршаған ортаның жағдайын бақылау және тексеру жүйелері. Экологиялық мониторинг нысандарына табиғи, антропогендік немесе табиғи-антропогендік экожүйелер жатады. Экологиялық мониторингтің мақсаты тек қана деректер жинау емес, сондай-ақ, жүргізілетін тәжірибелер, болжамға негіз ретінде алынатын процестердің үлгілері кіреді. Ғаламдық көлемде мониторинг жүргізуге авиациялық, ғарыштық және есептеу техникалары пайдаланылады. Қазіргі уақытта экожүйені зерттеуге аэроғарыштық әдістер кеңінен қолданылады. Осы әдіс арқылы табиғатта болып жатқан құбылыстарды, табиғи қорлар жиынтығын, мөлшерін, т.б. экожүйелерді сипаттайтын мәліметтерді білуге болады. Экологиялық мониторинг әр түрлі деңгейдегі буындардан тұратын иерархиялық ұйымдасқан бақылау жүйесі болып табылады. Ондай буындарға ғаламдық (биосфералық), ұлттық, аймақтық, жергілікті Экологиялық мониторингтер жатады. Мысалы, ғаламдық Экологиялық мониторинг халықаралық ынтымақтастық негізінде, ұлттық Экологиялық мониторинг бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған ұйымдар арқылы, аймақтық Экологиялық мониторинг ірі-ірі аудандардың көлемінде, ал жергілікті Экологиялық мониторинг елді мекендерде, өнеркәсіп орталарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау ретінде жүргізіледі

1.1 Экологиялық мониторинг жүйелілігі

Мониторинг жүйесін топтастыру

Экологиялық мониторинг үш сатыдан тұрады: жағдайды бақылау, бағалау және болатын өзгерістерді болжау. Мониторинг жүйесі факторларға, көздерге және әсер ауқымына байланысты да топтастырылады.

Әсер факторларының мониторингі - әр-турлі химиялық ластағыштардың (ингредиенттік мониторинг), түрлі-түрлі табиғи және физикалық факторлар әсерлерінің (электр магнитті сәулелену, күн радиациясы, шу, діріл) мониторингі.

Ластағыш көздердің мониторингі –нүктелі стационарлы көздер (зауыттардыцң мұржалары), жылжымалы (көлік), кеңістік (калалар, химиялық заттектер ендірілетін егістік жерлер) көздер.

Әсер аумағына байланысты мониторинг кеңістік және уақытша мониторингтерге бөлінеді.Мәліметтерді ортақтастыру сипаттамасына  қарай  мынадай  мониторинг жүйелерін  құрайды:

•    ғаламдық   (биосфералық)   -   халықаралық   ынтымақтастық негізінде   Жер биосферасындағы   әлемдік   құбылыстар   мен процестерді   зерттеу   арқылы   назарға   устап,   экстремалды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уақытылы ескерту жасап отыру; Тұтастай алғанда биосфередағы мүмкін болатын өзгерістерді байқау, бақылау және болжауды қамтамасыз ету – жаһандық мониторингтің міндеті. Оны фондық немесе биосфералық деп те атайды. Жаһандық мониторингтің негізгі мақсаттары болып табылатындар:

 – адам денсаулығына  төнетін қауіптің алдын алудың  кеңейтілген жүйесінұйысдастыру.

– климатқа атмосфераның жаһандық ластануының әсерін бағалау;

– биологиялық жүйелерде, әсіресе қоректік тізбектерде ластанудың мөлшері мен бөлінуін бағалау;

 – қоршаған ортаға  әсер ететін жерүсті экожүйелерінің  реакциясы;

– ауыл шаруашылығы қызметі мен жерді пайдаланудың нәтижесінде пайда болатын күрделі проблемалары;

– Әлемдік мұхитты ластауға және теңіз экожүйесін ластанудың әсері;

 – халықаралық ауқымдағы  стихиялық апаттар туралы алдын  ала ескерту жүйесін құру. 

•     базалық (фондық) - жалпыбиосфералық, табиғи кұбылыстарды бақылау ;

•     ұлттық - 6ip мемлекеттің шегінде арнайы кұрылған органдар арқылы жүргізетін мониторинг;

•     аймақтық - халық, шаруашылығын карқынды игеру барысында ipi-ipi  аудандардың көлемінде  кұбылыстар  мен  процестерді зерттеу арқылы бақылау; Аймақтық мониторинг деңгейіне ірі табиғи-аумақтық кешендер экожүйелерінің (орман экожүйелерінің, өзен бассейндерінің, агроэкожүйелердің және т.б.) жай-кұйіне бақылау жасау жатады, сондай-ақ биологиялық айналымлар, олардың бұзушылықтары зерттеледі, бір аймақтардағы қоршағаан ортаға антропогенді әсер етудің сипаты мен сандық көрсткіштеріне талдау жүргізіледі. Мысалы, аймақ шегінде жануарлыардың жойылып бара жатқан түрлерінің популяциялық жай-күйіне бақылау жасалады.  

•      жергілікті    (локалды)    - елді  мекендерде,  өнеркәсіп орталықтарында, кәсіпорындарда коршаған ортаның сапалық өзгеруіне бакылау жүргізу;

•      импактылық - ерекше қауіпті зоналар мен жердегі аймақтық және жергілікті антропогендік әсерлердің мониторингі.

Мониторинг жүйесің колданылатын тәсілдерге (физикалық-химиялық    және    биологиялық    көрсеткіштердің    мониторингі, аралық мониторингі) сүйене отырып топтастыруға да болады.

Химиялық мониторинг — атмосфераның, жауын-шашынның, жер бeтi мен жер асты суларының, мухит пен теңіз суларының, топырақтың, түптi тұнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық кұрамдарын (табиғи және антропогендік жолмен пайда болған) бақылайтын және химиялық ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе. Химиялық мониторингтің негізгі ең басты міндеті қоршаған ортаның өте улы заттектермен нақтылы ластану денгейін анықтау.

Физикалық мониторинг - қоршаған ортаға физикалық процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атылыстары, жердің сілкінуі, құрғақшылық, топырақ эрозиясы және т. с.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.

Биологиялық мониторинг - биоиндикаторлар көмегімен жүргізілетін мониторинг (яғни ортаның өзгеруін, ағзалардың күйі мен жүріс-тұрысына карап пішіп-кеседі).

Экобиохимиялық мониторинг - коршаған ортаның екі құрам бөлігін   (химиялық және биологиялық)   бақылауға   негізделген мониторинг.

Дистанциялық (аралык) мониторинг — зерттейтін объектілерді барлауға және   тәжірибелік мәліметтерді   тіркеп   жазып   алуға  радиометриялық кондырғылармен камтылған ұшқыш аппараттар колданылған авиациялық, космостық мониторинг.

Топтастыру принципіне қарай әр-түрлі мониторинг жуйелері бар. Олардың ішінде турлі қажетке ең жарамды болып саналатын қоршаған ортаның кұрама (комплексті) экологиялық мониторингі. Қоршаған ортаның кұрама экологиялық мониторингі - бұл қоршаған табиги орта объектілерінің ластану деңгейіне баға беруге  адам мен басқа да тipi ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін өте қиын жағдайдың тyyы туралы ескертуге арналған бакылау жүйесін ұйымдастыру. Ол жергілікті (локалды), аймақты және фондық  болып бөлінеді.

 

Экологиялық монитаринг – көп сатылы жүйе. Олар келесілер:

  1. Детальдық
  2. Локалдық
  3. Халықаралық
  4. Ғаламдық

Детальдық монитаринг – ирархиялық сатының ең төменгісі. Бұл жүйе бойынша зерттеу шағын аумақты ғана қамтиды.

       Бірнеше детальдық мониторингтік жүйені біріктіргенде локальдық мониторингтік жүйе пайда болады. Локальдық мониторинг белгілі бір облыс немесе қала аумақтарын бағалауға арналған.

Бірнеше локалдық жүйенің жиынтығы халықаралық жүйені құрайды. Бұл кезде зерттеу объектісі мемлекеттің территориясы болады.

Халықаралық мониторингтен кейінгі  саты – ғаламдық мониторинг. БҰҰ бағдарламасына сәйкес барлық халықаралық мониторингтік жүйелер біріктіріліп, тұтас ғаламдық мониторингтік жүйе құрған.Бұл жүйеде бағалау процестері ғаламдық деңгейде жүреді. Ғаламдық мониторингтік жүйе – Жер планетасының экологиялық проблемаларымен ресурс тапшылығын алдын алуға бағыттылған, яғни озон қабатын сақтау, жер сілкіністерін болжау, ормандар мен тұщы су қорларын сақтап қалу, жер қабаттарының эррозиясын азайту болып табылады. Бұл жүйеге мысал ретінде «Ғаламдық жер сілкінісі мен оның ошағын зерттеу» ұйымын алуға болады.

Атмосфералық ауа жағдайы –  Қазақстан Республикасының елді – мекендеріндегі атмосфералық ауаның ластануын бақылау жүйесі. Әрбір  елді-мекендердегі бақылау мен тарату мемлекеттік күзет орындарының  саны нормативтік талаптардың негізінде  халық санымен, жергілікті рельефтер, ластанудың фактілік деңгейін есепке алу арқылы анықталады.

Атмосфералық ауаның мониторингі  
Атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар  республиканың барынша  ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарында орындалады.  
Қазіргі таңда атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар республиканың  27 елді-мекеніндегі  69 ЛБП жүргізіледі. Атмосфералық ауа жай-күйі үшін бақылаулар  мыналар бойынша:     
·        толық емес бағдарлама бойынша(тәулігіне 3 рет-  жергілікті уақыт бойынша.сағ.07,13,19);  
·        толық бағдарлама бойынша(тәулігіне 4 рет-  жергілікті уақыт бойынша сағ.01,07,13,19);  
·        үздіксіз режимде жүргізіледі.   
Атмосфералық ауа ластануын зерделеген кезде 17-ден астам ластаушы заттар, оның ішінде жүзбе заттар(шаң) күкірт диоксиді, көмірсутегі тотығы, азод диоксиді, күкірт сутегі, фенол, формальдегид, аммиак және т.б  анықталды.  
Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы жай-күйіне мониторинг   
Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы жай-күйіне бақылаулар Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым(ДМҰ) бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Жауын-шашын және қар сынамаларында мыналар:   
-аниондар-сульфаттар,хлоридтер,нитраттар;  
-катиондар-аммоний,натрий,калий,кальций,магний;  
-микроэлементер - қорғасын, жез, кадмий, күшәла  
-қышқылдығы  
-меншікті электр өткізгіштігі анықталады.   
       Атмосфералық жауын-шашын үшін бақылаулар күнделікті 45 метестансада жүргізіледі.  Қар жамылғысындағы ластаушы заттардың барлығына бақылаулар жылына бір рет, қардағы ылғал қорының максималды жиналуы кезеңінде жүргізіледі.  Қар жамылғысының химиялық құрамы үшін Қазгидрометтің бақылау желісі  38 метеостансаны қамтиды.     
Радиациялық мониторинг.  Атмосфераның жерге жақын  қабатының радиациялық ластануы үшін бақылау Қазақстанның 14 облысындағы 43 метеорологиялық метеостансасында жазық планшеттармен ауа сынамаларын алу жолымен жүзеге асырылады. Барлық стансаларда бес тәуліктік сынамалар алу жүргізледі. Планшеттер экспозицияланғаннан кейін Алматы ГМО ОХАИ жіберіледі, мұнда жиынтық бета-белсенділігіне және гамма-сәуленену мөлшері қуаттылығына  радиометрикалық зерттеулер жүргізіледі.

Биосфералық мониторинг табиғаттағы  жаһандық өзгерістерді (радиация дәрежесі, атмосферадак, көмірқышқыл газының, озонның, жылудың болуы және оны шаң басу дәрежесі, мұхит және Жер ауалы қабағы арасындағы газ айналымы, құстар, сүтқоректілер, балықтар және бунақденелілердің әлемдік жылыстауы, ғаламшардағы ауа райы - климаттық өзгерістері) анықтауға мүмкіндік берді. Биосфералық мониторингтің басты әдісі әр алуан жер серіктерінің жәрдемімен биосфера күйін бақылау болып табылады. Олар озои қабатының, радиациялық аясының, жер температурасы тәртібінің жағдайларын тұрақты бақылау жасауға мүмкіндік береді.

Фондық мониторинг – қоршаған ортаның кешендік фондық мониторингінің арнайы мамандандырылған торабындағы атмосфера мен басқа да ортаның биосферамен өзара әрекетінің жағдайын бақылау жүйесі.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн ақпараттық қамтамасыз ету жинақтық деректер банкiне берiлетiн  арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар орындайтын қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингiнiң, сондай-ақ табиғат пайдаланушылар өндiрiстiк  экологиялық бақылау шеңберiнде  жүзеге асыратын өндiрiстiк мониторингтiң  нәтижелерiне негiзделедi.   
      Енді қоршаған орта мониторингісін қарастырайық. Бағдарламалық құралдар жүйесi Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң әртүрлi деңгейлерi, сондай-ақ жүйелерi мен кiшi жүйелерiнiң деректер банктерi арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ете отырып, ақпараттың бiрыңғай әдiстемелiк негiзде жинақталуын, өңделуi мен сақталуын жүзеге асыруға мүмкiндiк беруге тиiс.   
      Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi шеңберiнде ақпарат алмасу табиғи ресурстардың тиiстi түрлерiнiң мониторингiн жүзеге асыратын арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен тiзбелерге, нысандар мен мерзiмдерге сәйкес өтеусiз негiзде жүзеге асырылады.

Қоршаған орта жай-күйіне бақылаулар 1972 жылдан бастап ұйымдастырылып,  1999 жылы қалпына келтірілді.Қоршаған ортаның  міндеттеріне және зерттеліп отырған  құрауыштарына байланысты  қоршаған орта жай-күйінің мемлекеттік мониторингісінің жүйесі  мыналарды:

  • Атмосфералық ауа мониторингісін;
  • Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы  жай-күйінің мониторингісін;
  • Беткі сулардың сапалы жай-күйінің мониторингісін;
  • Топырақ жай-күйінің мониторингісін;
  • радиациялық мониторингті
  • трансшекаралық су ағыстарының мониторингісін қамтиды.

Информация о работе Экологиялық мониторингті жүзеге асыру