Қазақстандағы жұмыссыздық жағдайының анализі және оларды қысқарту жолдарының шешімдері
Курсовая работа, 12 Марта 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Куртық жұмысымның өзектілігін, мына жағдаймен байланыстырамын.Бұл 1 сәуір 2009 жылы экономикалық кризисте Казақстанда істеп шығару кәсіпорындары 642 толықтай және жарым-жартылай жұмыстарын токтатуға мәжбүр болған. Жұмысшылар саны 245 мың адам, 87,3 мың жұмысшылар жарты күндік жұмысқа өткізілді, ал қалған жұмыскерлерді уақытша ұзақ мерзімді демалысқа жіберілді.
Осы жағдаймен байланыстыра отырып, еліміздегі жұмыссыздықтың деңгейі 6,6% тен 7% ке дейін көтерілді.
Содержание
КІРІСПЕ
1 ТАРАУ. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1Қазақстандағы халықты макроэкономикалық жағынан қарастыру
1.2 Жұмыссыздықтың себептері мен олардың түрлері
2 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АНАЛИЗІ
2.1 Қазақстандағы жұмыссыздық жағдайының анализі және оларды қысқарту жолдарының шешімдері
2.2 Қазақстандағы жұмыссыздық және оны шешу жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
Прикрепленные файлы: 1 файл
жұмыссыздық.docx
— 192.07 Кб (Скачать документ)Тауар және қызмет көрсету біршама өзгергені себебімен, бәсекелестіктің ұлғаюының салдарынан тауар істеп шығарудың арасында, істеп шығарудың бір бөлігі өз жұмысын тоқтатады немесе істеп шығаруды азайтады. Сонымен қатар жұмысшыларды қысқартады немесе жұмыстан босатады. Оған орай еңбек базарынада курделі проблема туылады. Экономиканың құлдырауы жағдайында, тауар мен қызмет көрсету сұранысы азайған кезде жұмысшыларды қысқартады, ал жұмыссыздық өсе бастайды, мұндай жұмыссыздықты коньюктурлы және циклдық деп атайды. Мұндай жұмыссыздықпен күресү үшін мемлекет субсидиялық түрлі программаларын ұсынып, халыққа көмектесе бастайды. Батыс ел мамандарының бағалауы бойынша, жұмыссыздықтың циклдық экономикасы бір периодта жоғарылағанда немесе жұмыссыздық төмендегенде, ол 0 ден 8-10 пайызға дейін тербелуі мүмкін, сонымен қатар жалпы жұмыссыздықтың көрсеткіш дәрежесін ұлғайта түседі. Мемлекетте циклдық жұмыссыздықтың жоқ екенін табиғи жұмыссыздықтың деңгейі анықтайды. Бұл жағдайда жұмыспен айналысатындар, толық деп анықталады4.
Жұмыссыздықтың тағы да бір түрі –мезгілдік жұмыссыздық, бұл уақытыншалық шаруашылық саласымен айналысатын жұмыстың бір түрі болып табылады. Ауылшаруашылық жұмыстарына; балық аулау, жеміс – жидек теру, орман ағаштарын кесу, аңшылық, құрылыстың мерзімдік құрылатын бөлігі, т.б., қызмет түрлері жатады. Бұл жағдайда кейбір азаматтардың бір бөлігі немесе бірқатар кәсіпорындар жылына бірнеше апта немесе айлап жұмыс істер еді. Сондай ақ өз қызметін қысқартып, басқа уақытта олар демалуына тура келеді. Жұмыс шиеленісе түскен кезде, жұмысшыларды қабылдай бастайды, ал мерзім өте жұмыс тоқтағаннан кейін жұмысшыларды жұмыстан босата бастайды. Бұл жұмыссыздықтың түрі циклдық жұмыссыздыққа жатады, ал енді басқа жағынан қарайтын болсақ – фрикциондық жұмыссыздық десек адаспаймыз, оның еркіндемелі мінез – құлқының жағдайы анық байқалып тұр.Мерзімді жұмыссыздықтың болжамын оның дәреже көрсеткішін анық айқындауға болады, оның себебі жыл сайын бір қалыпта қайталанып тұруы, сондай ақ жұмыссыздықтың бұл түріне алдын ала дайындалып, осы мәселені шешуге әрекет жасау керек.
Әр түрлі жұмыссыздықтың бір түрі, бұл – бөлшекті жұмыссыздық, кәсіпорынның істеп шығарған тауарына сұранысы төмендеген кезде қолданылатын әдістердің екі варианты бар. Мұндай жағдайда кәсіпкер: жұмысшылыардың жарты бөлігін жұмыстан босатуына тура келеді немесе жұмысшыларды жұмыстан босатпай, жұмыс күнін қысқартып, жұмысшыларды жұмыссыздықтан сақтап қалады. Соның салдарынан жартылай жұмыссыздық түрі пайда болады.
Экономикалық анализ жұмыссыздықтың шығын көрсеткішін бағалап беру мүмкіндігіне ие. Мемлекетте істеп шығару кәсібімен айналысатын кәсіпорындар көлемі, 2 пайызға көтерілсе, онда жұмыссыздықтың проблемасын 1 пайызға азайтуға болады. Егер керісінше болатын болса, онда жұмыссыздықтың деңгейі арта түседі. Тағы да бір жұмыссыздықтың түрі – бұл тұрғылықты жұмыссыздық, ол кездейсоқ жалақымен күн көріп жүретін адамдар, немесе жұмысынан айырылған адамдар деп атауға болады. Бұл адамдар заңды өмір сүруінен айырылғандар, сонымен қатар қылмыстық өмірлерін толықтырып отыратын адамдар болып есептеледі.
Жұмыссыз жүрген жастарды түркеуге алып, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, мемлекет сол жастарды, жұмыспен қамтамасыз ету жолдарын қарастырады. Сондай ақ тіркеуге алынған азаматтар: жұмыс іздеушілер, жұмыс істеуге дайын болған азаматтар, және еңбекпен қамтудың мемлекеттік қызметіне тіркеуде тұрғандар; жұмыссыздықтың жасырын түріне – бұл жұмысшылар өндірісте істейтін жұмысшылар, бірақ олар өз еріктерінен айырылған жұмысшылар, сондай ақ жарты күн немесе бір пата істеп, бір аптп демалыс алуларына мәжбүр болған жұмысшылар, немесе ұзақ мерзімді ақы төленбейтін демалысқа кеткендер5.
Жұмыссыздықтың тағы да бір түрі бар – еңбек базарында жұмысқа жарамды жастар мен ересектер арасында жүргізілген сұрақ-жауабында, жастардың жұмыс іздеп әуре сарсан болып, көп уақыттарын жұмыс іздеумен өткізеді екен.
Фрикционды жұмыссыздық («фрикция» - үйкеліс деген сөзді білдіреді) жұмыс іздеумен байланысты жағдай болып табылады. Белгілі болғандай ақ, жұмыс іздеген кезде, уақытша жұмыссыз болып есептеледі. Фрикционды жұмыссыздардың маманы, жоғары дәрежелі профессионалды дайындығы бар және квалификациаланған, жұмыс іздеуде немесе жұмыс күтіп жүрген жұмыссыздар жатады.
Сондықтан бұл жұмыссыздықтың түріне ақпараттың жетерліктей жұмыс істемегендігінен (бос жұмыс орындарының ақпаратының жетіспеуі). Бүгін жұмысынан айырылған кісі, ертеңіне жұмысқа орналаса алмайды.
Фрикционды жұмыссыздыққа жататындар мыналар:
әкімшілік бұйрығымен жұмыстан босатылгандар;
өз қалауымен жұмыстан босағандар;
бұрынғы жұмыс орнына қайта тұруын күтіп жүргендер;
жұмыс тапқандар, бірақ әлі жұмысқа кіріспегендер;
мерзімдік жұмысшылар;
еңбек базарына бірінші рет жұмыс іздеп барғандар сонымен қатар олардың экономикалық деңгейге сай кәсіпқойлық дайындығы бар және біліктілігі жоғары болған адамдар.
Фрикционды жұмыссыздықтан қашып құтыла алмаймыз, оның табиғи тенденциясының қозғалыс күшінің еңбегі өзара байласыта болғандықтан (адамдар әрқашанда жұмыс орындарын өзгертіп отырады, жұмыс табуға талпынады, біліктілігінің дәрежесіне сай жұмыстарды іздеуі) жұмысшы өзі ұнатқан жұмыспен айналысатын болса, онда жұмыс өнімділігі ара түседі, сонмен қатар оның жұмыс істеуге ынтасы болады.
Фрикционды теңдеуді шешу үшін мынадай формуланы пайдаланамыз, мұндағы фрикционды жұмыссыздарың деңгейін , оның жалпы жұмысшылар күші санының қатнасына тең болады, пайызға көбейтеміз:
, (3)
Структуралық жұмыссыздық экономикада структуралық өзгерістерге әкеліп соғады. Олардың өзара байланыстары:
а) структураның өзгеруімен қатысты түрлі тауар өнімдеріне сұранысы артуы,
б) экономикалық өнім өзгерістігі, оның себебі ғылыми-техниканың жаңа тәсілін енгізу барысында өзгерістер енгізілгенде пайда болады.
Структуралық сұраныс талаптары әрқашан өзгеріп тұрады. Кейбір тауар өніміне сұраныс арта түскенде, жұмысшылар күшіне деген сұраныс арта түседі, ал енді кейбір тауар өніміне сұраныс азая түссе, ондай жағдайда жұмыстан босату, жұмыстан қысқарту дегендей жұмыссыздар саны сондықтан біршама арта түседі. Уақыт өткен сайын кейбір өнеркәсіп түрлері жойыла бастады, олар; паровоз өндірісі, арба өндірісі, керосинді шам шығару, теледидардың қара-ақ өндірісі, т.б., өндірістің көп түрлері сұранысқа ие болмағандықтан, өз өнеркәсібін тоқтатқан болатын. Сонымен қатар қазіргі жаңа технологияның өндірістік пайызы өте алкен көрсеткішке ие болды. Қазіргі заманға сай өнімді өзіміз де күнделікті пайдаланып жүреміз, олар; компьютерлер, ноутбуктар, ұялы телефондар, фото құрылғылар мен таспа камералары, т.б. тауарлар өнімдерін кеңінен дамып келеді. Сонымен қатар, экономикада өзгерістер пайда болған кезде, қазіргі заман технологиясымен хабары бар мамандардыталап етеді.Заманға сай мамандардың мына түрлеріне сұраныс көп арта түсті олар; программисттер, дизайнерлер, имиджмейкерлер, диск-жокейлер болып табылады. Структуралы жұмыссыздықтың шығу себебі – жұмыс күшінің структурасы жұмыс орындарына сай келмегендік болып табылады.
Бұл дегеніміз жұмысшы жұмысынан босатылғаннан кейін басқа жұмысқа орналаса алмайтыны анық. Оның себебі мамандығының қазіргі заман технологиясына сай келмегендіктен, сондай ақ ондай жұмысшылар келешекте жұмыссыз қалуы анық айқындалып тұр. Өкінішке орай қазіргі заманда жастар жұмыссыздығы өркендеуде. Жоғары білімі бар жастардың, жұмысқа туруы өте қиынға соғады. Оның салдары жұмыс беруші жұмысы алға жүру үшін тәжірибесі бар мамандарды алуға тырысады. Сондықтан көп жастарымыз өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді, олар жай ғана сатушы ретінде жұмысқа тұрады.
Жұмыссыздықтың структуралы теңдігі структуралы жұмыссыздар санының жалпы жұмыссыздар санының қатнасы пайызының көбейтіндісіне тең болады:
, (4)
Фрикционды мен структуралы жұмыссыздықтардың өзара байланысы, олардың әрқашан да жұмыс іздеуі болып табылады, бұл жұмыссыздықтың түрін «searchunemployment» котегориясына жатады. Структуралы жұмыссыздық өте созылмалы әрі көп қаражатты талап етеді. Оның себебі структуралы жұмыссыздық түріне жататын жұмыссыз, біліктілігін асыру үшін ақша мен уақытты талап етеді. Сонан соң ол мамандығы бойынша жұмыс іздей бастайды. Ал енді фрикционды жұмыссыздар біліктілігі де, білімі де, тәжірибесі де жетерлі маман. Ол өзіне ыңғайлы болған уақытта жұмысқа тұруы мүмкін.Экономикамыз дамып өсу жолында болғандықтан, жаңа технологияның түрлері жыл сайын өзгеріп тұрғандықтан, структуралы мен фрикционды жұмыссыздықтың өсуі мен кемуіне қайран қалмасақта болады. Жастар жұмыссыздығы уақтыншалық жадай деп қарастыруға да болады. Еліміз даму жолында болғандықтан Қазақстанда күнделікті теледидар мен радиодан хабарларып отырғандай ақ, шағын және орта бизнеспен айналысу жобаларын ұсынып жатыр. Келешегі Қазақстанда жұмыссыздықтың барлық түрлері түгелімен жойылады деп сенемін.
2 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АНАЛИЗІ
2.1 Қазақстандағы жұмыссыздық жағдайының анализі және оларды қысқарту жолдарының шешімдері