Қазақстандағы жұмыссыздық жағдайының анализі және оларды қысқарту жолдарының шешімдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2015 в 12:18, курсовая работа

Краткое описание

Куртық жұмысымның өзектілігін, мына жағдаймен байланыстырамын.Бұл 1 сәуір 2009 жылы экономикалық кризисте Казақстанда істеп шығару кәсіпорындары 642 толықтай және жарым-жартылай жұмыстарын токтатуға мәжбүр болған. Жұмысшылар саны 245 мың адам, 87,3 мың жұмысшылар жарты күндік жұмысқа өткізілді, ал қалған жұмыскерлерді уақытша ұзақ мерзімді демалысқа жіберілді.
Осы жағдаймен байланыстыра отырып, еліміздегі жұмыссыздықтың деңгейі 6,6% тен 7% ке дейін көтерілді.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ТАРАУ. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1Қазақстандағы халықты макроэкономикалық жағынан қарастыру
1.2 Жұмыссыздықтың себептері мен олардың түрлері
2 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АНАЛИЗІ
2.1 Қазақстандағы жұмыссыздық жағдайының анализі және оларды қысқарту жолдарының шешімдері
2.2 Қазақстандағы жұмыссыздық және оны шешу жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

жұмыссыздық.docx

— 192.07 Кб (Скачать документ)

Егер жұмыссыздықтың өсуіне дүниежүзілік кризистің ықпалы тиетін болса,  онда бірнеше мәселені қарастыруымыз керек. Сонымен қатар,Банк саласында істеп жүрген жұмысшылардың қысқатылуы және тұрғынүй құрылысы тоқтатылуы тиіс, тағы да сол саламен байлансыты болған барлық ұйымдар да қысқартылады. Мұндай жағдайды қазіргі таңда басымыздан кешіп жатқанын көріп отырмыз.  Кіші бизнеспен айналысатындардың дәрежесі тұрақты болып қала береді. Кіші бизнестің біраз бөлігі «көлеңкелі» секторға кетіп қалды, олар өзіндік жұмысымен айналысатын адамдардың қатарына қосылып алады.Егер үкіметтің антикризистік жобасы мемлекет үшін пайдалы болып табылса, онда, келешегі бұл салада жұмыс істейтін жұмысшылар қысқартылмайды.

Жаңа жұмыс орындарын жарату керек. Мысал үшін, құрылыс фирмаларын алатын болсақ, олар құрған үйдің құны өте жоғары бағаланып, халықтың ақшасы ол үйді сатып алуға қолы жетпейді. Соның саласында Қазақстан кризиске ұшырады десек те болады. Қазақстанда қазір тұрғын үй мәселесі жағына қатты көңіл аударылуда. Қолжетімді үйлер құрылып жатыр. Жұмыссыздық қазіргі кезде өте төмен көрсеткішке ие болды деп анық айтуға әлі ерте.

2012 жылдың  екінші тоқсанында жұмыссыздар  саны (15 жастан жоғары болған жастар, жұмыс істеуге дайын азаматтар) 557,2 мың адамды құрады.

2011 жылмен  салыстырғанда 44,6 мыңға аз болып, 7,4% құрады. Жұмыссыздар деңгейі 6,6% ие  болды (2011 жылдың 2 тоқсанында – 7,3%). Еркектер арасындағы жұмыссыздықтың 228,7 мың адам санын құрады (41%). Әйелдер – 328,5 мың адам (59%). Жұмыссыздық  деңгейі 5,4% және 7,9% көрсеткішке ие  болды. Жалпы жұмыссыздар саныны, оның ішіндегі қала тұрғындары  – 57% құрайды, ал ауылды жердің  тұрғындары – 43% құрайды.

Жұмыссыз жастардың саны;

15-24 жас  аралығында 17,5%,

25-29 жас  аралығында 22,1%,

30-39 жас  аралығында 24,6%,

40-44 жас  аралығында 7,7%,

Жоғары білімі бар 123,8 мың адам, жұмыссыздар 22,2%,

Орта білімді мамандар (арнаулы) 129,3 мың 23,2%,

Бастапқы маман 55,3 мың адам 9,9%,

Жалпы орты білімді 212,2 мың 38,1% құрайды.

Жұмыстан қысқартылған немесе келісім шартының мерзімі біткен, өз қалауымен жұмыстан босаған (104,6 мың адам 18,8%), сондай ақ ұйымның жабылуы себебімен жұмыссыз қалғандардың саны 116,9 мың адам 21% құрайды. 2- сурет.

 

 

2 –сурет. Еңбек базарының диаграммасы.

*ақпарат: еңбек Министрірінің және әлеуметтік қорғау тарапынан берілген мәліметтер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан-2050» стратегиясы – ауқымды істердің арқа сүйері

 

Мұнайлы ел бола тұрсақ та жанар-жағармай мәселесінің түйткілі әлі күнге шешімін таппай тұрған жайымыз бар екені рас. Мейлі, тұтыну тұрғысынан халықаралық талапқа сай икемделсек те, әлемдік мұнай бағамының әсері біздегі мұнай өнімдерінің кей жағдайда арзандауына ықпал етуі тиіс еді. Жоқ, бізде маусым сайын және халықаралық талаптарға сай жанар-жағармайдың бағасы тек бірыңғай өсу үстінде.

Биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы осы мәселенің нүктесін қою туралы арнайы тоқталып өтті. Халықтың да күткені, көксегені сол болатын. Осы ретте өз мұнайымыздан алынған өнімдердің пайдасын халық қайтсе көреді деген сауал төңірегінде ардагер мұнайшы, Кеңес одағының кезінде бірқатар жылдар бойы «Маңғыстау-Мұнай» өндірістік бірлестігін басқарған, 1992-1995 жылдар аралығында Энергетика және табиғи ресурстар министрінің Мұнай және газ шаруашылығы бойынша бірінші орынбасары қызметін атқарған, «Халықтар Достығы», «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, КСРО-ның құрметті мұнайшысы һәм өзінің бар саналы өмірін мұнай өндіру саласына арнаған қайраткер Нұрлыхан БЕКБОСЫНОВПЕН әңгімелескен едік.

Еліміз  мұнай мен газдың қоры жөнінен дүние- жүзінде ондыққа кіретін бірде-бір ел. Сонымен қатар, Орталық Азия аумағындағы шикі мұнайды ең көп өндіретін ел ретінде де алдыңғы қатарда. Биылғы жылдың жоспарына сай Қазақстан 80 миллион тоннадан астам мұнай өндіруге тиіс. Мұның бәрі еліміздегі 172 мұнай кен орнының 80-нен аса нүктесінен өндірілуде. Бұл көрсеткіш жыл санап өсіп отыр.

Біздің мұнай тұтынушыларға 3 түрлі әдіспен тасымалдануда, олар – Өзен, Атырау-Самара-Каспий, мұнай құбыры (КТК) арқылы және Атасу-Алашонкау мұнай құбыры арқылы, Ақтау порты арқылы теңіз тасымалы және теміржол торабы бойынша.

Қазақстанда 3 мұнай өңдеу зауыты бар. Олар – Атырау мұнай өңдеу зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары. Қазіргі кезде бұл зауыттардың өнімдері сапасы төмен, мұнай өңдеу қондырғылары тозған, ескі, сондай-ақ, мұнай өнімдерін өндіру тереңдігі 65-68 пайыздан аспайды, сол себепті де мұнай өнімдерінің сапасы халықаралық стандартқа сәйкес емес. Салыстырмалы түрде айтсақ, мәселен, АҚШ пен Еуропа елдерінің мұнай өндіру тереңдігі 87-92 пайыз және сапасы да жоғары.

Қазақстан жыл сайын 80 миллион тоннадан аса мұнай өндіріп отырса да елімізде жанар-жағармай жетіспеушілігі, баға тұрақсыздығы, тіпті, әлемдік нарықта мұнайдың бағасы төмендесе де бензиннің қымбаттауы мен сапасыздығы толастамай тұр. Бұл, сөз жоқ, еліміздің экономикасының өсіп, өркендеуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына кері әсерін тигізбей қоймайды.

Жанар-жағармай проблемасындағы келеңсіз жағдайлардың себебі, меніңше, мынада, біріншіден, еліміздегі 3 мұнай өңдеу зауыттарының әбден тозығы жеткендігінен және мұнай өндіруші компаниялар үшін мұндай ескі зауыттарда мұнай өңдегеннен оны экспортқа шығарып сатқан тиімдірек. Екіншіден, Павлодар мен Шымкент мұнай өңдеу зауыттары Кеңес өкіметі кезінде Ресейдің Батыс Сібір мұнайына икемделіп салынғандықтан, құбырлар Ресей тарабына тартылған да, Қазақстанның мұнай кен орындарымен байланыстыратын құбырлар жоқ. Кейін егемендік алған соң Ресей жағынан келетін мұнай көлемі азайды да, бұл екі зауытқа мұнай көлемінің толық жетіспеуінен оның нарыққа әсері артып отыр. Үшіншіден, елдегі жанар-жағар- май тұтынатын техниканың артуы және төртінші себеп – қажетті мұнай өнімдерін сырттан әкелу болып отыр. Сондай-ақ, бесінші себеп – республикамызда көпке дейін жанар-жағармай проблемаларын реттейтін, олардың бағаларын бір жүйеге келтіретін заңның болмауы.

Айта кетейік, соңғы жылдары Үкімет, Мұнай және газ министрлігі, Қазақ ұлттық мұнай-газ компаниясы және «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры бірлесіп республикадағы 3 мұнай зауытын жаңғырту жөнінде кең қамтылған үлкен жоспар жасап, оны қаржыландыру ісі қарастырылып жатыр. 2011 жылы 20 шілдеде Үкімет №463-IV «Мұнай өнімдері айналымы мен өндірудің мемлекеттік реттеуі туралы» қаулы қабылдаған еді. Әрине, бұл шаралар ел экономикасының өркендеуіне сөзсіз оң әсерін тигізері хақ.

Алайда, Павлодар мен Шымкент мұнай өңдеу зауыттарының еліміздің мұнайлы кен орындарынан шалғай орналасуы елдегі жанар-жағармай проблемасын түпкілікті шеше алмайды. Сондықтан да бұл мәселені толығымен шешу үшін мұнай кен орындары шоғырланған аймақтарға жақын әрі Қазақстан мұнайының физика-химиялық құрамына сәйкес, қазіргі талаптарға сай мұнай өңдеу қондырғыларының жетістіктерін толық пайдалана отырып жаңа 1-2 зауыт салу қажет.

Оның үстіне мәселені көп ұзартпай тиімді шешудің бірден-бір жолы – Одақ тарқамас бұрын құрылысы басталып, кейінірек тәуелсіздік алған тұста уақытша тоқтап қалған Маңғыстау мұнай өңдеу зауытының құрылысын қолға алу. Маңғыстау мұнай өңдеу зауыты 80-жылдардың аяғында, Маңғыстау облысының солтүстігінен, дәлірек айтқанда, Бозашы түбегінен сол кездері ашылып іске қосыла бастаған Қаражанбас, Қаламқас, Қаражанбас-море, Солтүстік Бозашы, Солтүстік Қаражанбас, Жалғызтөбе, тағы басқа кен орындарынан өндірілген мұнайдың физикалық-химиялық құрылымы мен құрамында ванадий, никель секілді сирек кездесетін метандардың болуы, оны одақтың мұнай өңдеу зауыттары дұрыс өңдей алмайтындығына байланысты салуға шешім қабылданған.

Сол кездері Маңғыстауда ашылған үлкен кен орындарынан өндірілетін мұнайдың физика-химиялық ерекшеліктері ескеріліп, оларды тиімді пайдаланудың бірден-бір жолы сол жерден мұнай өңдеу зауыттарын салу екендігі дәлелденген еді. Бұл мәселе сол кездегі биліктің алдына қойылып, Маңғыстау мұнай өңдеу зауытын салуды жан-жақты дәлелдейтін техника-экономикалық жобасы дайындалып, оң шешімін тапқан-ды. Сол жылдары бұл мәселені шешуде Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалы болып, зауыт құрылысы сол кісінің тікелей бақылауында болған. Өкінішке қарай, қарқынды жүріп жатқан құрылыс жұмыстары 1994 жылы алғашқы дағдарысқа байланысты уақытша тоқтатылған еді.

Бұл кезде зауыттың сыртқы коммуникациясының бірқатары салынып, Маңғышылақ стансасынан зауытқа дейін 32 шақырымдық теміржол, энергокомбинаттан жоғары кернеулі электр торабы, автожол, бірнеше корпус секілді керекті құрылымдар дайын болған.

Тағы бір ескерер жайт, Маңғыстау мұнай өңдеу зауытының құрылысы Ақтау қаласының солтүстік-батыс жағында қаладан 43 шақырым қашықтықта орналасқан. Мұның тиімділігі – Маңғыстау, Атырау облыстарында жылдың үштен екі бөлігінде жел тек шығыстан соғады, сол себепті де бұл жоба экологиялық тұрғыдан да өзінің тиімділігімен құнды еді. Оның үстіне зауыттың орналасқан жері кен орындарының құбырларына да жақын. Міне, содан бері 20 жыл уақыт өтті. Сол зауыт бүгінгі еліміздегі жанар-жағармай проблемасын түбегейлі шешуге көп ықпал ететін тиімді жоба ретінде әлі де өз құндылығын жоймай тұр деп білемін.

Зауыттың қуаты 6 миллион тонна мұнайды өңдеп, мұнай айыру тереңдігі 92 пайыз болатын. Сонымен қатар, зауыттан халықаралық стандарттарға сай келетін өніммен қатар мұнай өнімдерінің керекті номенклатураларының барлығын өндіріп, сапалы жол салуға қажетті битум алуға да болатындығы дәлелденген еді.

Егемен еліміздің экономикасын мұнай өнімдерімен қамтамасыз етудегі проблемаларды түпкілікті шешудің тиімді жолы қазіргі техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, Қазақстанның мұнайлы аймақтарында мұнай өңдеу зауыттарын салу. Бұл қадамның маңызды екенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің биылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын Жолдауында да баса айтты. Егер біз Мемлекет басшысының алға қойып отырған міндеттерін, оның ішінде мұнай өңдеу зауытына қатысты тапсырмасын тыңғылықты орындаймыз десек Маңғыстау мұнай өңдеу зауытының құрылысын жалғастырып, қысқа мерзімде іске қосу арқылы уақыттан да, қаражаттан да ұтарымыз көп болар еді.

– Маңғыстау экологиялық тұрғыдан проблемалы аймақ. Осыған орай кезінде Маңғыстау мұнай өңдеу зауытын салатын орын жан-жақты зерттеліп, дәлелденген, оның құрылысына сол кездің өзінде қыруар қаржы жұмсалған. Маңғыстау мұнайының құрамына байланысты туындайтын проблемаларды шешу мақсатында сол жерден зауыт салып мұнай өнімдерін шығару мәселесі көтерілген еді, бұл жағдай әлі де бар.

Маңғыстаудың үлкен мұнай кен орындары ашылғанына да біраз жыл болды. Бұл кен орындары пайдаланудың соңғы сатыларында жүріп жатыр. Жетібай, Өзен кен орындарының пайдалануға берілгеніне де 50 жылдай уақыт болды. Қаражанбас, Қаламқасқа 30-35 жыл. Сондықтан бұл кен орындарынан мұнай өнімдерін алу жыл сайын қиындай береді, сол себепті өзіндік құны да арта түспек. Өндірілетін мұнайдың көлемі азайған сайын облыстың да экономикасы келешекте төмендей түседі. Сол себепті, өндірілетін мұнайдың бір бөлігін жергілікті жерден өңдеп сыртқа тасымалдау арқылы мұнайлы аймақтың экономикасын көтеруге болады.

Қазақстанның батысындағы мұнай кен орындарының қоры жеткілікті. Сондықтан да, бұл аймақта мұнай айыру зауыттарына берілетін мұнай көлемі жөнінен ұзақ уақыттар бойына проблема туындамасы анық, оның үстіне Маңғыстау мұнай өңдеу зауытына елдің батысында ашылған кез келген мұнай кен орындарынан өндірілген мұнайды құбыр арқылы тасымалдауға болады.

Маңғыстау мұнай өңдеу зауытын салғанда республиканың ішкі және сыртқы тұтынушыларына жеткізу мәселесі жан-жақты дәлелденіп салынған болатын. Оның үстіне егемендік алғаннан кейін Маңғыстау мен Түркіменстан арасында салынып, қазірде пайдалануға берілген теміржол жүйесі бұл мәселе тұрғысында проблемалар туындамайтындығына кепіл болып отыр.

Маңғыстаудағы үлкен кен орындарының мұнай өндіру мүмкіншіліктері жыл сайын азайып келеді. Жаңа кен орындарының әзірге ашылмауы облыстағы жұмыссыздық проблемасын арттыра түспек. Осы жағдайда Маңғыстау мұнай өңдеу зауыты мыңдаған жұмыс орнымен елді қамтамасыз етеді.

– Тағы бір тиімді ұсыныс, Маңғыстау мұнай өңдеу зауытын Ақтау қаласының маңында ғана емес, Жаңаөзен қаласынан да салуға болады. Өткен ғасырдың 70-жылдарының басында Жетібай-Өзен кен орындарының кең көлемде іске қосылуына байланысты мұнаймен бірге өндірілетін ілеспе газдың да үлесі үлкен болды. Ол ілеспе газды өңдеп, Өзен-Жетібай кен орындарында мұнай өндіру әдістерінің бірі газлифті жұмысына пайдаланып, артығын Ақтаудағы жылу электрстансаларына беретін. Осы ілеспе газды тиімді пайдалану үшін қазақтың газ өңдеу зауыты іске қосылған еді. Ол зауыттың қуаты 1,5 миллиард текше метр газ өңдейтін. Кейінгі жылдары Өзен-Жетібай кен орнынан өндірілетін мұнай көлемінің азаюына байланысты, өндірілетін мұнайдың құрамында судың көбейіп кеткендігінен осы ілеспе газдың үлесі азайды. Газ өңдеу зауытына берілетін газдың көлемі азайып, сонымен қатар, газ зауытының жұмыс қарқыны да төмендеп кетті. Осы себепті, газ зауытында жұмыс істейтін жұмысшылардың да келешегі бұлыңғыр болып тұр. Жұмыссыздық көрсеткіші жыл санап көбеюде. Осы орайда Жаңаөзен қаласындағы жұмыссыздық проблемасын ескере отырып, жобалау институттарын қатыстыру арқылы газ өңдеу зауытын жаңғыртып мұнай өңдеу зауытына ауыстырудың жолдарын да қарастырса артық болмас еді. Себебі, бұл мәселе оңды шешілетін болса, жұмыс жасап тұрған газ зауыттың бүкіл инфрақұрылымы мен инженерлік коммуникациясын пайдалану арқылы жаңадан салынатын мұнай өңдеу зауытына жұмсалатын қаржы шығынын едәуір азайтар еді.

Информация о работе Қазақстандағы жұмыссыздық жағдайының анализі және оларды қысқарту жолдарының шешімдері