Ұста цех өндірісінің экономикалық тиімділігін есептеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 09:48, курсовая работа

Краткое описание

Сол мүліктердің қатарындағы негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын өзінің бастапқы түрін, көлемін сатай отырып, құнын шығарылған амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
Берілген курстық жұмыстын негізгі мақсаты болып ұста цех өндірісінің экономикалық тиімділігін есептеу болып табылады.
Біздің Республикамызда электроэнергия саласының дамуын жаксы болашақтарын шарттайды. Бұл ретте оның экономикалық қанаушылығы қамтамасыздану керек, ал оның құрылыстық және жобалық жұмыстары жоғары өнімді болуы тиіс. Арада осы байланыста электроэнергия өндірісінің тиімділігі есебі және технико-экономикалық бекеттің көрсеткіштерінің ең көмейкесті болып табылады.

Содержание

Кіріспе 3
1. Негізгі өндірістік қорлар
1.1 Негізгі өндірістік қор түсінігі 4
1.2 Негізгі өндірістік қордың мәні мен мағынасы 7
1.3 Негізгі өндірістік қордың түрлері 9
2. Ұста цех өндірісінің экономикалық тиімділігін есептеу
2.1 Кәсіпорынның ішкі электр қамтамасыздандыру құныны, смета 10 шығынның есебі
2.2 Еңбектің жоспар қорытындысы 11
2.3 Электрошаруашылықтың жөндеуіне және қызмет көрсетуіне кеткен еңбекақының жоспарлы қорын есептеу 12
2.4 Жыл ішіндегі әлеуметтік алым шығынын есептеу 14
2.51кВт*сағ-та пайдалы қолданылған энергияның ішкәзауыттағы өзіндік-құнын анықтау 15
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экономика1.doc

— 245.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

 

Кіріспе                                                                                                                       3

1. Негізгі өндірістік қорлар

1.1 Негізгі өндірістік қор түсінігі                                                                           4

1.2 Негізгі өндірістік қордың мәні мен мағынасы                                               7

1.3 Негізгі өндірістік қордың түрлері                                                                    9

2. Ұста цех өндірісінің экономикалық тиімділігін есептеу

2.1 Кәсіпорынның ішкі  электр қамтамасыздандыру құныны, смета               10 шығынның  есебі

2.2 Еңбектің жоспар қорытындысы                                                                    11

2.3 Электрошаруашылықтың жөндеуіне және қызмет көрсетуіне кеткен еңбекақының жоспарлы қорын есептеу                                                              12

2.4 Жыл ішіндегі әлеуметтік алым шығынын есептеу                                      14

2.51кВт*сағ-та пайдалы қолданылған энергияның ішкәзауыттағы өзіндік-құнын анықтау                                                                                                       15

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ.

 

Кәсіпорынның  ең басты белгісі -  оның шаруашылықты жүргізудегі немесе шұғыл, оперативті басқарудағы арнайы мүліктерінің, белгілі бір меншігінің болуы. Сол мүліктердің болуы кәсіпорынның жұмыс істеуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық дербестігі мен беріктігін қамтамасыз етеді. Анықталған түрдегі мүліксіз шағын кәсіпорын да, орта кәсіпорын да, ірі кәсіпорындар да өз істерін, алға қойған мақсаттарын жүзеге асыра алмайды.

Сол мүліктердің  қатарындағы негізгі құралдар деп  өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын өзінің бастапқы түрін, көлемін сатай отырып, құнын шығарылған амортизациялық  аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Берілген курстық жұмыстын негізгі мақсаты болып ұста цех өндірісінің экономикалық тиімділігін есептеу болып табылады.

Біздің Республикамызда  электроэнергия саласының дамуын жаксы  болашақтарын шарттайды. Бұл ретте  оның экономикалық қанаушылығы қамтамасыздану керек, ал оның құрылыстық және жобалық жұмыстары жоғары өнімді болуы тиіс. Арада осы байланыста электроэнергия өндірісінің тиімділігі есебі және технико-экономикалық бекеттің көрсеткіштерінің ең көмейкесті болып табылады.

Кез келген кәсіпорынның басты міндеттердің бірі – жалпы қоғамдық өндірістің сапасы мен тиімділігін жоғарылату және капитал алымдары мен негізгі  қорларды  қайтарымын  үлкен  көлемде  ұлғайту,  себебі,  олар  елдің өндірістік  күштердің  құрама  бөлігі,  материалдық  базасы  болып  табылады.

Негізгі қорларға  жататын  негізгі  құралдар  пайдалану  дәрежесіне  қарай  келесі  негіздемелерге  бөлінеді: пайдалану түріне, запасты (резервті) құру түріне, құрастыру, құрылу  кезеңдеріне, қайта құрастыру, модернизация  және  бөлшекті  ликвидация  кезеңдеріне  қарай  бөлінеді.

Курстық жұмыстың бірінші бөлігінде негізгі өндірістік қорлар жайлы жазылса, ал екінші бөлімде ұста цех өндірісінің жобалық экономикалық тиімділігін есептейміз.

 

 

 

 

 

 

1 Негізгі өндірістік қорлар

 

1.1 Негізгі  өндірістік қор түсінігі

Кәсіпорынның  бірқалыпты функционалды жұмыс істеуі, ең алдымен, қолда бар керекті еңбек құралдары мен көздерінің болуымен тығыз байланысты. Осындай  құралдардың  көзі ретінде  негізгі  қорларды жатқызуға  болады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік үрдісінің үзіліссіз жүзеге  асырылуы  тек  қана  негізгі  қорлардың  іс  жүзінде  ықпалыменен болады.

Негізгі қорлар – өндіріс процесіне бірнеше  рет қатысатын, өзінің   бастапқы құнын сақтай отырып, дайын өнімге біртіндеп ауыстыратын өндірістік қорлардың бір бөлігі.

Экономикалық  әдебиеттерде негізгі өндірістік қорлардың  анықтамаларының бірнеше түрлері көрсетіледі. Соның ішінде кеңінен таралған  нұсқаларын ұсынуға болады: кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – еңбек құралдарының құндылық  белгісі. Негізгі қорларды басты белгісі сыртқы нысанын өзгертпейді және өнімге өзінің құнын біртіндеп ауыстырады: өндірістік циклдардың  қатарының өтуімен немесе бөліктермен, тозу мөлшеріне қарай ауыстырады. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбек құралдары болып табылады, олар  көптеген  өндірістік  циклдарда қатысады, өздерінің натуралды нысанын сақтай отырып, тозу көлеміне қарай дайын өнімге құнын біртіндеп ауыстырады. Негізгі қорлар – еңбек құралдарының құндылық сипаты болып табылады.  Негізгі  құралдардың  басты  белгісі  оның  өз  құнын дайын  өнімге  біртіндеп  көшіру, яғни өндірістік циклдардың қатарлы ағымы мен тозу көлеміне  байланысты. Негізгі қорлар – кәсіпорынның өндірістік материалдық-техникалық базасы   болып  табылады.  Олардың   көлемі  кәсіпорынның   өндірістік   қуаты   мен   еңбектік  техникамен   қарулану  деңгейіне  байланысты болады. Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне, қолданылып жүрген  топтастыруына  қарай  негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік  емес объектілер кіреді. Өндірістік бағыттағы негізгі қорларға:өнеркәсіп, құрылыс, ауыл  шаруашылығы, автомобиль көлігі, байланыс, сауда, ғимараттар, ұрылыстар, машиналар,  жабдықтар  мен  басқа  да еңбек құралдары жатады.

Олар  өндірістік процеске  тікелей  қатыспайды,  бірақ  олар  жұмысшы  күшін ұдайы өндіруге қажетті жағдай жасай отырып, оның нәтижесіне жанама  әсер етеді.

Негізгі қорлар алдына қойған мақсаты мен атқаратын қызметіне қарай мына топтардан  тұрады: үйлер, ғимараттар, өткізбелікетіктер  Күш машиналар жұмыс машиналарымен жабдықтар, есептеуіштехникалары және олардың бағдарламалық құралдары, тасымалдау құралдары, құрал-саймандар мен жабдықтар, Өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтары, өнім және жұмыс малдары, көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер;  Кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері және басқа да негізгі қорлар деп бөлінеді. Басқа негізгі қорлардың құрамына техникалық кітапханалар, өрт сөндіретін  шаруашылық құралдары  және т.б. кіреді. Негізгі қорлар топтарының аталғандардың барлығы өндірістегі және тиімділігін  көтеру маңызы әрқалай болады.  Негізгі қорлардың белсенді  бөлігі  өндірістегі  еңбектің  техникалық  қарулану  деңгейіне  тікелей байланысы бар, яғни олар жұмыс машиналары, құрал-жабдықтар, көліктік құралдар және құрал-саймандарды пайдалану өнімділік пен тиімділіктің сапасы  және көлеміне үлкен  әсерін тигізеді. Өндірістік қорлардың басқа бөліктері өндіріс үрдісінде жанама қатысады (өткізбелік тетіктер), олар машиналар мен құрал-жабдықтарды пайдалануда қажетті жағдайлар ұйымдастырады, себебі, машиналар өндіріс процесінің тірегі болып табылады. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базаның деңгейі негізгі қорлардың белсенді бөліктерінің саны мен сапасына қарай анықталынады.

Меншіктік қатынасына қарай қорлар өзіндік және уақытша жалға алынған болып бөлінеді. Өзіндік қорлар кәсіпорынның меншігіндегі қорлары болып табылады, ал жалға алынған қорлар басқа кәсіпорындардың меншігіндегі қорлар болып есептелінеді және нақты кәсіпорын келісімшартқа сәйкес пайдаланады. Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сыйымдылығының төмендеуі негізгі қорларды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше көрсетеді. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың жүктеме деңгейлерін, әсіресе олардың активтік бөлігін арттыру, қорларды жаңарту, үдемелі жабдықтарды, қазіргі технологияны, билікті қызметкерлерді пайдалану қажет. Сонымен бірге, негізгі қорлардың қандай деңгейде пайдаланатынын, жалпы  және жеке көрсеткіштер арқылы  есептеп шығаруға, өзгерістердің  пайда болу себептерін зерделеуге, өнім өндірісінің көлеміне, басқа көрсеткіштерге негізгі қорлардың қаншалықты ықпал ететінін есептеуге, кәсіпорынның  және  құрал-жабдықтардың  өндірістік  қуаттылығының пайдалану дәрежесін зерттеуге, негізгі құралдардың тиімді пайдалану резервтерін  шығаруға  экономикалық  талдаулардың   тиімділігі  зор. Талдау  жасау  әдетте  негізгі  қорлардың  көлемін,  олардың  динамикасы мен құрылымын зерттеуден басталады. Біз айтып кеткендей, қорлар  өндірістік  және  өндірістік  емес  болып  бөлінеді. Кәсіпорындардағы өндіріс тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының  бірі – негізгі  қорлармен  қамтамасыз  етілуі,  олардың  керекті мөлшерде,  ассортиментте  және  толықтай пайдалануы күтіледі. Кәсіпорынның  өндірістік  қуатын  өндірістік   қорлар  анықтайды, әсіресе, белсенді бөлігін (жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтар) және енжар бөлігін де ерекшелеу керек. Сонымен бірге, бөлек топтарды өзіндік қызметі бойынша (өндірістік бағыттағы ғимарат, қоймалар, жұмыс машиналары мен күш машиналары, жабдықтар, өлшеуіш приборлар мен құралдар, көлік құралдары және т.б.) бөліп көрсетеді. Мұндай детализация құрылымды оптимизациялау негізінде пайдалану тиімділігін жоғарылату резервтерін шығарып көрсетуге қажет болады. Келесі талдау жасаудың қадамы – кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуі зерттеледі. Машиналардың кейбір түрлерімен, механизмдерімен,  құрал-жабдықтармен,  ғимараттармен  қамтамасыз  етілуі өнім  өндірісінің  нақты  көрсеткішінің  және  жоспарлы  көрсеткішінің салыстыру  қажеттілігімен орындалады. Қормен қарулануы және техникалық қарулануы кәсіпорынның негізгі өндірістік  қорларының деңгейін, жалпы өнімі көрсеткіштерін қамтамасыз етілуі  еңбектің  қормен қарулануы мен техникалық қарулануы болып табылады. Жалпы еңбектің қормен қарулануы орташа жылдық өндірістік қорлардың құндылығының ең көп ауысымдағы ортатізімдік жұмысшылар санына  қатынасы  болып  есептелінеді.

Еңбектің  техникалық  қарулану деңгейі өндірістік жабдықтардың ең көп ауысымдағы ортатізімдік жұмысшылар санының қатынасымен анықталынады. Оның өсу қадамы еңбектің өнімділігінің  жоғарылауымен сәйкес болады. Еңбек  өнімділігінің өсімі еңбектің  техникалық  қаруланумен салыстырғанда ілгерілеу қозғалуы кәсіпорын  үшін  тиімді болып есептелінеді. Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін жоғарылатуға бағытталған нақты жобаларды жасап шығаруды ұйымдастыру үшін соңғы жылдарда   қандай   деңгейде   пайдаланғаны  туралы  толық  талдаулар жасалуы қажеттілігін туғызады. Осы үрдіс кезеңінде өндірістік қорларды пайдаланудағы кемшіліктерді тауып, оларды шешу жолдарын анықтау қажеттілігі пайда болады. 

Талдау  жасау барысында негізгі қорлардың құрамы мен құрылымы анықталып, олардың тозу деңгейін, пайдалану тиімділігін ашып көрсетіледі.

Негізгі өндірістік қорлардың нәтижелілігін арттырудың аса маңызды факторларының  бірі – жабдықтардың  пайдалануын  жақсарту. Ол үшін олардың  жұмыссыз  тұрып  қалуын  азайту,  ауыстыру коэффициентін көбейту жолымен  қол жетеді. Негізгі қорларды пайдалану мерзімі (қызмет ету мерзімі) өндірістік процесс  барысында  техникалық  прогресс  жағынан  да, негізгі қорлардың жаңа түрлерін жасауға кететін тиімділігі жоғары капитал салымдарын пайдалану жағынан да маңызы зор болады.

 

1.2 Негізгі  өндірістік қорлардың мәні мен  мағынасы.

Негізгі қорлардың кез  келген объектісі табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі сөйтіп өз функциясын орындауға мүмкіндіктері болмайды. 
Негізгі қорлардың табиғи тозуы деп - жөндеу, қайта өңдеу, жаңарту арқылы қалпына келуін айтады. Сапалық тозуы деп - ескірген негізгі қордың өзінің үнемділік, өнімділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоюын айтады. Кәсіпорынның негізгі міндеті болып – ол негізгі қорлардың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу табылады, себебі: олардың табиғи және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорын жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады. Негізігі қорды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығында қайта өндіру жағдайына байланысты бірнеше түрі болады:

Негізгі қордың бастапқы құны – қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге кеткен шығындардың жиынтығы.

Қайта өндіру құны – негізгі қордың қайта өндіруге кеткен шығынның жиынтығы.

Қалдық құн – негізгі қордың құнынан тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны. Негізгі қорлардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді: шығарылатын өнімнің түрі, оның жалпы көлемі, Автоматтандыру және механикаландыру, мамандандыру деңгейі, кәсіпорынның климаттық және географиялық жағдайлары.

Негізгі қорлардың қолдану  көрсеткіштері үш топқа бөлінеді:

Негізгі қорларды экстенсивті  қолдану көрсеткіштері;

Негізгі қорлардың жедел  түрде қолдану көрсеткіштері;

Негізгі қорлардың интегралды қолдану көрсеткіштері;

Бірінші топ көрсеткіштеріне: құралдарды экстенсивті қолдану  коэффиценті, құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффиценті және құралдарды толық пайдалану коэфиценті жатады яғни, бұл көрсеткіштер құралдардың уақыт мөлшерінді қолданылу деңгейін көрсетеді. Екінші топ көрсеткіштері - негізгі қор нақты өнімділігін оның нормативті өнімділігіне бөлу арқылы анықталады. Үшінші көрсеткіші – құралдарды ингралдық қолдану коэфиценті құралдарды экстенсивті және интенсивті қолдану коэфицентіне көбейту арқылы анықталады және ол құралдардың уақыт және өнімділігі бойынша қолданылуын сипаттайды.

Негізгі қорлардың тиімділігін  көрсететін жалпы көрсеткіш болып қор қайтарымы есептеледі. Қор қайтарымы – бұл өнім өндіру үшін пайдаланылатын негізгі қорлардың теңгеге шағып есептегендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш. Сондай-ақ, ол өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады.

Негізгі қорларды және айналым қорларды үнемді, әрі рационалды пайдалану  әрбір  кәсіпорынның  басты  міндеттердің  біріне  жатады. Әрине,  кез  келген  кәсіпорынның  қалыпты  жағдайда  қызметі  үшін негізгі құралдармен бірге айналым құралдары қажет болады, олар ақша құралдары  ретінде  қолданылып,  негізгі  қорларды  және  айналым  қорларды сатып алуға кетеді. Кез келген кәсіпорынның басты міндеттердің бірі – жалпы қоғамдық өндірістің сапасы мен тиімділігін жоғарылату және капитал алымдары мен негізгі  қорларды  қайтарымын  үлкен  көлемде  ұлғайту,  себебі,  олар  елдің өндірістік  күштердің  құрама  бөлігі,  материалдық  базасы  болып  табылады. Негізгі құралдарының сандық өсімі мен сапалық жақсару ғылыми-техникалық прогрестің негізінде құралған болса, онда ол еңбек өнімділігінің жоғары қарай өсуінің шешуші қадамы ретінде есептеуге болады.

Негізгі  құралдардың  құрылымы  бойынша  барлық  негізгі  қорлардың жалпы  құндылығының  үлес  салмағы  ретінде  анықта-лынады.

Негізгі қорлардың сыныптамасы, құрамы мен құрылымы бойынша талдап, олардың жұмыс істеуге жарайтын қалыпта сақтау және тиімді пайдалануын қарастырамыз.

Кәсіпорын  негізгі  өндірістік  қорлар бойынша  шаруашылық айналымын  жүргізу үшін  мынадай  сатылардан  тұрады: негізгі қордың тозуы, амортизация, негізгі қорды  толық  қалпына  келтіру  үшін жинақталған қаражаттар, капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары. Кәсіпорынның  және басқа да  әр түрлі салалардың  негізгі қор құрылымы  мынадай факторлармен  анықталады: өндірілген өнімнің көлемі мен сипаты, өндірістің техникалық деңгейі, мамандыру және т.б.

Информация о работе Ұста цех өндірісінің экономикалық тиімділігін есептеу