Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі халықаралық ұйымдар: қалыптасуы және даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 10:15, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануын нығайту негізіндегі интеграциялық үдерістер саласындағы экономикалық қатынастарын кешенді зерттеу арқылы теориялық, практикалық, әдістемелік және оны жетілдіру бағыттарына ұсыныстар жасауды көздейді.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу талабы қойылды:
– ғаламдану үдерісін экономиканың дамуының шынайы заңдылығы ретінде зерттеу;
– интеграциялық үдерістердің генезисіне, қағидалары мен формаларына талдау жасау және олардың алғы шарттары, кезеңдері мен формаларын саралау;
- интеграциялық үдерістер дамуының макро- және мезодеңгейдегі аспектілерін анықтау;
– Қазақстанның ТМД шеңберіндегі интеграциялық қатынастарының дамуына сараптама жасау;
– интеграциялық үдерістерді басқару және алшақ экономикалық жүйе жағдайында капиталдың қалыптасуының экономико-математикалық үлгісін әзірлеуге ұсыныстар жасау; \
– ұлттық экономикалық мүдделерді ескере отырып интеграциялық үдерістердің ерекшеліктері мен нәтижелерін және Қазақстан Республикасының ЕО, ТМД, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерімен өзара сауда байланыстарын бағалау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ТМД елдеріндегі халықаралық ұйымдар.docx

— 223.89 Кб (Скачать документ)

Табиғат ресурстары.  Негізгі байлығы: топырақ - климат ресурстары, олар - жүзім, жеміс-жидек, бау-бақша шаруашылығын өркендетуге аса қолайлы.

     Халқы 4,4 млн. адам.  Басымы - жергілікті молдовандар (64%), ал орыстар және украиндықтар (сәйкес 14% және 13%) - Днепрдің сол жағындағы халықтың едәуір бөлігін құрайды, ал гагауздар- елдің оңтүстігінде басым. Халқының ең тығыз орналасқан (1 шаршы км-ге  100  адамнан  астам)  аймағы-Орталық төбелі  жазық  территориясына  тән.  Еңбек  ресурстарымен жақсы қамтамасыз етілген. Халқының басымын — 52%-ын ауыл халқы құрайды. Қала халқының үлесi — 48%.

    Экономикасы.Шаруашылығының территориялық құрылымының негізі - Орталық  аудан, ондағы өнеркәсіп орталықтары: Кишинев, Бендеры, Тирасполь.

Молдова шаруашылық салаларының кешендi құрылымында ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсiбi, машина жасау және жеңiл өнеркәсiп жетекшi орын алады.

Молдованың сыртқы экономикалық сауда айналымында импорт экспорттан басым. Молдова экономикасында сыртқы сауда маңызды орын алады. ТМД елдерiнiң iшiнде Молдованың негiзгi сауда серiктесi Ресей болып табылады. Оған ел экспортының 76%-ы, импортының 46%-ы тиесiлi. Экспортында жетекшi орында ауыл шаруашылығы өнiмдерi және оны өңдеу алады. Экспорт көлемi Молдова шарабына деген Ресейдiң сұранысына байланысты. Бiрақ қазiргi уақытта Молдова ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң экспортын басқа тауарларға ауыстыра алмауда, тауарларының онша жоғары емес сапасы, оларды басқа елдердiң рыногына өткiзуде қиындық келтiруде. Оның импортында басты орынды Ресей, Украина және Беларусь Республикаларынан келетiн энергетикалық байлықтар алады. Ал экспортында агроөнеркәсiп кешенi өнiмдерi басты орында.

Бүгiнгi Молдова экономикасы дағдарысқа ұшырағанымен, оның негiзiн агроөнеркәсiп кешенi алып, өнеркәсiппен салыстырғанда ол едәуiр дұрыстау жағдайда болып отыр.

1993 жылы елдi экономикалық тұрақтандыру бағдарламасы жасаланып, онда мемлекет экономиканы нақтылы реттеуден бас тартуы қажет болды. Меншiктi реформалаудың негiзгi құжаты “Жекешелендiру туралы” Заң болып табылады.

1999 жылы үкiмет қаржы экономикасына қатаң тәртiп енгiзiп, салық көтерiлiп, сыртқы қарызға қызмет етудiң экономикалық саясатының басымдық бағыты хабарланып, экспорт көлемi артты.

Өнеркәсіп - электротехникалық, прибор жасау, аяқ-киім, былғары, жібек тоқыма,  трикотаж және цемент өнеркәсіп салаларынан  тұрады.  Жаңа өндірістер: жасанды былғары, лак, бояу, түсті телевизор, т.б. құрылған.

Машина жасау кешенiнде трактор жасау (Кишинев), томат жинау комбайны (Бельцы), ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсiбiне жабдық шығару едәуiр орынды алады. Еңбектi көп қажет ететiн аспап жасау, электроника (Кишинев) дамыған. Машина жасау кешенiн металмен қамтамасыз ету бағытында Рыбница қайта қорыту зауыты салынған, қажеттi металдың басымын Украинадан тасымалдайды.

ОЭК – электро энергетикадан тұрады.  Днестр өзенiнде Дубоссары СЭС, Прут өзенiнде Румыниямен бiрлескен СЭС салынған (Костешты-Стынка ауданы). Днестровск қаласында Молдова ЖЭС, iрi қалаларда ЖЭО жұмыс iстейдi.

АӨК. Негізгі  мамандануы - тез бұзылатын, әрі еңбекті көп қажет ететін өнімдер: жемістер, көкөністер, жүзім, эфир майларын беретін дақылдар. Бұлар барлық республика өнеркәсібі өнімдерінің жартысынан астамын шығарады. АӨК-тің  ең  ірі  саласы -  ауыл  шаруашылығы.  Негізгі  салалары бау-бақша, жүзім шаруашылығы.

    АӨК-қа құрал-жабдықтар шығаратын салалар (бау-бақша  тракторлары, тамақ өнеркәсібіне құралдар), жергілікті қажеттіктің тек 10% ғана қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылығына тән ерекшелiк — өсiмдiк шаруашылығының басым болуы, оған жалпы ауыл шаруашылығы өнiмiнiң 70%-ы тиесiлi. Ауыл шаруашылығында экономикалық белсендi халықтың 45%-ы жұмыс iстейдi. Оның маманданған салаларына жүзiм, бау-бақша, темекi жатса, олар жүгерi, күздiк бидай сияқты дәндi дақылдармен, қант қызылшасымен, күнбағыспен ұштастырыла егiледi.Молдова жылына 2 млн т астық, 2 млн т қант қызылшасын, 1,5—2 млн т жүзiм және жемiс жинап, олардың жан басына шаққандағы өнiмiнен дүние жүзiнде жетекшi орын алады. Жүзiмнiң жалпы өнiмiнен ТМД-да Әзiрбайжаннан кейiн екiншi, ал жемiс-жидектен Украина, Ресейден кейiн  үшiншi орынды алады.

Мал шаруашылығында сүттi-еттi бағыттағы iрi қара, қой және шошқа шаруашылығы елеулi орын алғанымен, оның өнiмi халықтың қажетiн қамтамасыз ете алмайды.

Тамақ өнеркәсiбiне келсек, жергiлiктi ауыл шаруашылығы шикiзаттарын өңдеп, консервi, қант, шарап жасау, май шайқау және темекi салаларымен ерекше көзге түседi. Қант зауыттары оның егiсi мол солтүстiгiндегi Бельцы, Рыбница қалаларында орналасқан. Республика аумағында май шайқау (эфир майы, өсiмдiк майын айыру) бiркелкi таралған, негiзгi кәсiпорындары — Бельцы, Бендеры.

Жүзiм шарабы және коньяк шығару кәсiпорындары негiзгi жүзiм шаруашылықты орталық және оңтүстiгiндегi Кишинев пен Тираспольде жұмыс iстеуде.

Жеңiл өнеркәсiп тасымалды шикiзатты пайдаланып, оның тоқыма (Тирасполь), жiбек матасы (Бендеры), кiлем тоқу (Унгены), былғары аяқкиiм (Кишинев, Тирасполь) салалары едәуiр дамыған.

 Көлiктiң басты түрi темiр жол және автомобиль жолы болып табылады. Темiр жол көлiгi арқылы Молдованың ТМД және Еуропалық шетелдермен сыртқы экономикалық байланысы жүзеге асса, ал автомобиль көлiгi республика iшiлiк байланысты қамтамасыз етедi.

    

УКРАИНА (астанасы- Киев)

Украина  ТМД-ның оңтүстiк-батысында, дүниежүзiлiк сауда жолдарына шығуды қамтамасыз ететiн Қара және Азов теңiзiне тiкелей шыға алатын көптеген мемлекеттер мен экономикалық байланыс жасауға қолайлы жолдар торабында орналасқан. Ол интенсивтi ауыл шаруашылығы дамыған индустриялы республика. Жер аумағынан ТМД елдерiнiң iшiнде Ресей мен Қазақстаннан кейiнгi 3-орынды иеленсе, халқының саны мен экономикалық қуаты жөнiнен тек Ресейге жол бередi. Құрамында - Қырым республикасы бар. 

Сумен қамтамасыз ететiн негiзгi өзендерiне — Днепр, Оңтүстiк Буг, Солтүстiк Донецк және Днестр жатады. Бiрақ судың тапшылығы халқы өте жиi қоныстанған өнеркәсiптi және оңтүстiк ауыл шаруашылықты аудандарда сезiледi. Соған сай каналдар жүргiзу арқылы суды Днепрден Кривой Рог, Донбасс, Солтүстiк Қырымға тарту жүзеге асуда. Су энергетикалық байлығын беретiн өзендерiнiң ең iрiсi — Днепр.

Халқы республика аумағында бiркелкi қоныстанбаған. Халқының саны 52 млн. адам. Халқының тығыздығы  1 км2-ге орташа 100 адамнан келеді.Еңбектi көп қажет ететiн өнеркәсiп аудандарда халықтың шоғырлануы ең жоғары көрсеткiште. Басымы қала халқы (68%). Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілген, бірақ  олар біркелкі таралмаған.

Халқының ұлттық құрамы әр алуан: 75% украиндықтар және 21% орыстар,қалғанын еврейлер, беларусьтар, татарлар, молдовандар құрайды.  Орталық, батыс аудандарында украиндардың саны басым. 1994 жылдан бастап Украинада эмиграцияның артуы байқалып, оның басымы Ресей, Израиль, АҚШ және Германияға келуде. Жұмыссыздық экономикалық халықтың 0,5%-ын құрайды.

Табиғат ресурстары. Қолайлы орналасуы және қоры жөнінен - Донбасс көмір бассейні және Кривой Рог темір рудасы кендері ерекше көзге  түседі.  Керчьтің темір рудасы өндірілуде (Қырым түбегі). Марганецтің (Никополь), сынаптың, никельдің, алюминийдің,  титан,  мұнай,  газдың ірі кен орындары  бар. Ежелден химиялық шикізаттар:  ас тұзы (Донбасс), құрамы әр түрлі Сиваш тұздары, калий тұзы  (Карпат  маңы),  табиғи  күкірт  (Львов  облысы), әктас, каолин,  бор кендері өндіріледі.  Су ресурстары:  өзендері көп, бірақ олар аз сулы (ең көп сулысы - Днепр). Сондықтан су ресурстары шамалы тапшылықта.    

    Экономикасы. Өнеркәсібінде  ауыл  шаруашылығы және көлігі аса жақсы дамыған мемлекет. Мамандануы: ОЭК, мәшине жасау кешені, конструкциялық материалдар және химиялық заттар шығаратын кешен.

     Украина шаруашылығының дамуы және мамандануына қарай Донбасс-Днепр бойы, Оңтүстiк-Батыс және Оңтүстiк деп аталынатын үш экономикалық ауданға бөлiнедi. Бұл аудандар белгiлi аумақта орналасып, шаруашылық салаларының мамандануы жөнiнен елеулi айырмашылықтар жасайды.

Донбасс-Днепр бойы ауданы Украинаның шығысында орналасып, ең басты көмiр, металлургия, машина жасау және химия өнеркәсiптерi дамыған, дәндi дақыл мен техникалық дақыл өсiрiлетiн аудан. Урбандалу дәрежесi жоғары.

Оңтүстiк-Батыс аудан Украинаның батыс бөлiгiн алып жатыр. Бұл украиндардың үлесi басым аудан. Мұнда еңбектi көп қажет ететiн машина жасау өнеркәсiбi дамыған. Табиғи-климаттық жағдайы күздiк бидай, қант қызылшасын өсiруге (республиканың басты қант қызылша өсiретiн ауданы), сондай-ақ мүйiздi iрi қара және шошқа шаруашылығына қолайлы.

Оңтүстiк аудан  Қара теңiз бойы мен Қырым таулы аймағын алып жатыр. Кеме шығару мен ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың жетекшi саласы осында орналасқан. Ауыл шаруашылығында дәндi дақылдар, күнбағыс, эфир майлы дақылдар, көкөнiс, жемiс және қой шаруашылығы маңызды орын алады.

Украинаның сыртқы байланысының басымы ТМД елдерiне келедi. Бұл байланыста импорт экспорттан басым. Импортында 1-орында энергия көздерi, одан соң түстi металдар, синтетикалық каучук, ағаш сүрегi, тiлiнген ағаш, жеңiл өнеркәсiп бұйымдары тұр. Украина экспортының басымы таяу шетелдерге шығарылып, онда халықтың тұтыну заттары, қара металл прокаты, автомобиль, құбыр, ферроқорытпа негiзгi орынды алады. Сыртқы байланысының басымы Ресей, Түрiкменстан және Литва мемлекеттерiне келедi. Алыс шетелдермен байланыста экспорт импорттан басым.

 Қазақстан мен Украинаның экономикасы бiрнеше жыл бұрын бiртектес халық шаруашылығы өмiр сүрiп тұрған кезде-ақ терең байланыста болатын. Украинаға бiздiң елiмiздiң экспорт көлемiнiң 3%-ы, импортының 4%-ы келедi.  Қазақстанның Украинаға беретiн негiзгi тауарлары мұнай, метан, тас көмiр және астық.

Украинаның энергетикалық дағдарысы өзiнiң мұнай және газды импорттау географиясын кеңейтудi қажет етедi. Энергетикалық шикiзаттармен негiзгi қамтамасыз етушi елдiң бiрi — Қазақстан. Қазақстанның көмiрсутектерiн пайдалана отырып, Украина энергоресурстарға деген қажетiнiң үштен бiрiн жаба алады.

Қара металлургия Украина шаруашылығының жоғары дамыған саласы. Кокстелiнетiн көмiрдiң және темiр кенiнiң iрi қорларының болуы мұнда қуатты қара металлургия базасын, сонымен бiрге металды көп қажет ететiн машина жасауды дамытуға мүмкiндiк бередi. Украина аумағында қара металдың iрi қоры, яғни дүниежүзiлiк темiр кенi қорының 10%-ы, марганецтiң 40%-ы шоғырланған. Қара металлургия — Донецк (Донецк, Макеевка, Авдеевка), Днепр бойы (Кривой Рог, Днепропетровск, Днепродзержинск, т.б) және Азов бойындағы (Мариуполь) толық циклдi қара металлургия комбинаттары тобымен әйгiлi. Экономикалық жағдайдың қиындығымен байланысты болат балқыту азаюда.

Түстi металлургияның дамуы төмендеп, ол титан, магний, алюминий (Запорожье), мырыш (Константиновка), никель (Кировоград обл), сынап (Горловка) балқытуға негiзделген, ал ол меншiктiң түрлi формасына жататын 34 кәсiпорындардан тұрады. 

Украинаның қуатты металлургиясы металды көп қажет ететiн машина жасаудың базасы болып табылады. Соған сай металлургиялық жабдық Крамоторск, Днепропетровскiде, кен-шахта жабдықтары —  Горловка, Донецкiде, энергетикалық машина шығару Харьков қаласында орналасқан. Мамандардың және шикiзаттың болуы көлiктiк машина, яғни тепловоз (Луганск), электровоз (Днепропетровск), жүк вагоны (Кременчук) және автомобиль (Запорожье, Кременчуг) шығаруға мүмкiндiк бередi.

Химия өнеркәсiбi көмiр-металлургия өнеркәсiптерiмен тығыз байланыста дамиды. Шикiзат ретiнде химия өнеркәсiбi ас тұзы, фосфорит, көмiр, мұнай мен табиғи газды пайдаланады. Табиғи газды пайдалану негiзiнде Лисичанск, Ровнада азот тыңайтқышы, Карпат етегiнде калий тұзы негiзiнде Калуш калий тыңайтқышы, сондай-ақ жергiлiктi фосфорит және тасымалды шикiзатта Одесса, Винница, т.б. суперфосфат зауыттары жұмыс iстейдi. Украинада 6 мұнай өңдеу зауыты бар (Кременчук, Дрогобыч, Лисичанск, Херсон, т.б). Бұл кәсiпорындардың жылдық қуаты 62 млн т мұнай өңдеуге жетедi, ал Украинаның мұнай өндiру мөлшерi 4,2 млн т. Сондықтан мұнайдың басым бөлiгi Ресей, қалғаны Қазақстан, т.б. елдерден келедi.

        Конструкциялық материалдар шығару жөніндегі кешен: қара металлургия - Донбастың кокстелетін көмірі мен Донецк, Азов бойы және Днепр бойы темір рудалары кен орындарының қолайлы үйлесімді  орналасуы  негізінде пайда болды.

       ОЭК. Өнеркәсiптiң басты саласы болып, Украинада көмiр, мұнай және табиғи газ өндiрiледi. Донбасс бассейнiне ТМД елдерiнде өндiрiлетiн көмiрдiң жартысы тиесiлi. Көмiр өндiру көлемiнен Украина дүние жүзiнде алғашқы он елдiң iшiне кiредi (80 млн т). Украина газды тұтынудан Ресей, АҚШ-тан кейiн 3-орынды алады. Соңғы жылдары Украинада көмiр және табиғи газды өндiрудiң мөлшерi экономикалық жағдайдың қиындықтарымен байланысты төмендеуде. Мұнай мен газдың жеткiлiктi қорының болмауы, Украина экономикасының дамуына айтарлықтай әсер етiп отыр. Ресеймен экономикалық байланыстың күрделенуi Украина экономикасына әсер етуде. Соған қарамастан Ресей Украинаға мұнай мен табиғи газ шығаратын ел. Табиғи газ, сонымен бiрге Түрiкменстаннан да тасымалданады.

           Негізі - көмір (көмір өнеркәсібінің басты ауданы -  Донбасс), сондай-ақ газ, мұнай (Кременчуг, Херсон, Одесса). Электроэнергия - СЭС, ЖЭС, АЭС өндіріледі.  Чернобыль АЭС-дағы  қайғылы  оқиға салдарынан кәзіргі кезде көптеген АЭС салу тоқтатылған. 

    АӨК. Салаларының мамандануы:  астық, техникалық дақылдар және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдары: астық дақылдары, жүгері,  күріш,  бұршақ тұқымдастар,  қант қызылшасы,  сондай-ақ көкөніс,  бау,  жүзім шаруашылықтары. Мал шаруашылығы: ірі қара мал шаруашылығы (барлық жерде), шошқа шаруашылығы (дала аймағы).

Украинаның өнеркәсiбi интенсивтi дамыған ауыл шаруашылығымен ұштасады. Агроөнеркәсiптi кешенге жалпы қоғамдық өнiмнiң 40%-ы ұлттық табыстың жартысынан астамы және негiзгi өндiрiстiк қордың 30%-дан  астамы тиесiлi. АӨК құрамына халық шаруашылығының 100-ден астам салалары және сала тармақтары жатады. Қазiргi уақытта аграрлық сектор Украинаның ұлттық экономикасын тұрақтандыруға және қайта жаңартуға бағытталған жетекшi саласы болып табылады. Ауыл шаруашылығына жарамды  жердiң 80%-ы жыртылған жер, бұл жөнiнен дүние жүзiнде 8-орында.Жалпы беретiн өнiм көлемi жөнiнен өсiмдiк пен мал шаруашылығы арақатынасының теңдiгi байқалады.

Сонымен Украинаның басты дәндi дақылдарына күздiк бидай, жүгерi, арпа, ал техникалық дақылдарына қант қызылшасы мен күнбағыс жатады. Су тапшылығы, Украинаның оңтүстiгiнiң ылғалмен жеткiлiксiз қамтамасыз етiлуiне қарай едәуiр аймағы суландыруды қажет етедi.

Тамақ өнеркәсiбi қант, консервi, ет, май жасау және шарап жасау салаларын бiрiктiредi. ТМД-дағы қант өнiмiнiң 55%-ы Украинаға (Кеңес жылдарында 60%) тиесiлi. Олардың iрi кәсiпорындары Черкассы, Винница, Киев, Львов, т.б. қалаларда.

Информация о работе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі халықаралық ұйымдар: қалыптасуы және даму болашағы