Тәуелсіз Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 07:41, реферат

Краткое описание

Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 22 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Социология реферат.docx

— 26.18 Кб (Скачать документ)

Тәуелсіздік мерекесі  
Баяндама  
 
Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 22 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.  
 
Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елбасымыз өткен дәуірдегі қаһармандық оқиғалардың тізбегін таяудағы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арнаған сөзінде: «Ұлы далада бірінен соң бірі толас таппай жүріп жатқан 200-ге тарта көтерілістер эстафетасы, біздің бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастау көздері» деп бағалаған болатын. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып табылады.  
 
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.  
 
Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін бүгінгідей мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетін жатқан жаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.  
 
Ендеше әрқашан да әрқайсымыздың «кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың» тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Азаттықты аңсаған  қазақ халқының асыл арманының орындалғанына  да 20 жыл толғалы тұр. Осы сындарлы шақта елдің елдігін сақтап қалу, ұлттың еңсесін тіктеу, халықтың сенімін  ақтау аса күрделі іс болатын. Сол аса күрделі кезеңде Н. Назарбаевтай көреген басшы салиқалы саясат ұстанып, елді, халықты сүріндірмей  сара жолға шығарды. Елбасы осыдан 20 жыл бұрын: – Біз зайырлы құқықтық мемлекет құруымыз керек. Адам құқығы әркез қорғалуы тиіс. Заңдылықтар  сақталса, адам өзінің заңды түрде  қорғалатынын айқын сезінсе онда дұрыс жолмен келе жатқанымыз, –  деп еді. Енді міне, сол сәттер де сағымға айналып, еліміздің егемендігіне 20, Ата Заңымызға 16 жыл толғалы  тұр. 
 
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында биылғы жылы атқарылуы тиіс негізгі бағыттар мен міндеттер айқындалды. Соның ішінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығын ел болып жоғары деңгейде атап өту мәселесіне ерекше мән берілді. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Дәуір жасампаздығы сенімді және серпінді дамуға байланысты. Сондықтан да Тәуелсіздік ерекше маңызға ие. Біздің алдымызда осы жылы Тәуелсіздік мерейтойын асқан ұйымдастырушылықпен және жоғары идеологиялық деңгейде өткізу міндеті тұр. Ел тарихындағы осындай бірегей белесті толайым табыстармен қарсы алу баршамыз үшін үлкен сын. Тәуелсіздік тойы жалпыхалықтық сипатқа ие болып, отандастарымызға айрықша рух беруі керек. Тәуелсіздік тойына әрбір қазақстандық өз үлесін қосуы тиіс. Ол – ауыл шаруашылығында, өндірісте, өнеркәсіпте жұмыс істеп жүрген кез келген отандасымыздың сапалы еңбек етіп, ел игілігін арттыру деген сөз. Яғни, азаматтарымыздың адал еңбегі мен елге деген шынайы құрметі тәуелсіздік тойына жасалған үлкен тарту болмақ. Жиырма жылдық – елдіктің, егемендіктің, кемелдену мен келешекке құлаш сермеудің тамаша кезеңіне айналуы тиіс. Мемлекет басшысының атап өткеніндей, Жолдауда мемлекеттік саясаттың алдағы жылдардағы басымдықтары нақты белгіленген. Биылғы Жолдау негізінен әлеуметтік бағытта болды. Онда еліміз халқының әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге қатысты үлкен блокты шаралар қарастырылған, экономиканы индустриялық инновациялық дамыту бойынша жаңа міндеттер қойылған.

Сонау алыста қалған 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан  Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданған  болатын, бұл қоғамның, адам құқықтары  мен бостандықтарының, меншіктің, саяси  плюрализмнің және билік бөлінуінің негізгі қағидаларын бейнелейтін  құқықтық, саяси және идеологиялық құжат. Осы іргелі ережелер Конституцияның негізін қалады. Еліміздің азаматтары үшін осы бір ерекше күн ел тарихының  ескі сатысының аяқталып, Республикамыздың дамуының жаңа кезеңінің басталуының  белгісі болып табылады.

Қазақстан халқы  Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында қиындықтарға төтеп беріп, дұрыс  даму жолын ұстану арқылы жеткен жетістіктерімізді  атап көрсетіп, 2020 жылға дейінгі  ел дамуының басты бағыт-бағдарын нықтап берген Жолдауын жария еткен күні, 28 қаңтар 2011 жылы Елордасы Астанада, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған кеңесінде, Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Тәуелсіздік тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен  бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге  Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жыл ішінде елдің әл-ауқатын  көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік  тілді жаңғырту ісіне қыруар жұмыстар жасадық. Жолдауда мен еліміздің  Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу  мәселесін ерекше атап өттім. Тәуелсіздік  – бұл біздің басты байлығымыз, баға жеткізсіз жетістігіміз. Жас  елдің тарихындағы жаңа дәуір  шынтуайтында өзінің бастауын Тәуелсіздіктен алады. Сондықтан Тәуелсіздік мерейтойы  ерекше мәнге ие. Және де біздің алдымызда  бұл жылды жоғары ұйымдастыру  және идеологиялық деңгейге жеткізу  міндеті тұр» – деп, Елбасы Тәуелсіздіктің биік тұғыры туралы өз пікірін түйіндеді.

Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 2011 жыл «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы  жылы» деп жарияланды. Осыған орай, биылғы жыл «Бейбітшілік пен жасампаздыққа  – 20 жыл» ұранымен өтеді. Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеудің басты атрибуттары  атқарылған нақты істер болады.

Ал, Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеудің басты мақсаты  – мемлекеттілік пен Қазақстан  халқы бірлігін нығайту және базалық  құндылықтар төңірегінде қоғамды  шоғырландыру. Осылардың негізінде  тәуелсіздік пен тұрақтылықты, келісім  мен бейбіт өмірді нығайту болып  табылады. 2011 жыл – Қазақстан  Тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланатын жыл. «Тәуелсіздіктің 20 жылдық тойы – той тойлау үшін емес, Тәуелсіздіктен тағылым алу керек» деген Елбасының сөзі біз үшін, яғни барша қазақстандық азаматтар үшін алдағы атқаратын жұмысымыздың негізгі бағыты болмақ.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде елімізді дүниежүзі танып, Елбасы ерен еңбегінің, сындарлы саясатының арқасында саяси-экономикалық, әлеуметтік табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік  алдық.

Қазіргі уақытта  ҚР кемелді тәуелсіз мемлекетке айналды. Жиырма жылдық мерзім ішінде елімізде кең көлемді мемлекеттік түбегейлі  өзгерістер орын алды. 2 палаталы Парламент  құрылды, сот жүйесінің негізі қаланды, жаңа елорда салынды. Қарулы күштер, Республикалық  ұлан, шекаралық әскерлер және әскери теңіз флоты пайда болды. Қазақстан  өз аумағында ядролық қаруды пайдаланудан өз еркімен бас тартып, өзін ядролық  қарусыз ел ретінде жария етті. Өткен жылы біз Кедендік одаққа кірдік.

Еліміздің халықаралық  саясаты мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің дүниежүзілік кепілдігіне қол жеткізуге бағытталды. Ауқымды, әрі жемісті жұмыс жасалды. 120-дан аса ел Қазақстанды ресми  түрде танып, тату дипломатиялық  қарым-қатынас құрды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы Қауіпсіздік  және Ынтымақтастық Ұйымының толық  құқылы және белсенді мүшесі болып  отыр, сондай-ақ еліміз Еуроодақ, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі, Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық Атомдық Энергия Агенттігі, Қызыл Крест, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО сияқты аса беделді халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын күшейтуде.

Жыл сайынғы Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен  қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы  да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы өз Жолдауында ішкі саяси мен  ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі  негізгі мақсаттары қоғамда келісім  мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін  нығайту екенін атап өтті. Саяси  жүйені жетілдіруде құқықтық реформаның маңызды рөл атқарылатынын, құқық  қорғау жүйесін реформалау бойынша  құқық қорғау органдары функцияларындағы орын алған жағымсыз факторлардан, сондай-ақ құқық қорғау жүйесі қызметіндегі мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалардан арылудың қажеттігін атап көрсетті.

Елбасы өз Жолдауында құқық қорғау жүйесін реформалаудың  бағыттарын көрсетіп берді, олар –  құқық қорғау жүйесін оңтайландыру, әрбір мемлекеттік органның нақты  құзыретін белгілеу, заңдарды ізгілендіре  отырып сапасын арттыру, құқық қорғау жүйесінің қызметінде ішкі ведомстволық мүддеден азаматтардың құқық пен  мемлекеттің мүддесін қорғауға ауыстыру. Парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды  қамтамасыз ету, құқық қорғау органының  қызметінде есептілік пен бағалау  жүйесін жетілдіру. Сондай-ақ, қазіргі  күнде жүзеге асырылып отырған қамауға  алу, үйде қамауда ұстау түріндегі  бұлтартпау шараларын қолданудың сотқа  берілуі азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуының кепілі болып, сот жүйесінде қолдануда жақсы  қорытындыларын көрсетуде.

Халқымыз ежелден  заңға, тәртіпке аса мән бере білген. Бабаларымыздың «Қасым ханның қасқа  жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке  ханның «Жеті жарғысы» сияқты өте  маңызды ереже-заңдары болғаны  баршамызға аян.

Әділдік іздеп келген адамға әділ шешімін айтып, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін тауып, ердің  құнын, нардың пұлын екі-ақ ауыз сөзбен таразылаған би, шешендер елдің небір  содыры мен тентегін тоқтатып, шекіскенді бітістіріп, араздасқанды татуластырған.

Демек, кең байтақ жерімізді ежелден мекендеген халқымыз әділдік пен адалдықты әрқашан  ту етіп, әділ де сындарлы заңы бар өркениетті ел болуға ұмтылған. Енді тәуелсіздігін  алып, азат атанып, көк туын тік ұстаған  Қазақ елінің өз Конституциясы, яғни Ата Заңы бар құқықтық мемлекет. Өркениетті қоғам құруды алдына мақсат еткен елдің Ата Заңы, заңды  қорғайтын әділ соты, заңды құрметтейтін адал азаматы бар.

Бүгінде егемендігін  алып, тәуелсіздігінің тұғырын беріктендіру бағытындағы Отанымызда тұратын  әр азамат өзінің конституциялық құқығын  білуге міндетті. Бүгінгі заман соны талап етеді. Яғни, құқығыңды білмесең, сан соғып, қор боласың.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабында «Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар  мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары  мен мүдделерін қорғауды, конституциялық заңдылықтардың, өзге де нормативтік  құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді» делінген. Яғни, бұл – Конституция адам құқықтарының кепілі екендігіне дәлел.

Ата Заңымызда адамның  азаматтық, саяси, экономикалық құқықтары  мен бостандықтарының негізі айқындалған. Конституцияның бірінші кезекте  жеке адам, азамат мүддесін қорғауға бейімделуі – Қазақстан егемендігінің және оның тек құқықты мемлекет болуға ұмтылысының айғағы. Жалпы, Ата Заңымыз еліміздің демократиялық қоғам құруына негіз қалап берді. Еліміз ішінде болып жатқан оң өзгерістердің барлығы да Конституциямыздан бастау алады және заңдар арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясы 13-бабының 2-тармағында «Әркім өз құқықтары  мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына  құқығы бар» деп көрсетілген. Мұның өзі адамдардың құқықтары мен  бостандықтарын кеңес  заманындағыдай партия емес, басқа емес, осы іспен тікелей  айналысатын арнайы орган – соттың ғана қорғауға құдіреті бар екендігін  заң жүзінде белгілеген. Шын мәнінде, құқықтық-демократиялық  қоғамда дәл осылай болуы тиіс. Яғни, адам құқығы мен бостандығы тек заң арқылы қорғалуы тиіс. Ұлы  ойшыл Аристотель «Әлемді заң билеуі керек» деген екен. Ендеше, заң болған жерде әділдік, адалдық, тәртіп болады деген  сөз.

Информация о работе Тәуелсіз Қазақстан