Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі халықаралық ұйымдар: қалыптасуы және даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 10:15, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануын нығайту негізіндегі интеграциялық үдерістер саласындағы экономикалық қатынастарын кешенді зерттеу арқылы теориялық, практикалық, әдістемелік және оны жетілдіру бағыттарына ұсыныстар жасауды көздейді.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу талабы қойылды:
– ғаламдану үдерісін экономиканың дамуының шынайы заңдылығы ретінде зерттеу;
– интеграциялық үдерістердің генезисіне, қағидалары мен формаларына талдау жасау және олардың алғы шарттары, кезеңдері мен формаларын саралау;
- интеграциялық үдерістер дамуының макро- және мезодеңгейдегі аспектілерін анықтау;
– Қазақстанның ТМД шеңберіндегі интеграциялық қатынастарының дамуына сараптама жасау;
– интеграциялық үдерістерді басқару және алшақ экономикалық жүйе жағдайында капиталдың қалыптасуының экономико-математикалық үлгісін әзірлеуге ұсыныстар жасау; \
– ұлттық экономикалық мүдделерді ескере отырып интеграциялық үдерістердің ерекшеліктері мен нәтижелерін және Қазақстан Республикасының ЕО, ТМД, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерімен өзара сауда байланыстарын бағалау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ТМД елдеріндегі халықаралық ұйымдар.docx

— 223.89 Кб (Скачать документ)

Өнеркәсібінде Ресейдің үлесі басым. Тәжікстан ТМД-дағы ауыл халқының басым орналасқан аумағы. Тәжікстан негізгі  еуропалық көліктік  тасқындардан қашық орналасқан. Жан басына  шыққандағы жалпы ішкі  өнімнен  Азияда үшінші орында.Кедейлік жағдайы көптеген  факторлар салдарымен байланысты: қолайсыз  эконмикалық-географиялық жағдай  (әлемдік инфрақұрылымнан оқшаулануы, биік таулы жағдайы), ауыр әлеуметтік жағдайы (Кеңес Одағы  ыдыраудан  кейінгі  елде азамат соғысы жүрді), тәжік экономикасының нашар дамуы және қазіргі  жағдайда Тәжікстан үкіметінің тәжірибесінің жеткіліксіздігі. Тәжікстанның басты экспорттық тауарлары — алюминий (тәжік экспортының 38%-ы ТМД-ға, 62%-ы басқа елдерге келеді), сондай-ақ жіңішке талшықты мақта (бүкіл экспорттың 6%-ы ТМД-ға, 27%-ы басқа елдерге) ТМД елдерінің ішінде оған онша сұраныс болмайды, бірақ дүниежүзілік рынокта өте жоғары бағаланады. Соған қарамастан Тәжікстан сыртқы сауда да ТМД елдеріне бағдарланып, олардан минералдық өнімдерді, химия өнеркәсібі өнімін, ал басқа елдерден машина және жабдықтар алуда.

Тәжікстан экспортының 33%-ы, импортының 16%-ы Ресейге тиесілі. Ресейдің экономикалық қызығушылығы әскери-стратегиялық фактормен ұштасып, оның Ауғанстанмен шекарасын қорғайды. Тәжікстанның ірі сауда серіктестеріне Өзбекстан (экспорттың  12%  импорттың 28%-ы), Нидерланд (ТМД-дан басқа экспорттың 43%-ы), Швейцария (18%) жатады. Импорттың құрылымында бұлармен қатар Украина, Қазақстан, Әзірбайжан, сондай-ақ Италия, Румыния көзге түседі.

Жеңіл өнеркәсіптің мақта мата, жібек, жүн мата, кілем тоқу, ал тамақ өнеркәсібінің мақта майын айыру, жеміс консервілеу салалары едәуір дамыған.

        АӨК - шаруашылығының негізі.Аумағының 32%-ы ауыл шаруашылығына жарамды жерді құрайды. Жыртылған жер ауыл шаруашылығы жерінің 20%-ын алады. Сұр топырақты жер суғаруға қолайлы. Памир таулы аймағы құнарлы мал жайылымы болып табылады. .

          Ауыл шаруашылығының жетекші саласы- егіншілік.  Өзіне тән ерекшелігі -  тәлімі  жер  үлесінің көптігі. Егістерде  ұзын талшықты  мақта басым (Вахш аңғары).  Суармалы егіншілікпен - жібек  шаруашылығы,  бау,  жүзім  шаруашылығы   (Ферғана аңғары) байланысты және эфир майлы дақылдар (Гиссар аңғары) өсіріледі.Дәнді дақылдар егістіктің 1/2 алып жатыр,  бірақ республика  өзін  астықпен қамтамасыз ете алмайды. Ел талшықты мақта өндіруден (Өзбекстан, Түрікменстаннан кейін ) 3-орында.

           Мал шаруашылығының басты саласы ірі қара, қой шаруашылығы (қаракөл) болса, оазистерде жібек шаруашылығы дамыған. Гиссар қойлары (Гиссар тау қыратының аңғарлары және тау жайылымдары), қаракөл қойлары мен түйелер өсіріледі (шөлейттер).Шығыс Памирде - қойлар,қодастар бағылады.

         Елдің саяси-экономикалық жағдайы тұрақталғанда Тәжікстан дүниежүзілік рынокқа түсті металл кендерін, талшықты мақта, ал одан әрі еңбекті көп қажет ететін өнімдерді бере алады

    ОЭК. Вахш өзенінде Нүрек қаласына жақын  Орта  Азиядағы  аса  ірі, қуаттылығы 2,7 млн. квт. Нүрек СЭС салынған және Рогун СЭС-і салынып жатыр.

     Металлургиялық кешен. Түсті металлургияның Тәжік (Тұрсынзаде қаласындағы) алюминий және Яван электрохимиялық комбинаттары электр энергиясын негізгі тұтынушы болып табылады.

     Көлік кешені. Көліктің басты түрі - автомобиль көлігі, ал теміржолы аса ұзын емес. Отын - энергетика  және  металлургия  кешендерінің перспективалары бар.

ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ (астанасы- Бішкек)

     ЭГЖ. Территориясының  1/3 теңіз деңгейінен 3000 м астам биіктікте орналасқан. Соған қарамастан жер көлемінің 60%  жуығы,  ауыл  шаруашылығына қолайлы. Қырғызстан Орталық Азия елдерінің ішінде халқының табысы мен тұрмыс жағдайы, экономикасының даму деңгейі мен саяси тұрақтылығы нашар  мемлекет болып отыр.  Қырғызстан бұл аймақтағы Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кірген жалғыз ел.Биылғы жылы елде көтеріліс болып, нәтижесінде ел президенті отставкаға кетті.Мемлекеттік басқару формасы Парламенттік республика болып қайта құрылуда.

     Халқы біркелкі орналаспаған:  аса тығыз орналасқаны - Бішкек ауданы, Ыстықкөл қазан шұңқыры және Ферғана аңғары. Ұлттық құрамы: қырғыздар - 56%, орыстар - 20%, өзбектер - 12%, қазақтар, дұңған, ұйғырлар.

     Табиғат ресурстары:сынап,сүрме (Алай тау жотасының сілемдері), полиметалл рудалары, көмір, су және рекреациялық ресурстары.

     Экономикасы. Қырғызстан — индустриялы-аграрлы ел. Шаруашылығы  өнеркәсіптің электр энергетикасы, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, түсті металлургия, машина жасау салаларына маманданған. Түсті металлургияда сынап, сүрме өндіруден ТМД-да жетекші орында. Қазір мыс, алтын өндірістеріне шетел инвестициясы тартылуда. Электр энергиясын өндіруден жылу электр және Нарын өзеніндегі Тоқтағұл, Нарын және Құрыпсай су электр станцияларының маңызы зор.

2009 жылы жалпы ішкі өнім 5 млрд $ болса, ол жан басына шаққанда 1000$ құрды. Өнеркәсіп Қырғызстанның ЖІӨ көлемінің 1/4 бөлігін ғана береді.Өнеркәсіп өндірісінің 40%-ын республикада активті дамушы жалғыз алтын өндіру саласы береді. 2003 жылы Қырғызстанда 22,5 тонна  алтын өндіріліп, ТМД-да Ресей және Өзбекстаннан кейін үшінші орынға шықты. Шаруашылығының территориялық құрылымының негізі -  Қырғызстанның Солтүстігі.

2010 жылы ШОС елдері  — қатысушыларының  несиелік  линиясы шеңберінде республиканың  оңтүстігінде ірі “Датка” подстанциясын  салу, елдің оңтүстік (негізгі тұтынушы) аймақтарын  байланыстырып, республиканың  энергетикалық  қауіпсіздігін қамтамасыз  ететін “Дамка—Кенин” 500 КВ ЛЭП (электр энергиясын  жіберетін) линияны  салу  және оны  қаржыландыру  туралы “Жимбанкпен” хаттамаға  қол қойылды. Сондай-ақ,Бішкек ЖЭО-н  қайта жөндеуді  қаржыландыру  туралы келісім жүруде.

Машина жасау — ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне қажетті құрал-жабдық шығарады.Өнімдері: металл кесетін станоктар, автоматтық линиялар,  ауыл шаруашылық мәшинелер, электр насостар, бақылау - өлшеуіш приборлар.

    Түсті металлургия.  Сүрме металын шығаратын комбинат  және  сынап зауыты бар. Алтын, қалайы және қорғасыны бар рудалар өндіріледі.

     ОЭК. Электрэнергетикасы: СЭС (Тоқтағұл, Құрыпсай), Қазақстаннан тасылатын  және жергілікті көмірде істейтін – ЖЭС-тер.

АӨК - шаруашылығының  негізі.  Ауыл  шаруашылығында -мал шаруашылығының жетекші маңызы бар:  биязы жүнді қой шаруашылығы, ірі қара мал шаруашылығы мен жылқы шаруашылығы.  Қой саны мен жүн өнімінен Ресей және Қазақстаннан кейінгі 3-орында.

       Егіншіліктің негізі- қант қызылшасы, талшықты дақылдар, темекі және дәрі-дәрмектік көкнәр.Бидай мен арпа тәлімі және суармалы жерлерде өсіріледі.  Астық жинаудан - Орта Азияда Өзбекстаннан кейінгі орында,  бірақ одан өзгешелігі  өзін  толық  астықпен қамтамассыз етеді.Бау және жүзім шаруашылығы - Шу және Ферғана аңғарларында дамыған. Тамақ өнеркәсібінің басты салалары:  ет,  май,  сыр жасау, өсімдік майларын алу.

Жеңіл өнеркәсіпте жүн, кілем тоқу, киіз, былғары, мех салалары, ал тамақ өнеркәсібінде — ет, май, сыр, қант сияқты салалардың рөлі жоғары.

Өсімдік шаруашылығында егіс көлемінің басымы мал-азықтық дақылдарға (41%) тиесілі. Одан соң техникалық дақылдар: қант қызылшасы, картоп, темекі, дәрілік (мак), мақта, дәнді дақылдар (бидай, арпа) алады. Тоқтағұл су қоймасын жасау Ферғана аңғарын сумен қамтамасыз етуді шешті.   

      Көлік кешені.  Негізінен автомобиль көлігінен тұрады. Бішкек және Ош қалаларының  аралығында автомобиль жолын салуға байланысты айналмалы автомобиль жолы (сақина) пайда болды. Темір жолы қысқа, әрі тұйық. Құбыр транспорты оның солтүстігімен өтеді. Мұнда Газли кенішінен (Өзбекстан) Алматыға газ құбыры тартылған.

       Соңғы  уақыттағы болған елдегі төңкеріс  экономиканы құлдыратып жіберді.Мемлекет  миллиондаған доллар зардап шекті.Елде  тәртіпсіздік белең алып,ірі қалаларда әлі күнге дейін бұзақылық әрекеттер тіркелуде.Осы және де басқа факторлар елдің саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайына кері әсерін тигізуде.Мемлекет азамат соғысының алдында тұр.Жаңадан құрылған уақытша үкімет елдегі саяси хал-ахуалды тұрақтандыруға бар күш-жігерін  салуда. 

ТМД-ның Кавказ сырты мемлекеттері

       ТМД елдері, оның ішінде Ресейдің Еуропалық  бөлігінің оңтүстігінде – Кавказ сырты мемлекеттері: Грузия (2009 жылдың тамыз айынан, өзінің бір жыл бұрыңғы Оңтүстік Осетияға қатысты Ресеймен болған қарулы қақтығысқа  байланысты ТМД құрамынан шығатынындығы туралы мәлімдемесіне орай, бұл ел ресми түрде ТМД-ға мүше емес, бірақ та ТМД құрамындағы көптеген елдермен екіжақты байланыстарын үзген жоқ. Осы себепті біз Грузияны бұрыңғы КСРО құрамындағы Балтық маңы елдері тәрізді қосымша түрде қарастырамыз.), Армения және Әзірбайжан орналасқан.

Географиялық жағдайы мен тарихи дамуының ұқсастығына және шаруашылығының мамандану ерекшеліктеріне байланысты бұл мемлекеттер аумақтық-өндірістік кешенге топтасқан. Жалпы, Кавказ арқылы солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс жолдары өтеді. Мұнда Ресей, Орталық Азия, Иран және Түркияның экономикалық және саяси мүдделері түйіседі. Қара және Каспий теңіздері жағалауларымен көлік дәлізі өтеді. Бірақ, саяси және әскери тұрақсыздық оларды пайдалануды шектеуде. Каспий маңы мұнайының Еуропаға тасымалдануы қиындыққа ұшырауда.

Кеңес Одағының ыдырауы және Закавказье Республикаларының тәуелсіздік алуынан кейін бұл аймақ тұрақты қақтығыс және терең экономикалық дағдарыс жағдайында болды. Әсіресе Грузия мен Армения осындай ауыр жағдайды басынан өткерді. Әзірбайжанның батысы, Абхазия, Оңтүстік Осетия экономикалық құлдырауда болды. Соның салдарынан миллиондаған орыстар және Кавказ халықтары босқынға айналып, өз жерін тастап, Ресей аумағы, т.б. елдерге қоныс аударды.

Бұл аймақтың және оның жеке бөліктерінің табиғатының өзіндік ерекшелігі бар. Аумағының 65%-ы таулы болып келеді. Колхида және Марнеул кен орындарында алюминий шикізаты, алунит Заглигте кездеседі. Сонымен бірге кобальт, молибден, алтын кендері бар. Қара металл кендерінен Чиатурадағы (Грузия) марганец, Дашкесандағы темір кендерін айтуға болады. Химия өнеркәсібінің шикізаттарынан тас тұзы, барит, мыс колчеданының маңызы зор.

Закавказье халқы көп ұлтты болып келеді. Халқының басымын байырғы грузин, әзірбайжан және армяндар құрайды. Соңғы жылдары Грузия мен Әзірбайжанда ұлтаралық қатынас шиеленісіп, Закавказьеде халықтың ішкі көші-қоны кең өріс алуда. Соның салдарынан бұрын тарихи қоныстанып келген аймақтардан өз республикаларына, ал орыстардың Ресейге қоныс аударуы орын алды.

Закавказье өнеркәсібінің маманданған салаларына мұнай, мұнай химиясы, қара және түсті металлургия, машина жасау жатады. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптер маңызды орын алады. АӨК кешеніне бағалы өнім беретін жоғары табысты субтропиктік шаруашылық (шай, цитрус, лавр жапырағы, т.б), бау, жүзім, сонымен бірге мақта (Әзірбайжан), жібек және темекі шаруашылықтары жатады.

Республикалар алдында ауыл шаруашылығын онан әрі дамыту міндеті тұр. Ол таулы егіншілікті дамыту, жерді суландырудың қажеттігі, жайылымды ұтымды пайдалану сияқты ерекшеліктермен байланысты. Закавказье аумағында осы заманғы көлік түрлерінің барлығы дамыған, жүк айналымында едәуір орынды теңіз көлігі алады.

АРМЕНИЯ (астанасы- Ереван)

     ЭГЖ. Закавказьенің оңтүстік бөлігінде орналасқан, теңізге шыға алмайтын тәуелсіз мемлекет. Закавказье мемлекеттерінің, әрі ТМД елдері ішіндегі территориясы ең шағыны,  таулы аудандардың үлесі  көп мемлекет (жер бетінің 90% теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте орналасқан). Шаруашылығы - аңғарларда және аса биік емес тау бөктерлері мен дөңестерінде шоғырланған.

     Табиғат ресурстары. Арменияда отын-энергетика байлығы жоқ, негізгі энергия көзін Раздан су электр станциясы береді. Елде түсті металдардың кей түрлері мыс, молибден (Зангезаур, Алаверди), полиметалл (Агарак, Дастакерт), алюминий рудалары,алтын (Зод), құрылыс материалдары, минералды су бұлақтар кездеседі. Армения Закавказьедегі құрылыс материалдары көбірек кездесетін аумақ.

    Халқы. Закавказье  мемлекеттерінің  ішінде  халқының  саны- ең аз мемлекет (3,7 млн. адам).  ТМД елдерінің ішінде халқының ең жоғары орташа тығыздығымен (1 км2-ге 128 адам) көзге түседі,әсіресе Арарат аңғарында халық өте тығыз,  онда халықтың 1/2  тұрады.Армения Закавказьедегі қала халқы үлесі бойынша да ең жоғарғы көрсеткішті ел.Ұлттық құрамы: жергілікті тұрғындар - армяндар басым (90%), орыстар, күрттер, т.б. тұрады.

     Экономикасы. Армения — индустриялды-аграрлы ел. Шамамен жалпы ұлттық өнімнің 75%-ы жекеше секторларда шығарылады. Кеңес Одағы ыдыраудан кейінгі Армения жекешелендіруді,баға реформасын, сондай-ақ ақылға қонымды қазынагер (фискалды) саясатты қоса, көптеген экономикалық реформаларды іске асыруда  жетістікке жетті.Соңғы  жылдары экономикалық өсім орташа 13% шамасында болуда. Арменияның кедейшілікті азайтуға,орташа  құнсыздануды қысқарту, өзінің валютасын тұрақтандыру, сондай-ақ шағын және орташа кәсіпорындардың басымын жекешелендіруге қолы жетті. Армения индустриялдық  секторды  дамытып, көрші республикаларға станок, тоқыма және басқа өнеркәсіп тауарларын шығара отырып, оларды шикізат және энергияға алмастырды.

2007 жылы Ираннан Арменияға газды  жеткізу үшін газ құбыры құрылысын  аяқтады.Ел экспортында зергерлік бұйымдар (экспорттың 45%-ы), сондай-ақ  мыс, молибден және басқа түсті металдар айтарлықтай орынды  алады. Армения 2003 жылы бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылды.

2007 жылы БҰҰ-ның адамзат әлеуметінің  даму  индексі бойынша 84-ші орынға шықты,бұл зона елдері арасында ең жақсы көрсеткіш. 2008 жылы экономикалық еркіндік индексі бойынша 28 орынды алып, Австрия, Франция, Партугалия және  Италия  сияқты елдерді басып озды. Армения шаруашылығының маманданған салаларына өнеркәсіптен түсті металлургия, химия, еңбекті көп керек ететін машина жасау жатады.Химия өнеркәсібі синтетикалық каучук, пластмасса, лак-бояу, шина, азот тыңайтқышын шығарады (Ереван, Раздан). Машина жасау, электротехника,станок, автомобиль, генератор, трансфарматор өнімдерімен әйгілі (Ереван).

Шаруашылығының мамандануы - конструкциялық  материалдар және  мәшине  жасау  кешендері,  онда  басымы- металды аз тілейтін өндірістер (прибор,  станок жасау,  радиотехника,  электроника). Конструкциялық материалдар  кешені:  өнеркәсіптің  мұндағы байырғы саласы -түсті металлургия. Мыс (Алаверди, Кафан), алюминий (Ереван) қорытылады. Молибден, қорғасын,  мырыш  концентранттары  шығарылады.  Химия өнеркәсібі - мыс  өнеркәсібінің  қалдығына,  жергілікті  шикізатта  және энергия ресурстары негізінде дамыған.  Өнімдері: каучук, резина дөңгелектері, пластмассалар (Ереван, Алаверди, Раздан).Арменияның даярлайтын мрамор, түсті туф материалдарын ТМД елдері пайдаланады. Әзірбайжанмен арадағы саяси жағдайға байланысты шеттен мұнай-газ алу өте шектелген.

Информация о работе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі халықаралық ұйымдар: қалыптасуы және даму болашағы