ОҚО еңбек ресурстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2013 в 00:14, дипломная работа

Краткое описание

Жоғарыда аталған мақсатты айқындау үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді шешу көзделді: еңбек ресурстарын басқаруды теориялық жағынан негіздеу және еңбек нарығындағы жағдайын тұрақтандыру; Қазақстан Республикасында еңбек ресурстарын пайдаланудың аймақтар бойынша қазіргі жағдайдағы ерекшеліктеріне баға беру; Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек ресурстарын пайдалану мен тиімділігіне талдау жасау; еңбек ресурстарын пайдаланудың және білім жүйесінің рөлін зерттеу арқылы, теориялық мәселелерді тереңдете отырып аймақтың кадрлық саясатына баға беру;
еңбек әлеуетінің сапасын көтеруде өңірдің әлеуметтік ролін анықтау; еңбек әлеуетін көтерудің ұйымдастыру–экономикалық тетіктерін аймақ деңгейінде негіздеу;

Содержание

Кіріспе.............................................................................................3

1. Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық - географиялық
компоненттері...................................................................................
1.1 Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері......................................................6
1.2 Климат жағдайы және агроклиматтық ресурстары..........................................9
1.3 Су ресурстары......................................................................................................15
1.4 Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлары...............................................17

2. Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек ресурстары
2.1 Қазақстандағы еңбек ресурстарын басқару жүйесі......................................27
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысының демографиялық жағдайы
2.3 Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек ресурстарының орналасу
ерекшеліктері
2.4 Оңтүстік Қазақстан облысындағы еңбек ресурстарына
статистикалық сипаттама

3. Жалпы білім беретін орта мектептерде география сабағындағы
Қазақстанның еңбек ресурстарын оқыту ерекшеліктері
3.1 Мектеп курсындағы география пәні бойынша еңбек ресурстарын оқытудың
ерекшеліктері ...............................................................................................55
3.2 «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек ресурстары» тақырыбына
ұсынылған сабақ жоспары.............................................................................57

Қорытынды..............................................................................................................60
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................62

Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

SHymkent ДИПЛОМ.docx

— 530.07 Кб (Скачать документ)

 

Білім деңгейі 

Аймақтар

Жетісай

Келес

Яссы

Ордабасы

Ақсу

Мемлекеттік мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жұмыс

істетейтіндер

26

15

11

13

33

Мемлекеттік емес ұйымда жұмыс істейтіндер (ӚК,ЖШС, АҚ)

21

12

7

11

19

Кәсіпкер

14

6

13

4

11

Ауыл шаруашылығы 

саласында жұмыс істейтіндер 

38

26

36

43

9

Жұмыссыз

1

11

8

17

7

өзгелері

0

33

25

12

21

Барлығы 

100

100

100

100

100





 «Ақсу» аймағындағы тұрғындардың басым бӛлігі ауылшаруашылығы саласында жұмыс істейді, ол сауалнамаға қатысқан респонденттрдің жалпысанынан 9 адам құрайды. «Ақсу» аймағына кіретін Сайрам және Тӛлеби аудандары Шымкент қаласына жақын орналасқандықтан тұрғындардың басым кӛпшілігі, яғни адам  мемлекеттік мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жұмыс істетейтіндер болып шықты.

Сонымен, ОҚО аймақтары  бойынша ерлердің 33 пайызы ауылшаруашылығы  саласында жұмыс істейді, ал әйелдердің 34  пайызы мемлекеттік мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жұмыс істетейді. Сонымен бірге, барлық аймақтарды қоса алғанда сауалнамаға қатысқан респонденттердің жалпы санынан 27 пайызы ауылшаруашылығы саласында жұмыс істейді.

Оңтүстік Қазақстан облысының  жеке қосалқы шаруашылықтарында  мал шаруашылығы – халқы жиі қоныстанған ауыл ӛңірлерінде мал ӛсіріп, ӛнім ӛндіретін кәсіп. Бүгінгі таңда мал шаруашылығының ӛнімдері ауыл тұрғындарының негізгі табыс кӛздерінің біріне айналып отыр. 

Ауыл тұрғындарына шағын  несиелер үй маңындағы шаруашылықтарға  мал шаруашылығы ӛнімділігін ұлғайтудың негізі ретіндегі мал басын күтіп-бағуға жұмсалған барлық шығынның орнын толтыру үшін қажет.  Шағын несиелермен бірге үй шаруашылықтарының қызметін салық тӛлеуден толығымен босату елеулі кӛмек болып табылады.

Үй іргелік мал шаруашылылықтарының  қызметіне сауалнама жүргізудің нәтижесі шағын кӛлемде қаржыландырылған үй іргелік мал шаруашылылықтарында  ауыл шаруашылығы ӛнімін ӛндіруде елеулі резервтері бар екенін кӛрсетеді және алдағы 2-3 жыл аралығында    олардың саны шамамен 1,5  - 1,8 есе артуы мүмкін. Біздің пайымдауымызша, болашақта  шаруа (фермер) қожалықтары мен үй іргелік мал шаруашылылықтары, ауыл шаруашылығы ӛнімін ӛндіру және қосымша жұмыс орындарын қалыптастырудың сарқылмас кӛзіне айналады. Шағын несиелер ауыл тұрғындарына жеке немесе отбасылық кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік береді, ауылдық елді мекендерде ӛздігінен жұмыспен қамтылғандар санын арттырады.  Дегенмен, елімізде жеке қосалқы шаруашылықтардың еркінадымдап дамуына кедергі болар себептер де жоқ емес, атап айтқанда:

-  үй іргелік мал  және егін шаруашылықтарының  кепілге қоятын 

мүлкінің жоқтығы немесе жеткіліксіздігі;

-  ауылдық елді мекендерде  несие беру тетіктерінің қажетті 

деңгейде дамып, жетілмеуі;

-  қаржы, материалдық  және интеллектуалдық ресурстарға  қол 

жеткізудің шектеулілігі;

-  ӛз кәсібін жаңадан бастағалы отырған жеке кәсіпкерлердің нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуіне кедергі болатын білімінің жетіспеуі мен дағдыларының болмауы, құқықтық сауатсыздығы және ӛзге де себептер.

Сауалнама нәтижелері бойынша келесідей қорытындыларжасауға болады:

1. Жалпы  Оңтүстік Қазақстан облысыныда тұратын халықтың басым кӛпшілігі  -  бұл  30-50 жас аралығындағы тұрғындар (55 пайызы), олардың басым кӛпшілігі, яғни 52 пайызының арнайы орта білімі бар екендігі анықталды.

2.   Облыс бойынша  жұмыспен қамтылу саласы:

-    ауыл шаруашылығы  саласында тұрғын халықтың   -  27 пайызы қамтылған;

-    Мемлекеттік мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жұмыс істетейтін тұрғын халықтың 21 пайызы қамтылған.

Агроӛнеркәсіптік кешенін  дамытуды қамсыздандыру, оның экономикасын қазіргі нарықтық жағдайда кӛтерудің негізгі факторларының бірі  барлық деңгейдегі білікті мамандардың болуы. Сонымен бірге ауылдарды білікті жұмысшы кадрлармен толықтыруда кәсіптік лицейлерде даярланатын мамандар соңғы 10 жылда 60 пайызға қысқарып кетті, кәсіптік мектеп   жүйесі саланың орта буын  және жұмысшы мамандықтарының қажеттілігін толық қамтамасыз етеді (тракторшы-машинист, ауылшаруашылық кәсіпорнының шебері (фермер), мекен-жай иесі, мелиораторшы  т.б.);

Сонымен, Оңтүстік Қазақстан  облысының халқы жиі қоныстанған  ауылдық елді мекендеріндегі тұрғын халықтың басым бӛлігі ауыл шаруашылығы саласында жұмыспен қамтылған.                                            

Мемлекет тарапынан еңбек  әлеуетін қалыптастыру және тиімді пайдалануға  бағытталған шаралардың елеулі кемшіліктеріне келесілерді жатқызуға болады: мемлекеттік бағдарламалардың  жүйелі түрде жүзегеасырылмауы, жұмыспен қамту мен табыспен қамтамасыз ету мәселесін бір-бірінен оқшау болуы, ауылдық әкімшілік деңгейлерінде еңбек әлеуетін пайдалану тетіктерінің қалыптаспауы; аймақтық (аудандық) бағдарламаларды жүзеге асыру үшін республикалық (облыстық) бюджеттердің қаржысын тарту қажеттігінің болуы; еңбек әлеуетінің тиімділігін арттыру шаралары ауылдық елді мекендердегі құрылымдық қайта құру шараларымен  үйлеспеуі және т.с.с кӛптеген кемшіліктер. 

Халқы жиі орналасқан елді мекендерде еңбек әлеуетінің тиімділігін  арттыруға бағытталған аймақтық саясаттың  негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады деп есептейміз: аграрлық секторда экономикалық жағдай мен инвестициялық белсенділікті жандандыру, жаңадан жұмыс орындарының ашылуын ынталандыру; ауыл тұрғындарының  қосымша табыс алу мүмкіндіктеріне ықпал ету; әлеуметтік жәрдемақы, жеңілдіктер жүйесін дамыту; кәсіби дайындық бағдарламаларының аймақтарды дамытудың стратегиялық  мақсаттары және міндеттерімен үйлестіру және т.б. 

Еңбек нарығындағы мемлекеттік  саясаттың мақсатты бағдарларына: мыналарды  жатқызуға болады деп есептейміз: еңбек нарығында қалыптасқан жағдайларды тұрақтандыруға ықпал ететін кәсіпкерлік қызметті дамыту; шағын бизнес субъектілерінің мемлекеттік емес инвестицияларға қол жетімділігін қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтап қалу мен жаңадан жұмыс орындарын ашуға бағытталған саясаттың тиімділігін арттыру, жұмыстан қысқартылған азаматтарға әлеуметтік қолдау кӛрсету; жұмыссыздықтың маусымдық сипатын болдырмау; тұрғын халықтың жұмыспен қамтылуының аймақтық сипатының ерекшеліктерін ескеру. Аталған талаптардың жүзеге  асуы,  біздің пікірімізше, ӛндіргіш күштер мен еңбек әлеуетін аймақтар деңгейінде біркелкі қалыптастыру, оларды толық пайдалану, яғни мемлекет тарапынан реттеу барысында ғана мүмкін болады.  

Ауылдық елді мекендерді жұмыс  күшімен қамтамасыз ету тарихи қалыптасқан  жағдайлар және ұлттық ерекшеліктермен бірге, еңбек ету шарттарына байланысты анықталады.

 Жұмыс күші артық немесе кем аймақтар үшін жұмыс күшін қалыптастыру мен пайдаланудың алғышарттары бірдей емес, дегенмен жұмыс күші артық аймақтарда бұл алғышарттар жиынтығы ауыл шаруашылығы саласынан босап, ӛзге салаларда жұмыспен қамтылуына, ӛнімнің бір данасын ӛндіруге кететін шығындардың тӛмендеуіне, еңбек  ӛнімділігінің артуына ықпал етуі тиіс.  

Жұмыс күші тапшы аймақтар үшін кадрларды тұрақтандыруға ықпал  ететін кешенді шаралар жүйесі қажет. Зерттеулер кӛрсеткендей, түрлі деңгейдегі басқару субъектілерінің қызметі қалыптасқан белгілі бір құралдардың шегінде  жүзеге асырылады.  Еңбек әлеуетін басқару құралдарына еңбек нарығындағы қажеттіліктердің, білім беру мен түрлі кәсіптерге үйретудің

мониторингі,  оларды бақылаумен үйлестіру, есепке алу мен статистика; бағдарламалық жоспарлау мен болжамдау; ақпараттық-әдістемелік қамтамасыздық жатады.

Мониторинг еңбек ресурстары бойынша мәліметтер базасын, олардың  сапалық және сандық құрамындағы ӛзгерістердің болжамын қалыптастырып, жұмыс күшіне деген қажеттіліктерді анықтауға ықпал етуі тиіс. 

Ауылдағы жұмысбастылық  деңгейін арттыруда ауыл халқының және жұмыспен қамтылмаған адамдардың қаражатпен қамтамасыз етудің негізгі кӛзі болып табылатын үй іргелік мал шаруашылылығы маңызды орын алады.

Ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымның  жағдайы да жұмыссыздар санын  қысқартуда  маңызды орын алады. Ол үшін, ауылдық жерлерде және жалпы республика бойынша (соның ішінде Оңүстік Қазақстан  облысында) қалыптасқан еңбек рыногын одан әрі дамыту мақсатында жүргізіліп отырған саясаттың маңызды  тетігі ауыл халқының ӛзін-ӛзі жұмыспен қамтуына қажетті

жағдайлар жасап, қолдау кӛрсету маңызды.

Осы орайда, тұрақты жұмысы, яғни нақты табыс табатын ісі  жоқ жұмыскерлер арасында ӛзін-ӛзі жұмыспен қамту арқылы қызметпен шұғылданушылар санын арттыру мақсатында еңбек нарығы субъектлерінің (мемлекеттік басқару ұйымдары, білім беру құрылымдары, жұмыс берушілер) әзірлеп,  жүзеге асыруға қажетті шаралар жүйесіне, біздің ойымызша, тӛмендегілерді жатқызуға болады: 

-  еңбек рыногында тіркелген ресми жұмыссыздарды қайта дайындау мақсатында тӛртжақты келісім-шартқа отыруды міндеттейтін  шектеудің күшін жою арқылы жұмыспен қамту мәселелері бойынша қабылданған заң базасын одан әрі жетілдіру;

-  кәсіпкерлік қызмет  түрімен жаңадан шұғылданушы азаматтар үшін арнайы кеңес беру орындарын ұйымдастыру;

-  жұмыссыз азаматтарға кәсіби білім беруге арналған бағдарламалар құрамына кәсіпкерлік дағды алу курстарын енгізу;

-  кәсіпкерлік қызметпен  шұғылдану мақсатында жасалған бизнес-жоспарын негіздеп берген азаматтарға несиелерді дер кезінде беру.

Жұмыссыздық пен кедейшілік деңгейін тӛменгі шегіне жеткізу мақсатында еліміздегі әлеуметтік инфрақұрылымы түбегейлі ӛзгерістерге ұшырауы керек.

Облыста халықтың ӛмір сүру деңгейі жалпы жоғарылағанымен, облыс аймақтары арасында және аймақ шіндегі тұрмысының теңсіздігі,  қазіргі заманғы ақпараттық, сервистік технологияларға лайықты инфрақұрылым  қалыптаспауы байқалады.  Бұл жағдай да аймақтардың еңбек ресурстары кӛрсеткіштерінің, әсіресе,  жұмыспен қамтылғандардың кәсіби-біліктілік деңгейіне қатал талаптар қоя бермейтін аграрлық секторда  әлі де болса тӛмен болуына себеп болып отыр.

Шағын және орта кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау  дамыған инфрақұрылымды, құқықтық, әлеуметтік, қаржылық және ұйымдастырушылық жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.

Ауыл шаруашылығындағы еңбек  нарығының қазіргі жағдайын талдау барысында пайда болған пікірлер тӛмендегідей: 

-  соңғы жылдары Оңтүстік  Қазақстан облысында  жалпы  экономикалық ӛсу үрдісі пайда болған және ол, кӛбінесе табиғи ресурстар мен шикізат ӛндірісіне негізделген және сауда және қызмет кӛрсету саласына қарағанда ауыл шаруашылығы мен ӛндірістің жалпы ішкі ӛнімдегі үлесі тӛмендеген; 

- облыстағы халықтың ӛмір сүру деңгейі жалпы жоғарылағанымен, аймақтар арасында және аймақ ішіндегі табыстар теңсіздігі әлі де болса айтарлықтай; 

-  ауылдық жерлердегі  қызмет ететін жеке тұлғалардың қалалық жерлерде қызмет ететін жеке тұлғалардың табысына қарағанда табысы тӛмен болып отыр;

- тұрғын халықтың санының  және еңбек ресурстарының ӛсу үрдісі байқалады;

- талданып отырған кезеңде тұрғын халықтың экономикалық тұрғыдан белсенді бӛлігі тұрақты болып, еңбекпен қамтылған халықтың саны артуда;

- экономикалық тұрғыдан  белсенді  емес бӛлігі санының тӛмендеуі   үрдісі байқалуда.

Еңбек нарығындағы негізгі  шара жұмысты белсенді түрде іздеп  жүрген азаматтарды еңбекпен қамтуға  жәрдемдесу, бос орындар, лауазымдар базасын қалыптастыру, кеңейту және пайдалану болып табылады.

Жаңа экономикалық қатынастардың  дамуына байланысты, ауылдық елді мекендердің ӛзіндегі еңбек әлеуетін тиімді пайдалануға ауылда қалыптасқан түрлі шаруашылық санаттарында, яғни ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындарында, шаруа қожалықтары мен үй шаруашылықтары арқылы жаңа жұмыс орындарын құру арқылы қол жеткізуге болады.

Мұндай мүмкіндіктер еңбек  әлеуетінің тиімділігін арттырудың алғышарттары болып табылады, ӛйткені  реурстарды тиімді пайдалануды арқылы, экономикалық және әлеуметтік ӛсудің қарқынын қамтамасыз етіп отырады. 

 

 

2.4 Оңтүстік Қазақстан облысындағы еңбек ресурстарына статистикалық сипаттама

Әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның  шешімін орындау мақсатында, Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру  департаментімен облыс аумағындағы  барлық меншік иесіндегі ұйымдардың кадрларға деген қажеттілігіне  сараптама жасалды. 

Облыстың 15 аудандық әкімдіктерінің басшыларынан алынған мәліметтердің  негізінде, 2010 жылға арналған түрлі  ұйымдардың жұмысша кадрларына деген  болжамды қажеттілігі анықталды.

Информация о работе ОҚО еңбек ресурстары