ОҚО еңбек ресурстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2013 в 00:14, дипломная работа

Краткое описание

Жоғарыда аталған мақсатты айқындау үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді шешу көзделді: еңбек ресурстарын басқаруды теориялық жағынан негіздеу және еңбек нарығындағы жағдайын тұрақтандыру; Қазақстан Республикасында еңбек ресурстарын пайдаланудың аймақтар бойынша қазіргі жағдайдағы ерекшеліктеріне баға беру; Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек ресурстарын пайдалану мен тиімділігіне талдау жасау; еңбек ресурстарын пайдаланудың және білім жүйесінің рөлін зерттеу арқылы, теориялық мәселелерді тереңдете отырып аймақтың кадрлық саясатына баға беру;
еңбек әлеуетінің сапасын көтеруде өңірдің әлеуметтік ролін анықтау; еңбек әлеуетін көтерудің ұйымдастыру–экономикалық тетіктерін аймақ деңгейінде негіздеу;

Содержание

Кіріспе.............................................................................................3

1. Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық - географиялық
компоненттері...................................................................................
1.1 Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері......................................................6
1.2 Климат жағдайы және агроклиматтық ресурстары..........................................9
1.3 Су ресурстары......................................................................................................15
1.4 Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлары...............................................17

2. Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек ресурстары
2.1 Қазақстандағы еңбек ресурстарын басқару жүйесі......................................27
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысының демографиялық жағдайы
2.3 Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек ресурстарының орналасу
ерекшеліктері
2.4 Оңтүстік Қазақстан облысындағы еңбек ресурстарына
статистикалық сипаттама

3. Жалпы білім беретін орта мектептерде география сабағындағы
Қазақстанның еңбек ресурстарын оқыту ерекшеліктері
3.1 Мектеп курсындағы география пәні бойынша еңбек ресурстарын оқытудың
ерекшеліктері ...............................................................................................55
3.2 «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек ресурстары» тақырыбына
ұсынылған сабақ жоспары.............................................................................57

Қорытынды..............................................................................................................60
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................62

Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

SHymkent ДИПЛОМ.docx

— 530.07 Кб (Скачать документ)

Төртінші аудан, Қаратау  және Батыс Тянь-Шаньның жоталарын  қамтиды. Бүл ауданға Созақ, Түркістан, Байдібек, Түлкібас, Қазығұрт және Төлеби аудандарының таулы бөліктері жатады. +10ºС жоғары болатын температуралырдың жиынтығы 3300º және одан да төмен, ГТК>0,5. Аязсыз кезеңінің үзақтылығы 161 күн және одан да төмен. Бұл аудан сумен жақсы қамтамасыз етілген. Температурасы +10ºС жоғары болатын кезеңдегі жауын-шашын мөлшері 115 – 255 мм, ал орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 600 – 800 мм. Тұрақты қар жамылғысы жылда болады, бірақ таулы бедері болуына байланысты қар жамылғысы барлық жерде бір қалыпты болмайды.

 

 

1.3 Су ресурстары

 

Агроландшафттың негізгі  қасиеттеріне беткі және жер асты сулары маңызды әсер етеді. Облыстың жері қүрғақ климатта орналасуына байланысты беткі ағын сиректелген, уақытша  су ағыстар көп. Облыстың солтүстігі мен оңтүстік-батысында – Бетпақдалада, Мойынқұмда және Шығыс Қызылқұмда беткі  ағын жоқтың қасы. Шу өзені Бетпақдала мен Мойынқұм арасындағы табиғи шекара болып табылады, ол бұл ауданда  транзиттік өзен болып келеді. Оның жалпы жылдық су ағымы – 2,5 км³  шамасында [39], оның басым бөлігі өзеннің  бас жағында суғаруға пайдаланады, нәтижеде орта және төмен ағысында кейбір жылдары су тартылып қалады, яғни төменгі ағысында тұрақты су ағысы жоқ.

Облыстың ең үлкен өзені  Сырдария, оның жылдық су ағымы шамамен 27 км³ құрайды. Облыс шегінде Сырдарияға Арыс және Келес өзендері ғана құяды. Қаратаудың оңтүстік-батыс беткеінде басталатын көптеген ұсақ өзендер Сырдарияға жетпейді, себебі олардың сулары суғаруға және басқа да шаруашылық қажеттіктерге пайдаланылады. Ал, оң жағында Сырдарияның мүлдем сала жоқ. Сырдария өзені Ферғана аңғарында Нарын өзені мен Қарадария қосылған жерден басталады. Су ағымының басым бөлігі Қазақстан жерінен тыс қалыптасады.

Облыс территориясындағы  көлдердің басым бөлігі ескі арналарда  қалыптасқан көлдер, мұндай көлдер әсіресе Сырдария аңғарында көп  кездеседі. Көктемде қар ерігенде Сырдарияда су тасып ағады, осы кезде су ескі арналарды да толтырады, кейін олар жазға дейін суға толы болады, кейбір көлдерде жыл бойы су болады.

Қаратаудың солтүстік  және оңтүстік беткейлерінде уақытша  су ағыстарының және ұсақ өзендерніңің ағымының жинау облыстары болып  келетін тұйық ойыстарда көлдер қалыптасады. Ең ірі көлдер Қаратаудың солтүстік-шығыс беткейіндегі Қызылкөл, Қалдыкөл т.б.

Оңтүстік Қазақстан облысында  тарихи ерте заманнан суғармалы егін шаруашылығы дамыған. Сондықтан, облыстың көптеген өзендерінде түрлі гидротехникалық  құрылыстар су қоймалар, каналдар, тоғандар т.б. болған. Қазіргі таңда, облыстың беткі суларын тиімді пайдалану  үшін ірі су қоймалар, каналдар құрылған. Сырдария өзеніндегі Шардара су қоймасының  максимальдық су сиымдылығы 6,2 млн м³. Су қоймадан басталатын Қызылқұм магистральдық каналы Сырдарияның оң жағасы бойынша құнарлы жерлерді суландырады.

Бөген өзенінің төменгі ағысында Бөген су қоймасы құрылған, Ордабасы ауданындағы егістік жерді және Бөген – Түркістан канал арқылы Түркістан ауданының мақта егілетін жерді суландыруға аралаған.

Облыстың су қоймалары  жер ресурстарын толық пайдалануға  мұмкіншілік береді, әрі ауа райы жағдайынан салыстырмалы түрде тәуелсіз болады. Осындай су ресурстарын қайта  бөлістіру облыстың егін шаруашылығын жоғары деңгейге көтерді.

Оңтүстік Қазақстан облысының  территориясындағы жер асты сулары екі ірі Мойынқұм және Қызылқұм алқабтарына  жатады. Бұл жер алқаптар шөлді  құмдарда пайда болған. Жер асты сулардың тереңдігі әр түрлі, бірнеше  ондағана метрден бірнеше жұздеген метрге дейін, кейбір жағдайда мыңдаған метрге дейін барады. Агроландшафттар географиясына жер асты суларды пайдалану өте маңызды рол атқарады. Қазіргі таңда, жер асты суларын басым өнеркәсіптік, ірі қалаларды ішімдік сумен қамтамасыз ету мақсатта және жайылымдарды суландыруда пайдаланады.

Жер асты суларының қасиеттері пайдаланудың мақсатына ықпалы бар, әсіресе судың тұздылығы. Облыстың жазықтық аймақтарының жер асты сулары басым әртүрлі деңгейде тұздалған  болады. Сондықтан, олар басым жайылымдарды суландыруға пайдаланады.

 

 

 

Сурет 1.3 Сырдария өзені.

 

 

    1.  Топырақ-өсімдік  жамылғысы  мен жануарлары

 

Топырақ жамылғысы. Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аудандарының негізгі топырақ түрі таулы-шалғынды, таулы қызыл-қоңыр және сұр топырақ. Облыстың жазықты жерінде сұр топырақ, тақыр сияқты және сұр қызыл-қоңыр топырақ басым болады. Олардың арасында сор және сортаң жерлер кездеседі. Өзен жайылымдарында шалғынды және шалғынды-батпақ топырақтар басым болады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстік-батысында үлкен кеңістіктерді құм алып жатыр (құмды шөлдер).

Облыстың оңтүстік-шығысында  биік таулы жоталар орналасқан. Мұнда  топырақтың вертикалдық зоналылығы айқын байқалады. Биік шыңдардан  төмендеген сайын мұздықтар мен  нивальдық белдеу таулы-шалғынды және субальптік топырақтарға ауысады. Бұл  топырақ қабаты тұтас белдеу қалыптастырмайды, тек ғана жазықтық жерде және биік таулы кеңістіктердің жылғаларында тараған. Бұл топырақтың сипатты  белгілері – қабаттылығы қалың  емес және топырақ профили ірі  бөлшектерден құрылған, қарашіріктің жоғары үлесімен және қалың шымдылықпен  сипатталады.

1200 – 1300 метрден 2400 –  2500 метр биіктік аралығында таулы қызыл қоңыр топырақ тараған, оның ана жыныстары лесс және лесс сияқты саздақ, қатты жыныстардан құрылған элювий мен пролювий болып табылады. Қарашірік үлесі 3 – 6 %, түсі қызыл қоңыр.

Талас Алатауы, Қаржантау  және Қаратау тау етегі облысында  және тау алды жазықтарда, Сырдарияның  биік террасаларында сұр топырақ  тараған. Мұндағы сұр топырақ  солтүстікті ашық реңді (аз карбонатталған), оңтүстікті қара реңді, оңтүстікті ашық реңді және оңтүстікті ашық реңді  сор топырақтарға бөлінеді. Олардың  ішінде оңтүстікті қара реңді сұр  топырақ (қарашірік – 3 – 4 %) ең құнарлы болып табылады.

Бетпақдалада сұр-қоңыр  топырақ дамыған, қарашірік үлесі 1 % дейін. Шоқ-шоқ болып сор жерлер кездеседі.

Сырдарияның орта ағысы бойындағы  ежелгі аллювиалдық жазықтарда және Қаратаудың теріскейіндегі тау етегінде жазықтар мен Мойынқұмда тақырлар кездеседі. Олардың беті жарық пішіндер мен  ерекшеленеді, қарашірік үлесі 1% аспайды.

Сортаң жерлер облыс территориясында  сирек кездеседі, көбінесе Бетпақдалада.

Арыс, Бадам, Келес т.б. ұсақ өзендердің аңғарларында тұздалмаған  шалғынды-сұр топырақ және сор  топырақ кездеседі. Топырақтың беткі  қабаттарында қарашірік үлесі 3 – 4 % дейін барады. Облыстың оңтүстік-батысында, Шу өзенінің төменгі ағысында, Сырдаря  аңғарында сор жерлер бар, олардың  беті жүқа тұзды қабыршақпен жабылған. Олар, минералданған еспе сулардың (жер бетінен 2 – 3 м тереңдікте) жер бетіне жақын орналасқан жағдайда пайда болады.

Өсімдік жамылғысы. Агроландшафттардың дамуына өсімдік жамылғысының маңызды әсері бар. Облыстың өсімдік жамылғысы өте түрлі болып келеді, шамамен 1,5 мың түрі бар. Жазықтықтарда шөлді өсімдіктер басым болады. Бетпақдала үстіртінде бұйырғын мен жусан көп тараған. Шу өзенінің аңғарында жусаннан құрылған шалғынды-сор өсімдіктер дамыған, арасында жыңғыл, шеңгел, сексеуіл кездеседі. Қаратаудың солтүстік-шығыс беткейі тау етегінде пролювиалдық жазықтықта боялыш пен жусан басым болады. Қызылқұмда бұталы өсімдіктер көп кездеседі – сексеуіл, жусан, Коноллидің құмды қарағаны (құмды акация), жүзгін. Шөлдің қиыр оңтүстігінде жүсанды-эфемерлік өсімдік дала дала өсімдігіне ауысады. Сырдария аңғарында жусанды-солянкалы өсімдіктер басым. Ал, өзенге жақындаған сайын қамыстық және тоғай өсімдіктері көбейеді (жіде, қамыс, шенгел, тамарикс, тораңғыл, тал т.б.)

Таулы аудандарда биіктік  зоналылық айқын байқалады. Теңіз  деңгейінен 500 – 700 м биіктікке дейін (Батыс Тянь-Шань тау алды) эфемерлік әртүрлі шөптесін өсімдіктерден құрылған шөлді өсімдіктер басым болады (мятлик луковичный, осочка пустынная). Сайлардың көлеңке беткейінде ерте шығаты астық тұқымдастар көріне бастайды (пырей пушистый, ячмень луковичный, бородач), ал 800 м биіктікке дейін олар басым болып бастайды. Беткейдің 800 – 1000 м ден 1300 – 1500 м биіктікке дейін аралықты (пушисто-пырейные) дала алып жатыр, одан жоғары астық тұқымдас-әртүрлі шөптесін таулы дала белдеуі орналасқан. Солтүстік беткейде осы биіктіктерде ағаштар бұталардан тұратын тоғайлар тараған (жаңғақ, алша, өрік, алма, боярышник т.б.). 2200 – 2400 м биіктікте қүрғақ аршалы сирек ормандар мен бұталар зонасыорналасқан. Одан жоғары, 2800 – 3000 м биктікке дейін аласа шөпті субальптік шалғынды-дала басым болады (типчак, тонконог, овсец пустынный и азиатский, тиомфеевка степная и альпийская т.б.). Шалғынды-дала зонасында шоқ-шоқ болып әртүрлі бұталар кездеседі (түркістан аршасы, шиповник, барбарис, жимолостьмелколистная т.б.) 2800 – 3000 м биіктіктен 3600 – 3800 м дейін аласа шөпті өсімдік жамылғысы сиректелген альптік шалғын-дала орналасқан (типчак, овсянница Крылова и альпийская, овсец пустынный и азиатский, мятлик альпийский и голоцветный т.б.). Таудың ең биік жерінде (абсолюттік биіктігі 3600 – 3800 м) өсімдік жамылғысын мүк, қына қабаттары құрайды.

Қаратаудың оңтүстік-батыс  беткейдің өсімдігі Батыс Тянь-Шань таулы жоталарының өсімдігінен  айрықша болады. Қаратаудың жайпақ төмен тау алды эфемерлік шөлді  өсімдіктерімен жабылған, 500 м биіктіктен жусында-астық тұқымдас өсімдіктеріне ауысады. Гидрографиясы: өзен сулары, жер асты сулары, су қоймалары мен көлдері.

Ауданның гидрографиялық  желісі біркелкі дамымаған. өзендердің көпшілігі ауданныњ оңтүстік жєне оңтүстік-шығыс  бөлігіне тән. Батыс бөлігінде шағын  өзендер Ақтерек совхозында: Жаманты, Ақтерек және Ырғайты. Солтүстік  бөлігінде жер беті сулары жоќ. Аудандағы  жер асты суларының тереңдігі  әркелкі жєне олардың минерализациясы  өте түрлі - түсті жасақталған  және Шу, Іле тауларыныњ төбелерінде  көптеген жерасты сулары бастау күйінде  шығыстан тұстары кездеседі, мұнда  су тұщы.    Ауданда 15 кішігірім  өзендер бар.

        Қопа  өзенінің жағалауында жерасты  суларының тереңдігі 1,5 метрден  4 метрге дейін болады: суы өте  күшті минералданған, соның нәтижесінде  мұнда батпақты шабындықта жєне  шабындықты сұртопырақты қыртыстар  түзілген. Ылғалды сорлары түрлі  деңгейде тұзды. Сары-Тау-Құм құмдарында  жерасты сулары терењдегі 15 - тен  20 метрге дейін, сулары тұщы  болып келеді.

 

 

Сурет 1.2 Оңтүстік Қазақстан облысы

 

             Өзендері облыс аумағында біркелкі  таралмаған. Оңтүстік Қазақстан  облысы жерінің оңтүстігінен  солтүстік-батысына қарай Сырдария  өзені ағып өтеді. Сырдарияға  Арыс (378 км), Келес (241 км), Құркелес (98 км) өзендері құяды. Халқы тығыз  орналасқан оңтүстік-шығысында Арыс өзенінің салалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жабағылы, Машат, Дауылбаба, Боралдай өзендерінің шаруашылық маңызы зор. Қаратау жотасынан басталатын Бөген, Шаян, Арыстанды, Шылбыр, Байылдыр, Көксарай, т.б. өзендер облыс орталығын сумен қамтамасыз етеді. Шу өз-нің төм. ағысында суы аз, тек көктемде қар еріген кезде ғана суы молайып, Созақ ауданының шаруашылықтарын суландырады. Шардара (ауд. 400 км2, су көлемі 5200 млн. м3), Бөген (су көлемі 377 млн. м3), Бадам (су көлемі 61,5 млн. м3), т.б. бөгендер салынған. Арыс өзенінен Арыс – Түркістан, Өзбекстан жеріндегі Сырдариядан Достық (бұрынғы Киров атындағы), Шардара ауданында Қызылқұм магистралды каналдары тартылған. Облыс көлдері негізінен таяз және тұзды, көктемде суға толып, жазда құрғап, сорға айналады. Қрі көлдері: Ақжайқын (48,2 км2), Қызылкөл (17,5 км2), одан басқа Қалдыкөл, Шүйнеккөл, Тұздықдүме, т.б. ұсақ көлдер бар. Жер асты суының қоры мол.

 

  1. Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек ресурстары

 

2.1 Қазақстандағы еңбек ресурстарын басқару жүйесі

 

Еліміздегі экономика  дамуының қазіргі заманғы деңгейі  барлық деңгейлерде басқарудың әкімшілік  әдістерінен экономикалық әдістеріне өтуімен сипатталады. Экономикалық шаралар халықты жұмыспен қамтуға  және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауға көмек көрсетудің барлық негізгі  бағыттарын қаржыландыруды қарастырады. Бұған кіретіндер: жаңа жұмыс орындарын  ашу бойынша кәсіпорындарды ынталандыру, жеңілдетілген салық салу, жаңа жұмыс  орындарын ашуға несие беру, әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұлғаларды жұмысқа  алу, сонымен қатар бос жұмыс  орындарын жасырғаны үшін, жұмысқа  қабылдаудан бас тарту үшін айып салу түріндегі экономикалық санкциялардың  қолданылуы.

Басқарудың экономикалық әдістері әкімшілік ықпал ету  шараларынсыз, қандай-да бір мақсаттарды  шешуде басқарылатын объектінің экономикалық мүдделілігін ынталандыратын, құралдар мен күштерді пайдаланумен тығыз  байланысты. Халықты жұмыспен қамту  ісіне қатысты басқарудың экономикалық әдістерін қолданудың өрісі айтарлықтай  кең. Ол өзіне кәсіпорынның қызметкерлері  үшін ақы төлеудің, жер ресурстарын  пайдаланғаны, су ресурстарын қолданғаны үшін, айыппұл төлетудің түрлі  нормативтерін белгілеудің негізінде, үкіметтің және өзін-өзі басқарудың жергілікті органдарының қарым-қатынасында  шаруашылық есептің енгізілуін қарастырады. Кәсіпорынның қажетті кадрларды  дайындайтын оқу орындарымен, сонымен  қатар оларды қайта даярлау орталықтарымен шаруашылық есеп қатынастарын кеңейту  туралы жұмыс атқарылуы қажет.

Еңбек ресурстарын басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерінің  үйлесімділік негізі – басқарудың ұйымдастырушылық әдістері болып табылады. Еңбек ресурстарын басқарудың ұйымдастырушылық әдістерінің мәні еңбек ресурстарын  басқарудың жүйесінде қосымша құрылымдарды ұйымдастыру арқылы, басқарудың әкімшілік  және экономикалық әдістерінің жүзеге асырылуында. Сонымен қатар, басқарудың ұйымдастырушылық әдістері басқару  объектісі сияқты субъектісінің  де іс-әрекеттерін ұйымдастырудың нақты  тәртібін белгілейтін нормативтік  құжаттар түрінде жүзеге асырылады.

Осылайша, еңбек нарығын  реттеудің тиімді механизмін құру оның барлық кешенді түрдегі құрылымдық элементтерінің өзара әрекеттесуін қарастырады. Осындай жағдайда ғана жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздықты  азайтудың ең қолайлы мүмкіндіктері  құрылуы мүмкін.

Еңбек ресурстарын басқару  – бұл еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге  және оның салалар арасындағы тиімді бөлінуіне, сонымен қатар экономиканың білікті мамандарға сұранысын қанағаттандыруға бағытталған өндірісті басқарудың құрамдас бөлігі. Еңбек ресурстарын  басқару жүйесі екі деңгейден  тұрады: сыртқы еңбек нарығында еңбек  ресурстарын басқару мемлекеттің (өңірдің) деңгейінде жүзеге асырылады, ал ішкі нарықта - әр бір бөлек алынған кәсіпорынның деңгейінде. Еңбек ресурстарын басқару, жүйе ретінде, бөлек-бөлек қосалқы жүйелерден, ал олардың әрқайсысы бірнеше бағыттар мен элементтерден тұрады, олар қосалқы жүйелерді құрайды және бүкіл жүйеге жалпы ықпал жасай отырып, жеке-дара мағынаға ие болады. Еңбек ресурстарын басқару жүйесі үш қосалқы жүйелерден тұрады.

Информация о работе ОҚО еңбек ресурстары