Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-1 Заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 16:25, реферат

Краткое описание

«Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органға», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органына», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органының», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органы», «Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның», «өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органымен», «Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органмен» деген сөздер тиісінше «Уәкілетті орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті орган», «уәкілетті органның», «уәкілетті орган», «уәкілетті органмен», «уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)

Прикрепленные файлы: 1 файл

zan.doc

— 253.50 Кб (Скачать документ)

Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексерудің елеулі көлеміне байланысты мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының басшысы (не оның орнын ауыстыратын адам) тексеру жүргізу мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.

Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда тексеруді ұзарту туралы қосымша акт ресімделеді, ол міндетті түрде құқықтық статистика жөніндегі органда тіркеліп, онда тексеру тағайындау туралы бұған дейінгі актінің тіркеу нөмірі мен күні және ұзарту себебі көрсетіледі.

Тексеру азаматтардың денсаулығы мен өміріне және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты туындаған ерекше жағдайларда, мезгілінен тыс уақытта тексеру жүргізу кезінде, сондай-ақ бұзушылықтардың жасалуы бірден байқалған және дәлелдерді бекіту үшін жедел іс-әрекеттер жүргізу қажет болған жағдайларда тексеруді тағайындау туралы акті мен ақпараттық есеп құжаттары тексеру жүргізу басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

4. Ұйымдар өздерінің өрт қауіпсіздігі деңгейі бойынша 1, 2, 3 және 4-топтар объектілеріне бөлінеді. Аудандағы объектілер есебін  мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы жүргізеді.

5. 1-топтағы объектілерге: жалпы құрылыс алаңы 3500 шаршы метрден асатын ірі өнеркәсіп орындары және республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары; электр станциялары; әуежайлар; теңіз сауда порттары; театрлар, спорт сарайлары, басқа да мәдени-ойын-сауық ұйымдары, медицина ұйымдары мен сыйымдылығы 800 және одан да көп орынды қонақ үйлер; жалпы алаңы 2500 шаршы метрден асатын сауда объектілері; мұражайлар, сурет галереялары; жалпы алаңы 2500 шаршы метрден асатын кітапханалар; мұнай базалары мен жалпы сыйымдылығы 2000 текше метрден асатын мұнай өнімдерінің қоймалары; газ қоймалары мен сыйымдылығы 1000 текше метрден асатын газ құю станциялары жатады.

Бұл объектілерді мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары кемінде бес жылда бір рет жоспарлытексереді және жыл сайын жоспарлытексеру кезеңінде айқындалған өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, ережелерді бұзушылықтарды жоюдың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

6. 2-топтағы объектілерге: бірінші топқа енбеген өнеркәсіп орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары; балық және өзен порттары; 50 бірліктен астам техникасы бар автокәсіпорындар; темір жол станциялары, локомотивтік, вагон, вагон жөндеу, рефрижератор, жөндеу-жабдықтау деполары; атқарушы және өкілді органдардың ғимараттары; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер; ауысымда 800 және одан да көп оқушылар, студенттер, тыңдаушылар саны бар оқу мекемелері; бірінші топқа енбеген театрлар, спорт сарайлары, басқа да мәдени-ойын-сауық ұйымдары; алаңының көлеміне қарамастан діни мекемелер; жалпы алаңы 1000-нан 2500 шаршы метрге дейінгі сауда объектілері; мұражайлар, сурет галереялары және жалпы алаңы 1000-нан 2500 шаршы метрге дейінгі кітапханалар, сыйымдылығы 400-ден 800 адамға дейінгі медицина ұйымдары мен қонақ үйлер; құрылыстары 1500 шаршы метрден астам жалпы алаңы бар ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы объектілері мен құс фабрикалары жатады.

Бұл объектілерді мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары екі жылда бір рет жоспарлытексереді және жыл сайын жоспарлытексеру кезеңінде айқындалған өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды бұзушылықтарды жоюдың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

7. 3-топтағы объектілерге: екінші топқа енбеген білім беру ұйымдары; ғылыми-зерттеу және жобалау институттары; кемінде 50 бірлік техника саны бар автокәсіпорындар; жалпы алаңы 1500 шаршы метрден аз ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы объектілері мен құс фабрикалары; балалар, әкімшілік ғимараттары, жатақханалар, байланыс ұйымдары, коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, тамақтану мекемелері, ойын мекемелері, дәріханалар, почталар, байланыстың сөйлесу пункттері, телеграфтар, банк бөлімдері, көркемсурет шеберханалары, 150 шаршы метрден астам алаңы бар салтанат залдары; бірінші және екінші топтарға енбеген мұражайлар мен сурет галереялары, медицина ұйымдары мен қонақ үйлер, сауда объектілері, кітапханалар жатады.

Бұл топтың объектілерін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары  жылына бір реттен жиі тексермейді .

8. 4-топтағы объектілерге: ашық автотұрақтар мен жеке гараждар; бір қабатты жер үсті және жер асты гараждары; автомобильдерге май құю стансалары, саяжай және бау-бақша шаруашылығы қоғамдары; сауда павильондары, жөндеу шеберханалары, дүңгіршіктер, қабылдау пункттері мен валюта айырбастау пункттері, тауарларды сатуға арналған, оның ішінде базарлар аумақтарында орналасқан контейнерлер; жеке тұрған және тұрғын үйлер мен құрылыстарға жапсарлас (қабаттас) салынған 150 шаршы метрге дейінгі алаңы бар сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, тамақтандыру кәсіпорындары, ойын орындары, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, дәріханалар, медициналық кабинеттер, банк бөлімдері, көркемсурет шеберханалары, салтанат залдары, мұражайлар, көрме залдары, офистер, аудио-бейне жазба және прокат пункттері, диспетчерлік пункттер мен басқа да шағын объектілер жатады.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары осы топтағы объектілерді қажеттілігіне қарай, бірақ үш жылда бір реттен асырмай, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша тексереді.

9. Салынып жатқан объектілерді  мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары олардың жобалау-сметалық құжаттамасының және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне жалпы негіздерде тексереді, бірақ ол жылына бір реттен жиі болмауға тиіс.

2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен  10 тармақпен толықтырылды  

10. Кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді объектілер тобына қарай кезеңділікпен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүргізеді.

2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен  11 тармақпен толықтырылды  

11. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары кезеңділігін жылына бір реттен асырмай, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша:

қоныстану аумағында - өртке қарсы өтетін аралықтардың, кіреберістердің, өтпе жолдардың, өткелектердің және өртке қарсы сумен жабдықтаудың болуын және олардың жай-күйін;

көп пәтерлі тұрғын үйлерде - өрт қауіпсіздігінің, түтінді жою жүйесінің, өртті анықтау және сөндіру, ғимараттар мен құрылыстарға өтетін өртке қарсы өтпе жолдардың жай-күйін, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын үй-жайлардың өртке қарсы жай-күйін;

жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша ғана жеке тұрғын үйлер мен тұрғын үй емес құрылыстарда - өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерінің сақталуын тексеруді жүзеге асырады. 

 

2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен    3-1- тараумен толықтырылды

3-1-тарау. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің

құқықтық жағдайы және олардың қызмет өткеруі 

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-7-баппен толықтырылды

9-7-бап. 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен  алып тасталды (бұр. ред. қара) 

 

ҚР 09.12.98 ж. № 307-1; 29.11.99 ж. № 488-1; 05.05.00 ж. № 48-II; 09.08.02 ж. № 346-II; 02.07.03 ж. № 454-II;29.12.03 ж. № 511-I (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап толықтырылды және өзгертілді

10-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды  (бұр. ред. қара)  

 

29.12.03 ж. № 511-I ҚР Заңымен 10-1 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III  ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара) 10-1-бап өзгертілді

10-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы

Белгiленген тәртiппен арнаулы  атақтар, белгiленген үлгiдегi қызмет куәлiктерi мен жетондар берiлген, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызметте тұрған адамдар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi болып табылады.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген медициналық, санаторий-курорттық және зейнетақымен қамсыздандыру тәртiбi қолданылады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген, ішкі істер органдары қызметкерлері үшін белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен   және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі. 

 

ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-2 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10-2-бап өзгертілді

10-2-бап.  Мемлекеттік өртке қарсы қызмет  органдары қызметкерлерiнiң қызмет өткеруi

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметке жасы кемiнде он сегiздегi, кәсiби даярлығы, денсаулық жағдайы, дене дамуы және бiлiм деңгейi бойынша өздерiне жүктелген қызметтiк мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орындарында оқу үшiн орта бiлiмi бар, он сегiз жасқа толмаған адамдар қабылдануы мүмкiн. Бұл орайда аталған оқу орындарына түскен адамдармен өрт-техникалық оқу орнын бiтiрген соң  мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында одан әрi қызмет өткерудiң талаптары мен тәртібі  көзделетiн келiсiм-шарттар жасалады.  Казарма жағдайындағы өрт-техникалық оқу орындарының курсанттары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орнындағы оқу уақыты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мерзiмдi әскери қызмет мерзiмiне есептеледi.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кiшi басшы құрам лауазымдарына отыз екi жастан аспаған, орта және аға басшы құрамға отыз бес жастан аспаған адамдар қабылданады. Ерекше жағдайларда аталған жас мөлшерi қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi бар және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн адамдарға қатысты уәкілетті орган басшысының шешiмiмен өзгертiледi. Кіші және орта басшы құрам лауазымына - қызмет түрі бойынша орта кәсіптік немесе жоғары кәсіптік білімі бар адамдар, аға басшы құрам лауазымына қызмет түрі бойынша жоғары кәсіптік білімі бар адамдар тағайындалады.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрт-техникалық оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоса алғанда, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының  қатардағы және басшы құрам лауазымдарына тағайындалған немесе кадрына есепке алынған әскери мiндеттiлер белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және  мемлекеттік өртке қарсы қызмет  органдарында арнайы есепте тұрады.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет  органына қызметке алғаш алынған адамдар мiндеттi түрде мемлекеттік өртке қарсы қызмет  органдарының кәсiби даярлау мектептерiнде және оқу пункттерiнде арнайы бастапқы оқытудан өтедi. Көрсетiлген оқу орындарында алғашқы дайындықтан өтудiң тәртiбi мен шарттарын уәкілетті органның басшысы белгiлейдi.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органына алғаш қабылданған адамдар үшiн үш айға дейiнгi сынақ мерзiмi белгiленедi. Сынақ нәтижесi қанағаттанғысыз болған жағдайда, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi сынақтан өтпеген адам ретiнде жұмыстан босатылуы мүмкiн. Нәтижесi оң болған жағдайда сынақ мерзiмi қызмет стажына есептеледi.

Бұрын сотталған және ақтай алмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан  және әдiлет органдарынан терiс себеппен жұмыстан босатылған адамдар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қызметке қабылданбайды.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қызметке тұрған азаматтар ант қабылдайды, оның мәтiнiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

Өрт-техникалық оқу орындарының күндізгі бөлімін бітірген мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында кемінде бес жыл жұмыс істеуге міндетті. 

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының қызметкері өрт-техникалық оқу орнын бітіргеннен кейін одан әрі бес жыл бойы қызметін өткеруден бас тартқан не осы Заңның 10-4-бабы екінші бөлігінің 5), 7), 9), 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыстан босатылған жағдайда, ол өзінің оқу кезеңіндегі стипендия төленуіне, тамағына, заттай жабдықталымға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті. Ұстап қалуға жататын сома келісім-шарт мерзімі аяқталғанға дейінгі қызмет өткермеген әрбір толық ай үшін барабар есептеледі.

Өрт-техникалық оқу орны күндізгі бөлімінің әскерге шақырылу жасына жеткен және сабақ үлгермегені, тәртіп сақтамағаны үшін, сондай-ақ өз еркімен оқудан шығарылған курсанттары, егер олар оқу орнына түскенге дейін мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермесе, арнайы есептен шығу үшін тұратын жері бойынша әскери басқарманың жергілікті органдарына жіберіледі. 

 

ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-3 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III  ҚР Заңымен (бұр. ред. қара)  ; 2008 .26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10-3-бап өзгертілді

10-3-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметтiң шектi жасы

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң қызметте болуының шектi жасы:

1) қатардағы және кiшi басшы  құрамдағы адамдар үшiн - қырық  бес жас; 

2) орта, сондай-ақ арнаулы майор  және подполковник атақтары бар  аға басшы құрамдағы адамдар үшiн - қырық бес жас, арнаулы полковник атақтары бар адамдар үшiн - елу  үш жас;

3) жоғарғы басшы құрамдағы адамдар  үшiн - елу сегіз жас болып белгiленедi.

Информация о работе Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-1 Заңы