Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-1 Заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 16:25, реферат

Краткое описание

«Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органға», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органына», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органының», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органы», «Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның», «өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган», «өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органымен», «Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органмен» деген сөздер тиісінше «Уәкілетті орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті орган», «уәкілетті органның», «уәкілетті орган», «уәкілетті органмен», «уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)

Прикрепленные файлы: 1 файл

zan.doc

— 253.50 Кб (Скачать документ)

6. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген өрт сөндіру техникасы, өрт-техникалық жарақтары мен жабдықтары бойынша тиісті нормаларға сәйкес келуге тиіс. 

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

13-бап. Қоғамдық бiрлестiктер (халықтың өртке қарсы ерiктi құралымдары)

Қоғамдық бiрлестiктер (халықтың өртке  қарсы ерiктi құралымдары) Қазақстан  Республикасының заңдары мен  өздерiнiң құрылтай құжаттарына сәйкес өрттерден сақтандыру және оларды жою, азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi өрттерден қорғау жөнiндегi шараларға қатыса алады. 

 

4-тарау. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету 

 

2004.20.12. № 13-III  ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III   ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

14-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеу

Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеу - нормативтік құқықтық актілерде міндетті түрде орындалуға тиіс өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілеу.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптарын қамтитын нұсқаулықтар, техникалық регламенттер және өзге де нормативтік құқықтық актілер жатады.

Өнімге және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын өрт қауіпсіздігінің талаптары техникалық регламенттерде белгіленеді.

Мемлекеттік органдар әзірлейтін және өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге тиіс. 

 

2004.20.12. № 13-III  ҚР Заңымен 15-бап (бұр. ред. қара)  ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара)  15- бап  өзгертілді

15-бап. Өрт қауiпсiздiгi шараларын

әзiрлеу және iске асыру 

Өрт қауiпсiздiгi шаралары Қазақстан  Республикасының заңдарына, өрт  қауiпсiздiгi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, сондай-ақ өртке  қарсы күрес тәжiрибесi, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердiң, бұйымдардың, конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың өртену қаупiн бағалау негiзiнде әзiрленедi.

Заттарды материалдарды, бұйымдарды және жабдықтарды дайындаушылар (жеткiзушiлер) тиiстi техникалық құжаттамада осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өртену қаупiн, сондай-ақ оларды пайдаланған кездегi өрт қауiпсiздiгi шараларын мiндеттi түрде көрсетедi.

Кәсiпорындар, ғимараттар, құрылыстар және басқа да объектiлер үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеп, iске асырғанда, соның iшiнде оларды жобалағанда, өрт кезiнде адамдардың басқа жерге қауіпсiз көшiрiлуiн қамтамасыз ететiн шешiмдер мiндеттi түрде көзделуге тиiс.

Өндiрiстер үшiн адамдардың қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету жөнiндегi шешiмдердi көздейтiн өрттердi сөндiру жоспарлары мiндеттi түрде әзiрленедi.

Елдi мекендер мен әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдар үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын  тиiстi мемлекеттiк органдар әзiрлеп, iске асырады.  

 

ҚР 16.07.99 ж. № 437-1 ҚР Заңымен; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара)  16- бап  өзгертілді

16-бап. Өрттердi сөндiру

Өрттердi сөндiру азаматтарды, мүлiктердi құтқаруға және өрттердi жоюға бағытталған жауынгерлiк iс-әрекеттер болып табылады.

Қоныстану аумақтарында, стратегиялық, ерекше маңызды мемлекеттік объектілерде және мемлекет меншігіндегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде өрт сөндіруді мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүзеге асырады.

Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттерді сөндіруді тиісті аумақтағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілерде өрт сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын тартқан жағдайда шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүргізіледі. Шығындар сомасы республикалық бюджетке есептеледі.

Басқа объектілердегі өрттерді сөндіруді мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер жүзеге асырады.

Өрттердi сөндiрудi ұйымдастырудың және бұған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті тарту тәртiбiн уәкiлеттi органы белгiлейдi.

Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң  өрттердi сөндiруге баруы және оларды жоюға қатысуы сөзсiз тәртiппен жүзеге асырылады.

Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн  шақыру үшiн елдi мекендердiң телефон  жүйелерiнде бiрiңғай - 01 нөмiрi белгiленедi.

Өрттердi сөндiру кезiнде өртке қарсы  қызметтiң қызметкерi барлық тұрғын үйге, өндiрiстiк және басқа да үй-жайларға кедергiсiз кiруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға, оттың өршуiне жол бермеуге және өрттi сөндiруге бағытталған кез-келген шаралар қолдануға құқылы.

Өртке қарсы қызметтiң өрттi сөндiруге тартылған барлық бөлiмшелерi өрттi сөндiру жөнiндегi басшыға бағынады. Өрттердi сөндiру кезiнде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының  уәкiлеттiлік алған лауазымды адамдарынан басқа ешкiмнiң де оның iс-әрекетiне араласуға немесе оның өкiмiнiң күшiн жоюға құқығы жоқ.

Уәкiлеттi органның басшысы өртке қарсы барлық қызметтерге қатысты аға жедел бастық болып табылады.

Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органдарының басшылары тиісті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), облыстық маңызы бар қаланың, ауданның аумағында орналасқан өртке қарсы барлық қызметтерге қатысты аға жедел бастық болып табылады.

Өрттердi сөндiру кезiнде келтiрiлген материалдық залал қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен өтелуге  тиiс. Өртке қарсы қызметтiң жеке құрамы, аса қажет болған жағдайларда  өрт сөндiруге қатысқан өзге де адамдар келтiрiлген залалды өтеуден босатылады.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары  және қорғаныс, әуе, темір жол, теңіз  және ішкі су көлігі, орман шаруашылығы  объектілеріндегі өрттерді сөндіру  уәкiлеттi органы мен тиісті заңды тұлғалары арасындағы келісімдермен регламенттеледі.

Апаттарды, дүлей зілзалаларды және өрт сөндіруге байланысты емес өзге де төтенше жағдайларды жою кезінде  мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары (ақшалай қаражаттан басқа) оларды жою жөніндегі басшының қарамағына көшеді.

Өрт сөндіру кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары  қызметкерлерінің:

1) өрт сөндіру үшін өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдарын, көлік және басқа да материалдық-техникалық құралдарды тартуға;

2) өртті сөндіру және жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде цехтар мен объектілердің жұмысын тоқтатуға, қажет болғанда қауіпті аймақтан адамдарды және материалдық бағалы заттарды көшіруге нұсқау беруге;

3) өрт кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға, ғимараттардың үй-жайларына кірулерін шектеуге немесе оған уақытша тыйым салуға;

4) өрт кезінде азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және азаматтарды құтқаруға, оттың таралуын болдырмауға және өртті жоюға бағытталған шараларды қабылдау үшін азаматтардың тұрғын үй және өзге де үй-жайларына, ұйымдарына, оларға тиесілі жер учаскелеріне, дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа аумақтар мен үй-жайларға кедергісіз кіруге;

5) қажет болған жағдайларда жабық есіктер мен терезелерді, сондай-ақ адамдарды құтқару мен өрт сөндіруде кедергі болатын құрылыстарды бұзып ашуға;

6) адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда өртті сөндіру және жою кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, ұйымдардың байланыс құралдарын, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын, көлікті, егер залал келтірілген болса, оны иелеріне өтеу арқылы пайдалануға құқылы. 

 

ҚР 16.07.99 ж. № 437-1 Заңымен 17-бап толықтырылды

17-бап. Өрт сөндiру - техникалық өнiмдi өндiру

Өрт сөндiру - техникалық өнiмi Қазақстан  Республикасының Үкiметi белгiлеген  тәртiпте шарттық негiзде, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен жүзеге асырылатын тәртiпте өндiрiледi.

Қазақстан Республикасының аумағында  қолданылатын өрт сөндіру-техникалық өнімінің түрлерін уәкiлеттi орган белгілейді.  

 

16.07.99 ж. № 437-1; 02.07.03 ж. № 454-II; 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара)  18- бап  өзгертілді

18-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды

орындау мен қызметтер көрсету 

Қазақстан Республикасында өрт  қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететiн  мемлекеттiк емес ұйымдар құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн, оларға мыналар жатады:

- өрт сөндiру-техникалық өнiмiн  өндiру, оны сынықтардан өткiзу, сатып  алу және жеткiзiп беру;

- жобалау iздестiру жұмыстарын  атқару;

- ғылым-техникалық кеңес беру  және жобалардың мемлекеттiк сараптамасының  ерекше құзыретiне жатқызылатын сараптау жұмыстарын қоспағанда, сараптама жүргiзу;

- заттардың, материалдардың, бұйымдардың,  жабдықтардың және конструкциялардың  өрт қауiпсiздiгiн сынау; 

- халықты өрт қауiпсiздiгi шараларына  оқытып-үйрету;

- өртке қарсы насихатты жүзеге асыру, арнайы әдебиет пен жарнама өнiмiн басып шығару;

- оттан қорғау және мұржа-пеш  жұмыстары; 

- өрт саймандарын, өрттердi сөндiрудiң  бастапқы құралдарын өндiру, оларды  жөндеу және қызмет көрсету,  отты сөндiретiн заттардың сапасын  қалпына келтiру;

- өртке қарсы қызметтiң ғимараттары  мен құрылыстарын салу, қайта  құру және жөндеу;

- өрттен қорғау жүйелерi мен  құралдарын өндiру, монтаждау, техникалық  қызмет көрсету және жөндеу;

- тiзбесiн мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары белгiлейтiн өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жұмыстар мен қызметтер жатады.  

 

2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ; 2007.27.07. № 320-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 19-бап өзгертілді

19-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы бiлiмдердi

насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы бiлiмдердi насихаттауды уәкiлеттi орган және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары мен қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады. Бiлiмдердi насихаттау үшiн бұқаралық ақпарат құралдары пайдалануы мүмкiн.

Азаматтарды оқытып-үйрету мектепке дейiнгi және жалпы орта бiлiм беру мекемелерiнде, жұмыс орны мен тұрғылықты жерi бойынша ұйымдарда, ал мамандарды оқытып-үйрету - орта білімнен кейінгі, арнаулы орта және жоғары білім беру, кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау ұйымдарында, өрт қауiпсiздiгi саласындағы iс-әрекеттерге әзiрлеу жөнiндегi орталықтарда, жұмыс орны бойынша ұйымдарда жүргiзiледi.

Бағдарламалар мазмұнына қойылатын  талаптарды және өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйрету тәртiбiн уәкiлеттi органы белгiлейдi. 

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

20-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ақпаратқа

халықтың құқығы

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ақпаратты  ұйымдар қызметiнiң қауiп-қатер деңгейi және басым өртену қауiптiлiгi, қажеттi қауiпсiздiк, өрттердiң салдарлары, олардан сақтандыру және оларды жою жөнiндегi шаралар туралы мәлiметтер құрайды. Ақпарат ашық және жариялы болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануға жатады.

Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары  өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету  жөнiнде өздерi қабылдаған шешiмдер туралы халықты хабардар етуге және өрттен қорғау - техникалық бiлiмдердi таратуға жәрдемдесуге тиiс. 

 

2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ; 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 21-бап өзгертілді

21-бап. Өрттердi және олардың салдарын мемлекеттiк есепке алу

Өрттердi және олардың салдарларын  мемлекеттiк есепке алуды Қазақстан  Республикасының статистика жөнiндегi уәкілетті органымен келiсiм бойынша уәкiлеттi органы жүзеге асырады.

Мемлекеттiк органдар, ұйымдар  мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өрттер және олардың салдарлары туралы есептер ұсынады. 

 

2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 22-бап өзгертілді

22-бап. Өрт қауiпсiздiгiн ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз ету

Өрт қауiпсiздiгiн ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз етудi ғылыми-зерттеу ұйымдары және оқу орындары жүзеге асырады.

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ғылыми-техникалық талдамаларды қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының  заңдарымен тыйым салынбаған басқа  да қаржыландыру көздерi есебiнен жүзеге асырылады.

Ғылыми зерттеулердi үйлестiру уәкiлеттi органына жүктеледi. 

 

2006.29.12. № 209-III   ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

23-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы

сәйкестікті растау

Өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады 

 

2006.29.12. № 209-III   ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды  

4-1-тарау. Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары  

 

23-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу

Информация о работе Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-1 Заңы