Қазақстан Республикасы жер ресурстарын мемлекеттік басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2012 в 15:31, реферат

Краткое описание

2003 жылғы 20-маусымда қабылданған ҚР Жер кодексінде жер туралы заңнаманың міндеттерінде, жер қатынастарын реттеу мәселелерінде және мемлекеттік органдардың құзыреті туралы нормаларда «басқару» сөзі, сонымен қатар «жер қорын басқару» сөзі бірде бір рет кездеспейді. Бұл жер құқығы қатынастарында басқару жоқ екендігін, жер туралы заңнаманың міндеттерінде аталғандай, барлық мәселелер жер қатынастарын реттеумен ғана шешілетіндігін білдіргені ме?

Содержание

Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасы жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың түсінігі және жалпы мәселелері 4
2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 5
3 Жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдары мен әкімдердің құзыреті 7
4 Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық өкілетті орган мен оның жергілікті жерлердегі органдарының құқықтық жағдайы 11
Қорытынды 14
Әдебиеттер 15

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жер құқығы.doc

— 120.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым Министрлігі

Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университеті

«Экономика және Құқық» институты

«Құқықтану» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

    Реферат

 

 

 

Пәні: ҚР Жер құқығы

Тақырыбы: Қазақстан Республикасы жер ресурстарын мемлекеттік басқару

 

 

 

 

 

                                                         Орындаған: ЮС-10-05 с/с тобының

                                                                                      студенті Оразбеков Н.T.

                                                          Тексерген аға оқытушы: Усенбаева А.У.

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау 2012

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

2003 жылғы 20-маусымда  қабылданған ҚР Жер кодексінде  жер туралы заңнаманың міндеттерінде,  жер қатынастарын реттеу мәселелерінде және мемлекеттік органдардың құзыреті туралы нормаларда «басқару» сөзі, сонымен қатар «жер қорын басқару» сөзі бірде бір рет кездеспейді. Бұл жер құқығы қатынастарында басқару жоқ екендігін, жер туралы заңнаманың міндеттерінде аталғандай, барлық мәселелер жер қатынастарын реттеумен ғана шешілетіндігін білдіргені ме?

Ресейлік «Жер құқығы» оқулығының авторы Б.В.Ерофеев  өз еңбегінде «Жер қатынастарын басқару» түсінігінен бас тарта отырып, 7-тарауды «Жер қатынастарын мемлекеттік  реттеу» деп атап, былай дейді: «Жер қатынастарын мемлекеттік орталықтанған басқару қаншама артықшылықтарына қарамастан, тиімсіз болып шықты, оған дәлел ретінде шет мемлекеттердің көптеген тарихи мысалдары мен Ресейдің қайғылы социалистік тәжірибесін атауға болады». Бұдан кейін автор келесі қорытындыға келеді: «Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу жалпы мемлекеттік басқарудың бөлігі болып табылады».1 Алайда, бұл жерде «жалпы мемлекеттік басқару» түсінігіне анықтама берілмеген. Жер құқығы ғылымында Б.Е.Ерофеев жер қорын басқару институтын жоққа шығарушы жалғыз автор емес. Оған дейін Н.Т.Осипов жер қорын бірыңғай басқаруды жоққа шығарып, оның орнына жер учаскелерін беру және алып қою, жерге орналастыруды және т.б. реттейтін институтты қойған.2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қазақстан Республикасы жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың түсінігі және жалпы мәселелері

 

Жер қорын басқару  анықтамасын басқаларға қарағанда  Ю.А.Вовк берген: «Біртұтас жер қорын  басқару ретінде мемлекеттің  елдегі жерлерді мейлінше ұтымды пайдалануды  ұйымдастыруды және оларды қорғауды мақсат етіп тұтатын құқықтық қызметі түсініледі».3 Бұл анықтамада жер қорын мемлекеттік басқарудың басты өзіндік белгісі болып оның елдегі жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғаудағы ұйымдастырушылық рөлі табылады. Анықтамадағы екінші ерекшелік жер қатынастарын емес, біртұтас мемлекеттік жер қорын басқарудан көрініс табады.

Ю.А.Вовктың  жоғарыда аталған анықтамасы Н.Б.Мұхитдиновтың  «Біртұтас жер қорын мемлекеттік  басқару» деп атаған институтымен4 бірдей болып келеді.

А.Х.Хаджиевтің пікірі бойынша жер қорын мемлекеттік басқару дегеніміз мемлекеттік басқару жүйесіндегі аса маңызды бағыт болып табылады, ол жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғаудың тиімділігін қамтамасыз етудің қажетті ұйымдастырушылық шарты. Бұл дұрыс тұжырым, ал бұдан кейін автор жер қатынастарын мемлекеттік реттудің мазмұнын жер қорын мемлекеттік басқарудың мазмұнына теңестіреді, мемлекеттік басқару ұйымдастырушылық қызметті білдіретінін, ал жер қатынастарын мемлекеттік реттеу осыған ұқсас қызметтің мазмұнын құрайтынын атаған.5

Аталған автор  жер қорын басқару тиісті мемлекеттік  органдардың ұйымдастырушылық, атқарушы-билік  жүргізуші қызметін білдіреді деп  санай отырып, жер құқығының жер  қатынастарын реттеу құқығына жататын  институттарын жер ресурстарын  басқару институтымен тіпті де шатастырып жібірген.

Бұл ретте ол ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі  орталық уәкілетті орган атқарушы-билік  жүргізуші функциялар құқығына ие емес (ҚР ЖК 14-бабы, ҚР «Жер туралы» заңының 11-бабы) екенін ескермеген.

Жер ресурстарын  басқару жер-іс жүргізушілік құқық саласындағы қызмет ретінде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және оның жергілікті жерлердегі органдарының құзыретінде қарастырылған (ҚР ЖК 14-бабы).

Бұл орталық  уәкілетті орган құзыретінің  мазмұнынан көрініп тұрғандай, оның қызметі жерге меншік объектілеріне билік жүргізумен байланысты емес, ал жер ресурстарын басқару оның елдегі барлық жер ресурстарын, яғни, Қазақстан Республикасының жер қорына кіретін барлық жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғауға қатысты іс жүргізушілік, ұйымдастырушылық-құқықтық қызметін сипаттайды. Сол себепті, бұл органның құзыреті жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзыретіне және аудандық маңызы бар қалалардың, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтар әкімдерінің құзыретіне қарағанда өзгеше.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің екінші тарауы «Мемлекеттік органдардың жер қатынастары  саласындағы құзыреті» деп аталады. Соның ішінде, жер ресурстарын  басқару жөніндегі органның құзыреті, жоғарыда атап өткеніміздей, жер қатынастарын реттеу саласындағы басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне қарағанда өзгеше.

ҚР Жер кодексі  жер қорын мемлекеттік басқару  институтын қарастырмағандықтан, біз  ҚР Үкіметінің, басқа да билік жүргізуші-атқарушы органдардың және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық округтар (селолық округтар) әкімдерінің құзыретін жеке тарауда қарастырумен шектелеміз. Өйткені, олардың қызметі жер қатынастарын реттеудегі атқарушы-іс жүргізуші функциямен тығыз байланысты. Сонымен қатар, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық орган мен оның жергілікті жерлердегі органдарының құзыреті де қарастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қазақстан Республикасы  Үкіметінің құзыреті

 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:

1) Республиканың  жер қорын пайдалану мен қорғау  саласындағы мемлекеттiк саясаттың  негiзгi бағыттарын әзiрлеу;

2) қоршаған ортаны  қорғау жөнiндегi басқа да iс-шаралардың  кешенiнде жердi ұтымды пайдалану,  топырақ құнарлылығын сақтау мен арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу;

3) республикалық  маңызы бар ерекше қорғалатын  табиғи аумақтарды құру мен  кеңейтуге, халықаралық мiндеттемелердi орындау мен жердi қорғаныс және  қауiпсiздiк қажеттерi үшiн пайдалануға байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерден жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қою;

4) жер учаскесiне  меншiк құқығына және жердi пайдалану  құқығына берiлетiн құжаттардың  нысандарын бекiту;

5) облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың аудандар  мен облыстық маңызы бар қалалардың  шекарасын өзгерту мәселелерi  жөнiндегi ұсыныстарын келiсу, сондай-ақ  облыстық маңызы бар қалалар  төңiрегiнде қала маңы аймақтарын  белгiлеу мен өзгерту;

6) жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру тәртiбiн, республикалық және халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн бекiту;

7) мемлекеттiк  жер кадастры мен жер мониторингiн  жүргiзу тәртiбiн бекiту;

8) жердi пайдалану  мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды  жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;

9) облыстардың  және астананың, республикалық  маңызы бap қалалардың арасындағы  жер қатынастарын реттеу;

10) оған Қазақстан  Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функциялар.

ҚР Үкіметі  облыстық (республикалық маңызы бар  қалалардың, астананың) өкілдік және атқарушы органдарының бірлескен ұсынысының негізінде Қазақстан Республикасының  азаматтарында шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларында және оның аффилиирленген тұлғаларында жеке меншік құқығында белгілі бір әкімшілік ауданның (қаланың) шегінде болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшерін белгілейді.6

Бұл жер қатынастарының барлығы Қазақстан Республикасының  жер ресурстарын мемлекеттік  басқаруға жатады және ұйымдастырушылық-құқықтық сипатқа ие. Қазақстан Республикасының  Үкіметі ҚР Жер кодексіне және өзге де заң актілеріне сәйкес жерге мемлекеттік меншікке қатысты билік жүргізу функциясын да жүзеге асыра алады.

 

 

 

 

3  Жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдары мен әкімдердің құзыреті

 

а) Жергілікті өкілдік органдардың және өзін-өзі басқару органдарының құзыреті.

 Жергiлiктi өкiлдi органдардың тиiстi аумақтарда жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:

1) басқа да табиғат  қорғау iс-шаралары кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды бекiту;

2) ауылдық (селолық) атқарушы  органдардың қарамағына берiлген  ауыл шаруашылығы алқаптарын  қоса алғанда, елдi мекендер  аумағында жер шаруашылық орналастыру  жоспарларын бекiту;

3) жергiлiктi бюджеттер құрамында  жер ресурстарын қорғау және  топырақ құнарлылығын арттыру  жөнiндегi шығыстарды бекiту;

4) жергiлiктi атқарушы органдар  мен ұйымдар басшыларының жер  ресурстарының пайдаланылуы мен  қорғалуының жай-күйi туралы есептерiн тыңдау;

5) Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде белгiленген құзыретi  шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер  арасындағы шекараны белгiлеу  туралы шешiмдер қабылдау;

6) ҚР Жер кодексінде  және Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде олардың құзыретiне жатқызылған өзге де мәселелер (ҚР ЖК 15-бабы).

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару  органдары жер қатынастарын реттеу саласында Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде белгiленген өкiлеттiктер шегiнде тұрғын халықтың жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуге қатысуын қамтамасыз етедi.

Жергілікті өкілдік органдар өз қызметінде жер ресурстарына билік  жүргізу құқығына ие болмайды. Бұған  мына жағдай жатпайды: ҚР Жер кодексінің 50-бабының 3-тармағына сәйкес осы  баптың 2-тармағында санамаланған, жеке меншiкте болуы мүмкiн жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерi жергiлiктi жағдайлар мен ерекшелiктерге қарай облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) өкiлдi және атқарушы органдардың бiрлескен шешiмдерiмен белгiленедi.

Өкілдік және атқарушы органдар өздерінің бірлескен ұсыныстарының негізінде ҚР Үкіметіне Қазақстан Республикасының азаматтарында шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларында және оның аффилиирленген тұлғаларында жеке меншік құқығында белгілі бір әкімшілік ауданның (қаланың) шегінде болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшерін белгілеуі туралы өтініш жасауы мүмкін.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн ұтымды пайдалану  мақсатында жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың бiрлескен шешiмдерiмен суармалы жерлердi пайдалану ерекшелiктерi ескерiле отырып, суармалы жерлердегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң ең аз мөлшерi белгiленуi мүмкiн (ҚР ЖК 50-бабының 5-тармағы).

ә) Облыстық (республикалық  маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органының құзыреті.

Облыстық (республикалық  маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның жер қатынастарын реттеу саласындағы  құзыретiне мыналар жатады:

1) басқа да  табиғат қорғау iс-шаралары кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi облыстық (қалалық) бағдарламаларды әзiрлеп, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi органның бекiтуiне енгiзу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

2) жер қойнауын  пайдалану, магистральды құбырлар  тарту, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн салу мақсатында жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қою;

3) ауданаралық  маңызы бар уақытша пайдаланылатын  мал айдау жолдарына жер учаскелерiн  беру;

4) ҚР Жер кодексінің 71-бабының 2-тармағына сәйкес iздестiру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру;

5) мемлекеттiк  ғылыми-зерттеу, оқу және басқа  да ауыл шаруашылығы ғылыми  ұйымдары мен олардың тәжiрибе  шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттiк  тұқым өсiру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерiн беру;

6) ерекше қорғалатын  табиғи аумақтардың барлық түрлерiн  құру үшiн жердi резервте сақтау;

7) ҚР Жер кодексінiң  13-бабының 3-тармақшасында көзделген  жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге байланысты жағдайларда жердiң барлық санаттарынан жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қою;

8) ҚР Жер кодексінде  және Қазақстан Республикасының  басқа да заң актiлерiнде белгiленген құзыретiне сәйкес аудандар арасындағы жер қатынастарын реттеу;

9) орман қоры  жерiн қоспағанда,  ҚР Жер кодексінің 90-бабында көзделген жағдайларда,  жер учаскелерiн беру және алып  қою, соның iшiнде сатып алу  арқылы алып қою;

10) аудандық, қалалық  (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметiн жер ресурстарын пайдалану мен қорғауды үйлестiру, оған басшылық ету және бақылау жасау;

11) ҚР Жер  кодексінде және Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде оның құзыретiне  жатқызылған өзге де мәселелер.

Информация о работе Қазақстан Республикасы жер ресурстарын мемлекеттік басқару