Қазақстандағы кәсіпорындардың капитал құрылымын қалыптыстыруды жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2012 в 21:48, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты – кәсіпорындардың капитал құрылымын және оның құнын анықтаудың теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, оңтайлы капитал құрылымын қалыптастыру жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өз алдына келесідей негізгі сұрақтарға жауап табуды міндет қойып отыр:
- кәсіпорындардың капиталының экономикалық негіздерін қарастыру;
- кәсіпорындардың капиталының құрылымын және құнын бағалау және талдау әдістемелерін игеру;
- қазіргі таңдағы қазақстандық кәсіпорындарда капиталды қалыптастыруды жетілдіру жолдарын қарастыру

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………
3



1.
Кәсіпорын капиталының экономикалық негіздері

1.1.
Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың
қалыптасу көздері……………………………………………………….

5
1.2.
Кәсіпорын капиталының түсінігі және жіктелуі……………………..
11
1.3.
Кәсіпорын капиталының құнын басқарудың
нарықтық экономикадағы маңызы ……………………………………

12



2.
Кәсіпорын капиталының құрылымы мен құнын бағалау

2.1.
Кәсіпорын капиталының құрылымын талдау………………………...
14
2.2.
Капитал көздерінің құнын бағалау…………………………………….
17
2.3.
Қапиталдың жалпы құнын бағалау……………………………………
20



3.
Қазақстандағы кәсіпорындардың капитал құрылымын қалыптыстыруды жетілдіру

3.1.
Қазақстандық кәсіпорындарда капиталдың
қалыптасу ерекшеліктері …………………….………………………...

24
3.2.
Кәсіпорындардың капиталды қалыптастыру тәсілдерін
жетілдіру жолдары ……………………………………………………..

27



Қорытынды…………………………………………………………………...
29


Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………….
30

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кәсіпорын капиталы.doc

— 296.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Кәсіпорын капиталының түсінігі және жіктелуі

 

Кәсіпорынның өндірістік процесті дамытуға бағытталған қаржы ресурстары оның ақшалай нысанындағы капитал болып табылады. Қаржы ресурстары кәсіпорынның жалпы қаражаттарының жиынтығы болса, капитал – осы қаражаттардың өндіріс барысына салынған бөлігі. Осыдан келе, кәсіпорын капиталы дегеніміз – бұл кәсіпорынның өндірістік айналымына салынған және осы айналымнан табыстар алып келетін ақша қаражаттары болып табылады.

Қаржы ресурстары мен капитал арасындағы басты айырмашылық – кәсіпорынның қалыптасқан қаржы ресурстары оның капиталынан көп немесе тең болады. Қаржы ресурстары мен капиталдың тең болуы кәсіпорынның барлық қаржы ресурстары өндіріске инвестицияланғанын және оның ешқандай қаржылық міндеттемелерінің жоқтығын білдіреді. Сәйкесінше, егер қаржы ресурстары капитал көлемінен үлкен болса, онда кәсіпорынның тартылған қаражаттары өндіріс барысында толық қолданылмай жатқандығының куәсі болады.

Капитал кәсіпорынды құрудың және дамытудың басты экономикалық базасы болып табылады, өйткені ол кәсіпорын активтеріне инвестицияланған материалдық, материалдық емес және ақшалай қаражаттардың жалпы құнын сипаттайды. Өндіріс барысында қызмет етуі арқылы капитал кәсіпорын иелерінің, басшыларының, жұмысшыларының, сондай-ақ мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз етеді. Сол себепті де ол кәсіпорынды басқарудың негізгі объектісі болып табылады, ал оны барынша тиімді қолдану қаржы менеджментінің ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Кәсіпорын капиталының құрамы оның бірнеше белгілері бойынша жіктелуімен сипатталады (1.2-сурет).

Кәсіпорынға қатынасы бойынша меншікті және қарыз капиталды бөліп көрсетуге болады. Меншікті капитал дегеніміз – бұл кәсіпорынның құрылу барысында қалыптасқан бастапқы капиталы мен қызмет етуі барысында ішкі қаржы ресурстарының есебінен қалыптасқан және оның жеке меншінде қалатын қаражаттары болып табылады. Меншікті капиталдың құрамына жарғылық капиталды, резервтік капиталды, түрлі қорларды, бөлінбеген табысты жатқызуға болады.

Қарыз капитал дегеніміз – бұл кәсіпорынның өндіріс барысына орналастырылған қаражаттарының сырттан тартылған түрлері болып табылады. Қарыз капиталдың құрамына өндірісті қаржыландыру үшін қайтарымды негізде тартылған ақша қаражаттары мен басқа да құндылықтар

кіреді. Капиталдың барлық нысандары белгілі бір мерзімде қайтаруды талап ететін кәсіпорынның міндеттемелері болып табылады.

Инвестициялау объектілері бойынша негізгі және айналым капиталын бөлуге болады. Негізгі капитал кәсіпорынның негізгі құралдар мен материалдық емес активтеріне салынған қаржы ресурстары болып табылады. Айналым капиталы, сәйкесінше, кәсіпорынның қаржы ресурстарының айналым қаражаттарына салынған бөлігі болып табылады.

Қолдану мақсаттарына қарай капиталдың келесі түрлері кездеседі: өндірістік, несиелік және спекулятивтік капитал. Өндірістік капитал кәсіпорынның өндірістік активтеріне салынған қаражаттарын сипаттайды. Несиелік капитал кәсіпорынның инвестициялық қызметі барысында қолданылатын қаражаттарын (банктерге депозиттер салу, облигациялар сатып алу және т.с.с.) сипаттайды. Спекулятивтік капитал кәсіпорынның сатып алу – сату операцияларында, яғни баға айырмасына негізделген операцияларында қолданылады.

Өндірістік процеске қатысу нысанына қарай капиталдың жіктелу механизмі түсінікті түрде 1.3-суретте берілген.

 

Өндірістік процестің бірінші кезеңінде ақша нысанындағы капитал кәсіпорынның ұзақ мерзімді және айналым активтеріне инвестицияланады, осылайша ол өндірістік нысанға ауысады. Екінші кезеңде өндірістік капитал өнім өндіру барысында тауарлық нысанға ауысады. Үшінші кезең - өнімді сатуға байланысты тауар нысанындағы капиталдың ақша нысанындағы капиталға ауысу кезеңі болып табылады. Сонымен қатар капитал қозғалысының нысандары өзгерген сайын оның құны өзгеріске ұшырап отырады.

 

 

 

 

1.3. Кәсіпорын капиталының құнын басқарудың

нарықтық экономикадағы маңызы

 

Нарықтық жағдайларда қаржыны басқару принциптері кәсіпорындар үшін аса маңызды мәселе болып табылады. Стратегиялық даму тұрғысынан кәсіпорын шеңберінде қаржыны басқарудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның нарықтық құнын арттыру. Кәсіпорынның нарықтық құнының өсуі оның табысты қызметінің нәтижесі және әрі қарай даму үшін қаржы ресурстарын тартудың алғы шарты болып табылады. Қаржыландырудың қандай да бір көзін тарту кәсіпорын үшін шығындармен байланысты: акционерлерге дивидендтер төлеу, банктерге – несие бергені үшін пайыздар, инвесторларға – капитал салымдары үшін пайыздық табыстар және т.с.с. төлемдер мен шығындар. Қандай-да бір қаражат көзін тартуға байланысты жұмсалған шығындардың жалпы сомасы капитал құнын анықтайды.

Капитал құнының концепциясы қаржы менеджменті теориясының базалық негізі болып табылады. Бұл концепция тек қаражаттар тартуға байланысты шығындарды есептеп қоюмен ғана сипатталмайды. Кәсіпорынның инвестицияланған капиталы кәсіпорынның нарықтық құнын арттыруға қол жеткізетін табыстар алып келуі керек.

«Кәсіпорын капиталының құны» және «кәсіпорынның нарықтық құны» ұғымдарының арасында өзара байланыс бар. Кәсіпорын капиталының құны акционерлердың, кредиторлардың және инвесторлардың алдындағы міндеттемелерді өтеу бойынша шығындарды сипаттайтын қатысты (салыстырмалы) көрсеткіш болып табылады. Кәсіпорын құны акционерлік және қарыз капиталдардың құндық бағасын абсолюттік көрсеткіш бойынша сипаттайды.

Капитал құнын анықтау қажеттілігі келесі жағдайлармен түсіндіріледі.

Біріншіден, бұл көрсеткіш кәсіпорын қызметін ұзақ мерзімді перспективасы тұрғысынан сипаттайды. Мәселен, меншікті капиталдың құны потенциалды инвесторлар үшін инвестициялар салудың тартымдылығын көрсетеді; қарыз қаражаттардың құны кәсіпорынның ұзақ мерзімді несиелер тартку мүмкіндіктерін анықтап береді.

Екіншіден, капиталдың жалпы (орташа салмақталған) құны капитал салымдарының бюджетін әзірлеу барысында шешуші көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Үшіншіден, капитал құны қаржылық инвестициялардың тиімділін қалыптастыруда базалық көрсеткіш ретінде қарастырылады. Инвестициялардың тиімділік өлшемін кәсіпорын өзі белгілейтіндіктен, жекелеген қаржы құралдарының табыстылығын бағалау барысында салыстыру базасы ретінде капитал құнының көрсеткіші қолданылады. Бұл көрсеткіш қаржылық инвестициялардың нақты табыстылығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар осы инвестициялардың нақты бағыттары мен түрлерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, кәсіпорын капиталының құны қаржылық леверидж механизмін қолдану арқылы капитал құрылымын басқару барысында қолданылады. Қаржылық леверидждің деңгейі қарызға тартылған қаражаттардың көлемі мен олардың құнынан тәуелді. Қаржылық леверидж кәсіпорынның қаржылық тәуекелін арттырады, сәйкесінше акциялар бойынша табыстың артуына алып келеді. Сол себепті, акционерлердің игілік жағдайын барынша арттыруды мақсат ете отырып, осы мақсатқа қол жеткізетін капитал құрылымын қалыптастыру керек. Сәйкесінше, капитал құрылымын кәсіпорын құнына әсер етуі тұрғысынан қарастыру қажет. Оңтайлы капитал құрылымы оның құны барынша төмен болған жағдайда қалыптасады.

Кәсіпкерлік қызмет тұрақты болған сайын, өндіріс барысы кеңейген және контрагенттермен байланыс артқан сайын, нақты бір кәсіпорын және оның бизнесі үшін оңтайлы капитал құрылымы, яғни меншікті және қарыз қаражаттардың оңтайлы қатынасы қалыптасады. Осы оңтайлы құрылымды қолап тұруға жұмсалған шығындардың жалпы сомасын сипаттайтын көрсеткіш кәсіпорын капиталының құнын көрсетеді және қаржы теориясы мен тәжірибесінде «капиталдың орташа салмақталған құны» деген атаумен белгілі. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның өз қызметіне салынған қаражаттардың қайтарымдылығын, олардың рентабельділігін анықтайды.

Тұрақты қызмет етіп тұрған және өзінің қызметін қаржыландырудың қалыптасқан жүйесі бар кәсіпорындарда капиталдың орташа салмақталған құны қосымша қаражаттар тарту нәтижесінде біршама уақыт бойында өзгеріссіз қалып отырады, алайда белгілі бір шегіне жеткенде оның мөлшері арта бастайды.

Сонымен, кәсіпорын капиталының құнының деңгейі аталған кәсіпорынның нарықтық құнын сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Қолданыстағы барлық қаражат көздерінің құнын төмендету кәсіпорындарға өздерінің нарықтық құнын арттыруға алып келеді, сәйкесінше, егер қаржыландыру көздерінің құны неғұрлым жоғары болса, кәсіпорынның нарықтық құны да соғұрлым өз деңгейін төмендетіп алады. Бұл, бірінші кезекте, ашық үлгідегі акционерлік қоғамдардың қызметіне қатты әсер етеді, өйткені олардың акцияларының бағасының артуы немесе кемуі капитал құнының, сәйкесінше, төмендеуіне немесе өсуіне байланысты болып келеді. демек, капитал құнын басқару кәсіпорынның нарықтық құнын арттырудың өзінше дербес бағыттарының бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.    Кәсіпорын капиталының құрылымы мен құнын бағалау

 

2.1. Кәсіпорын капиталының құрылымын талдау

 

Кәсіпорынның капиталының құрылымы екі тұрғыдан қарастырылады: капиталдың орналасу тұрғысынан (активтер) және оның қалыптасу көздері тұрғысынан (меншікті капитал және міндеттемелер).

Кәсіпорын капиталының құрылымын талдау барысында активтер олардың өтімділік деңгейіне қарай топтастырылады, ал меншікті капитал мен міндеттемелер олардың төлем мерзімдерінің деңгейіне қарай топастырылады.

Аталған көрсеткіштерді динамикалық тұрғыдан талдау (көлденең, немесе деңгейлес, талдау) кәсіпорын капиталының өсуін немес кемуін және өсу қарқынын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалға, активтер құнының динамикасы кәсіпорынның өндірістік қуаты туралы ақпараттар береді.

Кәсіпорын капиталын құрылымдық талдау (тікелей, немесе сатылас, талдау) да ерекше маңызды. Бұл кәсіпорын қызметінің өндірістік бағыты туралы мәліметтерді түйіндеуге мүмкіндіктер береді.

Кәсіпорынның активтерін динамикалық және құрылымдық талдау арнайы талдау кесетесін құру арқылы орындалады. Мұндай талдаудың мысалы кәсіпорын активтеріне байланысты 2.1-кестеде берілген

 

2.1-кесте

 

Кәсіпорын активтерінің құрамы мен құрылымы

 

мың теңге

Көрсеткіштер

Жылдың басы

Жылдың соңы

Ауыт-қуы (+.–)

Өсу қар-қыны, %

Сомасы

Үлесі

Сомасы

Үлесі

1

2

3

4

5

6

7

Активтер, барлығы

2265

100,0

2914

100,0

+649

128,7

Негізгі құралдар

1465

64,7

1971

67,7

+506

134,5

Ағымды активтер

800

35,3

943

32,3

+143

117,9

   - материалдық құндылықтар

600

26,5

653

22,4

+53

108,8

   - дебиторлық қарыз

85

3,7

94

3,2

+9

108,2

   - ақша қаражаттары

115

5,1

196

6,7

+81

170,4

 

Кестенің мәліметтері бойынша аталған кәсіпорынның жалпы салынған капиталы жыл соңында 2914 мың теңгені құрап, жыл ішінде 649 мың теңгеге, немесе 28,7% артқанын байқаймыз.

Кәсіпорын активтерінің артуына, бірінші кезекте, негізгі құралдар мен ақша қаражаттарының өсуі себеп болып отыр. Негізгі құралдардың көлемі жыл басындағы 1465 мың теңгеден жыл соңында 1971 мың теңгеге дейін, яғни 134,5%-ға өскен. Бұл кәсіпорынның өзінің өндірістік потенциалын арттыруға бағытталған инвестициялық саясатты ұстанып отырғанын көрсетеді.

Ақша қаражаттары талданып отырған кезеңде 81 мың теңгеге немес 170,4%-ға өскен. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің өсуіне байланысты баланс өтімділігін қамтамасыз етуге септігін тигізетіні сөзсіз. Демек, кәсіпорын қосымша қаражаттар тарту барысында кредиторлар үшін сенімді қарыз алушы ретінде қарастырылатыны белгілі.

Өндіріске салынған капиталдың түрлерін басқарудың өз мазмұны мен мақсаттары бар. Бұл өз кезегінде капиталдың меншікті және қарыздық болып бөлінуіне де байланысты. Сол себепті капитал құрылымын талдау барысында зерттеушілер үшін кәсіпорынның активтері қандай қаражат көздерінен қалыптасқаны туралы мәліметтер маңызды болып табылады. Бұл талдаушылар үшін кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, қарыз қаражатардан тәуелділігін, не болмаса қаржылық тәуелсіздігін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кәсіпорын активтері мен олардың қалыптасу көздерін салыстыра отырып, мүдделі тұлғалар кәсіпорынның өтімділігі, несие қабілеттілігі туралы шешімдер қабылдауына жауаптар табады.

Меншікті және қарыз капиталдың (міндеттемелердің) талдау мысалы 2.2-кестеде берілген.

 

2.2-кесте

 

Кәсіпорынның меншікті капиталы

және міндеттемелері

 

мың теңге

Көрсеткіштер

Жылдың басы

Жылдың соңы

Ауыт-қуы (+.–)

Өсу қар-қыны, %

Сомасы

Үлесі

Сомасы

Үлесі

1

2

3

4

5

6

7

Капитал көздері, барлығы

2265

100,0

2914

100,0

+649

+128,7

Меншікті капитал 

1932

85,3

2468

84,7

+536

+127,7

Қарыз капитал 

333

14,7

446

15,3

+113

+133,9

   - ұзақ мерзімді несиелер

   - қысқа мерзімді несиелер

81

3,6

169

5,8

+88

+208,6

   - кредиторлық қарыз

252

11,1

277

9,5

+25

+109,9

Информация о работе Қазақстандағы кәсіпорындардың капитал құрылымын қалыптыстыруды жетілдіру