Қазақстандағы кәсіпорындардың капитал құрылымын қалыптыстыруды жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2012 в 21:48, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты – кәсіпорындардың капитал құрылымын және оның құнын анықтаудың теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, оңтайлы капитал құрылымын қалыптастыру жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өз алдына келесідей негізгі сұрақтарға жауап табуды міндет қойып отыр:
- кәсіпорындардың капиталының экономикалық негіздерін қарастыру;
- кәсіпорындардың капиталының құрылымын және құнын бағалау және талдау әдістемелерін игеру;
- қазіргі таңдағы қазақстандық кәсіпорындарда капиталды қалыптастыруды жетілдіру жолдарын қарастыру

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………
3



1.
Кәсіпорын капиталының экономикалық негіздері

1.1.
Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың
қалыптасу көздері……………………………………………………….

5
1.2.
Кәсіпорын капиталының түсінігі және жіктелуі……………………..
11
1.3.
Кәсіпорын капиталының құнын басқарудың
нарықтық экономикадағы маңызы ……………………………………

12



2.
Кәсіпорын капиталының құрылымы мен құнын бағалау

2.1.
Кәсіпорын капиталының құрылымын талдау………………………...
14
2.2.
Капитал көздерінің құнын бағалау…………………………………….
17
2.3.
Қапиталдың жалпы құнын бағалау……………………………………
20



3.
Қазақстандағы кәсіпорындардың капитал құрылымын қалыптыстыруды жетілдіру

3.1.
Қазақстандық кәсіпорындарда капиталдың
қалыптасу ерекшеліктері …………………….………………………...

24
3.2.
Кәсіпорындардың капиталды қалыптастыру тәсілдерін
жетілдіру жолдары ……………………………………………………..

27



Қорытынды…………………………………………………………………...
29


Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………….
30

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кәсіпорын капиталы.doc

— 296.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Кәсіпорындардың капитал құрылымын

қалыптастыруды жетілдіру жолдары

 

Қазақстандағы кәсіпорындардың қазіргі таңдағы өзінің қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында қалыптасқан капитал құрылымын талдау нәтижелері бірқатар мәселелердің бар екендігін көрсетеді. Атап айтар болсақ, экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарды банктік несиелермен қамтамасыз етуде келесідей мәселелер кездеседі:

-         несиелеудің негізгі объектісі ретінде кәсіпорындардың айналым активтері қарастырылады, ал ұзақ мерзімді активтерге салынған несиелердің үлесі болмашы ғана;

-         несиелердің басым бөлігі экономиканың өндірістің емес секторына бағытталады;

-         несиелерді беру міндетті түрде кепілдендіру шарттарын, бірінші кезекте жылжымайтын мүлік арқылы кепілдендіру, қарастырады.

Қазіргі таңдағы банктік несиелеу жүйесі нақты сектордың кәсіпорындарын дамыту үшін жеткіліксіз. Сонымен қатар, банктер бүгінде активтердің жетіспеушілігінен экономиканы қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге мүмкіндіктері жетпейді, сонымен қатар нақты секторды несиелеу барысындағы  жүйелік тәуекелдердің күрт өсіп кету қаупі де жоқ емес.

Осы орайда нақты сектордағы кәсіпорындарды несиелеуді жетілдіру үшін мемлекеттік шаралардың қолданылуы қажет-ақ. Мемлекеттің шаралар отандық инвестицияларды ынталандыруға келіп тіреледі.

Жаңадан ашылған, жас кәсіпорындар үшін облигациялар арқылы қаржы ресурстарын тартудың қазіргі таңдағы механизмдерінің бірі – облигациялық міндеттеме бойынша шығындарды субсидиялау болып табылады. Мысалға, облигациялар бойынша купондық төлемдердің бір бөлігін жергілікті билік органдары  субсидиялауға мүмкіндіктері бар. Бұл жағдайда инвесторлар  капитал салудың сенімді, өтімді объектілеріне қол жеткізеді: кәсіпорындар – қаржыландырудың тұрақты көзі болып табылса, мемлекеттік органдар – салынған капиталдың қайтарымдылығының кепілі болып табылады. Сонымен қатар, бұл механизм жергілікті экономиканың дамуына, осы аймақтың салықтық потенциалының артуына, әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндіктер берер еді.

Еврооблигациялар шығару арқылы қаржы ресурстарының халықаралық нарығына шығу отандық кәсіпорындардың қаржылық потенциалын нығайтудың маңызды бағыты болып табылады. Алайда, еврооблигациялардың басым бөлігін бүгінде банктер  шығаруда. Басқа салар бойынша еврооблигациялар шығарушы эмитенттер жоқтың қасы.

Қазақстандық кәсіпорындардың капиталын қалыптастырудағы вексельдердің ролін біржақты бағалау қиын. Америка Құрама Штаттарында вексельдер нарығының көлемі облигациялар нарығының көлемінен 8 есе төмен, Ресейде, керісінше, қысқа мерзімді міндеттемелер басым, ал Қазақстанда вексельдер арқылы операциялардың көлемі жалпы құнды қағаздар нарығындағы операциялардың небәрі 0,003% ғана құрайды. Осы орайда Қазақстан Республикасындағы вексельдер нарығының белсенділігін арттыру шараларын қолдану керек.

Аталған мәселелермен қоса еліміздегі кәсіпорындардың капиталын қалыптастыру жолында бірқатар жұмыстарды жүзеге асыру қажет: лизингтік қызметтер нарығын жетілдіру, шағын несиелер беруші ұйымдарды қолдау және дамыту, факторингтік операциялардың ролін арттыру, туынды құнды қағаздар (опциондар, фьючерстер, варранттар) нарығын жетілдіру және тағы басқалар. Бұл кәсіпорындардың қажетті капитал құрылымын қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасап қана қоймай, еліміздің экономикалық өсуіне, әлемдік нарықта жетекші орындарға ие болуына да қолайлы жағдайлар жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорын үшін өзінің шаруашылық-қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы ресурстарымен) қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару объектісі болып табылады.

Қаржы ресурстары дегеніміз, жалпы алғанда, – бұл кәсіпорынның қарамағындағы және оның қаржылық міндеттемелерін орындауға, өндірісті қаржыландыруға бағытталатын ақша қаражаттарының жиынтығы болып табылады. Қаржы ресурстары өндіріс барысын дамытуға, өндірістік емес сала объектілерін қолдауға және дамытуға, сондай-ақ резервтік қорларды қалыптастыруға бағытталады.

Кәсіпорынның өндірістік процесті дамытуға бағытталған қаржы ресурстары оның ақшалай нысанындағы капитал болып табылады. Қаржы ресурстары кәсіпорынның жалпы қаражаттарының жиынтығы болса, капитал – осы қаражаттардың өндіріс барысына салынған бөлігі. Осыдан келе, кәсіпорын капиталы дегеніміз – бұл кәсіпорынның өндірістік айналымына салынған және осы айналымнан табыстар алып келетін ақша қаражаттары болып табылады.

Капитал кәсіпорынды құрудың және дамытудың басты экономикалық базасы болып табылады, өйткені ол кәсіпорын активтеріне инвестицияланған материалдық, материалдық емес және ақшалай қаражаттардың жалпы құнын сипаттайды. Өндіріс барысында қызмет етуі арқылы капитал кәсіпорын иелерінің, басшыларының, жұмысшыларының, сондай-ақ мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз етеді. Сол себепті де ол кәсіпорынды басқарудың негізгі объектісі болып табылады, ал оны барынша тиімді қолдану қаржы менеджментінің ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Капитал құнын анықтау қажеттілігі келесі жағдайлармен түсіндіріледі.

Біріншіден, бұл көрсеткіш кәсіпорын қызметін ұзақ мерзімді перспективасы тұрғысынан сипаттайды. Мәселен, меншікті капиталдың құны потенциалды инвесторлар үшін инвестициялар салудың тартымдылығын көрсетеді; қарыз қаражаттардың құны кәсіпорынның ұзақ мерзімді несиелер тартку мүмкіндіктерін анықтап береді.

Екіншіден, капиталдың жалпы (орташа салмақталған) құны капитал салымдарының бюджетін әзірлеу барысында шешуші көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Үшіншіден, капитал құны қаржылық инвестициялардың тиімділін қалыптастыруда базалық көрсеткіш ретінде қарастырылады. Инвестициялардың тиімділік өлшемін кәсіпорын өзі белгілейтіндіктен, жекелеген қаржы құралдарының табыстылығын бағалау барысында салыстыру базасы ретінде капитал құнының көрсеткіші қолданылады.

Төртіншіден, кәсіпорын капиталының құны қаржылық леверидж механизмін қолдану арқылы капитал құрылымын басқару барысында қолданылады. Қаржылық леверидждің деңгейі қарызға тартылған қаражаттардың көлемі мен олардың құнынан тәуелді. Қаржылық леверидж кәсіпорынның қаржылық тәуекелін арттырады, сәйкесінше акциялар бойынша табыстың артуына алып келеді. Сол себепті, акционерлердің игілік жағдайын барынша арттыруды мақсат ете отырып, осы мақсатқа қол жеткізетін капитал құрылымын қалыптастыру керек. Сәйкесінше, капитал құрылымын кәсіпорын құнына әсер етуі тұрғысынан қарастыру қажет. Оңтайлы капитал құрылымы оның құны барынша төмен болған жағдайда қалыптасады.

Кәсіпорынның капиталының құрылымы екі тұрғыдан қарастырылады: капиталдың орналасу тұрғысынан (активтер) және оның қалыптасу көздері тұрғысынан (меншікті капитал және міндеттемелер).

Кәсіпорын капиталының құрылымын талдау барысында активтер олардың өтімділік деңгейіне қарай топтастырылады, ал меншікті капитал мен міндеттемелер олардың төлем мерзімдерінің деңгейіне қарай топастырылады.

Аталған көрсеткіштерді динамикалық тұрғыдан талдау (көлденең, немесе деңгейлес, талдау) кәсіпорын капиталының өсуін немес кемуін және өсу қарқынын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалға, активтер құнының динамикасы кәсіпорынның өндірістік қуаты туралы ақпараттар береді.

Кәсіпорын капиталын құрылымдық талдау (тікелей, немесе сатылас, талдау) да ерекше маңызды. Бұл кәсіпорын қызметінің өндірістік бағыты туралы мәліметтерді түйіндеуге мүмкіндіктер береді.

Кәсіпорын капиталының жалпы құны оның орташа салмақтлған құнының көрсеткішімен сипатталады. Капиталдың құнын салмақтаудың бастапқы, мақсатты және маржиналды әдістері болады.

Капитал құнын бастапқы салмақтау кәсіпорынның қолданыстағы капитал құрылымына негізделеді және капиталдың осы құрылымы оңтайлы, яғни келешекте қоданылуы тиіс, деп шешкен жағдайда қолданылады. Бастапқы капитал құнының екі түрі кездеседі – баланстық құн бойынша және нарықтық құн бойыша салмақтау.

Маржиналды салмақтау капиталдың қаржылық инвестицияларға арналған аралас құрылымын қажет етеді. Бұл әдіс кәсіпорынның орташа салмақталған капитал құнын есептеу үшін қолданыла алады, алайда оның бір кемшілігі бар. Әрбір капитал көздері бойынша капитал құны кәсіпорынның аралас құрылымымен байланысты қаржылық тәуекелдерден тәуелді болады. Егер кәсіпорын өзінің қолданыстағы капитал құрылымын өзгертетін болса, кәсіпорынның капитал көздерінің құнын есептеу, нәтижесінде капиталдың жалпы салмақталған құнын есептеу өте қиынға соғады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

1.      Арыстанов А., «Корпоративные облигации как инструмент долгосрочного финансирования», Рынок ценных бумаг Казахстана, 2001, №12

 

2.      Дүйсенбаев К.Ш., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау»,      Алматы – 2001

 

3.      Жуйриков К.К., «Роль и значение финансового капитала в рыночной экономике», Банки Казахстана, 2004, №9

 

4.      Ковалев В.В., «Финансовый анализ», Москва – 1998

 

5.      Ковалева А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2002

 

6.      Мейірбеков А.Қ., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2003

 

7.      Үмбетәлиев А., «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік»,             Алматы – 2002

 

8.      Турганалиев Е., «Управление стоимостью капитала в системе корпоративного финансового управления», Финансы Казахстана, 2002, №6

 

9.      Тургулова А.К., «Особенности формирования заемного капитала на практике казахстанских предприятий», Финансы Казахстана, 2004, №6

 

10. Шеремет А.Д., «Теория экономического анализа», Москва – 2003

 

11. Шим Джей. К, «Финансовый менеджмент», Москва – 1997

 

 

31

 



Информация о работе Қазақстандағы кәсіпорындардың капитал құрылымын қалыптыстыруды жетілдіру